Үсен . Е, қайдам? Арымыз толығынан тазарды деген сөздің өзі іске асар қояр ма екен?
Өйткені, қазір кейбір адамдардың адамгершіліктен жатсынып бара жатқанын көріп
отырмыз ғой. Ондай мәңгүртке айналған адамға не істей аласың? Онда ешбір парасаттық
қасиеті қалмаған - ол үшін ар-намыс, ұлттық сана-сезім бос сөз, адамгершіліктің барлық
жағынан жұрдай болған. Абайдың тілімен айтқанда "сабырсыз, арсыз, еріншек,
көрсеқызар, жалмауызға" не істейсің? Әлде Ш. Айтматовтың "Жан пида" романындағы
Базарбайды "сен бұл дүниеде өмір сүруге татымайсың" деп өз қолымен атып тастаған
Бостон сияқты іс-әрекет жасау керек пе? Ол да табыла кеткен ақыл емес. Өйткені мұндай
іс-әрекеттен соң Бостонның қандай жағдайға ұшырағанын Шыңғыс ағамыз былай деп
суреттейді: "Мына адамдардың жүзіне қарап, Бостон кенет өзінің әлдебір сызықтан өтіп,
өзгелерден мүлде бөлініп қалғанын сезді... Қазір олардың жүзіне қарап, жатсынуды,
жатырқауды байқады. Сонда барып енді өзі бүл адамдарға мәңгі мүлде жат екенін ұқты.
Өмір бақи бұлар оны көріп білмегендей жат. Егер өліп қалып, көрден қайтадан тіріліп
келсе, жұрт қандай шошыр еді, қазіргі халі де сондай" (Шыңғыс Айтматов. "Жан пида".
Роман. Алматы. "Жалын" 1988. 475-бет).
Міне адамгершілік үшін күрескен адамның жағдайы осындай. Адамдықтан безген "өзі де
ит" адамды заңсыз әркім өзінше жазалауға тиіс емес. Бірақ ондай "ит адамға" жазалайтын
заң біздің конституциямызда жоқ. Жатсыну деген үдерістің диалектикалық арақатынасы
осындай.