144
алдымен адамгершіліктің санасынан өтуге тиіс. Әйтпесе осы келелі проблемалар бос
сөздердің тасқынына ұшырап, өзінен-өзі жойылып кетеді.
Әсіресе бюрократизмге қарсы күрес әлі де мардымсыз. Әміршілік-әкімшілік жүйенің
қоғамымызға бойлап енгендігі сонша, одан құтылу, оның көзін жою оңайға түспейді. Олай
болса теріс моральмен әбден жарақтанып алған бюрократизм оқ өтпейтін берік қамал
сияқты, қанша сынасақ та мұрты қисаяр емес. Бұл жүйенің түрі өзгергенмен мазмұны сол
қалпында. Халыққа, қоғамға оның зияны үлкен. Ұлтаралық қатынастар туралы мәселені
өздерің де жақсы білесіңдер. Бұл шиеленіскен ауыр жағдайға, азамат соғысының қаупіне
жақындап кеп тұрған мәселе. Ендеше оны адамгершілік принциптері арқылы ғана шешуге
болады. Басқа жол жоқ....
Достарыңызбен бөлісу: