Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


статус  - адамның  қай әлеуметтік топқа



Pdf көрінісі
бет153/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   189
Байланысты:
umkd-4

статус 
- адамның 
қай әлеуметтік топқа 
жататынын көрсететін категория.


Егерде қоғам тұлғаның белсенділігі арқасында жоғарыға көтерілуіне мүмкіндік ашса, 
ондай қоғамды 
«ашық қоғам» 
деп айтуға болады. Мысалы, бұрынғы кеңес қоғамын 
«жабық қоғамға» жатқызады. Қоғамның белгілі бір саласындағы әлеуметтік рөлдер мен 
статустар жиынтығы 
әлеуметтік институт (орнығу) 
деген ұғымды тудырады. 
Әлеуметтік институттарға отбасын, балабақша мен мектепті, жоғары оқу орнын, еңбек 
үжымын, парламент пен сотты, армияны т.с.с. жатқызуға болады. Қоғам өмірін талдауда 
«Шығыс» 
және 
«Батыс» қоғамы 
деген ұғымдарды аттап өтуге болмайды. 
Қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну жолында К.Маркс қоғамдық-экономикалық 
формация теориясын жасайды. Формациялық тұрғыдан бүкіл адамзат тарихын талдай 
келе, К.Маркс келесі қоғамдарды ашады: алғашқы қауым, құл иеленушілік, феодалдық, 
капиталистік формациялар. Алайда адамзат тарихы болашақта коммунистік формацияны 
заңды түрде тудырады 
Қоғамның дамуы революциялық немесе эволюциялық сипатқа ие. Философия қоғамның 
дамуын әлемдік тарихтың бірлігімен алуан түрлі принципі арқылы қарастырылады, 
өйткені мұнда жалпылықпен жекеліктің бір-бірімен өзара байланысының жалпы 
диалектикалық заңы көрініс береді. Қоғамдық дамудың басты мәселесіне қоғамдық 
прогресс ұғымы мен оның өлшемдері жатады. 
Қоғам дамитын жүйе ретінде өзінің қозғаушы болады. Тарихи процестің субъектісі және 
қозғаушы күші әр түрлі философиялық бағыттарда қоғамды рухани және материалдық 
тұрғыдан негіздеуде көрініс береді. Қоғам дегеніміз мүдделері, құндылықтары және 
мақсаттары әр түрлі адамдар қауымдастығымен әр түрлі әлеуметтік топтардың жиынтығы 
болып табылады. Осыған орай тарихи процесс күрделі және ықтималды сипатқа ие. 
Сондықтан тарихтағы жекелеген тұлғалардың, сонымен бірге әлеуметтік топтардың ролін 
зерттеу өте маңызды. Осы диалетиканың арқасында тарихи процесс стихиялық пен 
саналылықтың бірлігінде жүреді. 
Әлеуметтік философия бүгінгі күні де сөздер мен пікірлер шырмауынынан шығып, 
адамның қоғамдық және индивидуалдық өмірінің мағынасы мен мақсаты, ерекшеліктері, 
принциптері, мәні туралы қандай да бір нағыз сөзге ұмтылуда. Бұл тұрғыда ол адамның 
өзіне өз санасы көмегі арқылы ие болу формасы ретінде, өзін «жинақтауға» деген саналы 
рухани жігер ретінде көрінеді. Мұның барысында ол қазіргі «дәуір талабына» жауап іздеу 
негізін құрайтындай кейбір сүйеніш болар теориялық-методологиялық конструкцияларды, 
терминдерді, категорияларды іздейді және табады.
Мәдениет – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-
прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (қазыналар, нормалар, белгі 
жүйелерін және т.б. жасау) және затсыздандыру процестерінің диалектикалық бірлігі 
болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның 
ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға 
бағытталады. Неғұрлым тар мағынасында, әдетте, материалдық (техника, өндірістік, 
тәжірибе, материалдық қазыналар) және рухани (ғылым, өнер мен әдебиет, философия, 
мораль, ағарту және т.б.). мәдениет, сондай-ақ саяси мәдениет (қоғам, тап, топ, индивид 


қызметінің жеке адамның қоғамдық қатынастарын өзгерту субъектісі ретіндегі әлеуметтік 
дамуының шамасын сипаттайтын мақсаттары, құралдары, нәтижелері) жөнінде айтылады.
Мәдениет – қоғамдық экономикалық формациялардың алмасуына байланысты
дамитын тарихи құбылыс. Рухани мәдениетті материалдық негізінен айырып алып, оны 
«таңдаулылардың» рухани өнімі деп түсіндіретін қате мәдениет теорияларына қарама-
қарсы жаңа ілім материалдық игіліктер жасау процесін рухани мәдениет дамуының негізі 
және бастауы ретінде қарастырады. Материалдық жағдайларға тәуелді болатын рухани 
мәдениет өзінің материалдық негізінің ізінше өзінен-өзі өзгермейді, қайта біршама 
дербестігімен сипатталады (түрлі халықтар мәдениетінің дамуындағы сабақтастық, өзара 
ықпалы және т.б.).
Қоғамды дамушы жүйе ретінде талдау үшін мәдениетті философиялық талдау 
контекстінде де қарастыру керек. Мәдениет философиялық талдаудың пәні ретінде оның 
басқада әлеуметтік гуманитарлық білімдердің пәні аралық байланыс тұрғысынан 
қарастырумен ерешеленеді. Мәдениетті философиялық тұрғыдан талдауда өркениетті де 
қарастырамыз. Мәдениет пен өркениеттің арақатынасының концептуалды негіздерін 
О.Шпенглер, А.Тойнби, К.Ясперс, Х.Ортега-и-Гассет өңдеген болатын. Мәдениеттің 
феноменалдығын анықтаудың жалпы философиялық өлшемдері мыналар:Анықтылығы 
/сырттай және іштей/, мәдениеттің әлеуметтік функциялалары, типологиясы, қозғаушы 
күштері, мәдениет пен идеологияның диалектикасы, мәдениет пен шығармашылықтың 
диалектикасы, мәдениет пен демократияның диалектикасы, мәдениет пен білім берудің 
диалектикасы, мәдениеттегі ұлттық және интернациональдық, руханилық және 
интеллигенттілік, өзіндік сана мен өзіндік бақылаудың диалектикасы т.б. 
Философия мәдениетті бірлікте және алуан түрлі формада қарастырады, мысалы 
материалдық және рухани мәдениет «бұқаралық және элитарлық мәдениет», дәстүрлік 
және жаңашылдық мәдениет. Көркемдік мәдениеттегі ең маңыздысы - шығармашылық 
мәселесі, оның мәні және оның жүзеге асырылу тәсілдері. 
Өркениет әлеуметтік мәдени құрылым ретінде оны мәдениетпен байланысты 
философиялық тұрғыдан талданады. Қазіргі замандағы адамзат тіршілілігінің өркениеттік 
негіздері мынадай мәселелермен үздіксіз байланыста, олар: адам және техника, адам және 
ғылыми практикалық қызмет нәтижелері, адам және қоғам, дәстүрлік құндылықтар және 
олардың өзгеруі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет