Желтоқсан 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет21/48
Дата08.02.2022
өлшемі10,07 Mb.
#97989
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Байланысты:
Alau 12.15

Университеттің 
баспасөз хатшысы 
А.Қ.Қожабаев
Еліміздің тəуелсіздік алғанына 
келесі жылы ширек ғасыр - 25 жыл 
толғалы отыр. Былай саралап қарасақ 
көп те емес сияқты. Дегенмен де 
тарихтың тың сөресіне жаңа шығып 
өзінің ойып тұрып орын алуы, 
терезесі тең дəрежеде жаhандық 
көштен қалмай, тіпті кейбір кездерде 
көшбастаушылық бағыттарға түсуіміз 
əрине кездейсоқ емес. Ол бірінші 
кезекте тұңғыш Президентіміз 
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың 
ерен еңбегі, алғырлығы, сенімі 
мен саяси көрегендігі дер едік. 
Ұлт көшбасшысының Еуразиялық 
э ко н ом и ка л ы қ Од а қ ш а рт ы , 
Мəңгілік Ел идеясы, индустриялық-
инновациялық жобалары, киелі 
Ұлытау жеріндегі халықпен дида-
ры, биік мінбелердегі сөздері мен 
ұсыныстары халық жүрегінен орын 
тауып, жылы қабылдануда. 
Осыған орай биылғы жылы 
Елбасының Қазақстан халқына 
арнаған Жолдауы – қоғамымызда 
ерекше орын алды. Ш.Уəлиханов 
атындағы Көкшетау мемлекеттік 
университетінің оқытушылық-
профессорлар құрамы, студент жаста-
ры Президенттің кезекті Жолдауын 
асыға күтіп, оны ыстық ықыласпен 
тыңдады. 
Лайықты дайындық жұмыстары да 
жүргізілді. Барлық оқу ғимараттары, 
жатақханаларда тікелей хабар 
ұйымдастырылып, ақпараттық топтар 
құрылды, БАҚ өкілдері шақырылды, 
сұхбаттар беріліп, пікірлер айтылды. 
Ізін суытпай ректордың ұжыммен 
кездесуі, белгілі қоғам қайраткері, жазу-
шы, драматург, сенатор Ж.Ерғалиевпен 
жүздесу өтті. Қала, облыстық шараларға 
студенттер белсене қатысты.
Жалпы, Елбасының Жолдауы – 
əрдайым ел ішіндегі сабырлылықты, 
береке мен бірлікті ұйымдастырушы 
фактор. Бұл ретте «Қазақстан - 
2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» 
бағдарламасы жəне «100 нақты 
қадам» Ұлт жоспары бұған айғақ 
болады. Президент əлемде орын 
алған дағдарысқа дайын болу, 
жұмыла қарсы əрекет ету заман та-
лабы екендігін мазмұнды түсіндірді. 
Дүниежүзілік сауда ұйымына 
кіргеніміз туралы сүйінші хабары да 
жақсы қабылданды. Бəріміз əрине, 
əлеуметтік саладағы өзгерістерді 
асыға күттік. Əсіресе, Елбасымыздың 
бұл саладағы ешқандай қысқарту 
болмайтыны қөңілге медеу бол-
ды. Мəселен, жаңа жылдан бастап 
студенттердің шəкіртақысы 29 
пайызға дейін өсетін болды. Бұл 
білімді əрі белсенді жастарға жігер 
сыйлайтын жақсы алғышарт. Жалпы, 
ендігі біздің міндетіміз – елдік пен 
мемлекеттік мүддені сезіне отырып 
іске жұмыла кірісу. Осы бағытта 
Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау 
мемлекеттік университетінің ұстаздар 
қауымы ұрпақ болашағы үшін рухы 
биік, білімді жастарды тəрбиелеп 
жатқанын айта кету керек. Бүгінде 
білім ордасы көп салалар бойынша 
алуан бағыттарда жұмыс істеп, жоғары 
нəтижелерге қол жеткізуде. Бұл да 
Елбасының «100 нақты қадамының» 
жүзеге асуының көрінісі деп білемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет