4) Газет тақырыпаттарының прагматикалық әсерін арттырудағы тілдік емес құралдардың ролі Мақала атауы – публицистикада маңызды роль атқаратын
күрделі құрылымдардың бірі: тілшінің қаламынан туған туындының
оқылу-оқылмауы, оқырманның нақты авторға және жалпы басылымға
деген көзқарасы, мақаланың қандай сарында қабылданатыны – мұның
барлығы публицистикалық шығарманың осы бір құрамдас бөлігіне
байланысты. Сол себепті журналистер мақала мазмұнымен қатар оның
атауына да зор мән береді. Публицистикалық тақырыпаттың өзінің
негізгі міндеттерінен басқа экспрессивтілік және оқырман санасына
әсер етушілік қызметтерін атқарудағы тілдік құралдардың ролін өткен
тарауларда сөз еттік: мұнда журналист қарапайым троп пен фигурадан
және тілдік қайталамалардан бастап, парцелляциялық құрылымдар
мен прецедентті мәтіндер және ерекше зеректік пен ой ұшқырлығын
талап ететін окказионализмдерге дейінгі сан алуан құралдардың
көмегімен бірнеше сөздің бойына олардың өзіндік мағыналарынан
басқа қосымша мән үстеп, реципиентке ықпал жасаушы «күшті»
үйлестіре алады. Десе де, публицистикада осындай күшке ие
құрылымдардың
саны
бұнымен
шектелмейді:
тілшілер
өз
104
туындыларына атау беру ісінде лингвистикалық құралдардан басқа
тілдік емес құралдарды да іске қосады. Бұл ретте қазіргі баспасөз
тілінде тақырыпат экспрессиясын арттырушы тиімді әрі ең жиі
кездесетін амал графикалық болып табылады.
Мақала тақырыпатын оның «қаптамасы» кейпінде пайдалану
кезінде заманауи публицистер аталған құралдардың қай-қайсысын
пайдаланса да, көп жағдайда қалыптасқан тілдік норманы бұзу
арқылы өзінің діттеген мақсатына жетеді. Мұны ғылымда «тілдік
ойын» деп атап кеткен ғалымдар да бар. Егер бұрын мұндай әрекетке
«грамматикалық/стилистикалық қате», «сауатсыздық» деп қараса,
бүгінгі күні баршаға ортақ тілдік норманы бұзу – қарапайым нәрсе.
Тіпті бұған «өзгеше норма» деп қарап жүргендер де бар. Кейде
қарапайым қате мен осындай «өзгеше норманың» ара-жігін анықтау
қиындық туғызады. Ғалымдар мен тіл жанашырлары мұндай
«тілбұзарлықпен» күресудің амалдарын іздеумен дал болса, журналистер
өздерінің «шығармашылық бостандықтарын» пайдаланып, жалпы
ережелерді бұзып болсын, қаламынан туған шығармаларының мейлінше
әсерлі әрі оқырман көңіліне ұнамды болуы үшін бар күштерін салуда.
Енді бір топ лингвистер осындай «өзгеше нормалардың» тіл біліміне
енгізіп жатқан жаңалықтары мен олардың жалпы ерекшеліктерін
зерттеуді қолға алған. «Енді нормативтілік мәселесі назардан
ысырылып, дұрыс/бұрыс түсінігі орынды/орынсыз түсінігімен жиі
алмасатын болды... «Орынды әрі мақсатты нәрсенің барлығы дұрыс»
деген тұжырым коммуникативті не ситуативті түрде шартталған
норманың болмысын анықтайды» [158] деуші ғалымдардың ойлары
әбден орынды. Қалай болғанда да біз газет тақырыпаттарының әсер
етушілік қызметін арттырудағы графикалық амалдардың қауқарын
жоққа шығара алмаймыз. Олардың мақала атауының прагматикалық
табиғатына қосатын үлесін заманауи мерзімді баспасөз беттеріне
шолу жасап байқауымызға болады.
Орыс және қазақ тілді мерзімді басылымдарды саралай келе,
«өзгеше норма» үдерісінің орыс тілді баспасөзде жиі қолданылатынын
байқадық.
Дегенмен,
аталмыш
әрекетке
біртіндеп
қазақ
публицистикасының тілшілері де «ет үйретіп» келеді. Көп жағдайда
мұндай графикалық «өзгешелеу» тақырыпат бойында окказионалдылық
құбылысының пайда болуына әкелгенімен, бұл оның экспрессивтілік
және прагматикалық сипатын еселей түседі.
Тақырыпат экспрессиясын арттыру мақсатымен туған графикалық
амалдардың бірі – ерекше әріптермен (шрифтімен) белгілеу. Бұл –
қазіргі баспасөз журналистері арасында ең жиі кездесетін тілдік емес
әсер етуші құрал. Біз бұл топқа келесі амал-тәсілдерді жатқыздық:
105
Омонимдік негізді пайдалана отыра, бір сөздің құрамынан
өзге бір сөзді (әсіресе оның түбірін) ерекшелеп, көбіне үлкен қаріптермен,
белгілеу: «