Асан
. Сонда Гегель керісінше моральды адамгершілікке тәуелді етіп, содан туындатып
отыр ғой?
Үсен
. Әрине, негізінде адамгершілік моральдан гөрі жоғары тұрады ғой.
Асан
. Қалайша? Оны әлі ойлау керек.
Ғалымжан
. Сіздердің бағанадан бергі Кант пен Гегель туралы айтқан пікірлеріңіз
оқулықтар мен кейбір монографияларда кездеседі. Ал шындығында мына мәселені
ойланайық. Қазір ғой, мораль мен адамгершілікті бөліп алып қарай ма, әлде оларды бірге
деп есептей ме?
Асан
. Меніңше олар бірге, біте қайнасқан. Өйткені қай жерге барсаң да мораль, мораль
деп қақсап жатқаны. Сондағы айтайын дегені адамгершілік. Кейде адамды жұмысқа
алғанда, оған мінездеме бергенде "моральдық жағынан ұстамды" деп жазамыз. Ол
адамның қандай екенінде біздің жұмысымыз жоқ. Сондықтан да бұл категориялық
ұғымның мазмұны ішкі жағынан жалаңаштанып, сыртқы, сөз бейнесі ретінде ғана қалады.
Соның тармақтарын білесіңдер ме?
Достарыңызбен бөлісу: |