Асан
. Ал адамгершіліктен босап шығып, еркіндік алып ар мен намысты аяққа басып
жүргендерге не істеу керек? Олар үшін адамгершілік принциптерінің бәрі де бос сөз.
Дүниедегі ең мықты - ақша мен дүние-мүлік. Ал басқаларын, оның ішінде адамгершілік
қасиеттерін де сатып алуға болады. Тек бар, бай болу керек! Олардың ойынша бай болсаң,
тіпті Қарабай болсаң да ештеме етпейді.
Омар ақсақал.
Астапыралла! Қарабай несі, ойбай! Қазақ қазақ болғалы байлықты
дәріптеп, оның иесі болған дүниеқоңыз Қарабай сияқты жанды адамның қатарына қосып
көрген жоқ. Ол адамзат тарихындағы азғындықтың, қорқаулықтың, қанағатсыздықтың,
сараңдықтың, қатыгездіктің, адамгершіліктен жұрдай болып малмен бірге малға айналған
сұмның бейнесі емес пе? Сан ғасырлар бойы халқымыз сол есімнен жиіркеніп келді ғой?!
Жоқ, жоқ! Бізге Қарабайдың керегі жоқ!
Достарыңызбен бөлісу: |