99
1)
Публицистикалық тақырыпаттың
соңында қолданылған көп
нүкте, әдетте, ойдың аяқталмағандығын
немесе автордың оқырман
қызығушылығын ояту үшін әдейі толық айтпай отырғандығын білдіреді:
«
Астана – әсем қала, бiрақ...
» (ЖА. – 07.10.2010), «
Уақыт жүгін
арқалап...
» (СС. – 23.11.1996), «
Ет өнімдері өтімді болсын десек...
»
(СС. – 16.02.2010), «
Шәкірттері шың асқан..
.» (СС. – 21.11.2009).
2)
Көп нүкте публицистикалық
тақырыпаттың ортасында да
кездесуі мүмкін. Әдетте, мұндай мақала атауларында тосын қолданыс
орын алады, яки тақырыпаттың бірінші
бөлімінен екінші бөлімге
ауысу дереу әрі алғаш қарағанда үйлесімсіз болып көрінеді:
«
Диктаторлардың... кiшкенелерi де бола ма?
» (З-Қ. – 15.09.1999).
3)
Егер тілші барлық мақаланы жазғаннан
кейінгі қорытындысын
тақырыпатқа
басып шығаратын болса, оның алдында көп нүкте
қойылады: «
...Сөйтiп, дәстүр бұзылды
» (З-Қ. – 05.06.1998).
Достарыңызбен бөлісу: