I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет62/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

 
Үсен
. Бір сөзбен айтқанда Кант адамгершілікті моральға бағындырды, содан алып келіп 
шығарды десеңізші? 
 
Асан
. Иә, оның моральдық ұстындары өзінің сыншылдығымен ескі, қатып семіп қалған 
қағидаларды батыл ысырып тастауымен бағалы. 


137 
 
Үсен
. Ал Гегель болса, мораль мен адамгершілікті бір-бірінен бөліп алып қарайды. Ол 
көбінесе адамгершілікке назар аударып, оның мәнін ашуға ұмтылады. Адамгершілік 
қоғамның әдет-ғұрыптарымен ғасырларға созылған дағдылы дәстүрлерімен тығыз 
байланысты. Ол жеке индивидке сыртқы дүние сияқты болса да, сайып келгенде онымен 
бірдей қоян-қолтық қосыла кетеді. Ал мораль болса адамның ішкі сенімділігі, рухани 
куәлендіруі. Шынында да адамгершілікке ие болған адам сыншылдықтың не түрлі 
тексерулерінен өткен жөн. 
Адамгершілік адамдардың практикалық өмірінен келіп шыққан әдет-ғүрып, дәстүрлерді 
тудырып, солармен сәйкес келеді. Ал мораль болса шыңдыққа қарама-қарсы, теріс қарым-
қатынаста пайда болады және субъективті түрдегі міндеттенушіліктен келіп шығады. 
Сондықтан да адамгершілікті қоғамдық мораль деп қарауға да болады. Өйткені ол 
адамдардың, қоғамдық ортаның (отбасы, мемлекет) негізінде туындайды. Мораль 
керісінше адамгершіліктің жекелеген жақтары сияқты. Ол жеке адамның өзіндік бағалы 
идеясынан келіп шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет