5
желтоқсан 2015 жыл
Алау
1) - Ш.Уəлиханов атындағы КМУ-
де Президентіміз Н.Ə.Назарбаевтың
«Мəңгілік ел жастары — индустрияға»
атты мемлекеттік бағдарламасы
аясында «Серпін-2050» əлеуметтік
жобасы толыққанды жүзеге асырылу
үстінде деген ойдамыз. Білім ордасын-
да осы əлеуметтік жобаның қандай
деңгейде іске асырылып жатқаны
туралы бірер сөз айта кетсеңіз.
- Университетімізде былтырғы жыл-
дан бастап «Мəңгілік ел жастары -
индустрияға » мемекеттік бағдарламасы
аясында «Серпін 2050» əлеуметтік
жобасы іске асуда. Бұл жоба бойынша
қазіргі уақытта біздің университетімізде
516 студент білім алып жатыр. Жалпы,
осы бағдарламаның көлемінде Ақмола
облысында «Серпін-2050» əлеуметтік
жобасы бойынша білім алып жатқан
колледж,
ЖОО студенттеріне көмек,
кеңестер беру мақсатында арнайы
штаб құрылып, біздің университеттің
2-курс студенті Керімбек Бексұлтан сол
штабтың төрағасы болып сайланды.
Аталған бағдарлама бойынша универ-
ситетте оқып жатқан студенттермен оң
жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы,
бұл студенттерге біз ризашылығымызды
білдіргіміз келеді. Олар өте талантты,
тəрбиелі жəне білімді студенттер ретінде
оқу барысында, сонымен бірге спортта,
қоғамдық өмірде, мəдени
шараларда
да өздерін жақсы жақтарынан көрсетіп
отыр. Студенттер қай салада болсын
өте ауқымды істерімен,
іскерлігімен,
жан-жақты қырларымен ерекшеленіп,
барлық шараларға белсенді қатысуда.
Осындай белсенділіктерінің арқасында
серпіндіктер университетіміздегі,
қалалық,
облыстық, республикалық
д е ң ге й д е г і м ə д е н и ш а р а л а р ғ а
қатысып,
онда жеңімпаз атанып,
университетіміздің абыройын биікке
көтеріп жүр. Бұл жоба бойынша оқып
жатқан студенттер келешекте оқу бітірген
соң біздің аймағымызда қызметке қалып,
өздерін ары қарай да жақсы маман
ретінде көрсетеді деген ойдамыз. Осы
жағын да біз жақсы түсінуіміз керек.
Солтүстік аймақтарда жұмыс күштері
жетпей
жатқан жағдайда Елбасының
осы бағдарламасы өте бір ұтымды да
қажет бағдарлама екенін ерекше атап
өткіміз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: