Парсыша сөздік кіріспе тіл — қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Егер халқымыз «Өнер алды қызыл тіл»



бет16/23
Дата27.12.2016
өлшемі8,07 Mb.
#6291
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

лараб алфавитінің жиырма үиіінші, парсы алфавитінің жиырма жетінші әрпі, сандық мағынасы 30.

ладжуәрд, лазурит. 1. Қөкшіл минерал, бү-йым жасауға пайдаланатын қымбатты тас. 2. Өте ашық көк бояу (сыр). 3. Көкшіл түс (таза аспандай).

лаф, лап, лаф. Мақтаншақтьщ, өзін мақтау, бос сөз. Қар. лафқой. Қуаты қызық қызмет тойларының Қос қыртысын кетірмек ойларының. Лап бергіш, к... айналып, қайта ойланғыш Тиянақ, оты сөнген байларының (Абай).

лафгүй, лафқой. Мақтаншаң, өзін мақтаушы, құр сөзді. «Сұлу сөз сізге бұрын жіберем» деп, Жабыдай жалт етіпсің тек ұғыншақ. Өз сөзін озат көрген, көңілің биік. Лафқойдің мінезі осы, құр мақтаишақ (Ке­те Жүсіn).

лак, лак. Бір нәрсснің үстін, бетін сырлау үшін спиртпен я скипидармен еріткен қарамайдың ертіндісі. Бір кезде Теміртауда бояу мен лак (сыр) шығаратын за­вод үйымдастыру жобасы болды (Е. Букетов).

ләлт, лала. Қызғалдақ тәрізді қалпақша фор­маты қызыл гүлді пияз тұқымдас өсімдік. (Бабурдың айтуьша қарағанда Кабулстанда осындай гүлдердің 33 түрі еседі екеп). Әлі ыстығы толарси қоймаған жазтоқсанның аяқ кезі еді. Қызғалдақ, сарғалдақ, бақбақ, лала, жаушымылдықтар гүлденіп бітіп, бетеге, көкпек сарғылт тартып, ит мұрын, жуа, қарабауыр, жалбыз, қара қарақат, қызыл қарақаттар қата бастаған (І. Есенберлин).

лам, ләм. 1. Араб алфавитінің жиырма үшінші, парсы алфавитінің жиырма жетінші әрпінің аты. 2. Ауыс, ләм демеу, үндемеу, тіл қатпау, сөйлемеу. Басқа бір кісі бір ауыз сөз айтқан жоқ. Қүнанбай да мұнан әрі ләм дегеи жок, (М. Әуезов).

лай, лай, ылай. Өзен суының тұнбасы, судың асғындағы балшығы, батпақ. Лай суға май бітпес қой өткенге, Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге. Сол қасқырша алақтап түк таппадым, Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе? (Абай). Жастан қалған әдеті ғой баланың: Ылай судан жұтып-жұтып аламын (Ә. Тәжібаев).

ләб, ләп, леп. 1. Ерін, ауыз. 2. Жағалау, кернеушет (дарияның). Ләм Ләбіңмен ем қылсаң мен дерттіге, Мен — Меһріңмен қалмас еді бар апатым (Абай). Жас жүректің толқынын дөп Жаза алыпсың толтырып. Бойды жеңіп бұл асыл леп, Тұрды тыйтық көп құрып (Абай).

ләбләбу, леблеме. Асқа жарайтын тәтті тамыр жемісті өсімдік. Кәсіби сөздердің ішінде әдеби тілді шұбарлайтын басы артық диалектілік сипаттағы леблеме (қызылша) сияқты кәсіби сөздер тобы бар, ондай сөздерді тілге енгізгеннен пайда жоқ (Ш. Сарыбаев).

ләттә, лата, ләтте. 1. Шүберек. 2. Шірік, кескінді, қиың. 3. Асхана сүлгісі. Қарары бір қалыпта тұрмаған соң Атанған сол себептен бұл «бейопа». Ерлердің ертеде өткен жұртындағы, Малданған мекеніміз бір шірік лата (Шораяқтың Омары). Әзір болғандай, Жібек көйлек, ләтте жаулық, әміркен мәсі — деді Сапақ (Ә. Тәжібаев).

ләшкәр, ләшкер, ләскер. 1. Армия, дивизия, әскер, қол. 2. Ер кісі аты ретінде қолданылады. Бұл түнде қолды бастап қалың лашкер Рүстем төре жүріп ед бірталай жер. Күн шыға Қөксуға кеп қол түскенде, Жоқ екен шалғыншы айтқан кешегі ел (I. Жансугіров). Дарбан штаб бастығын (Әмір лашкер) жанына шақырды («Мың бір түн»).

(a — п) ләғнәтнамә, лағынетнама (лағнәт + намә, лағынет+нама). Қарғыс, қарғау хат. Деп жазды «лағнатнаме» басты мерді, Бәрі де елдің оны оқып көрді.— Ташкенттің қақпасына қадаңдар,— деп, Шаһ Пышан бектеріне бұйрық берді (Тұрмағамбет).



ләк, лек. Жүз мың. Әшқашты екі лекке басшы етіп, Ақыл айтқан мынау оған қосып:— Бұлармен байқап алып Үргенішті, Олдағы үлкен шаһар бір келісті (Тұрмағамбет). Бұлардың қатарына соңғы жылдары тағы бір топ жас буын, жаңа лек келіп қосылды (С. Досанов).

ләк-ләк, лек-лек. 1. Жүз мыңдаған. 2. Ауыс, аса көп, сансыз топ. Қырға лек-лек әскер шығып жатыр (С. Сейфуллин). Аттылардың қалың тобы лек-лек боп, Құнанбай Шоғырын алдына алып келе жатқан (М. Әуезов).

ләгләг, ләйлек. Ұзын аяқты үлкен жыл құсы.— Я менің оғым. Бірақ ешуақытта сенің балаңа атқаным жоқ. Ағаштың басында отырған екі ләйлектің бірін атып едім, құламай көтеріліп үшып кетті («Мың бір түн»).

ләгән, леген. Шылапшын (мыстан иә басқа заттан істелген дөңгелек ыдыс). Терезесі жабық, жасауы мол, жинақты бөлменің ортасында, мыс леген толық шоқ жайнайды (Айбек). Қыз бұл уәдемді алғаннан кейін, бір леген суды құйды да, оған бір дұға оқып, тайыншаның үстіне шашты («Мың бір тун»).

ләнг, лан. Ақсақ (Темірлан Ақсақ Темір). п — ләнг, ләңке. Алжапқыш үшін пайдаланатын бір пара мата. Ләңгі — алғашқы адамдардың пайдаланған етек жапқыш киімі (М. Байділдаев). Онын астындағы жарау көк биесі, басындағы кішкене қоңыр елтірі тымағы үстінде ескі, арзан қолды ләңке шапаны жұпыны керінгенмен бәрі бір-біріне үйлесімді еді (С. Сейфуллин).

ләңгәр, ленгер. Якорь (кемені тоқтататын ырғақ темір). 2. Балансы, теңгергіш. Сол жерде ертеңіне қалаға шықпақ болып, теңіз ішінде ленгір тастап кемені тоқтаттық! (Мың бір түн»).

лубиа, лобия. Бақшада өсетін жіңішке қабыршықты үзын бұршақты дақыл өсімдік және оның дәні (фасоль).

лули, лолы, долы. 1. Цыған, Орта Азиялық цыған, цыған әйелі (билеуиіі, өлең айтушы). 2. Ауыс. Алдағыш, арбағыш, қу, сум.

лимун, лимон. Жылы жақтың мэңгі жасыл жеміс ағашы жәнеоның цатты сары түсті қабықты, қышқылтым дәмді етті жемісі. Лимонад — лимон жемісінің шырынынан жасалатын салқын сусын («Қ. Т. Т. С.»).

мараб алфавитінің жиырма төртінші, парсы алфавитінің жиырма сегізінші әрпі, сандық мағынасы – 40.

мат, мат. Жеңілген, утылған. Мат қылу — жеңу, уту. Иә өлтір, иә болмаса мені байла. Жатайын жайнатып көз осы жайда. Боламын досқа күлкі, дұшпанға мат, Табылмас барғанменен ешбір пайда (Тұрмағамбет).

мадәр, мадар. 1. Ана. 2. Ауыс. Жер, табиғат; тағдыр.

мар, мар, мары. Жылан. Жылан шаққанда уын қайтару арбауынан: «Көл жылан, көбер жылан, Шық Тәңірден парман келді! Парманнан қатты жарлық келді. !. Мары-мары, мары жылан, Ұзын-ұзын, ұзын жылап... Лек-лек келді шық, жылан!» (С. Сейфуллин).

марән, маран (мар + ән, мар + ан). Жыландат Жер үстінде Мәлпке — Маран деген жылан жасайды. Соны қолына ұстап жүрген адамға барлық өсімдік сырын айтып, тіл қатады («Мың бір түн»).

мақиан, мекиен. Тауық. Сол жыртқыш аңдардан қорқып сол тауық мекиенімен екеуі ұзақ түнге ұйқы көре алмайтын еді («Мың бір түн»). Айтайын деп-ақ бекіп ем: билерін көрсең... Масқара... Қораз бен ту­ра мекиен (К. Ерғалиев).

(a—п) малджан, малжан. Малды жақсы көруші, мал-жанды, малқор.

(а — п) мал-джан, мал-жан. Мал мен жан (үй іші, мал басы). Жауын, жауын Толастамас сорғалар. Су болды ауыл, Мал-жаны қорғалап (І. Жансүгіров). Уағалайкүммүссәләм Болыс, мал-жан аман ба? Мынадайға кез болдық Аума-төкпе заманда (Абай).

(а — п) малханә, малхана. Мал ұстайтын, мал күтетін жай. Оңтүстік аймақтарда атхана, сүтхана, малхана сияқты сөздер жиі айтылады (Ш. Сарыбаев).



малә, мала. 1. Сылаушыныц қалағы. 2. Жыртылған жердің кесегін уатып, бетін тегістейтін құрал. Сондықтан арызында бір өгіз, бір соқа, бір мала жазылған (С. Айни). Аңыздың кесек шымын маланың тісі ұнтап, уатып, тегістейді (С. Талжанов).

(п — қ) маләлау, малалау (малә + лау, ма­ла + лау). Егістіктің бетін тегістеу. Тұқым сеуіп, малалап тастаған жерге келгенде Шығанақ кідірместен катокті жүргізе бастады (Ғ. Мұстафин).

I — мама, мама. 1. Кіндік шеше, сүт ана. 2. Ana, ана, шеше. 3. Ауыс. Емшек (ананың). Кетер болсаң сұлтаным, Енекемнің еміп кет, Төсінде екі мамасын («Қобыланды»). Қойшы қалқам! Емші мына мамаңды! Сен де аяшы сорлы болған анаңды! (Б. Майлин).

ІІ — мама, мама. Ауыс. Сүтті, емшегі жер сызып мол сүт беретін (сиыр, бие). Күйсеп тұрған маман сиырдың бауырында, басы ағарып сауыншылар отыр (Е. Мустафин). Мама бие, сақа аттар Мамырлап теуіп манытып, Алдағы боран шаңытқа. Сақтайды екен жанын тын (Д. Әбілев).



ман, ман. «Кісі» деген мағынада қаһарман, шадымен, атарман, шабарман тәрізді сөздерді жасайды.

маһ, маһ, май. 1. Ай. 2. Ауыс. Сұлу, сулулық, бір нәрсенің артықтығы асңандығы.

маһут, мауыт. Шуға, жатық түкті жүннен жасалған мата. Буырылға жаптым көк мауыт, Сиынған пірім ер дәуіт... Бүгін қанға боялсын Балған тиген ақ сауыт («Қобланды»). Он жыл бұрын дейтұғын ол: бестемін — Күндіз ойнап, алатұғын кеш демін; Енді ғана бойын тарап қыз болып, Бірінші рет киді мауыт костюмін (X. Ерғалиев).

маһианә, маһияна, маяна (маһи + анә, ма + яна). 1. Ай сайын. 2. Айлық, жалақы. Бабасы Көмік деген аяр еді, Жәмшиттің қызметіне даяр еді. Жомшиттен маяна жеп елгенінше, Әр түрлі аярлықты жаяр еді (Тұрмағамбет).

(қ—п) майпәлау, майпалау (май + пәлау, май + палау). Майлы палау.— Майпалау!— деп мейман-достық керсетеді (І. Жансүгіров). Ақ қайыңдай қой қаптап, Шопандардың даңқы анау: Сиыры мен жылқысы, Қымызы дорі, майпалау.

(к — п) майханә, майхана (май + ханә, май +хана). Май өндіретін, май сақтайтын орын. Оңтүстік аймақтарда майхана, наубайхана, малхана сияқты создер жиі айтылады (Ш. Шарыбаев).

майә, мая. «Мәніс», «негіз», «ұйтқы», «ашытқы», «капитал», мағынасында сәрмая (сәрмайә) тәрізді сөздерде кездеседі.

мәбада, мүбада. длде бір, әлде қайда, кейде бір. Олай бола қоймасын! Мүбәдә қалам тайып, қате жазып, Көңілдің айнасына жұқпасын дат! Мағнасыз сөз қозғалтып шығып лаптан, Қарауға халық жақсысы көріп ұят (Қ. Сүйіншібайұлы). Мүбада сіз рауаат етпек болсаңыз... мағынасыз, нәрсіз сөздерді қайталамаңыз (М. Әуезов).

(a — п) мисалгәр, мысалгер (мисал + гәр, мысал + гер). Мысалшыл. Ұлы Абай ұлы мысалгер өлеңінің стилі мен рухын, көркем мазмұнын қазақ оқушысына осылай жеткізген (С. Шәймерденов).

(а — п) мәджлисхур, мәжілісқор (мәджлис + хур, мәжіліс + қор). Жиналысқа қумар, сөзге эуес, кеңесшіл. Тіл тигізбе оларға, Кеңсенің мәңгі қонағы. Мәжілісқор да ауызбен Қой бағып, егін орады (Ш. Смақанулы).

(a — п) мәдәдкар, медеткер (мәдәд + кар, медет + кер). Жәрдемші, көмекші, қолғабысшы, медет беруші, қолдаушы.

(a — п) морадгар, мұраткер (морад + гар, мұрат + кер). Мұратты, максатты, таланты. Әлішер Науаи Фархадтың образын сол кездегі әлеуметтік жардайра байланыстырып, тамаша мұраткер бейнесінде суреттейді (Т. Сұлтанов).

морч, мұрыш, бұрыш. Жылы жақта өсетін және асқа айрықша дәм беретін өсімдік. Қыпшалап, сопақ-шалап, алуан түрлеп пісірген ыстық самсадан асқабақтың, жұмыртқаның, бұрыштың иісі бұрқырап, асқа зауқы арта түскен Хашим-Құрбан қарбыта бастаған (С. Ұлық-3аде). Ac алыңыз, бұрыш міне, тұз әне, Дол­гий айтты: — Бұдан дәмді тұз кәні (С. Бегалин).

мәрдан, мардан, мерден. 1. Ерлік, ер жүректілік, батырлық. 2. Kісі аттарында кездеседі (Шаһмәрдан, Шаһмардан, Шаймерден).

мәрд, мәрт. 1. Ер, еркек адам. 2. Батыр, батыл, ержүрек, жүректі. Мәрт кісінің белгісі Бітірсең тездеп сонымды («Қамбар батыр»). Сонан қақғырып, маған келіп күнін керіп отыр. Оны асырап отырған мен мәрт емей, кім мәрт болады, тақсыр! («Мың бір түн»).

морт. Өлім, өлген. Морт кету бірден өлу, қирау, сыну т. б. Болат бүгілмес, морт сынар (Мақал).— Иә, морт кетсін Махамбетше, морт кетсін!—деп Құтыбай отыр (Ғ. Мұстафин). Балтамен шабуға сексеуіл көнбейтінін, тасқа ұрса ғана морт сынатынын Байжан білетін (С. Мұқанов).

I — мордар, мұрдар. 1. Жемтік, өлімтік, өлексе. 2. Өлген адамның суйегі. 3. Лас, былғаныш, былық, арамдалған, қорланған. Жалғаншыға келген соң Әр тарапқа толқытты, Көңіл мұрдар желденіп (Ба­зар жырау). Ақырып жекірмей жайлап сейлесе де іші катал жан екен, мұрдар түсін бір бұзған жоқ, ең болмаса бет тамыры бүлк етсейші! (X. Есенжанов).



ІІ мордар, мұндар. Адамшылыц арынан журдай болған сум. Капиталистік тәрбиеде өскен мұңдарлар мұрындарын көтере тәкаппарси келді... Сол ызасына шыдамдық та, бір жылдан кейін іздерімен қайырдық... (С. Мұқанов). Арамыздан орын жоқ, Құрысын, өлсін сұм мұндар. Жер бетінен жоғалсын (Жамбыл).

мәрданә, мәрдана (мәрд + анә, мәрд + ана). 1. Еркекше, мерттерше. 2. Батыл, батыр, ер, ержүрек; мейірбан. 3. Ашық, шыншыл, турашыл. Бұйырған бұ китабатның егаси, Еди Ақмашит илинің ағасы. Ати Өткелбай ерди мардана, Әзинин илими бар бирдана (Ораз).

(п — қ) мәрдтик, мәрттік (мәрд + тик, мәрт + тік). Ерлік, батырлық, батылдыщ, жүректілік. Мәрттік, жігіттік атақ үшін шауып әкелінген бұл бастар кімдікі? (Айбек).

мәрдкар, мердікер. Жалданып істейтін адам, жумыскер (колхоз қурылысына дейін мацта шабығында, куріш орағында, сондай ауыр жумыстарда Орта Азияда көп пайдаланған) қара жұмысшы.

морда, мүрде. Өлген, дүние салған, қайтыс болған, өлік. Осыдан екі күн өткен соң күллі ауыл бо­лып Ағабекті ақырет сапарына шығарып салды. Айып ншан ақыры дегеніне жетті. Дауысын мақамдап, Арабек мүрдесінің басында жаназа оқыған... (0. Сәрсенбаев).

мордәханә, мүрдехана. Өліктерді қоятын орын, жай бөлме, өлікхана,

морг. морғ, мүрғ. Құс, тауық.

морған, мұрған (мұрғтың көпше түрі). Артынан Апрасияптың қуалады, Көркейіп көңілі күндей қуанады. Мұрғанның дариясына барғаннан соң, Аттарын алдырып дем суарады (Тұрмағамбет).

морғгузар, мұрғкузер. Құс жолы. Хикаят: ілгері де арыстан өткен, Ол шері мұрғұзардан мекен еткен (А. Жарасбайулы).

мәрғауа, мәрғау. 1. Жаман ырым; жаман хал, жаман турмыс. Мынау қалай сорлы еді өзі не еткен, Өз ойымен қылғанын Нәмәрт еткен. Не етесің босқа сұрап Сарыбайды, Сұрасаң, Сарыбайды мәрғау еткен («Қо­зы Көрпеш Баян сұлу»).

моруарид, меруерт. Ақ, ақшыл сары түсті, маржан, қымбат баға, асыл тас. Мұз меруерт тасы сықылды, көкпеңбек, мөп-мөлдір екен (С. Мұқанов). Тас ернеуі — меруерт, ол көрінген, Кеткісі келмес жанның мұны көрген. Ер Әзім тамашалап қарап тұрса Бір түрлі таңғажайып құстар келген (Абай).

мәзә, маза. 1. Дәм, дәмді. 2. Қызықтық, жағымдық, тартымдық. 3. Ауыс. Тыныштың. Төскейде бұлақ сылдырлап, Оятады далаңды, Төбеңде торғай жыр-жырлап, Тербетеді мазаңды (I. Жансүгіров). Тау бурют қылығына жаза тапты. Азырақ момын андар маза тапты. Лақтырған терліктей боп көлге күмпіп, Қан-қан боп, қан құмар ер қаза тапты (С. Сейфуллин).

мне, мыс. Қызыл-сары түсті, созымды, қақтауға төзімді металл. Қарашы шамасына мыс пен қола, Шырағым өкпелеме бойға бола. Болғанмен бойым тапал, ойым биік, Кеудемде шірімейтін алтын тола (Бақтыбай).— Жезқазған жарқырайтын шұғыламыз, Кеңгірге мыс ордасын тұрғызамыз (Қ. Бекхожин).

мәст, мас. 1. Ішімдік ішіп есірген адам. 2. Ауыс. Ынтық, құмар, құштар. Шуылдасып өлең айтқан мастардың даусы естілді (С. Мұқанов). Мен ғашыққа мас емес пе ем, Кетсең, еді ұзатып (Абай).

мәсгәр, мыскер, мысшы.

(а —п) мосәлмән, мұсылман (мосәл + +мән, мұсыл + ман). Мүсілімдер, ислам дінін қабылдаған адамдар. Көрдіңіз бе, мен де болғам мұсылман, Жас жүрегім шариғаттан қысылған, Қорқақ жаным құлдық ұрып құларда, Ленин мені құтқарған да, ұшырған (Ә. Тәжібаев). Цивилизацияның дәні ең алдымен мұсылмандар мекендеген шығысқа түскен, бірақ алфавиттің қиындығынан кең жайыла алмаған — дейді Ахундов (С. Қирабаев).



мүшт, мүшт. Жұдырық, жұмырық. Көрсетіп тұра найза салмасаң да Мүштіңді сырттан түйіп жағалайсың. Мерт болған айға шауып арыстандай, Өзінің мұңдарыңа қарамайсың (Нұралы). Жағасынан ұстады, Буындырып қалмақты ат үстінен мүштады («Алпамыс»).

мәшк, мәшік. Көрік мес (су үшін).

мәшкаб, мәшкап (мәшк + аб, мәиік + ап). С у тасушы (меспен) су тасып сатуилы. Сол жерде бір мес су арқалағам Бағдат киімді машқап (су беріп ақша жинаушы) араб кездесе кетті («Мың бір түн»).

мошк, мүшкі. Мускус (бірқатар жануарлардың ұрық безінен шығатын иісі күиіті зат). Шығарып Саяуышқа алып сыртқа, Жудырды тазалатын келген жұртқа. Мүшкі, Анбар, Капур, Гүлап әтір суын, Шаштырды шаш пенен қас, сақал мұртқа (Тұрмағамбет).

(a — п) мазмуннамә, мазмұндама (мәз + мұн + намә, мазмұн + дама). Коммюнике (маңызды мәселенің мазмұны туралы жазба хабар).

(а — п) мағлұмнумә, мәлімдеме (мағ + лум + намә, мәлім + деме). Хабарлаушы мәлімдеуші хат (бір нәрсе жөнінде мәлімдеу хат, хабарлау). Социалистік елдерінің партия және мемлекет басшыларының кездесуіне қатынасушылардың мәлімдемесі (Қ. Ә.»).

моғ, маг. 1. Маг (діни абыз, зороастризмше дін иесі). 2. Отқа табынушы. 3. Ауыс. Шарап сатушы.

мағз, мағыз, маңыз. 1. Ми, жұлын, жілік майы. 2. Ауыс. ақыл, ой, парасат, сан, мәніс, мән-мәніс. 3. Яд­ро, дән (жаңғақтың). Ел жайын біліп қансаңыз. Айтайын құлақ салсаңыз: Кейбіреуі дүрсіп жүр Жер тәңірісін кер мағыз (Абай). Жаз да бітті жаңбырлы, аңыздықты. Күз жұғымды шөбімен маңыз атты (X. Ерғалиев).

(a — п) мәкан-джай, мекен-жай. Тұрақты орын, үй-жай, мекен. Кептеген жылдар бойына сөздер бір-бірімен тіркесіп қаз-қатар айтылу нәтижесінде әрбір сөз өзіне лайық меншікті қоныс, тұрақты мекен-жай табады да біржола орнығады (Ә. Болғанбаев).



мәгәр, мәгәр. Егер, солай болғанда. «Сәлемге барамын» деп жүруші едім, Кермекке жазса дидар, құ­да мәгәр! Барғанда салған қолқам, бақастарың, Ылтипат тұтсаң сөзімді ұнап егер (М. Бегжанұлы).

(а — п) мәлікзадә, мәлікзада (мәлік + задә, мәлік + зада). Ханзада, патшазада, шаһзада.

(а — п) моғамәләгәр, мәмілегәр (моғамәлә + гәр, мәміле + гер). 1. Саудагер. 2. Сауда жөніндегі келісшіл, бітімшіл, хөнгіш. Сонымен катар тарихшы, ойшы ғылымның, оқытушының қызметін қоса атқарған, елшілікке жүріп — мәмлегер, ел басқарып — қоғамдық қайраткер болған («К. Ә. Т.»).

(a — п — к) моғамәләгәрлик, мәмлегерлік (моғамәлагәр + лик, мэмлегер + лік). Кесімшілдік, бітімшілдік. Қазақ шешендсрі Әлібекұлы Теле, Келдібекұлы Қазбек, Датұлы Сырым, Қөрлыбайұлы Досбол, тағы басқалар қауым ішіндегі дау-жанжалдарды реттеуден бастап, елшілік — мәмлегерлік қызметтерімен белгілі болған адамдар (Б. Адамбаев).

(a — п) мәннәткар, міндеткер (мәннәт + + кар, міндет + кер). Міндетті. Міндеткер күресуге болран Бишан, Оны — мен көрейін деп сыйлау қылсаң. Сауытын Саяуыштың киіп алып, Деп: «оны алқымынаи бір-ақ қысам» (Тұрмағамбет).



мәнд, ман (мен, пан, пен). Зат есімдер мен етістіктерге қосылып бір сапаға иә бір нәрсеге ие болу қасиетін хөрсететін жұрнац (данышман, данышпан, кадирманд, қадірмен).

(а —п) мәнсәбхур, мансапқор (мән + + сәб+хур, мансап + қор). Мансапқа, шенге, амалға құмар (адам). Күндіз жандаралдын буымен сөйлесіп, бірге кеткенін өз көздерімен көріп алған өңшең парашыл, арам айлашыл мансапқорлар болатын (М. Әуезов). Әй, білмеймін, талай жүзі жанбайтындарды көрдім,— деді Василий. Мансапқор, баққұмар, өркөкірек дегендер осыдан шығады ғой (Т. Ақтанов).

(а —п —к) мәнсәбхурлиқ, мансапқорлық, (мәнсәбхур + лиқ, мансапқор + лық). Жеңіл даңққа, жоғарғы дәрежеге құмарлық. Шын талант —ман-сапқорлықтан аулақ (Мақал). Мансапқорлық парақорлықты туғызды. Парақорлық — адамшылық қасиеттен айырды (X. Есенжанов).

мури, мүр. Су ағызу ушін күйдірілген саздан жасалған труба, шұбыр.

(қ —п) мұзханә, мұзхана (мұз + ханә, мұз + хана). Мұз сақтайтын орын, мұз қоймасы.



(к — п) мұнайстан, мұнайстан (мұнай + Атстан, мұнай + стан). Мұнайлы алқап, мунайы мол ел­ке. Гурьев облысы мұнайстан облысына айналды.

(к – п) мүн-гзар, мұң-зар. Қайғы-қасірет, қайғылы шер, уайым. Ағайынын, дос-жарын жипаң алып үйіне, Жылады шағып мұң-зарын. Болыстық қыл деп күйіне (Абай). Естігем Жамбыл жырларын, Қарт қойшыдан арқадан, Жырлады ол халық мұң-зарын, Азаттықты аңсаған («Халық ақындары»).

мәуиз, мейіз. Үлкен қара жүзім, кептірілген жүзім. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алды (Ы. Алтынсарин). Сен де он бесте құрбым-ау, мен де он бесте, Екі он бесте қосылса тең емес пе. Қалқатайдың бергені жарты мейіз, Бөліп жесек екеуміз олжа емес пе («Қазақ әндері»).

мәһр, мейір, мейірім. 1. Ізгі ниет, ақ бейіл, шапағат. 2. Күннің көзі, жарық беруші, нұр шашушы. Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай, Артық қайыр артықша қызметке орай. Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ. Аңдыстырған екеуін құдайым-ай (Абай). Тіл тасқынын құлашы қусырмайды. Болмады бөгет жолда тау шындары, Теңіздей шалқыған сөз кең жайылып, Мейірі қанып халық сусындады (С. Мұқанов).

моһр, мөр. Бір нәрсені куәлендіру үиіін (қағазға, балауызға) басатын ойып жасалған мемлекеттік мекеме белгісі. Ауыс. Мөрін басу із қалдыру. Мөрі кету заттың ажары кету, тозығы жету. Мөр басып, қол қойылды жала жауып Біреулер айғақ болды ебін тауып (К. Әзірбаев). Ертеңіне директор үрлеп мерін басып, қиғаштап қолын қойып, бұйрық жазды (С. Адамбеков).

миһрбан, мейірбан (миһр + бан, мейір + бан), Мейірімді, қайырымды. Ынтымақ туы жарқыра, Болман ғана буалдыр. Мейірбан суы сарқыра, Бұқарапы бір қандыр! (Жансүгіров). Сен мейірбан, сергегірек Әзіз шеше, әкеден де, Өзің бердің ерге жүрек жерге бақыт әкел деп (X. Ерғалиев).

(п — к) миһрли, мейірлі, мейірімді (миһр + ли, мейір + лі). Қайырымды, шанағатты, рақымды. Досмағұл кіші пейіл, мейірімді сабырлы кісі еді (С. Көбеев). Ұрығын еккен еменнің, Сол мейірімді орыстың — Құты деп білем жерімнін, Тоғайлы еттік қонысты (Т. Жароков).

(п — қ) миһрдилиқ, мейірімділік (мей + ірім + ділік). Мейірбандылық, қайырымдылық. Жаудыраған кезден өзгеше бір мейірімділікпен Мергембайға қарайды (С. Омаров). Әйел бұған аса бір сүйкімді аналық мейірімділікпен қарап тұр екен (С. Бақбергенов).

мәһман, мейман. Қонақ. Аяма Меһман — деп мені Жәке, Айта бер келсе сөздің жені Жәке. Аядым Меһиманды дегеннен соң, Шымкенттен жылыстадым бері Жәке (Мыщан). Ертелі-кеш шұбырып, Қонады мейман ағылып, Кедейлер мені кермесе, Қалады,— деді,— сағынып («Қамбар батыр»).

мәһманханә, мейманхана. Қонақ үй, қонақхана. Қонақ үйі жолаушыларға аса қолайлы. Вокзалдан шыққан автобустардың біразы мейманхана алдындағы аялдамаға тоқтайды («С. Қ.»). Қымыз сол ауылдан ордаға түйемен тасылады, мал да сонда сойылып мейманханаға еті ғана жеткізіледі (С. Мұқанов).

мәһманханә, мейманхана. Қонақ үй, қонақшыл, меймандос. Қазақтар тәні де, жаны да таза, сыпайы, сүйкімді, мейманқор халық екен (Жорж Буйон).

мәһмандуст, меймандос. Қонақкөй, қонақшыл, мейманқор. Жидебайдағы қыстаудың ен үлкен белмесі осы. Кілем-текеметті, алашалы-көрпелі, меймандос мол үй. Абайдың кәрі әжесімен, өз шешесімен бірге тұратын үй осы еді (М. Әуезов). Қазақтың жылы кезінен сөзді Меймандос жұртты Таразы зерек. Батыр кескінді, бала мінезді Жолман дауысы өзгеден ерек (X. Ерғалиев).

(п — қ) мәһмандустик, меймандостық (мәһмандуст + тик, мейліандос + тыц). Қонақты шын ықыласымен қарсы алатын адамға тән рақымшылдық қасиет. Эигельстін, меймандостығы ғажап еді... жексенбі күндері достарын бар жақсы тағамдармен сыйлап, риза қылып шүйіркелесіп отырғанына сондай рахаттанатынын көрудің өзі бір ғанибет еді (Э. Эвелинг).



миһмансәрай, меймансарай. Сарайлы қонақ үй, қонақхана, мейманхана.

мәй, мәй. Шарап, Шақырушы сендер бол, Баруына мен дайын. Наша шектім, мәй іштім Кеудеу соғып жоқ жайын («Мың бір түн»).

мичәл, мешел. Организмде әк тас тузының жеткіліксіздігінен сүйектердің дұрыс өспеуіне байланысты болатын балалар ауруы. Қанаттары қырқылып, ба­сып кесел Өзге таптың ақыны шабар мешел (С. Мұқанов). Сен кәксу кіргізбейсің қосқа неге. Шықпайсың, мешелмісің сыртқа неге (Н. Ахметбеков).

мих, мық. 1. Шеге; сына. 2. Ауыс. нық, мықты, берік. Етікшілер істеген мығын керіп ұнатқан соң, әскердің етігіне мық істердін міндетін алып, кәп мал та­уып, ақыр, еміріне шейін кемдік кермей өтіпті-міс (Ы. Алтынсарин). Сақталық ұлы олжаны жауға бермей. Халықтың жалғыз тайын етпей шығын. Капитал аузын ашса, тұмсық сұқса, Жауабын бере аларлық, жауға мығым (Жамбыл).

мәйханә, мәйхана. Шарапхана, шарап сататын орын, жай.

(п — к) михтау, мықтау (мих + тау, мық + тау). 1. Шегелеу. 2. Ауыс. Әбден берік ету, тас қылу, нықтау. Сәрсенмен онаша ақылдасқанда Жарасбай осы жайды да ішіне мықтап түйгенді (М. Әуезов). Біреулері жер төсегін жаймалап, нығыздап, мықтап биіктетіп салып жатыр (С. Сейфуллин).

(п —к) михти, мықты (мих + ти, мық + ты). Берік, күшті, қуатты. Мықты болыстың нығыз, арсыз жуан жонын көріп тұрып Бақтыгүл тістеніп ап «қап!» деп ернін шайнады (М. Әуезов). Оның өзі де тек ауыл арасындағы ғана мықты жігіттердің бірі (Жұмағалиев).

(п — қ) михтилиқ, мықтылық (мих + тилиқ, мық + тылық). Беріктік, күштілік, қуаттылық. Мықтылығы сондай, оны отырған орнынан жетпіс кісі тұрғыза алмайтын болады («Қазақ ертегілері»).



михдар, мықдар. Күш, қуат, мықтылық.

Көрсетіп тура найза салмасаң да, мүштіңді сырттар түйіп жағалайсың. Мерт болған айға шауып арыстандай, Өзіңнің мықдарына қарамайсың (Нұралы).



мәйдан, майдан. 1. Алаң, дала. 2. Арена. 3. Ауыс. Фронт, соғыс. Болат қайнауда қайнығады, ба­тыр майданда шынығады (Мақал). Ленин, міне қыбыла, Міне, бес жыл Ленин мұнда. Әне сыртта ұлы майдан. Туы қолда (І. Жансүгіров). Бұл міне ең ақырғы Шын майдан, шын қайрат, Интернационалмен керкейер адамзат («Интернационалдан»).

(п — к) мәйданчә, майданша (мәйдан + чә, майдан+ ша). Алаңша, шағын алаң.

(п — қ) мәйдандас, майдандас (мәйдан + дас, майдан + дас). Майданда, соғыста, ұрыста бірге болған бірге соғысқандар.

(п — қ) мәйдандуст, майдандос (Май­дан + дос). Майданда бірге болған, бірге соғысқан дос-жора, жора-жолдас.



мәйданғар, майданкер. Соғыскер, жауынгер, әскер. Таныстық, таныстық та үйлендік біз. Үйі де, күйі де жоқ күйде едік біз. Жұпыны сен ұяң қыз, мен майдангер, Тұрмысты кімнен қашан үйреніппіз? (Ж. Молдағалиев).

мәйдә, майда. 1. Уақ, ұсақ, ұнтақ. 2. Ауыс. Жұмсақ, жағымды, үлпек. Соғысып майда тастар сумен ағып, Жыңылдап қабырғасы күрескендей (А. Тоқмағамбетов). Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Аузы омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке үңірейген болса сағақ (Абай).

(п — қ) мәйда-шүйде, майда-шүйде. Ұсақ-түйек, уақ-түйек, кішігірім.

(п — қ) мәйдәлау, майдалау (мәйдә + лау, майда + лау). Ұсақтау, ұнтақтау. Сыртылдама он саусақ майдалап, майды түтілші. Шыртылдама, шынашақ Шыр айналшы, шүйке ілші (І. Жансүгіров). Баланы — балапандар бағып күтті, Баққанмен бере алмады тауып түкті. Амалдап аузына қанды құйып Майдалап, майлы еттерден әкеп тықты (Тұрмағамбет).

мир, мір. Бұл арабтың «әмир» (әкім, бастық, басшы, басқарушы; бұйырушы, әмір етуші) сөзінің (сол мағынада) қысқарған түрі. Тілім — мір, сөзім — оқтай қадалғанда, Дыбысы кашіталдын, өше бермек (Ш. Ә. Т.»). Шымболат сөздері мірдің оғындай, байлар мен атқамінерлерге тікенекше қадалатьтн («Қ. Ә. Т.»). Керш гого, Керш гого, Қарама сен қадалып, Қара көзің мірдің оғы, Жүрме жанды жара ғып (Т. Жароков).

мираб, мұрап (мир + аб). Жер, егін суаратын, судың дұрыс пайдалануын бақылайтын кісі (су бастығы, су ақсақалы). Бізде бұрын белгілі бір аймақта ғана айтылып кейін әдеби тілге енген мұрап сияқты сөздер жоқ емес (Ш. Сарыбаев). Ғанидың нағашысы Нұрпейіс осы ауылдын мұрабы (С. Арыстанов).

(а — п) мирасхур, мирасқор (мирас + хур, мирас + қор). Мұрагер, мирасшы. Ал, шынында, советтік патриотизм біздің халықты ілгері дамытқан ата-бабалардың творчестволық ісінін. мирасқоры (М. Калинин). Жазушы романның соңында Шығанақтың ізін қуған Жанбота, Амантай сияқты мирасқорлар. сондай-ақ данқты диханнан қалған игі дәстүр бар екенін аңғартады (Қ. Ә. Т.).

(а —п —к) мирасхурлищ, мирасқорлық (мирас + хур + лиқ, мирас + қор + лық). Мұрагерлік, мирасшылық.

(a — п) мирасгәр, мұрагер. Қор. Мираскер. Мирасшы, мирасқор. Ленин жер жүзінің шырағы еді. Басқарып, еңбекші елді құрап еді, Қалдырған өсиетін орындайды, Артында Компартия мұрагері (К. Әзірбаев). М. Әуезовті «Тынық Донды» жазған Шолоховпен бірге Толстойдың мұрагері деп есептеу керек (Нузель Литтер).



мирза, мырза (парсының задә және арабтың эмир деген сөздерінің қысқарып, біріккен түрі). 1. Іс жүргізуші, хатшы. 2. Бектің баласы, бектен туған бала (ханзада, шаһзада, бекзада). 3. Тарих. Ертеде сыпайлылықты, құрметтеуді білдіру үшін сауатты, білімді кісілердің атына қосып айтылған. Сондай-ақ хан, патша, шаһ әулеттерінің аттарына қосылып айтылған (Ибраһим мырза, Темірдің тұқымдарын солай деп атаған). 4. Ауыс. Колы ашық, жомарт. Қосымша, Молдеке, сөз беріпсіз алтын біліп, Жүр ексн мырза болсам халқым біліп. Ақымақ Қалқұматтай өкпе айтпаймын. Кісінің ажыратпай парқын біліп (Жәмила). Мырзаларды қадірлейін десен, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш иттен кеп (Абай).

(п — к) мырзатирик, мырза терек. Тік өсетін тал тектес терек.

(п — к) мирзалиқ, мырзалық (мирза + лиқ, мырза + лық). Қолы ашық, сақылық, жомарттық. Сөйлейді кептер барлық сыр зарлығын, Сұңқардың жомарттығын, мырзалығын. Кез болып, қара орманда достық қылған, Үш ерге жан-тәнімен ырзалығын (С. Сейфуллин). Ызбайлы жас доктор кемпірге әдептілігімен ғана ұнаған жоқ, мырзалығымен де ұнады (X. Есенжанов).

миршәб, мыршап, мірсап (мир + шәб). Түңгі қарауылдар бастығы.Мыршап!— деп дауысын зор етіп бір шығарды да,— қара мынаны?— деді ол сүстиіп тұра қалып («Мың бір түн»).

(п — а) мирғәзәб, мірғазап (мир + ғәзәб, мір + ғазап). Жазалаушы, жендет, қанішер.

мири, мірі. Ескіиіе бес тиын майда ақша.

мәйсә, майса. 1. Көгеріп өскен жас шөп, жас көгал. 2. Ауыс. Жайқалған, құлпырған. Жап-жаңа шұқанақ, батпақ кеңіл жайнаған мынау көк майса даладай далиып сала берді (Ғ. Мұстафин). Дүниенің сафа асылы, сарасы — біз, Мақсаты, майса гүлі, санасы — біз (Омар Хәйям).

(п — қ) мәйсәли, майсалы (мәйсә + ли, майсалы). 1. Көктеулі, көкорай. 2. Жайқалған, құлпырған. Көк майсалы дала Терт түлікке тұнып түр (0. Тайманов).



миш, мес. Сұйық зат щүю үшін қойдың терісінен жасалған ыдыс. Кіргенде сусындайтын қымыз келді, Құйылған ысты саба, ысты меске (С. Мұқанов). Жүктің артында, шынында да, теңкиген бір мес қымыз байлаулы түр екен (Б. Соқпақбаев).

(қ — а) минискар, мініскер (минискар, мініс + кер). Өнерлі, шебер. Асыл соққан сүңгімді, Ырғақ алып саптауға Құртқадай болып мініскер, Жар тапқанға талай бар (Қобланды). Бұлтылдаған әр темірдің Қастарында жұмыскер, Иесі сол барлық сырдың Жасаған сол мініскер (С. Сейфуллин).



миуә, миуа, мәуе. Жеміс-жидек. Сайра-сайра сандуғашым, Бақыт таңы атқанда, Сен отырған миуа ағаштың Нұр маржаны шашқанда (К. Аманжолов). Біз еккен кездессеңдер көк шыбыққа, Құрмет ет, бір бұтағын жерге жықпа, Дәуірдің ұлы жаңа адамы еккен, Ағаштың миуасын ал, саяла, ықта (С. Бегалин).

миуәзар, миуазар. Ну орман, миуалы ағаштар, миуалы бау-бақтар.

(п — қ) миуәли, миуалы, мәуелі (миуә + ли, миуа+лы). Жемісті миуасы бар. Онан да өздеріне беріп билік, Дарақтай миуалы тұрсам иіліп (Тұрмағамбет). «Қаратұрық» совхозының көшелерінде мәуелі ағаштар сап түзеп, жапырақ жайып тұр (Ж. Жұмаханов).



(п — қ) миуәлиқ, миуалық (миуә + лиқ, миуа + лық). Миуалы, жемісті, жемістік. Құрметті Ермұқанға Хұсайынұлы, Ақылмен айтқан ғибрат Махтұмқұлы. Миуалық нәр алмаған неше бостан, Көңіл бір мажырасын дария тілі (Қаңлы Жүсіп).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет