Диалектика
– заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, олардың өзгеру,
даму ерекшеліктерін, себеп-салдарлық байланыстарын, қарама-қарсылықтардың бірлігі
мен күресін ескере отырып қарастыратын зерттеу әдісі.
Метафизика
– диалектикаға қарама-қарсы әдіс. Метафизика объектілерді:
1.
байланыста емес, жеке дара;
2.
Статикалық сипатта (объектілердің тоқтаусыз дамуы, өзгерістері ескерілмейді)
3.
Абсолютті ақиқатты іздестіруде қайшылықтарға мән берілмей, қарама-
қарсылықтардың бірлігі еленбей, біржақты қарастырылады.
Догматизм
– қоршаған дүниені догматтар шеңберінде – «жоғарыдан берілген»,
абсолютті дәлелдеуді қажет етпейтін мызғымас сенімдер, көзқарастар тұрғысынан ғана
қарастыратын және қабылдайтын ойлау әдісі. Бұл әдіс ортағасырлық теологиялық
философияға тән.
Эклектика
– біртұтас творчествоға енбейтін түрлі, еркінше алынған фактілерді,
ұғымдарды, концепцияларды біріктіру нәтижесінде сырт қарағанда шын көрінген үстірт,
ақиқаттан алыс жатқан тұжырымдар жасау. Әдетте эклектика бұқаралық санаға ықпал ету
мақсатында, реалды онтологиялық, гносеологиялық негіз бен құндылығы жоқ
көзқарастарды, идеяларды насихаттауда пайдаланылады. (ортағасырда – діни мақсатта,
қазіргі заманда –жарнамалауда).
Софистика
– ақиқат болмаса да ұтымды құрастырылған жалған алғышарттардан
жаңа, логикалық тұрғыдан дұрыс, бірақ мағынасы жалған ойқорытынды жасау әдісі.
Софистика ежелгі Грецияда кең тарады: шешендік өнердің ақиқат білім алу жолы емес,
пікір-сайыстарда «кімге болмасын, ненің болмасын дұрыстығын» дәлелдеу тәсілі ретінде
арнайы оқытылады.
Герменевтика
– мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру әдісі.
Герменевтика Батыстық философияда кең тараған.
Достарыңызбен бөлісу: