Желтоқсан 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет39/48
Дата08.02.2022
өлшемі10,07 Mb.
#97989
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Байланысты:
Alau 12.15

6
желтоқсан 2015 жыл
Алау
Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың 
қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздардың қолында екені белгілі. 
Ұстаз еңбегі – адамзат еңбегінің ең 
күрделісі, əрі маңыздысы. Ол терең 
білім мен үлкен шеберлікті, жүрек 
жылуы мен күш жігерді, өзінің 
уақытымен санаспай қызмет етуді 
талап етеді. Осы жолды таңдап, бар 
білімін шəкірттеріне ерінбей беріп 
жүрген ұлағатты ұстаздардың бірі – 
Кенжеғалиев Құлыш Көшенұлы, пе-
дагогика ғылымдарының кандидаты, 
доцент. Ол биыл жемісті əрі жеңісті 
70 жасқа келсе де, бұрынғыдай 
жігерлі, жаңалыққа жаны құштар, 
шығармашыл. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы 
Назарбаев өз халқына арнаған
Жолдауында: «Жоғары деңгейде 
маманданған кəсіпқой, өз ісінің 
білгірі, талантты, жауапкершілігі 
жоғары ұстаз болу – бүгінгі 
күннің талабы. Əрбір педагог өз 
мүмкіндіктерін жаңа формация 
мұғалімі ретінде көрсетіп, жан-
жақты біліктілігін көрсетуі қажет» - 
деген болатын. Қазіргі заманда білім 
берудің күрделі міндеттерін рухани 
бай, педагогикалық дарыны бар, 
шығармашылық кəсіби тəсілдерді 
жетік меңгерген, жан-жақты тұлға 
ғана шеше алады. Құлыш Көшенұлы 
осы талапты абыроймен орындап 
жүрген ұстаздардың бірі. 
О л – ө з і с і н і ң б і л г і р і , 
жауапкершілігі жоғары ұстаз. 
Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау 
мемлекеттік университетінде 
ұстаздық еткен бері оның алдынан 
талай студенттер білім алып шықты. 
Ұстаздық қызметтегі жетістіктері 
үшін Қазақстан Республикасының 
білім беру озаты белгісімен мара-
патталды. 
А д а м қ а ж ы рл ы е ң бе г і м е н 
табиғатты өзгертсе, ұстаз жалпы 
жасампаз еңбегімен жаңа адамды 
қалыптастырып, оны дамытып, 
жетілдіріп өмірге дайындайды. 
Құлыш Көшенұлы студенттерін 
тек біліммен қаруландырып қана 
қоймай, назарын, білгендерін жа-
дында сақтауға, қабілетін, ойлауын, 
тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге 
деген құштарлығын, өмірге деген 
көзқарасын дұрыс қалыптастырып, 
ықыласын, сенімін, төзімділігін, 
іскерлігін, ізденімпаздығын тағы 
басқадай танымдық қасиеттерін 
жетілдіріп, адамгершілігі мол аза-
мат етіп тəрбиелеуді өзінің өмірлік 
мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды. 
Алдындағы шəкірттерінен өзінің 
ұстаздық кеңесі мен əкелік ақылын 
аяған емес.
Ғылым жолы – ауыр жол. Бұл жол-
да қажымай ізденіп, адал тер төккен 
адам ғана жетістікке жете алары анық. 
Құлыш аға ғылыми-педагогикалық 
зерттеу жұмыстарының нəтижесінде 
200-ге жуық ғылыми мақала, бірнеше 
оқу құралдары мен оқу-əдістемелік 
кешендерін дайындады. Оның ішінде 
Ш.Уəлиханов атындағы КМУ-дің 
ғылыми Кеңесі, РОƏК грифі, ҚР 
БҒМ грифімен баспадан шыққан оқу 
құралдары бар. Оларды университет 
студенттері мен магистранттары, 
оқытушылар оқу процесінде пай-
далануда. Бірнеше жыл қатарынан 
«Абай Құнанбаевтың педагогикалық 
жəне психологиялық мұрасы» 
атты ғылыми-əдістемелік семи-
нарын ұйымдастырып басқарды.
Көп жылғы зерттеу жұмысының 
қорытындысы ретінде «Физикадан 
политехникалық құзыреттіліктер» 
(зерттеушілік аспект) монографи-
ясы басылып шықты. Құлыш 
Көшенұлының ғылыми мақалалары 
соңғы жылдары МБЦ Thomson 
Reuters жəне «Средиземноморский 
журнал социальных наук» Италия 
(Рим) журналдарында басылды. 
Магистранттармен бірлесіп жазған 
мақалалары шетелдік басылымдар-
да (Москва, Киев, Вена, Харьков, 
Рим т.б.) жиі жарияланады. Ол 
халықаралық ғылыми-практикалық 
конференциялар мен ғылыми 
семинарларға белсене қатысады.
К.К.Кенжегалиев - Қазақстан 
П е д а г о г и к а л ы қ Ғ ы л ы м д а р 
Академиясының корреспондент 
мүшесі, Россия Жаратылыста-
ну Академиясының профессоры, 
отандық ғылымды дамытуға қосқан 
үлесі үшін Россия Жаратылыста-
ну Академиясы Президиумының 
ш е ш і м і м е н В . И . В е р н а д с к и й 
атындағы медальмен марапатталды.
Құлыш Көшенұлы кадрлар да-
ярлау ісіне де белсене араласады. 
Оның жетекшілігімен магистрлік 
диссертация қорғаған жас ғалымдар 
бүгінгі күні еліміздің ЖОО-да табы-
сты қызмет етуде:
1. Навий Лиза п.ғ.к., - Ш.Уəлиханов 
атындағы КМУ,«Педагогика, психо-
логия жəне əлеуметтік жұмыс» 
кафедрасында.
2. Тасбулатова Ж.С. -Ш.Уəлиханов 
атындағы КМУ, «Педагогика, пси-
хология жəне əлеуметтік жұмыс» 
кафедрасында.
3. Киекбаева А.Б. -Ш.Уəлиханов 
атындағы КМУ, «Педагогика, пси-
хология жəне əлеуметтік жұмыс» 
кафедрасында.
4. Молдабекова С.Қ.- Ш.Уəлиханов 
атындағы КМУ,«Педагогика, психо-
логия жəне əлеуметтік жұмыс» 
кафедрасында.
5. Какабаева Д.С. -Ш.Уəлиханов 
атындағы КМУ, «Педагогика, пси-
хология жəне əлеуметтік жұмыс» 
кафедрасында.
6. Асаров М.М. -Ш.Уəлиханов 
атындағы КМУ, «Педагогика, пси-
хология жəне əлеуметтік жұмыс» 
кафедрасында.
7. Мельникова Т.В. - Ш.Уəлиханов 
атындағы КМУ, «Əлеуметтік жəне 
жас ерекшелік педагогикасы» ка-
федрасы.
8. Сугуралиев Д.Т. - Ш.Уəлиханов 
атындағы КМУ,«Дизайн» кафедрасы.
9. Захай Б. -Ш.Уəлиханов 
атындағы КМУ, «Дизайн» кафе-
драсы.
10. Тезекбаев М. - С.Сейфулин 
атындағы Аграрлық-техникалық 
университетінде деканның орынба-
сары, Астана қ.
11. Кульмаханова Д. У. - Астана қ., 
гуманитарлық колледжде.
12. Мұхамеджанова Г.С. - 
Ш.Уəлиханов атындағы КМУ, «Педа-
гогика, психология жəне əлеуметтік 
жұмыс» кафедрасында.
Бүгінгі күні ол өзі қызмет 
е т і п ж ү р г е н Ш . У ə л и х а н о в 
атындағы Көкшетау мемлекеттік 
университетінің профессорлық-
оқытушылық құрамында, оның 
ішінде «Педагогика, психология 
жəне əлеуметтік жұмыс» кафедра-
сында зор құрмет пен беделге ие. 
Көп жылдық ғылыми-педагогикалық 
еңбегіндегі қол жеткізген жетістіктері 
үшін Құлыш Көшенұлы жақында 
ҚР БҒМ «Ыбырай Алтынсарин» 
медалімен марапатталды.
«Педагогика, психология жəне 
əлеуметтік жұмыс» кафедрасының
оқытушылар ұжымы Кенжеғалиев 
Құлыш Көшенұлын мерейтойымен 
жəне алған медалімен құттықтай 
отырып, оған мықты денсаулық, 
шығармашылық табыстар, отбасына 
бақ-береке тілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет