С. Торайғыров атындағы Павлодар


зарбаева. Төлеуғазы Төкілұлы Тоқтағанов, Металлургия



Pdf көрінісі
бет4/45
Дата07.02.2022
өлшемі14,15 Mb.
#95540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
зарбаева.
Төлеуғазы Төкілұлы Тоқтағанов, Металлургия, 
машинажасау жəне көлік факультеті деканы, т.ғ.к., 
профессор:
ЕЛ ДАМУЫНА 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 
ҒЫЛЫМНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Қазақстан Республикасы 
Тұңғыш Президенті Н.Ə.На-
зарбаевтың биылғы халқы-
на арнаған Жолдауын ха-
лық жақсы қабылдады. Осы 
жылғы Жолдауда көкей-
кесті мəселелер қозғалып 
отыр. Соның ішінде Прези-
дент 80 инновациялық жаңа 
идеялар ұсынды. Бұл деген 
еліміздің дамуына, иннова-
циялық өңдеу саласына үл-
кен бетбұрыс жасалуының 
айғағы. Нақтырақ атап өтер 
болсам, ғылымда яғни, өң-
деу саласында жаңа техни-
калар, жаңа машиналарды 
жасауды қолдау. Бұл істер 
ғылыммен ғана іске асатын 
шаруа. Демек, осы саланы 
Елбасының ескеруін дұрыс 
қадам деп ойлаймын. Эко-
номиканың жоғары техно-
логиялық жаңа салаларын 
құру жəне ғылымды қар-
жыландыруды ішкі жалпы 
өнімнің 3 пайызынан кем 
емес деңгейге дейін арт-
тырудың талабы турасын-
да Президент сөз қозғады. 
Яғни, біз де Елбасы Жол-
дауынан өз орнымызды 
тауып отырмыз.
Біз ғалымдар бұл салада 
атқарып жатқан еңбегіміз 
Президент ойына алаған 
мақсат-міндеттермен үй-
лесетінін байқап, қуанышта 
отырған жайымыз бар. Əсі-
ресе, Жолдауда Елбасы-
ның ескерген ауылшаруа-
шылықты дамыту мəселесі 
біздің көңілімізден шықты. 
Ауылшаруашылықты да-
мыту үшін не қажет? Ал-
дымен ауылды механика-
ландыру, автоматтандыру 
мəселесін қолға алу керек. 
Əрине, өсімтал малдарды 
да көбейту керек. Алай-
да, Президенттің қадаға-
лап, аса мəн беріп айтқан 
тұсы – Қазақстанның 55-
70 пайызына дейінгі халқы 
қалада тұратыны тура-
сындағы шындық. Демек, 
ауылшаруашылық 
сала-
сын дамытатын адам саны 
азаяды деген сөз емес пе?! 
Мұндай жағдайда ауыл-
шаруашылық жұмыстарын 
техникамен жұмыс істет-
песек, біздің ойға алған 
міндеттер іске аспайды. 
Міне, осы тұрғыдан ауыл-
шаруашылық 
саласын 
дамытуға, еңбекшілердің 
жұмысын жеңілдетуге біз 
де ғалымдар біраз шаруа 
жасап жатырмыз. Оның 
ішінде мал шаруашылығы 
саласына қажетті техника-
лық жобаларды іске асыру 
үшін біз студенттік конст-
рукторлық бюро ұйымдас-
тырдық. 
Университеттің 
конструкторлық 
бюросы 
қазір бір ауыл шаруашылы-
ғына қажетті машинаның 
құрлысын жасап, дайын-
дап қойды. Жуырда бізге 
тапсырыс берген ұйым ма-
шинамен танысады. Жұ-
мысымыз жалғыз бұл ма-
шина емес, бұдан өзге де 
көп жұмыстар атқарылуда. 
Осы сынды шаруалардың 
бел ортасында жүрген 
студенттеріміз бен магист-
ранттарымыз Президенттің 
биылғы Жолдауына үлкен 
қызығушылық 
танытып, 
жасалып жатқан еңбек-
тернінің заман талабы 
екенін түсініп келеді.
Сонымен қатар, Елбасы-
мыз Жолдауда машинажа-
сау саласының дамуына 
да тоқталып кетті. «Жаб-
дықтарды өз елімізде өнді-
руімізге де болатын кезде 
шетелден тасымалдаудың 
қажеті жоқ», – деп Мемле-
кет Басшысы айтқандай, ел 
ғылымының бұл істе шама-
сы келетінін айтқым келеді. 
Бастысы, 
қазақстандық-
тардың талпынысы бар. 
Ал, осы саланы дамыту-
дың қиындығы – құжаттар 
мəселесі. 
Техникаларды 
құрастыру үшін сызбалар 
жасалып, құжаттар дайын-
далады. Осы сызбаларды 
дайындайтын білікті ма-
мандар мен ұйымдар бізде 
жоқтың қасы. Ертеректе
Павлодар қаласында бір-
неше жобалау институт-
тары қызмет еткен. Демек, 
бүгінде Павлодар өңірін-
дегі зауыттар өз идеяла-
рын іске асыру үшін конст-
рукторлық 
бюролардың 
тапшылығын сезініп отыр. 
Сондықтан, осы салада 
жұмысты дамытсақ де-
ген ойдамыз. Университет 
қабырғасында 
құрылған 
конструкторлық 
бюрода 
жұмыс жасайтын студент-
тер мен магистранттарға 
дұрыс бағыт берсек, ертең 
олар өз ісінің шебері, оқу 
орнымыздың білікті мама-
ны болатыны сөзсіз.
Ең бастысы, еліміздің ғы-
лымға деген ықлас-көңілі, 
ғылымға қаражат бөлуі 
əріптестерімізді қуанышқа 
бөледі.
Екіншіден, 
Жолдауда 
ендігі қамтылған мəселе-
лердің бірі – студенттердің 
стипендиясының 
өсуі. 
Əрине, 25 пайыз көп емес, 
алайда студенттер үшін 
бұл да қуанышты жайт. 
Студенттердің стипендия-
сын көтеру мəселесі, яғни 
студенттердің əлеуметтік 
жағдайын жақсартуға ба-
ғытталып отыр.
Үшіншіден, Елбасымыз 
оқу саласындағы жүргізіліп 
жатқан үрдістерді бола-
шақта дамыту керектігі ту-
расында айтады. Ғылым-
ға қаражат бөлінсе, онда 
оқытушыларымыз, ғалым-
дарымыз жаңа ғылыми жо-
баларды жасайтын бола-
ды. Бұл жобаларды жүзеге 
асыру жұмысына студент-
терді көптеп араластыра-
тын боламыз. Бұл деген, 
студенттердің білімі жақса-
ратып, кəсіби біліктілігі ар-
татының білдіреді.
Президентіміздің Жол-
дауда бізге жүктеген мін-
детін біз ақтаймыз деген 
сенімдемін. Биылғы Жол-
дау ЖОО, біздің ұжым, 
əріптестер мен студент-
тердің көңілдерін көтеріп, 
алға деген ұмтылыстары-
на жігер, бастамалары-
на қуат пен сенім бергені 
хақ. ҚР Тұңғыш Президенті 
Н.Ə.Назарбаевтың ЖОО-ға 
жүктеп отырған – білікті ма-
ман даярлау қажет деген 
тапсырмасын орындаймыз 
деген ниеттеміз. Ел дамуы-
на қазақстандық ғылымның 
берері мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет