I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет99/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

III. ҚАЗАҚ ЭСТЕТИКАСЫ 
 
Бәтеш ҚАЗЫХАНОВА 
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ 


220 
 
1. Көшпелі қазақ қоғамының эстетикасы 
Адамдардың сырт келбетінде, олардың қарым-қатынастарында, киімінде, үйінде, олар 
жасап шығаратын заттарда, олардың сөйлеу тілі мен өнер туындыларында - олардың 
эстетикалық мәдениетінің ерекшеліктері, негіздері көрініс табады. 
Ұлттардың тарихи тағдыры экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың даму 
деңгейі мен сипаттамасы, географиялық және басқа да жағдайларға байланысты әртүрлі 
қалыптасады. Міне, сондықтан әр халық өз ерекшеліктеріне ие және соған байланысты 
әлемдік мәдениеттің алтын қазынасына барынша үлес қосады. Алға қарай сенімді қадам 
басу үшін кешегі ұрпақтардың нәтижелі тәжірибесін жақсы білу әрі дұрыс пайдалану 
қажет. Тағы бір маңызды мәселеге эстетикалық ойлар, талғамдар мен түсініктердің қалай 
қалыптасып, қалай таратылатынына зер салып ұғыну жатады. 
Бұл еңбектің мазмұнын қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің қалыптасуы мәселелері 
құрайды. Шын болмысты эстетикалық бейнелеу қабілеті қай халықтың болса да 
дамуының ең алғашқы сатыларында пайда болады, оның дәлеліне өткен мәдениеттің 
құндылықтарын зерттейтін тарих, археология, этнография ғылымдарының көптеген 
мәліметтері жатады. 
Қазіргі заман халықтарының эстетикалық мәдениеті өз құрамына кешегі ұрпақтың көркем 
шығармашылығында жинақталған эстетикалық сезімдер мен түсініктерді қамтиды. 
Басқа да халықтар сияқты, қазақ халқының да бай тарихы бар. Қазақ өнерінің тамыры 
тереңде. Ол халықтың рухани шығармашылығының құнды нәтижелерін қамтиды және 
бұл жағдай бүгінгі ұрпақты кешегі ата-баба мәдениетімен жалғастырады. 
Адамзаттың рухани мәдениетінің шексіз сан түрлілігінен қазіргі заманның ешбір адамы 
оқшаулана алмайды. Сондықтан салт-дәстүр - өткен уақыттың ізі, құндылығы. Өнер 
туындыларына деген қызығушылықты арттыру және олардың шынайы құндылығын 
айқындау үшін, әрбір ұрпақ өзінің әлеуметтік-тарихи кең мәтініне енгізеді. 
Адамның қоршаған әлемге деген эстетикалық қатынасы оның өміршең практикалық 
қажеттіліктері қанағаттандырылған кезде пайда болады. Қоршаған табиғатты игеру 
үдерісінде адамдар түске, дыбысқа және т.б. немқұрайды қараған жоқ. Мысалы, 
музыканың пайда болуының басты негізі адамның сөйлеуімен қатар дауысқа еліктеушілік 
те болды. Өнер дегеніміз табиғатқа, ғарышқа және адамдардың іс-әрекетіне еліктеу болып 
табылады деген ойды, музыканы "сфералар үйлесімділігіне" еліктеу деп таныған, 
пифагоршылдар айтқан болатын. Демокриттің пікірі бойынша, барлық өнер түрлері мен 
қолөнер кәсібі жануарлардың іс-әрекетіне еліктеу болып табылады: ән салуда біз құстарға 
еліктейміз, үй салуда - қарлығаштарға және т.с.с. 
Алғашқы қауым өнерінің тарихындағы ең маңыздысы, ол өзінің алғашқы қадамынан 
бастап, қоршаған әлемді дәлдікпен, шынайы жеткізуі болып табылады. Мысалы, жоғарғы 
палеолит өнері, оның ең жақсы үлгілерін алғанда, табиғатқа деген таңғаларлық белгілерді 
дәлдікпен жеткізуімен ерекшеленеді. 
Көшпелі халықтар мәдениетіне қатысты Қазан төңкерісіне дейінгі орыс әдебиетінде 
әртүрлі ғылыми пікірлер айтылды. 


221 
Кейбір авторлар, мысалы, Д. Хвольсон, В. Васильев, В.Д. Тропов және тағы да басқалары, 
көшпелілерді жасампаздыққа емес, тек қиратуға ғана қабілетті деп санап, көшпелі 
халықтарда қандай да бір мәдениеттің болуын мүлде мойындамады. А. Левшин, Г. 
Ядринцев, О.И. Сенковский, Н.Васильев, В.В.Григорьев, Н. Остроумов және басқа 
ғалымдар әртүрлі көзқарасты ұстанады. Алайда аталған екінші топтың ішінде тек 
прогрессивті ойлаушы зиялылар ғана емес, В.В. Григорьев сияқты, мемлекеттік 
шенеуніктер және мақсаты христиан діні негізінде орыс мәдениетін тарату болған адамдар 
да (Н. Ильминский, Н. Остроумов) болған, олар адал ниетті ғалымдар болғысы 
келгенімен, көшпелі халықтардың белгілі бір артта қалушылығын олардың туа біткен 
табиғи қасиеттерімен түсіндіруге тырысты. 
Мысалы, Н. Остроумов: "Орталық Азия көшпелілері, тарихи себептердің салдарынан 
алғашқы қауымдық дерлік жағдайда қалып отыр... Ежелгі халықтар тарихы, олардың 
көбісі өз өмірлерінің алғашқы даму кезеңінде ақыл-ой мен өнегеліктің дамуы бойынша 
төменгі сатыда тұрғандығын, бірақ ақырында ағартушылық пен мәдениеттің жоғары 
сатысына жеткендігін дәлелдейді" деп жазды. 
Шығыс тарихына терең қызығушылық танытқан, профессор В.В. Григорьев, көшпелі 
халықтардың жалпы дамуындағы басқа халықтардан артта қалуын тарихи себептермен 
түсіндірумен шектелмей, ерекше назар аударарлық пікірлер айтты. "Көшпелі тұрмысты 
әдетте қандай да бір экономикалық немесе едәуір интеллектуалдық дамумен сыйыспайды 
деп есептейді, бірақ бүл солай бола қоюы негізді ме екен. Ойдың жаттығуы үшін екі 
жағдайдың қажеттілігі шүбәсіз: бос уақыт және қарым-қатынаста болу, көшпелі, егіншіге 
қарағанда, осында қолайлырақ жағдайда тұрады... көшпелі қиялдау, жігерлілік пен 
ақындық шығармашылыққа қатысты барлық жерде басқалардан анағүрлым асып түседі: 
суырып салып айту - далада тіптен кәдімгі көрініс... қолөнер кәсібі: былғары, тері илеу, 
токарлық, темір соғу және басқалары әдетте отырықшы ауыл тұрғындарында 
көретінімізбен бірдей немесе одан да жоғары сатыда болады. Сөйтіп, тіпті таза 
көшпелілерде де, оларға әдетте білмей берілетін, азаматтық пен мәдениеттіліктің 
айтарлықтай төменгі сатысында орналаспағандығы танылады" , - деп қорытады профессор 
В.В. Григорьев. 
Әйтсе де, көшпелі халықтардың тұрмысы мен рухани өмірін зерттеу барысында Қазан 
төңкерісіне дейін орыс және кейбір батыс еуропалық ғалымдар талай әрекет жасаса да, 
бірақ көбісі мәлімсіз қалды, басқалары оларға жаңылыс түсінілді, олардың Азия 
халықтары туралы айтқандарындағы қайшылықтары, шамасы, осымен түсіндіріледі. 
Реакцияшыл ғалымдар, тарихи шындықты бұрмалауға алып келетін жалған негіздерді 
әдейі біле тұра басшылыққа алды. 
Көшпелі халықтардың рухани өмірін шынтуайттап ашу үшін, алдымен мәдениет жемісі 
болып табылатын, олардың экономикалық, тұрмыстық жағдайларын зерттеу қажет. 
Жалпы көшпелі халықтарда, соның ішінде қазақ халқында, өзінің көпғасырлық 
тәжірибесі, болмыс туралы өз мағлұматы, әсемдікке деген және т.б. өз көзқарастары бар. 
Кейбір авторлар тарих, археология, этнография және әдебиет пен өнер тарихының аса бай 
мәліметтерімен таныстығы жеткіліксіздігінен ғана көшпелілердің рухани мәдениетінің 
маңыздылығын төмендетеді. Әйтсе де, бұл халықтардың рухани өмірінің ерте кездегі 
даму сатысы әлі толық зерттелмеген. 
Соңғы онжылдықта ғалымдар өз назарын Орта Азия мен Қазақстан тарихының 
феодалдыққа дейінгі кезеңіне аударды. "Эллинистік Шығыс" пен Иранның көркем шет 
аймағы ретінде көрсетілген көне Түркістан туралы қалыптасқан көзқарасты күрт 


222 
өзгертетін, өнер мен мәдениеттің тамаша ескерткіштері ашылды. Бұл жаңалықтар, бізге, 
Орта Азия мен Қазақстан халықтарында алғашқы қауымдық қоғам сатысында көркем 
шығармашылықтың дамуын мойындамайтын кейбір қазіргі заман ғалымдарының 
пікірлерімен келісуге мүмкіндік бермейді, өйткені әлдеқашан өткен жылдардағы рухани 
даму іздерін жасыру да жою да мүмкін емес. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазССР ҒА 
Геологиялық ғылымдар институтының палеолиттік отрядының 1965 жылы ашқан осындай 
бір жаңалығы туралы, тарихшылар Р.Б. Сүлейменов пен Х.И. Бисенов баяндайды. 
Отряд Балқаш маңының неолит және ертедегі аттылы көшпелілер дәуір адамының 
суреттерін тапты. "Бұл суреттерде табиғат, алғашқы адамдарды қоршаған орта туралы 
анималистік түсініктер ғана емес, сонымен қатар олардың аңыздарының, салт-
жораларының, отбасылық әдет-ғүрыптары мен дәстүрлерінің мазмұны да көркем 
образдарда өз көріністерін тапқан". Біз осындай айғақтарды Қазақстанның ірі ғалымдары - 
А.Х. Кушаев, A.M. Оразбаевтардың тыңғылықты зерттеулерінен де табамыз. 
Міне жарты ғасырдан аса уақыт ғалымдарды Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген 
көшпелі халықтардың тіршілік кешкен едәуір жоғары әрі өзгеше мәдениеті қызықтырады. 
Археологтар мен этнографтар, өз кезінде көшпелі халықтар жасаған, осы уақытқа дейін 
белгісіз болып келген мәдениет ескерткіштерін ашты. Олардың ішінде – орта азиялық 
өнердің гамаша мұражайы - Түркістан қаласындағы Иасауи мешітінде сақталған, темір 
дәуірінің қоладан жасалған керемет бұйымдары (қазан, шам қойғыш шамдалдар). 
Қазақтың көркем шығармашылығы қашан және қалай пайда болды деген сұраққа нақты 
жауап беру қиын. Алайда төңкеріске дейінгі Орта Азия мен Қазақстанның материалдық 
және рухани мәдениетінің тарихи деректерін талдау Шығыс халықтарының онеріндегі 
дербестік элементтерін ашуға мүмкіндік береді. Түрлі ғылыми зерттеу еңбектері бізге, 
Орта Азия мен Қазақстан халықтарының, олардың ертедегі ата-бабалары негізін салған, 
өзгеше өнері бар екендігіне сендіруге негіз береді. 
Бұл қорытынды қазақ ғалымдарының ежелгі түркі тайпаларының фольклор үлгілерін, 
түркі жазуларының ескерткіштерін және бірқатар басқа деректерді ғылыми зерттеу 
ізденістері мүмкіндік береді. 
Э.А. Масанов қазақ халқының бүкіл этнографиялық зерттеу тарихын үш кезеңге бөледі: 
біріншісі - орыс әдебиетінде қазақ халқы мен оның шығу тегі туралы алғашқы 
этнографиялық мәліметтердің пайда болуынан бастап, XIX ғасырдың ортасына дейін (ол 
Ресейдегі феодализм дәуірімен сәйкес келеді); екіншісі - XIX ғасырдың ортасынан бастап 
Ұлы Қазан төңкерісіне дейін (Ресейдегі капитализм дәуірі); үшіншісі - 1917 жылдан 
бастап қазіргі күнге дейін. "Егер бұл дәуірдің бірінші кезеңі, қазақ халқы туралы 
фрагменттік, ауық-ауық және айтарлықтай бірқатар кездейсоқ этнографиялық 
мағлұматтарды жинақтау сипатында болса, онда екіншісі Ресейге қосылумен сәйкес 
келеді... Қазақтардың этнографиясын азды-көпті жүйелі зерттеу сипатында және ғылыми 
мағлұматтарды жинақтау ғана емес, оларды біршама зерттеу де тән". 
Сонымен, Э.А. Масанов ескерткендей, 1456 жылдан қазақ халқы туралы нақты тарихи 
мағлұматтар бар. Олар орыс және еуропалық мәліметтерде басылып шыққан 
материалдармен 1517 жылдан бастап едәуір толықтырылды. 
Тарихтың айғақтауынша, монғол шапқыншылығы басып алған халықтардың, соның 
ішінде Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың шаруашылығы мен мәдениетіне 
орасан зор зиян келтірді. Ол тұрғылықты халықты жаппай қыруға әкеліп соқты, аймақтың 


223 
өндірістік күшіне зиян келтірді және экономика мен мәдениеттің құлдырауы жағдайына 
әкеліп қана қоймай олардың дамуын ұзақ уақытқа тоқтатты. Монғолдар, Суаб, Сығнақ, 
Баласағұн, Тараз, Отырар, Сауран, Женд және басқалар сияқты, Қазақстанның мәдени 
орталықтарын қираған орындарға айналдырды. 
Сонымен қатар бұл қалалар, Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен халықтар 
өмірінде маңызды рол атқарған: олар ірі сауда орталықтары болған, олар арқылы даланың 
көшпелі халықтары отырықшы егіншілік аудандармен өздерінің шаруашылық 
байланыстарын жасайтын. 
Зерттеушілер Н. Бернштам мен Ә.Х. Марғұлан анықтағандай, мысалы, IX ғасырда Отырар 
маңызды тарихи өзара байланыстар мен сауда жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан, 
ірі мәдени орталық болған. Ондағы кітаптар саны бойынша, әйгілі Александрия 
кітапханасынан кейінгі екінші орынды иемденген кітапхана болған деседі; бүл қаланың 
қарқынды мәдени өмірінің дәлелі, Отырардан ғалымдардың жарқын саңлақтар тобы 
(соның ішінде әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби) шыққан. 
Бірақ Отырар сол уақытта, айтып кеткеніміздей, Қазақстан аумағындағы жалғыз мәдени 
ошақ болған жоқ. Бүл аумақтың өнер, қолөнер кәсібі, ғылымды жасауға қабілетті 
болғандығы және шын мәнінде жасағандығы, қазір айдан анық. Алайда, К. Маркс пен Ф. 
Энгельс "Неміс идеологиясы" еңбегінде ескерткеніндей, "өндірістік күштері мен 
талаптары дамыған қандай болмасын елді барлығын басынан бастау қажеттілігіне 
жеткізуге жабайы халықтардың басып енуі немесе кәдімгі соғыстар сияқты, жай 
кездейсоқтықтар жеткілікті" . Жоғарыда баяндалған фактілер, біз неліктен казак 
халқының эстетикалық мәдениеті туралы зерттеулерімізді қазақ ұлтының қалыптасу 
кезеңінен ғана бастағанымызды түсінуге мүмкіндік береді. Бізде осы дәуірдегі қазақтарға 
қатысты тарихи, археологиялық және этнографиялық анық мәліметтер жеткілікті болмаса 
да, біз қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп, сақтағам бай көркем 
шығармашылығына сүйене аламыз. Жеке тайпалар мен халықтарда егіншілік пен 
отырықшылықтың дамуына байланысты қолөнер бұйымдарын жасау көбейді және сауда 
өсті. Мұның барлығы қалалардағы сауда, мәдени орталықтарының көбеюі мен дамуына 
себепші болды. 
Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен халықтардың мәдениеті, жалпы 
халықтардың өмір сүру жағдайы мен саяси жағдайларға байланысты әртүрлі дамыды. 
Сондықтан олардың мәдени жетістіктерін Қазақстанның жеке аудандарындағы өндіріс 
күштері мен өндірістік қатынастар ерекшеліктерінің дамуының деңгейімен тығыз 
байланыста зерттеу қажет. 
Халықтың дамуының экономикалық және мәдени себебінен және қазақтардың 
бытыраңқылығы мен олардың арасындағы үздіксіз соғыс салдарынан Қазақстан 
экономикалық және аумақтық үш жүзге бөлінген болатын. 
Ұлы жүз - Жетісу өңірін мекендеген, Орта жүз - Орталық Қазақстан аудандарын, Кіші 
Жүз - Батыс Қазақстан аудандарында орналасқан болатын. 
Ескілікте экономикалық жағдайы мықты дамыған оңтүстік және оңтүстік-шығыс 
аудандары болған, ал XIX ғасырдың соңында, XX ғасырдың басында - солтүстік 
аудандары болды. 


224 
Бұл көптеген экономикалық және саяси факторларға, сондай-ақ егіншіліктің даму 
деңгейіне, жаңа қалалардың пайда болуына, дамыған көрші халықтардың және т.б. ықпал 
жасауына байланысты болды. 
Шаруашылықтың негізгі түрі жайылымдық-көшпелі мал шаруашылығы болды. 
Шаруашылыққа қажетті барлық шикізат та мал шаруашылығынан алынды. Егіншілік XV-
XVIII ғасырларда қазақтарда өте нашар дамыған еді. Өндіріс туралы бүл кезеңде айтудың 
да реті жоқ. Еңбек құралдарын, ыдыстарды жасауда негізінен ағаш, темір, былғары 
пайдаланылған. 
Қазақ халқының рухани мәдениеті де экономикалық және әлеуметтік жағдайларға сәйкес 
келіп отырды. 
Тарихтың айғақтауынша, адамның сұлулыққа деген талпынысы алғашқы қауымдық 
дәуірден байқалады. Сондықтан өнер адам шығармаларының ішіндегі ең көнесі болып 
табылады. Болмыс пен адамның рухани әлемін көркем образдарда көрсетіп, өнер маңызды 
қоғамдық қызмет атқарады. Адамдарға эсер етіп, ол адамдардың бірігуіне ықпал етеді, 
өнер туындылары махаббат пен жеккөрушілік, қуаныш пен қорқыныш, сәулеттілік пен 
әсемдік сезімдерін оятады. 
Өнерде, оның мазмұнында сол немесе басқа қоғамдық таптың, халықтың идеялары, 
эстетикалық көзқарастары көрініс табады. Жалпы мәдени дамуда халық артта қалған 
болса да, оның өнерінің, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасының дамуын жоққа 
шығаруға болмайды. 
Сондықтан, Қазан төңкерісіне дейін артта қалған халықтарда эстетикалық сезімдер, 
ұғымдар, түсініктер болмаған деп жорамалдаушылардың пікірімен ешбір келісуге 
болмайды. 
Адам табиғатына, ол рухани дамудың қандай төменгі сатысында тұрса да, сол дамуға 
сәйкес сезімдік қатынастар қажеттігі тән. 
Қазақтың ұлттық мәдениеті XV-XVII ғасырларда қалыптасты. Сол кезеңнің өзінде 
дамудың екі тенденциясы анық көрінді - халықтық және феодалдық. Мысалы, бай адамға 
кедей адам өз ойлары мен мұң-мұқтажын ешқашан айта алмаған, ол оның малын бағып 
қана тіршілік еткен. 
Қазақ халқының көркем шығармашылығы оның тарихи жолымен, оның түрлі тарихи 
кезеңдерде алдында тұрған қажеттіліктер және мақсаттарымен тығыз байланысты болды. 
Көшпелілер, соның ішінде қазақтар, шешендік өнер мен сезім тілі - поэзияға ерекше мән 
берген. Мұхтар Мағауин өзінің "Қобыз бен Найза" кітабында атап өткендей: "Әрине, бұл 
қасиет біздің халқымызға бір әдемі күні аспаннан түскен жоқ. Поэзиялық мәдениеттің 
мұндай кең таралуы ұзақ уақыт дамудың нәтижесі екені әбден айқын"'. 
Қазақ өнері оны жасаушы халықпен бірге біртіндеп қалыптасты және өзгерді. Қазақтарда 
XIX ғасырдың екінші жартысына дейін өз жазуы болмады, сондықтан барлық өткен 
тарихи оқиғалар мен халық тұрмысының ерекшеліктерін біз негізінен ұрпақтан-ұрпаққа 
берілген аңыздардан, эпостан, ертегілерден әңгімелерден білеміз. Халық ауыз әдебиеті 
шығармаларында қазақтардың экономикалық және саяси құрылымы, сонымен қатар оның 
тұрмысы, әдет-ғұрпы мен эстетикалық көзқарастары өз көрінісін тапты. 


225 
Күрделі, көп қырлы адам өмірінде болып жатқанның барлығы, халықтың рухани 
мәдениетінде де өз бейнесін табады. Алайда төңкеріске дейін қазақтың рухани 
мәдениетінде көркем шығармашылық формалары шектеулі еді. Байтақ далада көшіп-
қонып жүріп, қазақтар өздерін толғандырған сезімдерді эпоста, аңызда, он мен күйде ғана 
көрсете алатын. Өнердің басқа түрлері дамымады, өйткені ол үшін объективті жағдайлар 
болмады. Өндірістің жоқтығына байланысты техника да дамымады. Бұл өз таңбасын 
рухани мәдениеттің дамуына да салды. 
Қазақ халқының көркем шығармашылығы мен эстетикалық құндылықтарында халықтың 
өзі туралы айтқан үлкен тарихи шындық бар. 
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі ауыр болса да, шығармашылыққа толы рухани өмірі 
байып, жалғасын тауып отырды. 
Қазақтардың ауызша-поэтикалық шығармашылығы да басқа халықтардағыдай, әртүрлі 
болды. Халық ауыз әдебиетінде фольклордың барлық классикалық формалары әсіресе 
эпостық жырлар, мақалдар-мәтелдер, ертегі-аңыздар, тарихи әңгімелер дамыды. 
Би өнері сияқты халық шығармашылығының түрі, халық әдет-ғұрыптарымен, 
ойындарымен және т.б. ғана орын алды. 
Төңкеріске дейін қазақтарда театр өнері мүлде болған жоқ. 
Экономиканың дамуы, көшпелілік өмір салты, діни тыйымдар, әрине, халықтың 
шығармашылық күшіне бұғау салды. Төңкеріске дейінгі Қазақстандағы сәндік-
қолданбалы өнердің айрықша дамуы да осы себептермен түсіндіріледі. 
Қазақстанда, қазақ халқының түрлі тарихи даму кезеңдеріне және оның ізбасарларына 
қатысты, көптеген монументалды сәулет ескерткіштері сақталған. Өкінішке орай, бүгінгі 
күнге дейін сәулет ескерткіштерінің аз бөлігі ғана жетті. Олар Бабаджа-Хатун, Айша-Бибі, 
Қожа Ахмет Иасауи кесенелері. Мәдени мураны пайдалана отырып, қазақ халқы, оның 
эстетикалық мұраттары көрініс тапқан, өзіндік, ерекше сәулет өнерінің туындыларын 
жасады. 
Бірақ Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқының сәулет өнерінің мұраларына арналған, И.А. 
Кастаньенің ("Древности киргизской степи и Оренбургского края". Оренбург, 1910) 
еңбегінен басқа, бірде-бір ғылыми еңбек болмаған. 
Исламның тірі жанды бейнелеуге тыйым салуы оларды бейнелеу өнері саласынан 
шығарып тастауға әкелді. Осының нәтижесінде исламға дейінгі дәуірде жасалған адамның 
тас мүсіндерінің орнына, кескінсіз құлпытастар (стеллалар) пайда болды. Ою өнерінде де 
даяр қалыпқа үйірлік ерекше жоғары бағалана бастады. 
Алайда ертедегі өнер дәстүрлері ізсіз жоғалған жоқ. Оның дәлелі, археологиялық 
ізденістер кезінде табылған керамика бұйымдары, қоладан құйылған қазандар, сонымен 
қатар сәулеттік керамика, арасында жануарлардың суреттері жиі кездесетін, 
жартастардағы суреттер. 
Қазақтар тұрмыстық жағдайларына сәйкес еңбек үдерісі барысында өзінің қолданбалы 
өнерін дамытты. Қазақтар өз қажеттілігі мен талғамдарына сай бірінші қажеттіліктегі 


226 
бұйымдарды жасады, алғашында олар тек қана рулық, отбасылық және жеке бастың 
мұқтаждығын қамтамасыз етсе, ал кейіннен саудалық айырбасқа да пайдалана бастады. 
Бұл бұйымдарды жасау үшін негізгі материалға жүн, тері, сүйектер және мүйіздер 
пайдаланылды. Нақ осы материалдардың қолданылуы, қазақтарда шаруашылықтың негізгі 
түрі мал шаруашылығы болуымен түсіндіріледі. 
Қазақ халқының көшпелі тұрмысы көрініс тапқан, материалдық мәдениеттің көңіл 
аударарлық ескерткіші - киіз үй болып табылады. Ол киізбен қапталған ағаш сүйенішті 
күмбез тәріздес жаппа түрінде болады. Киіз үйге қажетті заттардың барлығы түрлі-түсті 
ою-өрнекпен безендірілетін. Киіз үйлердің іші шидан (шым ши) жасалған полихромды 
тоқымамен, әртүрлі түсті киізден жасалған тоқымалы кілемдермен, тықыр кілемдермен, 
кестелі перделермен (шымылдық), сандықтарға арналған өрнекті тыстармен және т.б. 
безендірілетін болған. 
Қазақтарда кең тараған қолданбалы өнер түрі - ою-өрнектер. Ол киімді, тұрмыс заттарын, 
зергер бұйымдарын безендіруде, ағаш, сүйек, темір және тастағы ойма суреттерде 
қолданылған. 
Оюлау техникасы тіпті әртүрлі болады. Бүл киізге өрнекті басу және аппликация да, 
мозаикалық әдіс және көптеген басқалары. 
Қазақ оюының тақырыбы сан алуан. Олар негізінен халықтың қоршаған табиғатқа, 
болмысқа эстетикалық қатынасын көрсеткен. Осыған сәйкес алғашында өсімдіктен 
жасалған, ал кейіннен жасанды бояулардың әртүрлі түстері таңдалып алынған. Осы күнге 
дейін сақталған ою-өрнектерде космогониялық, зооморфтық, өсімдік және геометриялық 
әуендер бар. Әсіресе, бұл айшық гүл, сегіз қырлы жапырақ формалы әшекейлер, жұлдыз 
гүл, шыққан күн, қошқар мүйіз сияқты өрнектерге тән болды. 
Төңкеріске дейінгі қазақ халық өнерінде - сәндік кесте кең таралған болатын. Кесте 
тігумен негізінен жас әйелдер мен қыздар айналысқан. Кестемен төсек-орын, әйелдердің 
бас киімдері, көйлектері, қабырғаға ілінетін кілемдер, сандық тыстары, әртүрлі сөмкелер, 
орамалдар, сүлгілер және т.б. безендірілген. Кестені маталарға ғана емес, былғарыға да, 
киізге де түсірген. Кесте тігуде боялған жіптер, сонымен қатар күміс және алтын зерлі 
жіптер пайдаланылған. 
Қолданбалы өнер негізінен тұрмысты безендіру үшін қолданылса да, оларға эстетикалық 
мән беріп, бұл пайдалы заттарды өнер туындыларына айналдырады. 
Олар арқылы (халық шығармашылығының басқа да түрлерімен қатар) қалың бұқараның 
эстетикалық сезімдері, көркем талғамдары қалыптасады. 
Қазақтың ұлттық оюы әртүрлі тоқыма бұйымдарда да кең қолданыс тапты. "Қазақтардың 
халықтық сәндік-қолданбалы өнері" атты кітапта халық ұсталарының бұйымның сипаты 
мен оның сәндік безендірілуінің байланысын керемет түсінуі, материалға деген 
сезімталдық және асқан шеберлікке жеткізілген, ұсталықтың жоғары дәрежедегі 
техникасы туралы айтылады. 
Әртүрлі халық өнеріне тән, үстемдік етуші мақсатқа сәйкестілік, дәстүр арқылы 
берілетіндігі және негізгі шикізат болып табылатын жүннің өңінің сипаты мен түсін 
пайдалануда мүмкіндік беретіндігі, көптеген ұрпақтардың дағдысының дәлелі". 


227 
Кілем бұйымдарына өте үлкен мән берілді. Олардың әрқайсысының тоқылуында бірнеше 
халық шеберлері қатысқан. Бұл шеберлер жоғары эстетикалық талғамға, олардың қолынан 
шыққан кілем, алаша, киіз немесе басқа бұйымдар көз тарту үшін, сурет бөліктерін 
қиыстыру, асқан әсерлілікке қол жеткізу іскерлігіне ие болған. 
Қалалардың өсуіне, құрылыс жұмыстарының күшеюіне байланысты, қазақтарда 
төңкеріске дейін таза қолданбалы өнермен қатар монументалды-сәндік өнер де дамыды. 
Тас мүсіндер стильдеу нәтижесінде "құлпытастарға" айналды, құрылыстарда фреска 
әшекейленуі пайда болды. 
Қолөнер кәсібінің дамуымен керамикадан, қоладан және басқалардан бұйымдарды жасап 
шығаруда іскерлік ұшталды. 
Зергерлік өнері де қазақтарда жоғары дамуға ие болды. Қазақтардың арасында, нәзік 
эстетикалық талғам иесі тамаша зергерлер болған. 
Қазақтар табиғатынан шешен болады, өз ойларын тамаша әрі образды формада тұлғалап 
білдіре алады, басқалардың көркем де дұрыс сөзін тыңдағанда үлкен ләззат алады. 
Бізге дейін эпос, өлең, ертегі, мақал-мәтел, тарихи әңгіме түрінде жеткен көркем 
туындылары, қазақ халқының бай рухани мұрасын ғана құрамай, сонымен қатар оның ары 
қарай жемісті дамуының кепілі де болады. 
Қазақтарда халық шығармашылығының ең ірі түрі эпос болып табылады. Эпостық 
туындылар ғасырлар бойы қалыптасты және Қазақстан аумағында әртүрлі кезеңдерде 
болған барлық тарихи оқиғалармен тығыз байланысты болды. XVI-XVIII ғасырларға 
жататын туындылар, қалмақ және қалмақ-жоңғар жаулап алушыларына көрсетілген 
қарсылық туралы баяндаса, ал кейінгі кезеңдегі көптеген этикалық туындылар үшін (XIX 
ғ. және XX ғ. басы) әлеуметтік теңсіздікті тереңдете көрсету, жат елдіктер мен өз 
рақымсыздарын әшкерелеу және т.б. талаптану сипаты тән болды. 
Қазақ эпосы батырлық және әлеуметтік-тұрмыстық туындылардан құралады. Расында, 
бұл бөлініс шартты, өйткені, қантөгіс соғыстар туралы, халық мүддесін қорғаған, ержүрек 
батырлар туралы баяндайтын батырлар жырында да, махаббат тақырыбына да орын бар, 
ал басты тақырыбы күнделікті өмір, лирикалық әсерленушілік болатын шығармаларда, біз 
батырлардың ерен ерліктерінің бейнесін табамыз. 
Ал кеңес фольклоршылары, эпикалық шығармаларды, жыр-дастандарды - ерлік салты, 
әлде әлеуметтік-тұрмыстық сарын жанрлардың қай түріне жататынын жіктеуді ұсынады. 
Әдебиеттануда қабылданған жіктеуді пайдаланып, біз "Ер Тарғынды" халыққа кең 
танымал батырлар жыры қатарына, ал "Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Қыз Жібек", "Айман-
Шолпан", "Мақпал қыз" және "Күлше қызды" - лирикалық, әлеуметтік-тұрмыстық 
жырларға жатқызамыз. Ескерте кететін жай, батырлар жыры көбінесе басты жағымды 
кейіпкердің атымен аталады, ал әлеуметтік-тұрмыстық шығармалардың лирикалық 
бастауы, барлық суреттелген оқиғалар бас кейіпкер - бойжеткен қыздың айналасында 
өрбитіндіктен, жыр көп жағдайда соның есімімен аталады. 
Қандай да бір ауыз әдебиеті дәстүріндегі шығармадай, қазақ эпикалық жырлары бірнеше 
нұсқада болады, олардың әрқайсысы аңыз-жыр айтушының дербес туындысы. 


228 
Ең дарынды аңыз-жыр айтушыларда өз сөзімен айтудың немесе жырлаудың өзіндік үлгісі 
болған аңыз-жырларын әуенге қосып айтып отырған. 
Аңыз-жыр айтушы, өз шеберлігін байқата отырып, әңгімеленген аңыздағы барлық оқиғаға 
және құбылыстарға өзінің эстетикалық қатынасын білдірген. Ақын дарындылығына сай, 
оның басты кейіпкері - батыр өмірінің жеке көріністерін топтауы тартымдырақ, оның 
баяндауы батырдың ерліктері мен қызық оқиғаларға толы болады. А.С.Орлов қазақ 
эпосына арналған зерттеуінде: "Қазақ батырлар жыры, құрылымында түйсінуге эсер етуші 
әртүрлі тәсілдер қолданылған, көркем әңгіме болып табылады. Бұл батырлар жырлары 
әңгіменің механикалық жылжуымен шектеліп қана қоймайды, олар көркем әрі әсерлі 
кейіпкерлер қарым-қатынастары психологиялық күрделі'", - деп ескертеді. 
Эпикалық шығармалар, әдетте, өте ұзақ, олардың орындалуы бірнеше күнге де созылуы 
мүмкін, сондықтан аңыз-жыр айтушылар табиғатынан дарынды, жаттап алуға қабілетті 
күш-қуат иесі де болу керек еді. 
Ақындар мен жыраулардың халық арасында үлкен қадір-қасиетке ие болуы әбден 
орынды. Аңыз-жыр айтушының қайсыбір ауылға келуі үлкен оқиға болады, айтушыны 
тыңдаушылар аса құрметтейді. Қазақтардың халық ауыз әдебиетіне ерекше құрметпен 
қарайтыны туралы ғалымдар өткен ғасырда жазған. Айтарлық, 1893 жылы "Астрахань 
хабаршысында" осы құрметтеу арқасында "Әмір Темір уақытына жататын, жүздеген 
аңыздар мен деректер, оқиғалар, он жыл бұрын ғана болғандай, керемет дәлдікпен 
беріледі" деп көрсетіледі. 
Халық ақындарының, аңыз-жыр айтушыларының және әншілерінің әрбір жаңа ұрпағы 
бұрын жазылған шығармаларды есте сақтап, таратып қана қоймай, үлестерін де қосып, 
қазақ фольклорының алтын қазынасын байытып отырды. 
Қазақ халқының өткен тарихы туралы поэтикалық әңгіме ретінде, эпикалық шығармалар 
халықтың рухани мұрасында ерекше орын алады. Қазіргі күнде Қазақстан Республикасы 
Ғылым академиясында жүз алпыс бес эпикалық, эпостық жырлар бар. "Қобыланды 
батыр", "Ер Тарғын", "Қамбар батыр", "Алпамыс батыр", "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш-
Баян сұлу", "Айман-Шолпан" және басқада халықтың көркем шығармасының аса көрнекті 
туындылары да бар. Олардың мазмұнында халықтың қоғамдық өмірі жан-жақты 
суреттелді, сондай-ақ оның болмысқа деген эстетикалық қатынасы да көрініс тапты. 
"Қазақ поэзиясында көшпелі халықтың болмысының өткір байқағыштығы мен зеректігі 
айқын байқалады. Әнші, оны қоршаған өмірдегі барлық маңыздыны; ауылдың көктемде 
жазғы жайлауға көшуін, гүлге, жас шөпке толған даланы; ақ киіз үйлерге сәуле шашқан ай 
нұрын; жазық кең даланың шексіз кеңістігіне күннің алғашқы сәулелері төгілген, таңды 
өлеңмен суреттейді. Өткен батырлар ерлігі туралы, әсерлі әрі нәзік махаббат туралы, өжет 
жігіттер мен сүйкімді бойжеткен қыздар туралы - барлығы да ақындыққа бөленген, мұның 
бәрі көшпелі қазақ қоғамының өмірі, тұрмысы туралы көрнекі түсінік береді'" деп жазады 
өз зерттеуінде З.А. Ахметов. 
Қазақ халқының эстетикалық көзқарасы көп жағдайларда оның этикалық түсініктерімен 
тығыз байланыста. Халық өзінің эстетикалық сезімдерін білдіруде көбінесе оларды 
еңбекке, азаматтық борышын адал орындауға, азаматтық қажыр-қайрат көрсетуге және 
т.б. шақыру түрінде көрсетеді. 
Сол уақыттағы қазақтар санасындағы әсемдік - бұл, о дүние туралы түсінік емес, ең 
алдымен нақты жердегі өмір. 


229 
Қазақ фольклорындағы бұл түсінікті XIX ғасырда академик В.В. Радлов атап өтті. 
"Қырғыз (қазақ. - Б.Қ.) өз өлеңдерінде қандай бір таңғаларлық әрі қорқынышты, ертегідей 
әлемді бағаламайды, керісінше - ол өзінің өмірін, өзінің сезімдері мен мақсат-мұраттарын, 
қоғамның әрбір мүшесін толғандыратын арманды шырқайды, тыңдаушыларға аса күрделі 
әрі ғажайып емес, ал ақиқат бар нәрсе ләззат береді" деп жазды ол. 
Қазақ халқының көркем шығармасының негізгі арқауы - адамдар. Адамның байлығы - 
оның шынайы абыройы, асқан ақылы, мейірімді жүрегі, адалдығы деп саналған. Адал, 
ақылды, ержүрек, жақсылық пен әділдік жеңісі үшін күресуге қабілетті адамдарды 
батырлар деп атаған. Олардың ең абыройлыларының есімдерін бізге аңыздар мен 
эпикалық жырлар жеткізді. Қарапайым халықтан шыққан Сырым, Ер Тарғын, Қобыланды, 
Есет, Жанқожа, Бекет, Ер Назар сынды батырлардың есімдері көпке танымал. 
Эпикалық туындыны қағазға түсірушілер; сыртқы және ішкі жаулардан, жаулап алушылар 
мен қанаушылардан қорғаған халықтың өз батырларына сүйіспеншілігін көрсетуде майын 
тамызып айтып беруге талпынды. Қаһармандарға ең жақсы адамдық қасиеттер берілген. 
Қаһарманның ақыл-ойының тереңдігі сонша, ол дұшпанының зұлым ниетін біліп, шешуге 
қабілетті, ал қара күшінің молдығы сонша, батырдың жалғыз өзі жауының басым 
күштерін жеңуіне мүмкіндік береді. Эпикалық шығармалардың жағымды кейіпкері 
жолындағы барлық қиыншылықтар мен тосқауылдарды жеңеді, күрделі әрі қиын 
жағдайлардан ол жеңімпаз болып шығады. Басқаша болуы да мүмкін емес — өйткені ол 
бүкіл халықтың қорғаушысы, қалың бұқараның мүддесін жеткізуші, ол халықтың 
ғасырлар бойы аңсаған еркіндігі мен әділдіктің орнауы үшін, бақытты өмірдің болуы үшін 
күреседі. 
Сондықтан, қаһарманға ғажайып күш пен терең ақыл беріледі, өйткені ол бүкіл халықтың 
рухын өзінің бойына жинайды. Батырдың адал досы және көмекшісі, астындағы тұлпары 
болған. 
"Ер Тарғын" жырында Тарғын батыр мен оның адал серігі Тарлан былай суреттеледі: 
"Жау келгенін білген соң, 
Бұл әскерді көрген соң, 
Сарала туы салбырап, 
Сауытының шашағы 
Тұс-тұсына саудырап, 
Қабағынан қар жауып, 
Кірпігіне мұз тоңып, 
Жауырыны жазық, мойны ұзын, 
Атарына қолы ұзын, 
Құланды қақтан қайырған, 
Егескен ханды елінен, 
Алтын тақтан айырған, 
Ертеңнен салса - түсте озған, 
Ылдидан салса - төске озған, 
Оза, оза зырлаған, 
Басын тартса - болмаған, 
Көк айыл болып көпірсе, 
Айшылықты алты аттауға ойлаған, 
Артынан қиқу таянса, 
Қара терге боялса, 


230 
Томауыл көрсе - қарғыған, 
Қарғи барып атылған, 
Атыла барып тік түскен, 
Аяғының дәңкімен 
Қазандай тасқа жік түскен – 
Томаға көзді Тарланды 
Жауға қарай тебініп, 
Жалмауыздай емініп. 
Толып жатқан әскерге 
Келді Тарғын желігіп".
39
"Әдетте батырдың тұлпары да болмашы ертегідегідей сынақта суреттеледі, бірақ едәуір 
шындық тұрғысында беріледі. Жалпы алғанда, моңғол, ойрат және тіптен орыс батырлық 
жырларымен салыстырғанда, қазақ жырлары өздерінің ақындық әсірелеулерінде 
(гиперболаларында) орындырақ және күнделікті тұрмысқа жақын" деп жазды академик 
А.С. Орлов. Эпикалық образдардың халық үшін өткенде де, осы күнде де өшпес 
құндылығы осы ақиқат өмірге жақындығымен түсіндіріледі. 
Лирикалық жырлардың мазмұны әдетте махаббат тарихы болады. Лирикалық жырларда, 
батырлар жырына қарағанда, ғашықтардың сезімдері мен қасіреттерін, басты 
кейіпкерлердің сыртқы және ішкі сұлулығын суреттеумен қатар, әсем көріністер мен 
тұрмыстағы оқиғаларға көбірек назар аударылады. Халық арасында кең тараған "Қозы 
Көрпеш-Баян сұлу" жыры. 
Қазақ ауыз әдебиетін зерттеушілер бұл жырдың басты кейіпкерлерін дала Ромеосы мен 
Джульеттасы деп әділетті атайды. 
Оның мазмұны қысқаша мынадай: Қозы Көрпеш пен Баян дүниеге келген кезде күйеу мен 
қалыңдық деп атастырып қойған болатын. Бірақ, жетім қалған Қозы Көрпешке өз қызын 
бергісі келмеген Баянның әкесі, олардың бала кезінде қоныс аударып, көшіп кетеді. 
Есейген кезінде, Қозы өз қалыңдығын іздеуге жолға шығады, сүйгенімен енді ғана 
табысқан Қозы, өз бақталасы Қодардың қолынан қайғылы қазаға ұшырайды. Сол қатал 
заманда оқиғаның бұдан басқа түйіні болуы мүмкін де емес еді, ру басшысы әрі отбасы 
рудың барлық мүшелеріне билік жүргізген, ру басының ықтиярына қарсы тұра алмайтын 
мұндай жағдай рулық-тайпалық қауымдағы әдеттегі оқиға екендігі белгілі, Қозы Көрпеш 
пен Баян сұлу махаббаттарының тарихы қазақтар арасында ғана емес, басқа да түркі 
халықтарының арасында кең таралады. 
Қазақ халқы үшін "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры, қырғыз халқы үшін "Манас" немесе 
неміс халқы үшін "Нибелунгтер туралы ән" сияқты дәуірдің құнды ескерткіші болып 
табылады. Бұл лиро-эпостық жыр - "көшпелілер тұрмысының тамаша ескерткіші, онда 
бүкіл шығармашылық сөлі, бүкіл халық даналығы, оның құнарлығы, философиясы, 
мұраттары жинақталған'" деп жазады Г.Н. Твердин. 
Бұл туындының поэтикалық формасы қазақ халқы үшін түсінікті. Табиғат суреті берілген 
жыр үзінділерінің бірі: 
"Елімнің қонған тұрағы, 
Асқар тау, жазық белдерім. 
Шалғында өскен көп ойнап, 
39
Батырлар жыры, 2-т. - Алматы: Жазушы, 2006. 28-29-66.


231 
Сағынған туған жерлерім. 
Құба түз дала, сортаң тау, 
Тапқанша сая терледім... 
Лашын, тұйғын, сұңқары, 
Ойнаған ұстап ермегім. 
Дуадақ, көлде аққу, 
Үйрек-қаз тамақ жемдерім. 
Соларды бағып өсірген, 
Айдын-шалқар көлдерім. 
Мал өрістеп су ішкен, 
Өзен, су, бұлақ кендерім – 
Жердің көркі аман ба?".
40
Батырлар жырында әлеуметтік-тұрмыстық жырларға қарағанда, табиғат суреттері 
кейіпкердің бейнесін көркем бейнелеуге мүмкіндік береді ("таулар жарқырап, тас жанады, 
егер бала-батыр шапса", "ол борандай ұйтқымалы, енді ол дауылдай мейірімсіз"). 
Халықтың поэтикалық туындыларында, соның ішінде эпоста, кейіпкерлердің портреттік 
сипаттамасына үлкен назар аударылады. 
Олардың сұлулығын бейнелеу үшін ақындар теңеулер мен образдарды қазақ - 
көшпеліліктен, сондай жақын әрі ыстық қоршаған табиғаттан алған. Бұған әйел сұлулығы 
ерекше жарқын бейнеленген, парсы және өзбек поэзиясының ықпалы болғаны сөзсіз. 
А.Е. Алекторовтың ескертуі бойынша, қазақ өлеңінің сөз саптауына, ондағы айтылған 
сезімдер күшіне "жартылай көшпелі ордалық, әркім, басқа мәдениеттегі халық та" қызыға 
қарауы мүмкін. 
Эпостық шығармалардың бас кейіпкеріне (бойжеткен қыз, әйел) анағүрлым толықтау 
сипаттамалар беріледі. "Халықтың эпикалық поэзиясының туындыларында қазақ әйелінің 
ұлттық ерекшеліктері деп; сезім тереңдігі, күшті және терең әсерленуге қабілеттілік, 
махаббатта берілгендік пен тұрақтылық, адамгершілік, адалдық пен ақыл, өзін-өзі құрбан 
етуге қабілеттілік қасиеттері атап көрсетіледі" , - деп жазады З.А. Ахметов. 
Эпикалық жырлардың бас кейіпкерлері Құртқа, Гүлбаршын, Қарагөз, Қарлыға, Назым, Ақ 
Жүніс, Қыз Жібек, Баян сұлу, Айман мен Шолпан нақ сондай болып біздің көз алдымызға 
елестейді. Иә, әрине, олардың әрқайсысы - әдемі, ақылды, сұлу, Қобыландының сүйгені - 
Құртқа бейнесі былай суреттеледі: 
"Сонда сұлу Қыз Құртқа 
Қылаң етіп, қылт етіп, 
Сылаң етіп, сылт етіп, 
Шекеде шоғы бұл етіп, 
Саулы інгендей ыңқылдап, 
Күшігендей сыңқылдап, 
Сүмбіледей жылтылдап, 
Буыны түсіп былқылдап, 
Алтын қақпақ дулыға 
Шекесінде жарқылдап, 
40
Қозы Көрпеш-Баян сұлу. - Астана: "Фолиант", 2002. 401-402-66.


232 
Мақпал төсек мамықтан, 
Алтын иек, ақ тамақ, 
Көтеріп басын сөйледі'". 
Қазақ халық ауыз әдебиетінің алып қазынасы Жібек пен Төлегеннің махаббаты, адалдығы 
суреттелетін - "Қыз Жібек" жыры. Төлегенге өз сүйгені - Жібекпен қосылуға әкесі 
батасын бермейді. Тоқсан көштің ішінен сүйгенін іздеп жүріп тапқан Төлегеннің Жібекке 
махаббаты адал, ақ. Бірақ махаббатта жолы болмаған Төлеген Бекежан қолынан қаза 
болады. Қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі Қыз Жібек жырында толық көрініс табады. 
Бұл лиро-эпостық жырда көптеген әйел бейнелері беріледі. Бірақ халықтың әсемдік 
мұратына сай келетін Жібек бейнесі ең қанық бояулармен суреттелген. 
Бұл жырдағы Жібек бейнесі былай суреттеледі: 
"Қыз Жібектің құрметі,
Жиһаннан асқан сәулеті, 
Ләйлі-Мәжнүн болмаса, 
Өзгеден артық келбеті.... 
Өзі он төрт жасында-ай
Кебісінің өкшесі 
Бұхардың гауһар тасындай, 
Ақ маңдайы жалтылдап, 
Танадай көзі жарқылдап, 
Алтын шашбау шашында-ай. 
Қыз Жібектің ақтығы 
Наурыздың ақша қарындай, 
Ақ бетінің қызылы 
Ақ тауықтың қанындай, 
Екі беттің ажары 
Жазғы түскен сағымдай ... 
Оймақ ауыз, құмар көз 
Іздеген ерге табылады-ай. 
Өткірлігін байқасаң. 
Ұсталар соққан кетпендей. 
Нұр тұқымын еккендей, 
Екі ауыз сөз сөйлескен 
Мұратына жеткендей".
41
Келтірілген үзінділер қазақтың өткен заманда әсемдік туралы түсінігі қандай 
болғандығын тануға мүмкіндік береді. 
Қазақтардың ауызша-поэтикалық шығармашылығында, әсіресе эпос пен ертегілерде, көп 
құбылыстар қиял-ғажайып образдармен толықтырылған, бірақ, бұған қарамастан, халық 
ауыз әдебиетінің туындыларының мазмұны шынайы болмыстың көрінісі болып табылады, 
өйткені, Н. Шамота әділ көрсеткендей, "ең бай қиял, ең дамыған елестету, өз 
формаларымен тірі өмір формаларын еске салмайтын болса, ештеңені жасауға 
мүмкіншілігі болмайды". 
41
Қыз Жібек. Лиро-эпикалық жыр. - Алматы: Мектеп, 2003. 51, 53-66.


233 
Қазақ эпосында да, халық әртүрлі кезеңде басынан өткізген, ақиқат оқиғалар, оның отан 
тәуелсіздігін жаулап алушылардан қорғап қалу күресі, оның күнделікті қайғы мен 
қуаныштары, шынайы сезімдері мен тұрмыстық жағдайлары, дүниетанымы мен 
әлеуметтік құрылымы, өнегелік және эстетикалық көзқарастары көрініс тапты. Міне 
сондықтан қазақтар ата-бабалардың шығармашылық данышпандығының туындысы, баға 
жетпес мұраны әрбір жаңа ұрпаққа сақтап әрі байытып жеткізеді. 
Міне, сондықтан эпос қазақ халқы үшін де, басқа халықтар үшін де, эстетикалық 
көзқарастардың қалыптасуының негізгі көздерінің бірі болып табылады. 
Барлық халықтарда, соның ішінде қазақтарда да, ауызша поэтикалық шығармашылықтың 
кең таралған түрі - әндер. Ұлы қазақ ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбаев: қазақ әнмен 
әлем есігін ашады және ән оның мәңгі серігі болады деген. Қазақ өмірінде - қуаныш 
болсын, қайғы болсын - ол оз жан тебіренісін өлеңмен айтқан.
Қазақтар өз әндерінде табиғатты, даласын, тауларды, даңқты батырлардың бастан 
кешірген оқиғаларын мадақтаған, сондай-ақ махаббат туралы, ғашықтардың ажырасуы 
мен қайғысы туралы да өлеңмен айтқан. Өлеңдерде өздерінің әсерлерін, қасірет-
қайғыларын, қоршаған әлемнен алған эстетикалық ләззатын білдірген. Ал өлең шығаруда 
қазақтар өте шебер еді. 
Әйгілі өнертанушы, қазақ халық әндерін жинақтаушы Б.Г. Ерзакович, оларды 
төмендегідей түрлерге бөледі: лирикалық, тарихи және әлеуметтік, еңбекке қатысты, 
отбасылы-тұрмыстық, тұрмыс-салт жырлары. 
Қазақтар әнді бір өзі, екеуі, анда-санда ғана бірнеше адам бірігіп айтқан (төңкеріске дейін 
қазақтарда хормен өлең айту болмаған, мүмкін бұл, тағы да, тұрмыс жағдайлары мен салт-
дәстүрге байланысты болар). Ән айтқанда қазақтар сөздердің дұрыс айтылуына, әннің 
мазмұны мен әуеніне зор мән берген. Мейрамдарда немесе әртүрлі халық көп жиналған 
жиылыстарда қазақтар өлең айтады, ақындар сайысы - айтыс ұйымдастырады. Бұл 
сайыстарда әншілер, ақындар өз шеберлігін көрсетеді. 
Қазақ халқында үйлену тойы, ас беру, баланың дүниеге келуі - әртүрлі ойындармен, 
сайыстармен қоса өткізілетін сөзсіз орасан зор салтанат. 
Ән - қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқарған. Халықтың әншілік 
шығармашылығын айтылған әннің шығу тарихы арқылы бағалай аламыз. Ертедегі бір 
заманда, ән аспанда қалықтап ұшып бара жатқанда, басқа мекендерге қарағанда, қазақ 
даласына төмендеп түсіпті. Міне сондықтан қазақтар ең жақсы әншілер дейді аңыздар. 
Қазақ халқының әндерінің мәнділігі оның табиғилығы мен қарапайымдылығының 
нақтылы түрде көрсетілуі болып табылады. Қазақ әндері бізге халықтың эстетикалық 
көзқарасын көрсетуге мүмкіндік береді. "Шығыс поэзиясында.... суреттелген оқиғалардың 
немесе түйсінулердің қарапайымдылығы мен өмірге орайлылығымен қатар, тілдің 
бейнелілігі және тіпті көпірмелілігі байқалады. Тыңдаушыларды тартатын, оларға 
әншілерді бірнеше сағат тыңдататын, мүмкін осы шығар" , - дейді төңкеріске дейінгі 
зерттеушілер. 
Қазақ әншілерінің арасында асқан шеберлер бар. Олар әнге үлкен мәнерлілік бере алады, 
әндерді өңдеп, асқан шеберлікпен орындайды. Дарынды орындаушының айтқан әнін 
тыңдағанда, өзіңді кең байтақ далада, ғажайып табиғат аясында жүргендей сезінесің. 


234 
Мазмұны әртүрлі бүл әндерде халықтың эстетикалық көзқарасы, оның әсемдікті түсінуі 
көрініс тапқан. Әлемдегі барлық халық әндері бір тілде сөйлейді деп жазған Анри Барбюс. 
Ештеңеге қарамастан, олар өмір қуанышы туралы, жастық шақ туралы, көктем туралы, 
салт-дәстүрдің көркемдігі туралы айтады, өйткені адам жаны, қандай болғанда да, күнге 
талпынады, бостандыққа жол іздейді. Ал аңыздар мен өлеңдер - халық қасіретінің 
сүйеніші болған құндылықтар. Оларда көпшіліктің даусы естіледі, оларда тарихтың 
шақырған даусы естіледі. 
Бұл анықтама қазақ халқының ән шығармашылығын бүтіндей түседі. Егер өлеңдерді 
"жанды құндылықтар" деп санасақ, онда "мұндай құндылықтардың ерекше көптігінен, - 
деп жазады А.Затаевич, жақында ғана, өзінің басым көпшілігі кедейлік пен бейшаралық 
халге түскендіктің синонимі тәрізді саналған қазақ халқы әлемдегі халықтардың 
байларының бірі болып танылуы қажет, оның әндеріндегі мазмұн мен күйзелістер 
тереңдігі, сондай-ақ формаларының көркемдігі мен таңдамашылығы оның үлкен ойлы 
дарындылығының дәлелі". 
Өнер арқылы адамдар бір-біріне өздерінің ойлары мен сезімдерін жеткізетіні белгілі. 
Қазақ халқы үшін өлеңдер ерекше қарым-қатынас құралы болған, қазақтар олардың 
көмегімен бір-бірімен қоршаған болмыс туралы эстетикалық әсерлерімен алмасқан. 
Ерте замандағы адамдар лирикасы - "бүл ... ішкі дүниенің толықтығы мен молдығынан 
болатын, өз болмысы мен сыртқы әлемді түйсінгенде оянатын және дұғалар мен әндерде 
берілетін, шаттықтың есепсіз төгілуі" , - деп сендіреді В.Г. Белинский. 
Шынында да, көптеген халық әндерінде, соның ішінде қазақ әндерінде, халық қайғысы 
туралы, адам өмірінің өткіншілігі туралы айтылады, махаббатқа, жақсылыққа өздерінің 
азаматтық борыштарын адал орындауға, өмірге, еңбекке шақырады. 
Қазақтардың әннен қалай ләззат алғаны мен әнші-ақындардың әнге қалай сүйіспеншілік 
туғыза алғандығын бізге "Қырғыз әншісі Үлкенбайдың қазасы» туралы аңыз баяндайды. 
Оның қысқаша мазмұны мынадай. 
Кәрі, ауру Үлкенбай ақын қолына өзінің екі ішекті домбырасын алды да ән айта бастады. 
Ол тыңдаушыларының назарына толық ие болған, оларды, оның әні тудырған әлемге 
шарықтауға, оның өзін шабыт сәттерінде толғандырған, сол сезімдерді сезінуге, сол өмірді 
бірге сүруге мәжбүр еткен. Нәзік сезімге бой алдырған кәрі әнші бой жазды, оған бұрынғы 
күші қайтып келді. Оның тыңдаушылары ақынға таңғалып қарады, бұл ұлы күштің қайдан 
келгенін түсіне алмады, ол қалай тез адамды тірілтті, бұлай тез жанатын от, қандай 
ұшқыннан тұтанды. Оған күшті өзі сүйген ән берді. Үлкенбай өз әндеріне жанын, адал 
шынайы сезімдерін халыққа деген сүйіспеншілігін салды. 
Қазақ халқының кең танымал, сүйікті ақынның бірі Ноғайбай болған. Оның даңқы бүкіл 
кең байтақ далаға тарады. Ноғайбай әндерінің күшті ықпалы, сондай зор эсер беретіндігі 
соншалық оның әндерінен кейін тыңдаушыларға басқа орындаушылардың әндері 
ұнамайтын болған. "Жоғары дәрежеде нәзік әрі көркем, "дала ұлына" тән керемет 
психикалық сараптаумен Ноғайбай тыңдаушыларының көз алдында сурет салды" , 
олардың анық болғандығы соншалық, тәнмен сезінуге болатындай еді. 


235 
Қазақ халқының әсемдікті жеңіл және еркін қабылдауға қабілеті бар. Қазақтардың 
жоғарғы шығармашылық күшінің жемісі - поэзия, онда халықтың бүкіл өмірі толығымен 
көрініс табады. Махаббат туралы қазақ әндерінің бірін тыңдап отырып, А. Алектров: "Сол 
уақытта, адам табиғаты барлық жерде бірдей және кедей күркесі мен өркениетті 
еуропалықтың бай сарайында патшалық етуші махаббат, сондай билікпен қырғыз (қазақ - 
Б.Қ.) киіз үйлерінде де, өте аз зерттелген қайдағы Мугоджамаларда да патшалық етеді" - 
деген ойға келген. 
Қазақтарда төңкеріске дейін көп бұрын кең дамыған ән шығармашылығымен тығыз 
байланыстысы халық музыкасы еді. Қазақ халқы әндерді көбінесе ұлттық аспаптар 
сүйемелдеуімен айтқан. 
Қазіргі уақытта зерттеуші - музыкатанушылар ұлттық музыка аспаптарының санын 
жиырма алтыға жеткізді. Бізге дейін жеткен, ең әйгілі халық аспаптары - бұл домбыра 
(шертпелі), сыбызғы (үрлеп тартатын музыкалық аспап) және қобыз ысқы (қыл керілген 
шыбықпен ойналатын). Осылардың ішіндегі қазақтардың ең сүйікті аспабы - домбыра. 
Домбыраны тек кәсіпқой домбырашылар немесе әншілер ғана емес, ән мен музыканы 
сүйетін әуесқой көпшілік те меңгерген. 
Қазақтың музыка мәдениетін халықтың өзі және оның ақындары мен композиторлары 
жасаған. Қазақтарды қоршаған әлем сонша бай әрі оқиғаларға толы болса, қазақ халқының 
музыкасының мазмұны мен тақырыптары да соншалық әртүрлі болған: оның әуендері 
жеке адамды да, әлеуметтік өмірді де қамтиды. "Күйлерде адамның нәзік сезімдері мен 
күйзелістері беріледі: баланың дүниеге келуі әкелген қуаныш та, жақын адамынан 
айырылу қайғысы да, қаламаған адамына күйеуге ұзатылған бойжеткен қыз мұңы да, 
айырылыс зарығуы да, музыкалық портреті де, табиғатқа масаттану да" деп жазады А.Е. 
Алекторов "Қырғыздардың халық әдебиеті» атты мақаласында. Дарынды композиторлар 
музыка мәдениетінің дамуына үлес қосты және халықтың жалпы өнерге, атап айтқанда 
музыкаға эстетикалық қатынасының қалыптасуына ықпал етті. 
Ән сияқты, қазақ халқының музыкасы оның тарихымен, тұрмысымен, салт-дәстүрімен 
тығыз байланыста болды. Міне сондықтан кеңес музыкатанушылары қазақ халқының 
күйлерін лирикалық, тарихи, әлеуметтік және басқаларға бөледі. 
Шығармашылық мұрасы қазақ халқының рухани өмірінде ерекше маңызды орын алатын, 
ең ірі халық композиторлары, әншілері мен күйшілері: Біржан Қожағұлов, Құрманғазы 
Сағырбаев, Дәулеткерей Шығаев, Жаяу Мұса Байжанов, Тәттімбет Қазанғапов, Мұхит 
Мералыұлы, Ақан сері Қорамсаұлы және басқалар. 
Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ертерек кезеңде дамыған түрі - "Той бастар", 
"Беташар", "Жоқтау", "Жар-жар", "Алтыбақан" және басқалар сияқты тұрмыс-салт 
жырлары. Әлеуметтік, саяси, тарихи тақырыптарға арналған музыкалық шығармалар 
анағүрлым кейініректе жазылған. 
Халық композиторлары өз шығармаларында өз заманының болмысын шынайы көрсеткен. 
Олар өз шығармаларында тарихи оқиғаларға, адамдар қарым-қатынастарына, әсемдікті 
түсінуі тұрғысынан барлығына баға беріп, эстетикалық түйсінуін білдірді. Олардың 
шығармашылығын әйгілі қазақ музыкатанушысы әрі композиторы Ахмет Жұбанов "Қазақ 
музыкасы" мақаласында атап көрсетті: "Шебердің сол кездегі ой өрісі оған дейінгі адамзат 
жинақтаған білім жиынтығын ол игере алмағандықтан, оның өмірлік тәжірибесімен, 
күйзелістерімен, саяси және экономикалық жағдайлардың ықпал етуімен анықталады". 


236 
Тарихи әлеуметтік, лирикалық сюжеттерге жазылған күйлерде қазақ халқының 
тарихының оқиғалары, жалпы өнерге деген, басқа халықтардың музыкасына, музыканың 
қоғамдағы рөлі, оның адамдардың эстетикалық сезімдеріне әсері және т.б көзқарастары 
көрініс тапқан. П.В. Аравин атап өткендей: "Қазақтың домбыра музыкасында, жай 
дыбысқа еліктеуден, әсем көріністерді бейнелеулерден бастап және портреттік 
сипаттамалармен аяқталатын, және де әртүрлі психологиялық хал-жағдайларды 
қорытудың сарыны бар бағдарламалық мазмұн әртүрлі білдіріледі" . Оған мысалы, 
мынадай күйлер дәлел болады: "Боз-төбе", "Сары өзен", "Ақсақ құлан", "Бұл-бұл", 
"Баламайсаң" және тағы басқалары. 
Туған жер, табиғат суреттері, халық өмірі, тұрмыс жағдайының түрлі жақтары, халық 
композиторларының лиро-эпикалық күйзелістері арқылы өзінше түсініліп, олардың 
шығармаларын мазмұнмен толтырған. "Халық шеберлеріне тән жоғары дамыған 
эстетикалық қорытындылау сезімінің арқасында, табиғат пен тұрмыс көріністері қазақ 
күйлерінде, дарынды күйшінің санасында алдын ала өңдеу алған, болмыстың көркем 
бейнесі сияқты, нәзік лирикалық сәуледе беріледі" деп жазды П.В. Аравин, қазақ 
күйлерінде адамның ішкі күйзелістерінің түрлі қатпарлары беріледі, "бірде айбынды 
байсалды, бірде жұмсақ нәзік, бірде қайғылы әрі мұңды". Бұл, әсіресе, "Ақсақ құлан", 
"Ақсақ киік", "Сарыарқа" күйлеріне тән. 
Қазақ күйлерінің арасында оның қоғамдық өмір құбылыстарына қатынасын білдіретін 
күйлер көп. Халық оларды қастерлеп сақтап және жоғары бағалап ұрпақтан-ұрпаққа таза, 
өзгермеген күйінде жеткізеді. Мұндай күйлерге: "Ақсақ құлан", "Тепен көк", "Алты қаз", 
"Жез киік", "Қорқыт", "Дайрабай", "Аққу" және т.б. жатады. Бұл күйлердің әрқайсысында 
халықтың әлеуметтік әділетсіздікке деген ашу-ызасы, байлардың, сұлтандардың, 
хандардың зорлық-зомбылығына наразылығы көрініс тапқан. 
Мысалы, "Ақсақ құлан" күйінде мынадай оқиға баяндалады. Мейірімсіз хан ұлы көңіл 
көтеруді қалап, аңшылық құруға кетеді. Аңшылық сәтсіз аяқталады. Бірақ халық арасынан 
ешкімнің қайғылы хабарды ханға айтуға батылы жетпейді; қайғылы оқиға туралы 
шындықты айтқан адамның жұтқыншағына хан балқытылған қорғасын құюға әмір 
беретінін біледі. Бірақ үндемей қалуға болмайды - хан күтіп отыр және ол ашулы. Осы 
сәтте кәрі күйші хан алдына барады да домбырасының ішектерін тереді. Сәтсіз оқиғаны 
домбыра күй тілімен айтып берді. Ханның жарлығы екі болмай, домбыраның шанағына 
балқытылған қорғасын құйғызады. 
Халық композиторлары, тыңдаушылары күйді түсінуі және музыкадан толық ләззат алуы 
үшін, күй ойнардың алдында шығарма мазмұнын баяндап берген. Бұл тәсіл арқылы, жеке 
тарихи тұлғаларға немесе тарихи оқиғаларға және т.б. сипаттамалар берілген, сондай-ақ 
күрделі бағдарламалық күйлерді орындағанда қолданылған. Осылай көпшілікті 
эстетикалық тәрбиелеу мақсатын арнайы қоймаған, халық композиторлары іс жүзінде оны 
өздерінің көркем шығармашылығы арқылы жүргізген. 
Музыкалық туындылар қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің қалыптасуының ең 
әсерлі құралы болған. Бұл, біріншіден, музыка қазақтардың көркем шығармашылығының 
барлық түрлерімен қоса жүретінімен; екіншіден, әрбір музыкалық туынды өмірдің нақты 
көрінісін, қоғамның салты мен әдет-ғүрыптары туралы баяндайтынымен, халықтың өз 
өмірінің түрлі тарихи кезеңдеріндегі музыкаға қатынасымен сараланады. Мұның барлығы 
музыканы түсінікті әрі оңай қабылданатын етеді. 


237 
Атақты халық композиторы орындаған күйлерді тыңдап, ауылдың музыкалық дарыны бар 
тұрғындарының сол сәтте қолына домбыра алып, жаңа ғана тыңдаған шығарманы есте 
сақтап ойнап беруі, сирек емес еді. Бұл музыка тыңдаушыларға эстетикалық ләззат беріп 
қана қоймай, оларды көркем шығармашылыққа баулуға да ықпал жасайтындығы туралы 
айтады. 
Бүгінгі таңда, Қазақстан өнерінің дамуына арналған көптеген еңбектерде төңкеріске дейін 
қазақтарда би өнері болмаған деген ойлар айтылып жүр. Қазақ халқының тұрмысын, 
салтын, өнерін тану арқылы би элементтері оның көркем шығармашылығында төңкеріске 
дейін орын алғандығы туралы пікір айтуға негіз бар. Қазақ тілінде "би" сөзінің ертеден 
қолданылуы бұған дәлел бола алады. Бұдан басқа, көптеген музыкалық шығармалар биге 
сүйемелдеуге арналған. Мұндай күйлер: "Қара жорға", "Тепен көк", "Қазақ биі", сонымен 
қатар лирикалық әуендер "Өрмек" пен "Аққу" және кейбір басқалары. 
Төңкеріске дейінгі жазба материалдарда, XIX ғасырдағы орыс саяхатшыларының 
этнографиялық зерттеу әдісі ретінде қазақ халық билерінің қағаз бетіне түсірілген 
суреттері бар. 
"Музыка және өмір" журналының бір мақаласында; би — қырғыздардың пұтқа 
табынушылық кезеңіндегі, бұрынғы замандағы ескіліктің қалдығынан соң жалпы қандай 
да болсын өнер түрінің нышаны Құранмен басылып қалды делінген. 
Халық арасында күлдіргіштер мен әзілқойлар кеңінен танымал болған. Мысалы, XIX 
ғасырдың тамаша күлдіргіші Рахымбердінің есімі әйгілі болған. Оның жалған аты 
Ағашаяқ еді. Ол шөккен түйенің үстінен секірумен қоса би билеген, күрделі қойылымдар 
орындаған. Билеп жатқанда ол "Қалды-ау, қалды-ау, қыз қалды-ау" әнін орындаған. 
Көрермендер онымен бірге қосыла он салып, оның биіне елтіп, оның ырғағында 
шайқалған. Халық билерін және күлкілі көріністерді орындаушылар Жынды Қара мен 
Жынды Омар да халық есінде. Сықақ пантомималар мен билерде олар байлар мен билерді
келемеждеді, сол үшін келемеждегендері қуғынға ұшыратып, тіпті ақылынан айырылған 
адамдар деп те жарияланған. 
Би элементтері, мысалы, қазақтың ұлттық ойындары мен ойын-сауықтары айгөлек, шыт 
тастау, тартыс, таяқ айна (таяқ жүгірту), аударыспақ, жігіт қуу, арқан шалу, алтыбақан 
және тағы басқаларында айқын көрінеді. Әйтсе де, Қазақстанда би өнерінің айтарлықтай 
дамуына халықтың көшпелі өмірі, бытыраңқылығы кедергі жасады. Өнердің көп 
түрлеріне, би билеуге қатаң тыйым салған, биді "шайтанның ісі" деп есептеген дін де 
билеушілерді қуғынға ұшыратып, бұл өнердің дамуына кедергі жасады. 
Сөйтіп, қазақ халқы өз дамуымен толық қалыптасқан, өз заманы үшін жоғары көркем 
мәдениетке ие болған. Одан арғы өз дамуында мәдениеті қалыптасып, өңделіп әрі 
толығып, талдап қорытындылауға және көркемдікке, сонылыққа және ұлттық-
эстетикалық құндылыққа қол жеткізді. Барлық ғасырларда ол қазақ халқының 
эстетикалық көзқарастары мен талғамдарының қалыптасуына ықпал етті. 
Қазақ көркем шығармашылығы мұрасының ерекшелігі, оның алғашқы әлі дамымаған 
жағдайын сипаттайтын синкретизм (яғни, жіктелмегендік, біріктірілгендік) болып 
табылады. 
Әрине, синкретизм төңкеріске дейінгі қазақ халық шығармашылығына ғана тән ерекше 
қасиет емес, ол қандай да бір шығармашылық әрекеттің дамуының алғашқы кезеңіне тән 


238 
болады. Бірақ өнердің дамымағандығы, жанрлар мен түрлерге жіктелмегендігі өнер 
түрлерінің толығымен жоқтығын білдірмейді. Мысалы, төңкеріске дейін қазақтарда театр, 
хореография, симфониялық музыка, сурет өнері, графика, мүсін өнері болмаған, бірақ бұл 
өнер түрлерінің халық шығармашылығында біздің заманымыздан өте ерте кезеңінде 
қандай да бір нышандары, жеке элементтері орын алған. Мысалы, әдет-ғүрып көріністері 
ақындық сөздің, ән айтудың, музыканың, драмалық элементтер мен би өнерінің үндесуі 
емес пе! 
Халықтың көркем шығармашылығы дегеніміз жеке тұлғаны, белгілі бір адамдар ортасын 
және тіпті қандай да бір тапты ғана, қызықтыратын болмыстың эстетикалық 
заңдылықтарының көрінісі емес, ол бүкіл халық бұқарасы үшін өмірлік маңызды болады. 
Сондықтан көркемдік таным бүкіл халықтың өмірлік қажеттіліктеріне жауап беретін 
тақырыптарды қамтиды. Көркемдік танымның тақырыбында оның тұтастығының, 
біріктірілгендігінің, өнер жалпы халықтық екендігінің негізі қаланып қойған. "Халық 
бұқарасының өнер туындысын қандай да бір бейнелі ойлау формасымен ғана тануға 
болмайды, ол бір мезгілде бірнеше формалармен (көркем сөз, бейнелі музыка) тануға 
болатындығы осының айғағы" деп атап өтеді өз зерттеуінде В.Е. Гусев. 
Қазақ өнері жалпы халық өмірмен, атап айтқанда, оның тұрмыс салтымен тығыз 
байланысты болған. Сондықтан көптеген ғасырлар бойы ауызша ақындық 
шығармашылық пен халық музыкасы, қолданбалы өнер қазақ халқы үшін қоғамдық 
сананың негізгі формаларының көрінісі болды, оларда халықтың ойы мен сезімі, оның 
талпыныстары мен әсемдік туралы түсінігі жан-жақты әрі айқын көрінді. Халықтың 
эстетикалық көзқарасын оның дүниетанымынан бөлек алып қарау мүмкін емес. Қоғамда 
әсемдік пен көріксіздік адамдардың жүріс-тұрысы, олардың өмірінің ахуалына қатысты 
болғандықтан, дүниетанымдық мағлұматтар болып табылады. Олар эстетикалық 
мұраттың деңгейіне өз ықпалын жасайды, осы тұрғыдан өнер, өмір туралы пікір айтады. 
Қоғамдық сананың өсуіне қарай қоғамның көркемдік көзқарастары да өзгереді, өйткені 
соңғысы қоғамдық сананың бір бөлігі болып табылады. Көркемдік көзқарастар, жалпы 
қоғамдық сана сияқты, шынайы болмысты, қоғамдық өмірді қамтып көрсетеді. Өнер 
өмірдің езіндегі әсемдікті ашуға және бағалауға көмектеседі. Сонымен бірге ол, 
әлеуметтік дамуға кедергі жасайтын, барлық жағымсыздықты ашып көрсетеді. Қағида 
бойынша, халықтың алдыңғы қатарлы эстетикалық түсініктері қоғамдық дамудың 
субъективті тенденцияларын суреттейді, ал өнерде, шынайы әсемдікті мадақтамай және 
бүкіл кертартпаны, антиэстетикалық, көріксіздік ретінде әшкерелемей, өмір шындығын 
суреттеу мүмкін емес. 
Болмыстың эстетикалық бағалануы халықтың көркем шығармашылығында, оның әсемдік 
туралы түсінігінде шынайы болмыста айқын көрінеді. Қазақ халқының эстетикалық 
қатынасы оның ауыз әдебиетінде - эпоста, аңызда, өлеңде, ертегілерде, мақал-мәтелдерде 
және т.б. нақтылы түрде көрсетілген. 
Эстетикалық категориялардың ішінде қазақтардың көркем шығармашылығында кең 
қарастырылғаны әсемдік категориясы, бірақ, әрине, ол теориялық деңгейде емес. Сол 
замандағы қазақтардың түсінігінше табиғат пен қоғамның барлық сұлу, нақышты заттары 
әсемдік көрінісі еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет