I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет61/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

 
Асан
. Бұл мәселеге ерекше мән берген И. Кант өзінің "Практикалық ақыл-ойға сын" деген 
шығармасында мораль мен әдет-ғұрыптың борыш пен ынталықтың, ақыл-ой мен сезімнің 
арасындағы қайшылықтарды атап көрсетті. Сондықтан да Канттың мораль туралы 
пікірлері күні бүгінге дейін өте маңызды. Ол моральды адамзаттың мәдениетіне 
жатқызып, оның екінші адамдандырылған табиғатты тудыратынын атап көрсетті. Мораль 
- индивидтің өзара қоғамдық қатынасынан келіп шығатын үдеріс. Мораль жеке адамның 
қоғамда өмір сүре алатын, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста бола алатын қабілеті. 
Мораль - адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі, олардың практикалық өмірдегі бейнесін 
жасаудағы іс-әрекеті. Сондай-ақ мораль адамдардың қатынасынан туатын идеалды түрде 
өмір сүретін объективті, жалпы маңызды, әрі қажетті адамгершіліктің жиынтығы. 
Сонымен қатар мораль - өзінің мәні жағынан жеке-дара мен рулықтың, адам мен 
адамзаттың арасындағы ізгілік ережелерінің жиынтығы. Осы жиынтық арқылы әр адам 
өзінің адамдық қасиеттерін қалыптастырып дамыта алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет