Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет97/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

 
 
Жоғарғы трахеостомия 
Науқастың операцияға жатуы – шалқасынан, жауырындары астына білікше (валик) 
қойылады, басы артқа қарай шалқайтылады, өзі тік жатады(29-сурет). Ауыр асфиксия 
(тұншығу) жағдайында операцияны науқастың жартылай жатқызылған, немесе отырған 
қалпында да жасауға болады. Ауырсындырмау – жергілікті анестезия немесе наркоз. 
Ауыр асфиксия болған жағдайда наркозсыз шұғыл операция жасалады. Дәрігер 
науқастың оң жағынан орналасады, саусақпен көмейдің, кеңірдектің және жұтынған 
кезде қимылдайтын қалқанша бездің мойнағын сипап анықтайды, осыдан кейін 
саусақтармен қалқанша шеміршектің бүйірлік табақшаларын бекітіп ұстайды. Қалқанша 


104 
шеміршектің орта кезінен төмен қарай орталық сызықтан ауытқымай, ұзындығы 5-6 см 
ересектерде (2-4см балаларда) теріге, теріасты шелмайға және беткейлік фасцияға тілік 
жасайды. (Кейбір хирургтар теріге тілікті сақина тәрізді шеміршектің деңгейінде 
көлденең тәсілмен жасауды қолданады). Теріден соң, мойынның ақ сызығын, бітісіп 
жататын 2 және 3 фасцияларды науашалы зондтың көмегімен тіледі, осы тұста кезігетін 
мойынның ортаңғы венасын (v.mediana colli) бүйірге қарай ысырады, немесе екі 
лигатурамен байлап, арасынан кеседі. Доғал тісті ілмектер көмегімен төс-тіласты және 
төс-қалқанша бұлшықеттерін бүйір жаққа тартады. Бұдан әрі, сақина тәрізді шеміршекке 
қалқанша бездің мойнағын бекітетін байлам ретіндегі фасцияны көлденең бағытта кеседі. 
Балаларда төменгі трахеостомия жасаған жөн, себебі қалқанша бездің мойнағы өте 
жоғары орналасқан және кеңірдектің барлық шеміршек сақиналарын жауып тұрады, оған 
қоса құрамында қантамырлары бар сақина – мойнақтық байлам арқылы берік бекінген. 
Бездің мойнағын доғал ілмекпен төмен тартады да кеңірдектің жоғарғы 
сақиналарын ашады. Операция барысына бездің мойнағынан жоғары қарай 
бағытталатын бір немесе екі пирамидалық өсінділер қиындықтар туғызуы мүмкін, 
мұндай жағдайда оларды екі лигатура арасынан кесуге тура келеді, не болмаса дереу 
төменгі трахеостомия операциясын жасау қажет. Созылмалы, әрі серпімді және 
қозғалғыш болып келетін кеңірдекті біртісті екі ілмекпен бекітіп ұстайды, ол үшін оны 
сақинааралық бөліктерінен ортаңғы сызықтан шамалы сыртқарырақ тұстан теседі. 
Сонымен қатар, тағы бір біртісті ілмекпен сақина тәрізді шеміршекті іліп ұстайды, бұл 
жағдай кеңірдектің шұғыл қозғалғыштарынан сақтап, бекітіп тұрады. Осы ілмектердің 
көмегімен тыныс алу түтігін (кеңірдекті) жараның терең бөлігінен шамалы тартып 
шығарады. Өткір ұшты скальпелмен төменнен жоғары бағытта тез қимылмен кесіп, 
кеңірдектің екі – үш сақинасын теседі (тереңдігі 1см-ден аспауы керек). Кеңірдектің 
артқы қабырғасын зақымдап алмау мақсатында (өте сақ болу қажет, кеңірдектің артында 
өңеш бар!) скальпелдің ұшын 1 см тереңдікте саусақпен бекітіп ұстайды немесе дәкелік 
материалмен қоршап байлайды, скальпелдің ұшы 1см-дей тереңдікте ашық болуы қажет. 


105 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет