102
(А. – 1999. № 6.), «
Т
ың
т
аланттар
т
ұғыры
» (СС. – 13.02.1999),
«
Б
үгiнгiнiң
б
iз
б
iлмейтiн
б
атыры
» (АТ. – 8-14.04.2010), «
Т
ұғырымыз
–
т
ыныштық,
т
iрегiмiз –
т
ұрақтылық,
т
iлегiмiз –
т
атулық
» (А. –
02.05.2012).
Тілшілер кейде жоғарыда аталған әдеби формаларды бір-бірімен
қиюластырып, қатар қолданып та жатады. Мұндай қадам мақала
тақырыпатының прагматикалық әлеуеті үшін өз септігін тигізбей
қоймайды: «
Т
ығыры
ққ
а
т
iреген
т
өр
т
т
ос
қ
ауыл
» (Ақ. – 1995. №4),
«
Ж
ұрт
ж
ады
н
да
ж
үрге
н ж
а
н
» (П. – 1995. №9), «
Қа
йтп
ас
қа
й
са
р
Қа
й
с
енов
» (Ақ. – 2000. №2), «
Қ
аламы
қ
ана
тт
ы
қ
айра
т
кер
» (Ақ. –
2011. №4), «
С
ай
т
ани
с
ай
тт
ардан
с
ақ
т
ан!..
» (П. – 2009. №6),
«
Да
л
а
ның
да
рх
а
н
да
н
а
сы
» (СС. – 07.06.2003).
Қазіргі кезде журналистер мақала атауында паронимдер,
квазиомонимдер сынды дыбысталуы біршама ұқсас сөздерді қолдану
арқылы тақырыпатқа
ұйқас
бітіреді.
Мұндай әдіс арқылы автор
тақырыпаттың көркемдік бейнелілігін шыңдаумен қатар оқырман
назарын аудартып, мақала мәтінін толықтай қабылдауы үшін «жол
салады». М.:
«"Еларна", жақсылықты жұртқа хабарла!
» (ЕҚ. –
20.03.2002). Мұндай тақырыпаттардың тағы бір ерекшелігі – олардың
оқырман жадында жақсы және оңай сақталуы.
Уақыт өтіп, публицистикалық басылымдар саны артқан сайын
тілшілер өз мақалаларына неғүрлым қызықты әрі оқырман көңілін
еліктіргіш атау беруге тырысады. Қазіргі журналистер арасында
осындай мақсатпен біршама кең қолданысқа ие болып келе жатқан
құрал – парехеза.
Парехеза
– бір әрпі
өзгеруімен болмаса буындары
ауысуымен өзара өзгешеленетін сөздердің парономазиясы кездесетін
псевдоэтимологиялық фигура [157, 321]. Мұндай айырмашылықтары
бар сөздердің контекстілік антоним болып, каламбур тудыруы да
кездесіп жататындығы – бұл фигураның публицистикада жиі
қолданылуын түсіндіретін тағы бір себеп. М.: «
Қадiрi
кеттi
кадрдың
...
» (ЕҚ. – 08.09.1994), «
Шайқап
сөйлемей,
байқап
сөйлейiк
»
(П. – 2005. № 10), «
Зиялы
қауым
зиянды
қауым ба?
» (Ақ. – 2013. №1),
«
Бiр
күдiк
, бiр
үмiт
» (П. – 2000. №9), «
Иран
мен
уран
» (ЖА. –
07.01.2010).
Тақырыпаттың
әсер етушілік, экспрессивтілік деңгейін
арттыруда өзіндік орны бар фоностилистикалық құралдардың тағы бір
–
интонация.
Оның мақала атауының дұрыс сарында қабылдануына,
оқырманға әсер етуіне, тақырыпаттың экспрессивтілігі мен
стилистикалық табиғатына тікелей әсер етеді. Мысалы: интонация
парцелляциялық құрылым (
«"Алтын алқалы" аналар азайды. Неге?
»
(ЕҚ. – 18.04.2003); лексикалық қайталама («
Жаңа оқулықтармен
103
жаңа ғасырға
» (Ақ. – 2000. №6), «
Түйе, түйе, түйелер: түйенiң
қасиеттерi
» (П. – 2005. №9); эллипсис («
СПИД жайлы бiлгiңiз
келсе...
» (А. – 29.09.2004); окказионализм («
Түнгi үште тұрып...
айтыс көрiңiз
» (ЖА. – 12.02.2002) сынды тілдік бірліктердің негізінде
көрініс табуы мүмкін; одан басқа «не – кімге», «кім – қайда», «не – не
үшін» деген сынды үлгілер бойынша құрастырылған тақырыпаттарда
(«
Жығылғанға – жұдырық
» (ЕҚ. – 25.05.2010), «
Өлiлерге – сауал,
тiрiлерге – сабақ немесе жерлеудегi "коммунистiк тәсiл" жалғаса
бере ме?
» (П. – 2004. №2) және бірінші бөлімі жағдайға жалпы баға
беріп, екінші бөлім оның мағынасын түсіндіретін күрделі мақала
атауларында да кездеседі («
БҰҰ-ға 51 жыл: жеңістер мен реформалар
уақыты
» (СС. – 07.11.1996).
Көріп отырғанымыздай, аллитерация не
ассонанс сынды әдеби
формалар болсын, я болмаса интонация сияқты күрделі фонетикалық
құбылыс болсын, барлығы да публицистикалық тақырыпаттың
фоностилистикалық табиғатына белгілі деңгейде ықпал етумен ғана
шектелмей, сонымен қатар мақала атауының көркемдік бейнелілігін
арттыру, реципиент назарын аударып,
мақала мәтінін толық оқуға
итермелеп, соған тиісті сарында «жол салу» арқылы публицистикалық
шығарманың осы бір құрамдас бөлігінің прагматикалық әлеуетіне де
өзінің елеулі септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: