Ғалымжан. Үсен дұрыс айтасың. Әуелі тарихи шолу жасасақ адамгершілік пен мораль
мәні де ашылатын шығар.
Адамгершілік пен моральдың шығуы қоғамдық қатынастармен тығыз байланысты екені
сіздерге түсінікті. Бірақ қоғамдық қатынастар әр дәуірде әртүрлі ғой. Дегенмен сонау
құлдық қоғамдық формацияның өзінде де жалпы адамзатқа тән, оның өмір сүру
жағдайына лайықты моральдық, адамгершілік принциптері қалыптаса бастады.
Сондықтан да осы көне заманның өзінде де адамның қарым-қатынасының негізінде туған
адамгершілік принциптері қоғам өмірімен байланысты болды. Ортағасырлық дәуірдегі
моральдық, адамгершілік принциптер дін мен шіркеудің идеологиялық құралына айналса
да өмір шындығынан алшақ кете алмады. Сондықтан да діни идеология адамгершілік
проблемаларымен біте қайнасып жатты.
Ұзақ жылдар бойы (тіпті жетпіс жылдан астам) біздің еліміздегі дінге, оның
идеологиясына
қарсы
күрестің
негізінде
дін
мен имандылық
арасындағы
айырмашылықтардың жігін аша алмай, сайып келгенде жаңа заманның өзіне тән дәстүрі
мен әдет-ғұрыптарын, салт-санасын қалыптастыра алмай, адамдарымыздың ішкі рухани
дүниесін босаңсытып жібердік. Әрине, орта ғасырдағы дін мен біте қайнасқан моральды,
оның кодексін сынауға қазір әркім батылдана кіріседі. Бірақ оның негізі неде, оның
орнына нендей ұстынды ұсынамыз, ол жағы белгісіз. Олай болса орта ғасыр дәуіріндегі
рухани адамгершілік ұстындарын әлі де болса толық зерттеуіміз, өзімізге қажетті
жақтарын пайдалануымыз керек.
Бірақ мораль мен адамгершіліктің қалыптасуы ортағасырлық дәуірден өтіп,
капитализмнің өрлеу заманына тап болды. Осы буржуазиялық қоғамның адамгершілік
және моральдық ұстындарына сын көзімен қараған немістің классикалық
философиясының өкілдері өз тарапынан осы мәселелер жөнінде келелі пікірлер айтты.
Енді осы мәселені ортаға салайық.