139
дән жоқ деген тұжырымда емес. Олардың сол данышпандық ойларының қалай жүзеге
асырылып келе жатқандығында болып отыр. Ол үшін әуелі маркстік-лениндік позицияға
түсіп, немістің классикалық философиясының тар өрістілігін қалайша жеңіп шығуы керек
екендігін ұғынуымыз керек.
Марксизм мораль мен адамгершілік мәселелерін алдымен адамдардың арасындағы
өндірістік практикалық қатынастардың тірі арқауына әкеліп кіргізеді. Сондықтан да әрбір
қоғаммен әрбір тап осы ұғымдарға өзінің әлеуметтік мазмұнын енгізіп, үнемі өзгертіп
отырады. Ал енді адамдардың арасындағы әлеуметтік, саяси-экономикалық қатынас
қоғамның өндіріс қатынастарынан келіп шығатыны сіздерге белгілі. Қоғамдық өмірдің
өндірісімен ұдайы өндіруі екі жақты үдеріс. Ф. Энгельстің тілімен айтқанда "тіршіліктің
өзін өндірудің және ұдайы өндіріп отырудың" екі жағы бар. "Бір жағынан - тіршілік
заттары" тамақ, киім-кешек, тұрғын үй, және осыған керекті құралдар өндіру; екінші
жағынан - адамдардың өзін өндіру, ұрпақтың жалғасуы" (К. Маркс, Ф. Энгельс.
Таңдамалы шығармалар. II том, 210-бет).
Олай болса мораль мен адамгершілік осы үдерістің екі жағымен де тығыз байланысты.
Адамдар өздерінің болмысын, тұрмыс жағдайын, тіршілік заттарын өндіргенде өзара
өндірістік қатынаста болады. Сол қоғамдық қатынастардың негізінде адамдардың
арасындағы бір-бірін түсінушілік, бір-біріне деген ілтипат, бірін-бірі сыйлаушылық, тағы
басқа да қатынастар әуелі ғасырлар бойы орын алып келген моральдық принциптер
негізінде құрылды. Одан соң әрбір адамның өзіндік ерекшелігі мен бойындағы қасиеті,
басқаларға деген қатынасы, оның отбасымен өткен ортадан алған тәрбиесінің айнасы
ретінде не күңгірттеніп, не жарқырай көрінеді. Осындай моральдық қатынастар өндіріске
де әсер етпей қоймайды. Шығарылған өнімнің сандық жағымен бірге сапасының бар екені
бәрімізге мәлім. Ендеше сапа осы адамгершілік қасиеттерінің ерекше көріністерінің бірі
десек қателеспеген болар едік. Өйткені жұмысқа, өндіріс үдерісіне жауапсыз, немқұрайлы
қарау, қалай болса солай атқару өнімнің сапасын көрсетеді. Екінші жағынан, мораль мен
адамгершіліктің "адамның өзін өндіруге", ұрпақ жалғастыруға тікелей қатысы бар. Біздің
еліміздегі адамдардың, әсіресе жастардың жоғары білім алуымен қатар, өнегелі, тәрбиелі,
адамгершілігі зор болғаны бірінші орында тұрғаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: