№6 Зертханалық жұмыс Қамырға қосылатын ашытқы мөлшерінің қамыр қасиетіне және нан сапасына әсері Жұмыстың мақсаты: Бидай қамырын ашытпасыз әдіспен әртүрлі
мөлшерде ашытқы қосып дайындап, оның қамырдың қасиетіне және дайын
өнімнің сапасына әсер етуін анықтау.
Қамыр дайындау кезінде қосылатын ашытқының мөлшері қамырдың
сапасына, оның ашуына және дайын өнімнің сапасына әсер етеді. Престелген
ашытқыны бидай ұнынан дайындалатын қамырға ұн салмағына шаққанда
0,5- 6,0 % ке дейін қосуға болады. Ашытқының қосылатын мөлшері мынадай
факторларға
байланысты
болады:
ашытқының
сапасына,
ұнның
наубайханалық қасиетіне (газ түзілу қасиетіне), қамыр дайындау әдісіне,
қамырдың рецептурасына.