қазанаты
бар
» (ЕҚ. – 23.12.2014) («қазанат» – дене бітімі ірі, ұзақ жолға
шыдамды, мықты ат), «
Қайта
түлеген
кешен
» (ЕҚ. – 19.12.2014)
(«түлеу» – көктем кезінде жан-жануардың жүнінің не қауырсынының
түсуі; ауыспалы мағынада – жаңару, жандану); «
Көптеген мәселенің
көбесі сөгілді
» (ЕҚ. – 03.12.2014) («көбе» (көнерген сөз) – бүкіл
кеудені қорғау үшін қола не мыс, кейде алтын мен күміс
табақшаларды қатпарлап тізіп немесе металл шынжырларды
біріктіріп, көйлек тәріздес етіп жасаған қорғаныш киім, «көбесі
сөгілді» – жоқ болды, құрыды).
Әлемнің тілдік бейнелеріндегі айтулы айырмашылықтарды
Ресейде және Қазақстанда жарияланатын орыс тілді мерзімді басылым
беттерін оқып отырып байқауға болады. Жергілікті қазақтармен ұзақ
уақыт бойы бір аспанның аясында өмір сүру, қос халықтың мәдениеті
мен ділінің өзара әрекеттесуі Қазақстанда мекендейтін этникалық
орыстардың ойлауы мен әлемді қабылдауына өз ықпалын тигізбей
қоймады. Келесі мысалдарды қарастырайық: «
Мы ждем медалей от
наших
палуанов
:
В Лондоне нашу страну будут представлять семь
борцов вольного стиля
» (КП. – 28.06.2012), «
Этно
Достарыңызбен бөлісу: |