4. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский,
О.Шпенглер, К. Леви-Строс және т.б.). Мәдениет – қоғам болмысының формасы.
Материалдық және рухани мәдениет.
Оқытудың әдістемесі мен формасы:
ақпараттық,
проблемді, көрнекілі (визуалды)
Дәріс мәтіні.
«Әлеуметтік философия» терминін айналымға қашан және кім
енгізгені туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға
енуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы – соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл сала
қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен,
қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік
таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және
логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала
әлеуметтік
философия
деп атала бастады.
Әлеуметтік философияға ерекше анықтама берген орыс ойшылы С.Л. Франктың
пайымдауына тоқталайық.
1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі - «Қоғамның рухани негіздері» атты
кітабын жариялады. Ол бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді:
“ әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға
ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген
сқрақтарға жауап береді”.
Семён Лю́двигович Франктың айтуынша әлеуметтік философия – “қоғамдық болмыстың
жалпы мәңгі негіздерін” зерттеумен айналысатын философиялық таным. “Әлеуметтік
философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен
нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады”. Мұнан шығатыны:
әлеуметтік
философия адамның қоғамдық өмірінің барлық “әлемдерінің”
– тарих, мәдениет, дін,
саясат, құқық, экономика және т.б. әлемдерінің түпкі,
онтологиялық негіздерін
зерттейтін
философиялық
ілім
саласы.
Ең
алдымен,
ол
дүниетанымдық
,
методологиялық, танымдық, эвристикалық, аксиологиялық, тәрбиелеушіболжымдық
қызмет те атқарады.
Кең түрде алғанда,
Достарыңызбен бөлісу: