78
Мақала тақырыпатында кірме (өзге тілді) лексиканы қолдану да
оның экспрессивтілігін арттырып, оқырман назарын бірден аударады.
Әдетте, мұндай тақырыпаттарда заман талабына сай күнделікті өмірде
жиі ұшырасатын, барша жұртқа түсінікті халықаралық сөздер
қолданылады, ал кейде керісінше, таныс емес, жат сөздерді де мақала
атауларынан кездестіреміз: ондай тақырыпатқа кезіккен реципиенттің
жаңа сөз мағынасын ұғу үшін мақала мәтінін амалсыз оқуына тура
келеді. Мысалы: «
"Қазақстан миссисi – 2011" байқауы өттi
» (ЕҚ. –
16.09.2011), «
Қайырбектiң "ноу-хауы"
» (ЕҚ. – 06.01.2011), «
Праймериз
дегенiмiз не?
» (ЕҚ. – 04.07.2007), «
"Нұр Отан" жай ғана саяси бренд
емес
» (ЕҚ. – 18.04.2009), «
Фьючерстiк тәсiл тиiмдi ме
?» (ЕҚ. –
19.08.1994). Қашан болмасын публицистика таразының тасындай
алма-кезек өмірдің барлық қырларын көрсете білуі керек. Бұл жолда
ол заман талабына сай «сәнді» саналатын басқа тілден енген кірме
сөздерді қолданбай тұра алмайды. Журналист белгілі бір жағдайды
баяндап жазу барысында кірме сөздерді және варваризмдерді
қолдануы әбден үйреншікті жайт.
Достарыңызбен бөлісу: