БөЖ тапсырмасы: берілген мәтін үзіндісінен аналитикалық тәсілдің жолдарымен берілген грамматикалық мағыналарды тауып, талдаңыз



Дата07.02.2022
өлшемі15,09 Kb.
#83070
Байланысты:
Бота Бөж
Информатика әлеміндегі ұлы адамдар, Информатика әлеміндегі ұлы адамдар

БӨЖ тапсырмасы: берілген мәтін үзіндісінен аналитикалық тәсілдің жолдарымен берілген грамматикалық мағыналарды тауып, талдаңыз.
Түн ортасына таяу кез. Хәрри төсегінде көрпесін бүркеніп алып, етпетінен жатыр. Бір қолында қолшам, былғары тысты үлкен кітабын жастықпен тіреп, ашып қойған. Қыран қауырсынының ұшын парақтың үстінен жүргізіп, үйге берілген «XIY ғасырда мыстандарды өртеудің мәні болды ма?» тақырыбындағы шығарма жазуға көмегі болып қалар деген тұсқа жеткенде сәл қабағын түйіп, қарап қояды.
Түн ортасы - Лексикалық мағынасы " түннің жартысынан ауған мезгіл». Грамматикалық мағыналары: аналитикалық тәсіл, соның ішінде көмекші сөздер арқылы жасалған. Ортасы көмекші есім мезгілдік мағына.
Бүркеніп алып – аналитикалық тәсіл, көмекші етістік арқылы жасалған. “ал” көмекші етістігі іс-әрекеттің сын-қимыл мағынасын үстеп тұр.
Былғары тысты – аналитикалық тәсіл, негізгі сөздердің тіркесуі арқылы қатыстық-сындық мағынада жұмсалып тұр. (зат есім сыңары зат есімге тән емес қатыстық-сындық мағынаны білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап беріп тұр).
Үлкен кітап – аналитикалық тәсіл, негізгі сөздердің тіркесуі арқылы қатыстық-сындық мағынада жұмсалып тұр. (зат есім сыңары зат есімге тән емес қатыстық-сындық мағынаны білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап беріп тұр)
болды ма? - ма демеулік шылауының тіркесуі арқылы. Бұл жерде сұрау мәнде қолданылып тұр. (Демеулік шылаулар өзі тіркескен сөзге я түгел сөйлемге әр түрлі күшейткіш, сұрау, болжам, шектілік тәрізді мән үстейді) .
Болып қалар, лексикалық мағынасы – нақты болу мағынасы, аналитикалық тәсіл, негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесуі арқылы берілген; Шақтық мағына, болжалды келер шақтық мағына.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. О.Бүркіт, Ұ.Ержанова, Б.Өмірзақов “Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылымы: морфология және синтаксис (оқу-әдістемелік құрал) Орал, 2012.

  2. С.Исаев “Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар”, Алматы - 1992.


Серпенқызы Бота

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет