С. Торайғыров атындағы Павлодар


№ 12 (134)  желтоқсан, қоян жылы 2011



Pdf көрінісі
бет6/45
Дата07.02.2022
өлшемі14,15 Mb.
#95540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
№ 12 (134) 
желтоқсан, қоян жылы 2011
3
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің газеті
Жолдауды қолдау
АРЫСТАНҒҰЛОВ Сембі Салменұлы, 
агротехнология кафедрасының профессоры:
АЗЫҚ-ТҮЛІК 
ҚАУІПСІЗДІГІ – 
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ
Біздер Елбасының жыл сайынғы Қа-
зақстан халқына дəстүрлі Жолдауын 
асыға күтеміз. Биылғы жылғы Жолдау 
ерекше, себебі онда мемлекетімізді 
«Мəңгілік Ел» болуға апаратын жолы 
бағдарланған. Елбасының «Мəңгілік Қа-
зақстан» жобасы ел тарихындағы біз аяқ 
басатын жаңа дəуірдің кемел келбеті 
деп түсінемін.
Елбасы республика жұртшылығына 
Қазақстан тарихынан орын алатын 10 
креативтік идеялар ұсынды. Бұл идея-
ларда халық шаруашылығының барлық 
саларында істелетін жұмыстардың бағ-
дарлары көрсетілген, əсіресе ауылша-
руашылығын одан əрі дамытуға бағыт-
талған шаралар айшықталған. Себебі, 
ҚР бірінші кезекте, аграрлық мемлекет 
болғандықтан, біздің негізгі байлығымыз 
жеріміз, оның ішіндегі ауылшаруашы-
лығына жарамды жерлер. Жерді дұрыс 
пайдалану, тозған жерлерді жақсарту 
мақсатында инновациялық технология-
лар жасау жəне оны өндіріске енгізу ке-
зек күттірмейтін мəселер қатарына жа-
татынын Елбасы өз Жолдауында баса 
назар аударды. Яғни, аграрлық ғылым-
ның дамуы арқылы Қазақстан өңірлік 
ірі ауылшаруашылығыны өнімдерін экс-
порттаушы елдер қатарына қосылуы ке-
рек.
Оған республиканың аграрлық секто-
рының толық мүмкіндіктері бар. Өсімдік 
жəне мал шаруашылығы өнімдерін өнді-
руді қарқындату жəне бəсекелестік қабі-
леті жоғары экологиялық таза өнімдер 
шығаруда ғылым жетістіктері мен озық 
тəжірибені ұштастыру керек.
Осы бағытта агротехнология факуль-
тетінің ғалымдары игілікті жұмыстар 
атқаруда,факультет 
профессорлары 
Бексейітов Т.Қ., Альмишев У.Х., жəне 
Мустафаев Б.А. басқаруымен ҚР Оқу 
жəне білім, ауылшаруашылығы ми-
нистрліктерінің тапсырыстары бойынша 
гранттық өзекті тақырыптарға ғылыми-
зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Жолдауда… егіншілік саласында суды 
көп қажет ететін төмен өнімді ауылша-
руашылығы дақылдарының егіс көлемін 
қысқарту жəне оларды жоғары өнімді 
перспективалы көкөніс, майлы жəне 
мал азықтық дақылдармен алмастыру 
керектілігі баса айтылады, яғни шаруа-
шылықтардың егіс құрылымын оңтай-
ландыруды тапсырады.
Қазақстан су ресурстарына тапшы, се-
бебі республикадан өтетін өзендердің 
көпшілігі басқа мемлекеттерден бас-
тау алады. Сондықтан, дақылдардың 
вегетация кезеңдерінде суару суының 
жетіспеушілігінен көптеген техникалық 
дақылдар өнімділігі төмен.
Əсірісе, қуаншылық аймақта орналыс-
қан Павлодар облысында ауылшаруа-
шылығы дақылдарының егіс құрылымын 
оңтайландыру көкейтесті мəселелер қа-
тарына жатады.
Аймақтың егіншілік саласы тəлімі жер-
лерде орналысқан. Сондықтан өңірдің 
өсімдік шаруашылығы саласын əртарап-
тандыру азық-түлік қауіпсіздігін қамта-
масыз етуге мүмкіндік жасайды. Ол үшін 
өсіруге жарамды перспективалы дақыл-
дарды таңдау, олардың жаңа сорттарын 
шығару жəне инновациялық технология-
ларын жасау арқылы өнімділікті жəне 
оның сапасы жоғарлатуға болады.
Жолдауда көрсетілген ауылшаруашы-
лығы саласына қатысты мəселелерді 
жүзеге асыруда агротехнология факуль-
тетінің профессорлары мен оқытушыла-
ры өз үлестерін қосады деп нық сенім-
мен айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет