Желтоқсан 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет40/48
Дата08.02.2022
өлшемі10,07 Mb.
#97989
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Байланысты:
Alau 12.15

Сулейменова Зауре Екпінқызы,
«Педагогика, психология 
жəне əлеуметтік жұмыс» 
кафедрасының аға оқытушысы, 
«Педагогика жəне психология» 
мамандығы бойынша 
білім магистрі.
2015 жылдың 26 қарашасы күні 
Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау 
мемлекеттік университетінің 
салтанат залында Педагогика, 
психология жəне əлеуметтік
жұмыс кафердасының доценті. 
п . ғ . к . Ке н ж е ғ а л и е в Қ ұ л ы ш 
Көшенұлының 70-жылдық ме-
рейтойына арналған кеңейтілген 
ғылыми Кеңес өтті. 
Шараға білім ордасының бас-
шылары, факультет деканда-
ры, университеттің ОПҚ, маги-
странттар мен студенттер жəне 
арнайы шақырылған қонақтар 
қатысты. 
О т ы р ы с т ы Ш . У ə л и х а н о в 
атындағы Көкшетау мемлекеттік 
у н и в е р с и т е т і н і ң р е к т о -
ры Ə.Ə.Əбжаппаров өзінің 
құттықтау сөзімен ашып, мерей-
той иесіне игі тілегін білдірді. 
Ғылыми кеңестің өтілу бары-
сында Филология жəне педа-
гогика факультетінің деканы, 
ф.ғ.к, Р.С.Əміренова Құлыш 
К ө ш е н ұ л ы н ы ң ө м і рд е р е г і н е 
тоқт а лып, ғылыми Кеңе стің 
т и і с т і д е ң г е й д е ө т у і н е ат -
салысты. 
Сонымен бірге көпшілікке 
мерейтой иесінің еңбек жолы ту-
ралы бейнефильм де ұсынылды. 
Мерейтой ие сін құттықтауға 
ке л ге н қ о н а қ т а р л е г і д е а з
болған жоқ. Арнайы шақырылған 
қонақтардан Қалалық білім беру 
бөлімі басшысының орынбасары 
Ж.С.Дондагулова, «Арқа ажары» 
газетінің бас редакторы Қайырбай 
Төреғожа, «Педагогика, психо-
логия жəне əлеуметтік жұмыс» 
кафедрасының меңгерушісі, 
п.ғ.к., доцент С.А.Мур зина, 
«Əлеуметтік жəне жас ерекшелік 
педагогикасы» кафедрасының 
меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент м.а. 
А.А.Шаяхметова жəне Құлыш 
Көшенұлының ғылым жолындағы 
ізбасарлары той иесін құттықтап, 
ғалым ағаларына ізгі тілектері 
мен жылы лебіздерін білдірді. 
Ғылыми отырыс концерттік 
бағдарламамен жалғасын та-
у ы п , Қ ұ л ы ш К ө ш е н ұ л ы н ы ң 
қ ұ р м е т і н е Қ а з а қ т і л і ж ə н е 
ə д е б и е т і м а м а н д ы ғ ы н ы ң 
студенттері Күлəш Нысанбек 
п е н М ұ х а м м е д Қ о ң қ а е вт а р 
« Ұ с т а з ғ а а р н а у » о қ ы д ы . 
Əсіресе, Ақмола облыстық фи-
лармониясы музыканттарының 
орындауларындағы халық əндері 
кештің сəнін келтірді.
Ұстаз деген сөзді айтқанда немесе естігенде əркімнің 
есіне өзінің алғашқы ұстазы түсуі сөзсіз. Өйткені 
алғаш рет қолыңа қалам ұстатып жазуды үйреткен, 
«Əліппенің» бетін ашқызып əріп танытқан, өмірдің қыр-
сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге 
мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, 
адамгершілікке баулыған алғашқы мұғалімнің бейнесі 
əр адамның жүрегінен орын алады ғой. Сондай өзіңе 
жақын ұстаз тек мектепте ғана емес, жоғары оқу орны-
нан да табылады екен. Біз, Психология мамандығының 
3-курс студенттері п.ғ.к., доцент Кенжеғалиев Құлыш 
Көшенұлынан білім алып жүргенімізді мақтан тұтамыз. 
Психологиядағы математикалық əдістер пəнін оқытуға 
алғаш келгенде сырт келбетінен байсалдылық, 
салқындылық байқалып тұрғанымен уақыт өте келе 
ол кісінің шын мəнінде нағыз абзал жан, жылы жүректі 
екенін білдік. Ұстаздың асықпай, мəнерлеп сөйлеген 
сөзінен əрбір студентке деген қамқорлықтың, əкелік 
сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иə, 
адамның жан дүниесін түсініп, оны ренжітпей, қателігін 
сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет