Асан . Осының бәрі жастайынан берілетін тәрбиеден. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілерсің" дейді халық мәтелі. Тәлім-тәрбие болмаған жерде адамгершілік қайдан
қалыптасады? Австриялық жазушы С. Цвейгтің "Жозеф Фуше" деген кітабында атақты
қолбасшы Наполеонның дөрекі мінезінің бір көрінісі бар. Сол туралы: "Осындай ұлы
адамның осыншама жаман тәрбие алғаны қандай өкінішті" деп министр Талейран
императордың бетіне тіке сарт еткізіп айтты емес пе?! (Стефан Цвейг. Собрание
сочинений в семи томах. Том четвертый. М. 1963. стр. 530).