143
Ар деген сөзден шығады біздің өткен өмір тарихымыз біздің арымыз. Арымыз таза болса
тарихымыз да таза. Бірақ тарихымыздағы ұзақ жылдар бойы орын алып келген қиянат пен
ауыр зардаптар халқымыздың адамгершілік сана-сезімін ойсыратып жіберді ме деймін?
Өйткені сонау жетпіс жылғы тарихымыздың өзі идеологияшылдықтың құрсауында болып,
ресми түрде өмір сүрді ғой. Ал сонау ғасырларға созылып, мыңдаған жылдарды қамтыған
тарих жөнінде ештеңе айта алмайтын жағдайға жеттік. Тарих және оны зерттеу белгілі бір
адамдардың қолжаулығына айналды. Енді ғана тарихымызды ластаған идеологиялық
үдерістерден тазаруға, олай болса арымызды да тазалауға мүмкіндік туды. Дегенмен әлі де
толық тазалыққа жетуге әкімшілік-әміршілік жүйе бөгет жасап келеді.
Достарыңызбен бөлісу: