Әрі философиядағы бағыттар, әрі философиялық әдістер: Материализм;
Идеализм;
Эмпиризм;
Рационализм.
Материалистік әдіс – материя – бастапқы субстанция, сана – оның модусы – материяның
көрінісі деп қарастырады. (материалистік-диалектикалық әдіс кеңестік философияда
үсткемдік етті, қазір ресейлік философияда кең тараған).
Идеалистік әдістің мәні – идеяны бастапқы жаратушы күш ретінде, ал материяны –
идеядан туындайтын, идея көрініс беретін форма деп қарастырады. Идеалистік әдіс АҚШ-
та және кейбір Батыс Еуропа мемлекеттерінде «мысалы Германияда) кең тараған.
Эмпиризм – таным процесі мен білімнің негізінде көбіне сезімдік таным – түйсік арқылы
алынатын тәжірибе жатады деп түсінетін танымдық әдіс және бағыт. («Сезім мен
тәжірибеден өтпегеннің ойда болуы мүмкін емес»).
Рационализм – нағыз шын білім тек ақыл арқылы алынады деп есептейді. (Барлық
нәрсеге күмәндануға болады, ал күмәндану – ойдың, ақылдың жұмысы»).