ирония мен маевтика. Ирония
дегеніміз
сұхбат барысында білмеген саяқты болып талқыланып жатқан мәселе жөніндегі қарсыда
отырған адамның тұжырымдарының неше түрлі сұрақтар арқылы ішкі қайшылығын
ашып, ең ақырында оны: «Менің білетіпім - тек қана ештеңе білмейтінім», - деген ойға
әкелу. Бірақ мұнымен сұхбат бітпейді. Егер осы сатыда әңгіме бітсе, адам толығынан
күмәнға батып, дүниеде не істерін, қалай өзін ұстайтынын білмес еді.
Сұхбаттың екінші сатысында
маевтика
басталады. Ол сәбидің Дүниеге келуіне
көмектесетін кіндік шешенің қызметі саяқты . Бірақ сәби емес, Дүниеге ақиқат келеді. Ол
үшін жоғарыдағы талданған мәселе жөніндегі пікірлер салыстырылып, олардың
ішіндегі ақиқатқа әкелетіндері алынады.
Бірақ Сократтың мақсаты - одан да әрі тереңдеу. Қандай :мәселе талқыланса да,
әңгіме ақырында адам өмірінің мән-мағынасына келіп тіреліп, осы мен қалай өмір сүріп
жатырмын, не істеп, не қойдым, менің ар-ұжданым таза ма т.с.с. деген сұрақтарға әкеледі.
Міне, негізгі мақсат енді ғана орындалды, осы уақытқа дейін өзінің жан дүниесі жөнінде
ойланбай келген адам іштей тазарып, өмірге басқа көзбен қарай бастайды.
Олай болса, адамның
Достарыңызбен бөлісу: |