Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет31/83
Дата07.02.2022
өлшемі1,99 Mb.
#96415
түріМонография
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83
Байланысты:
httpspspu.kzmoduleskafkilimagesppsErgaliev-K-Sknigi7-gazet-gramm.pdf

Күл-
қоқыстағы
қазақ тілі
» (ЖА. – 09.10.2012) атты мақала сюжетінде 
Көкшетауда қоқыс салатын жәшіктердің сыртына «Қазақша сөйле!», 
«Қазақ тілін үйренуді өзіңнен баста!» деп жазылғандығы, сөйтіп, күл-
қоқыс төгетін жерде мемлекеттік тілді үйренуді жарнамалап 
жатқандығы жайлы ащы сынмен сөз етіледі. Мақаланың негізгі 
идеясы – ана тіліміздің дамып, өркен жаюына күллі халықтың қол 
жұмыла кірісу керектігі. Алайда осындай тақырыпатты оқыған 
реципиент мұндай астарлы ойды түсіне алмай, қайта керісінше, қазақ 
тілі жағдайының төмендігі сонша – қоқысқа тастайтын керегі жоқ 
заттың кейпін бастан өткеруде деген ойдың елегінде қалуы әбден 
ықтимал. Автор тақырыпаттағы осындай қолданыс арқылы мәселенің 
көкейтестігін көрсеткісі келген болуы керек. Алайда эстетикалық 
тұрғыда мұндай қолданыстың «жағымсыз» ассоциациялармен 
байланыстылығы оқырман санасында қаяу қалдыруы мүмкін. 
Публицистикада мақала тақырыпаттарындағы окказионализмдерді 
жалқы есімдермен байланыстырып қолдану жиі кездесіп жатады. 
Мысалы: «"
Иртышбаев" Иртышбаевтығын жасады
» (ЖА. – 
22.01.2009), «
Қодар "қуалайды", Сүлеев "сүйреңдейдi". Неге?
» (Ақ. – 
2012. №8), «
Пәлi, бұл баяғы Перуашев қой!
(Тақырыпша: «
Ақжолдан» 
бiр саудагер кеттi, орнына екiншiсi келдi...
)» (ЖА. – 07.07.2011), 
«
Сот келе жатыр!
(Тақырыпша: 
немесе Әлиевщина әлі де әлінде
)» 
(ЖА. – 16.07.2015). Осы ретте де ескеру керек бір нәрсе бар: мұндай 


75 
тосын қолданыстардың экспрессивтілігі жеке басқа қол сұғушылықпен 
ұласпауы керек, яғни жеке тұлғаға байланысты бағалаушы 
окказионализмдерді қолданғанда артық дөрекіліктен сақ болып, 
ойланып қолданған жөн. Мысалы: «
Қанат Саудабаев «қосмекенді» 
ме?
» (ЖА. – 29.10.2009). Мақала бүгінде ел саясатында бірқатар 
жетістіктерге ие мемлекет қызметкерінің бір кездері екі елдің 
төлқұжатына ие болғандығы жайлы сөз етсе де, тақырыпатында өзін 
жануарлар отрядының бір класына теңегендей болуы бұл азамат үшін 
ұнамсыз болар. Ал әлемдік саясат сахнасында одан да маңызды 
«рольдерге» ие, өз кезеңдерінің «атышулы» мемлекет қайраткерлері, 
ұйым-мекемелер жайлы сөз қозғағанда, тіпті де «жеті рет өлшеп, бір 
рет кескен» жөн. Айталық, «
Кедендік одақ – қорлық территориясы
» 
(DAT. – 11.04.2012) және «
Кедендік одақ – Путиннің империялық 
амбициясының көрінісі
» (ЖА. – 25.01.2011) деген екі мақала да 
авторлардың позитивті емес көзқарасын аңғартады. Бұл саяси одаққа 
еліміз кірмес бұрын осы тақырып төңірегінде көп пікір айтылды, «кез 
келген тиынның екі жағы болады» демекші, бұндай қадамға барғанда 
еліміздің ұтатын және ұтылатын тұстары жайлы да көп ой ортаға 
салынды. Осындай келеңсіздіктер орын алса да, бүгінде Қазақстан 
мүше болып отырған бұл ұйым жайлы тілші болашақта сөз еткенде 
осындай «ауыр» сөздерден аулақ болғаны дұрыс. Журналист тақырып 
арқылы өзінің көзқарасын қанша білдіргісі келсе де, ол, ең алдымен, 
дүйім жұртқа таза ақпараттың өзін жеткізуші екендігін және өзінің 
әрбір айтқан сөзіне жауапты екендігін әсте есінен шығармауы қажет. 
Бір қызықтысы – қазақстандық публицистикалық тақырыпаттарда 
окказионализмдер басқаларына қарағанда, саяси тақырыпта жазылған 
мақала атауларында көбірек кездеседі. «
Қазақстандағы "жеңiл" және 
"ауыр салмақтағы" шенеунiктер кiмдер?
» (Айқ. – 10.02.2006), 
«
Мұнайдан саясаттың иiсi шығады
» (ЖА. – 16.04.2002), «
Кәмпит 
соғысы» Қазақстанға жетпейді
» (ЖА. – 06.08.2013), «
Қазақстанда 
жасалған» Қытай тауары
» (ЖА. – 01.08.2013), «
Ел «папасы» Папаға 
пирамида сыйлады
» (ЖА. – 10.11.2009) сияқты көптеген мақала 
атаулары – осыған дәлел. Бұл құбылысты қоғам дамуының осы бір 
саласы қай уақытта болмасын барлық әлем халықтарының назарында 
екендігімен және «саясаттан әркімнің-ақ таласы барымен» түсіндірген 
жөн шығар. 
Кейде журналистер мақала атауындағы тосын қолданысты 
реципиент санасына жоғарыда аталған прецеденттілік феноменінің 
әсер ету қасиетін негізге ала отырып ұсынады. Айталық, «
Назарбай, 
Сара, Нұрсұлтан қараңғы үйде өмір кешіп жатыр
» (ЖА. – 
20.10.2009) мақаласы. Қазақстанда тұратын кез келген азамат үшін бұл 


76 
есімдер нақты бір тұлғамен, оның айналасындағы адамдармен 
байланысты ассоциацияларды туғызады. Ал бұл тақырыпатта олардың 
қараңғы үйде өмір кешіп жатқандығы айтылған. Бұл хабар, сөз жоқ, 
оқырманның санасында тосындылық, түсініспеушілік туғызады да, 
мақала мәтінін толық оқуға, сөйтіп, істің анық-қанығына көз 
жеткізуіне итермелейді. Сонда бірақ автор Назарбай, Сара, Нұрсұлтан 
есімді балалары бар тұрмысы нашар отбасының үйінде жарықты 
өшіріп тастап, қараңғы үйде отырғандығы жайлы баяндап отырғандығын 
түсінеді. 
Окказионализмдер көбіне белгілі контексте қолданылып, 
мағынасы соған байланысты қабылданатынын айттық. Бұл тосын 
қолданыстардың негізінде пайда болған жаңа сөздерге де байланысты. 
Мысалы: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет