Шеллингтің ойынша, адамзат тарихы үш сатыдан өтуі қажет. Бірінші - трагикалық саты, мұнда тағдырдың ессіз күштері көне замандағы ұлы мемлекеттерді келмеске жібереді. Екінші сатыда халықтар мен әртүрлі мемлекеттер табиғи заңдылықтарға сай біріге бастайды, үшінші - әлі тарихқа келмеген болашақта - тағдыр мен табиғаттың күштері бір-бірімен үласып, Дүниеге Мессия (Қүтқарушы) келеді. Әрине, мұндай көзқарастан біз Шеллингтің бірте-бірте теософиялық ағымға өтіп бара жатқанын байқаймыз. Шеллинг еріктік мәселесіне, Фихте саяқты , көп көңіл бөледі. Бірақ ол Бұл
категорияны қажеттікпен тығыз үштастырады.
Еріктік дегеніміз - ол тарихи қажеттікті танып-білу, ал оның кілті - жеке адамдарда
емес, тек қана адамзаттың қолында, өйткені әр адам өз өмірінің шеңберінде өзінің жеке
мақсаттарын қойып, соған жетуге тырысады. Бірақ барлық адамдардың қосыла жеткен
тарихтағы нәтижелері басқаша болып шығады.
Осы тұрғыдан