Сәтбаева Ш.Қ. Уақыт шуағы. – Алматы: Ғылым, 2000. – 656 б. Белгілі әдебиеттанушы ғалым Шәмшиябану Қанышқызы Сәтбаеваның бұл
кітабына әр жылдарда баспасӛз бетінде жарық кӛрген әдебиет тарихы мен
теориясының келелі мәселелерін қарастырған мақалалары мен зерттеулері енді.
Жинақта әлем халықтарының рухани байланысының, сабақтастығының алтын
арқауы болып табылатын әдебиеттің сан қырлы ӛзекті жайлары да ғылыми
зерделенген.
Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: Білім, 2003. – 280 б. Болашақ
ұрпақты
имандылық,
қарапайымдылық, әдептілік, кішіпейілділік сияқты
ұлттық асыл қасиеттерге тәрбиелеудің сан ғасырлар
бойы қалыптасқан халықтық дәстүрі бар. Автор кӛне
заманнан бергі кӛрнекті ойшылдардың еңбектеріне
сүйене отырып, тәлім-тәрбиенің ұлттық сипаты, қазақ
этнопедагогикасының туып, қалыптасу тарихы
жайында әңгімелейді.