Парсыша сөздік кіріспе тіл — қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Егер халқымыз «Өнер алды қызыл тіл»


қ — араб алфавитінің жиырма бірінші, парсы алфавитінің жиырма төртінші эрпі, сандық мағынасы —100. (п — қ) қараарчә, қара арша



бет14/23
Дата27.12.2016
өлшемі8,07 Mb.
#6291
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

қараб алфавитінің жиырма бірінші, парсы алфавитінің жиырма төртінші эрпі, сандық мағынасы 100.

(п — қ) қараарчә, қара арша. Қарағай тұқымдас жемісі хош иісті, тікенек жапырақты (ағаш тәрізді) бұта.

(қ — п) қазақуар, қазақуар (қазақ + уар), Казақтың тілін үйреніп, әдет-ғұрпына жақсы таныс басқа ұлт адамы. Жұрт мұны қазақшаға судай, қазағуар Деп те дәріптеп кеткен (Ғ. Мүсірепов). Ақмоланың оязы Троицкий деген қартаңдау, қазағуар, қымыз бен сүрді *ақсы көретін адам (С. Мұқанов).

қаш* қас* (ердің қасы). Өрнектеп қиып салған ердің басы.

қазий, қази, қазы (араб. қадий). 1. Судья, қазы (қылмыс істерін шариғатша жургізуші). 2. Орындаушы, қанағаттандырушы. Көңіл-қазы, көз-таразы (Мақал). Ай, тақсыр, бұл дүние өтер-кетер! Мал иесі де артынан қуып жетер... Жарлылар да бір табар әділ қазы. Таразылы күн болса арыз етер!.. (Ы. Алтынсарин).

(а — п) қазийханә, қазыхана (қазий+ханә, қазы + хана). Тарих. Қазының билік ісін жүргізетін үй. Ғалалиддин қазыдан келген кісілерге де жарты алтыннан беріп қайтарды. Артынан өзі де қазыханаға барды («Мың бір түн»).

(қ — п) Қалақчә,* қалақша* (қалақ + чә, қалақ + ша). 1. Кішкентай қалақ. 2. Кішкентай тақтайша бирка. Қозыларды енесінен ауыстырып алмас үшін, олардың мойнына номерлеген қалақша байланады (Ә. Мәутенбаев).



қалидж, қалжа. 1. Кесек ет. 2. Ауыс. Босанған әйелдерге, аурудан айыққан адамдарға арналып сойылған малдың еті. Қалжа сөзі парсы тіліндегі «бір жапырақ ет» деген мағынада жүмсалған (Будагов). Шешеміз бізді туғанда қалжа жеген (Ә. Райымқұлов).

(қ — п) қалғимбаз, қалғымпаз (қалғим + + баз, қалғым + паз). Ұйқышыл, уйқы қүмар, қалғуды тәуір көретін. Бірақ олармен қауіпсіз болуға іштей күдікті: эскадронда әскери тәртіп нашар, солдаттары салақ, бейғам, қалғымпаз (С. Мұқанов).

(к — п) қалқаджан, қалқажан (қалқа + джан, қалқа + жан). Қалқатай (еркелету мәнісінде). Қалқа деген сөзден қалқам, қалқаш, қалқатай, қалқажан деп сөз тудырып айтсақ, бұларды бір жақты қарауға келмейді (Ә. Болғанбаев).

(қ — п) қамалханә, қамалхана (қамал + ханә, қамал + хана). Тұтқынхана, қамайтын орын, абақты, түрме.

қали, қалы. Үлкен кілем, жауһары кілем. «Үлкен кілем» дегенді азербайжан тілінде хали дейді. Жүннен тоқылған жақсы кілемді қалы кілем дейді. Қазақ тілінде де бұл әдемі үлкен кілем мағынасында қолданылады, қали парсы тілінен ауысқан сез, мағынасы «кілем» (І. Кеңесбаев, Ж. Болатов). «Кедейсің» дегенге інім, келмес ары, Кімнің сай қалы кілем, қара нәры (Құлназар).

(к —п) қанхур, қанқор (қан + хур, қан + қор). Қан құмар, жауыз, қанішер. Ал егер қиратса қорқау, қанқорды Пайзағай ойнап шартылдап,— Сонда да төгер күн сәулесін Нұрлары бізге жарқырап «Интернационалдан» (І. Жансүгіров). Ол бір ешкімге рақымы түспейтін қанқор еді (Мың бір түн»).

(а — п) қануннамә, қануннама (қанун + намә, қанун + нама). 1. Заң жинағының аты, заң кітабы. 2. Ұстаз.

(қ — п) қанибизар, қаныпезер (қани + бизар, қаны + пезер). Қаны бұзылған, сұм, жауыз адам. Қарабек сұм, барып тұрған қаныпезер, рақымсыз адам еді (С. Айни). Сол пырақ сынды жануарды өлтіріп, сері Ақанды жындандырған бүкіл елді күйзелткен қаныпезер Жұныс жалғыз құдайдың жалғыз еркесі болса да басын кесуден тайынбан (Ғ. Мұстафин).

(а — п) қибләнамә, құбыланама (қиблә + намә, құбыла + нама). Компас (шар тарапты анықтайтын аспап), буссоль (геодезиялық өлшеу аспабы). Жазушының құбыланамасы сонау жылдардағыдай тек Бейімбет пен Сәбит қана емес, енді орыстың озық әдебиет үлгілері болды («К. Ә. Т.»). Кісі басы бір-бірден құбыланама (компас) алды (С. Бегалин).

(а — п) қәбулханә, қабылхана (қәбул + ханә, қабыл + хана). Қабылдау бөлмесі, үй.

(а — п) Қәдрдан, қадырдан әдр + дан, қадыр + дан). Қадірлі, құрметті адам. Құйқылтып, әнге де әсем басып жүрдік. Тәртіпсіз жаман істен қашып жүрдік, Жұрт жөнін, халық қамын ойлайтұғын, Қадырдан жақсыларға жақын жүрдік (Әшім). Не қылдың Баһзатты білдір, жаным? Ол еді жау болса да қадырданым. «Ақылды дұшпан артық, ақмақ достан», Танысу сді онымен ойла ғаным (Тұрмағамбет).

(а — п) қәдрмәнд, қадірмен әдр + мәнд қадір + мен). Құрметті, қадірлі, қадырдан (адам). Өмірдің өскелең дамуын коммунизм нышандарын көре біліп, сөзіне отырып сол шындықты шабытты жырға қосқан ақын әрине халықтың құрметтісі, қадірмен ақыны болып саналады («Қ. Ә. Т.»).



қодуқ, қодық. Құланның, ессктің құлыны. Құлан басына күн туса, қодығына қарамас (Мақал). Есек қодығымен, шеңгел собығымен (Мақал). Құланнан атты қодықты көлден тартты борықты («Қобыланды»).

(қ — п) қарагол, қаракөл (қара + гол, қа-ра + көл). Бұйра жүнді қозы туатын қой тұқымы, бұйра елтірі. Ол шәһәр ғұрпымен сәнді киінеді: басында қаракөлден тіктірген ноғайша дөңгелек бөрік (С. Мұқанов). Қазақстан қаракөл елтірісін өндіру жөнінде екінші орын алып отыр («С. Қ.»).

(а — п) қәраулханә, қарауылхана (қараул + ханә, қарауыл+хана). Қарауыл тұратын үй, бөлмі: (а — п) қиразәтханд, қырағатхана (қири-здт + ханд, қырағат + хана). Оқу үйі, оқу бөлмесі, оқухана.

(а — п) қәрздар, қарыздар (қдрз + дар, қарыз + дар). Қарызды, борышты, дебитор. Қарыздар болсаң жаманға, Тар жерде алар жағадан. Уәжге көнбес түсініп, Қөп сөзіне ісініп, Құтырар иттей қабаған (Майлықожа). Мақұлбек кісіге залалымен емес, адал ісімен қарыздар болды, жұртқа жақсылық істеу парызым, деп түсінетін жан (Д. Досжанов).

(а — п) Қәсдгүй, қаскөй әсд + гүй, қас + + көй). Арам ойлы, қастандық ойлаушы, жаман ниетті.— Бұл не?—деп тағы да айтты Әзім сорлы, Қашқаның не қылғаның мұнша ғұрлы?— Шырағым, мұның өзі қатерлі жер, Бір қаскөй, Жәдігөй дәудің орпы (Абай).

(а — п — қ) Қәсдгүйлик, қаскөйлік (қасд + гүй + лик, қас + көй + лік). Арам ойлылық, жаман ниеттік, қастандық. Қастандық пкғылдарын баспасез, кітап арқылы таратып, шетелдердің аңқау қауымын алдамсыратып, қаскөйлігін құтырта түсу олардың күнелту кәсібіне, күрес тәсіліне айналған («Қ. Ә. Т.»).



қәлдғи, қалайы. Күміс сияқты ақ түсті жұмсақ ерігіш металл, химиялық элемент. Бірінші рет желпілдеді қос бұрым, Бірінші рет ұқты Гүлжан өз сырын. Қолына ұстап ақ қалайы шелегін, Бірінші рет суға барды кешқұрым (X. Ерғалиев).

(а — п) Қәләртәраш, қаламтараш әләм + + тәраш, қалам + тараш). Қалам жонғыш, бдкі, шаппа.

(а — п) Қәләмкар, қаламгер әләм + кар, қалам + гер). 1. Қаламшы, оюшы. 2. Ауыс. Жазушы. Қыран құс самғағандай зәңгір көкте, Ұшқыр сөз шырқап жетсін жан жүрекке. Қаламгер — атойға кең жол ашатын, Ұқсайды қияны атқыш зеңбірекке (Қ. Бекхожин). Қаламгерлердің азаматтық жауапкершілігі мен белсенділігі артты: олар өмір өткелдерінің құппя сырларын бұрынғыдан тереңірек түсіне бастады («Қ. Ә. Т.»).

(а — п — қ) қәләмкарлик, қаламгерлік әләм + кар + лик, қалам + гер + лік). Жазушылық. Әдебиетіміздің мақтанышы, даңқы әлемге жеткен. Мұхтар Әуезов творчествосы, оның қаламгерлік шеберлігі біз үшін сарқылмас рухани қазына (Ә. Байтанаев).



қәләндәр, қәләндар, қаландар. Ел кезуші, дәруіш. Қезбе, қаңғыма тақуа, сопы. Мұны ойлап, зар еңіреп тұрғанымда, Бір кемпір дарбазадан болды душар. Белде — қап, жалаң аяқ, қолда — таяқ, Тіленші — қәләндарды кәдесі бар (Кете Жүсіп). Отка күйген семіз еттің исі мүңкіген манғал жанында йүк түскен нашар киімді дәуріш пен қәләндар (І. Есенберлин).

қәләндәрханд, қәләндархана әләндәр + ханд, қәләндар + хана). Дәуріштер тұратын үй.

(п — к) қәләндерлик, қәләндәрлік әләндер + лик, қәләндәр + лік). 1. Ел кезушілік, кезбелік, қаңғыбастық. 2. Тақуалық, деуіштік, сопылық. Құл болар,— деп, кемзалды киіп, шашын желкесіне түйіп алып қәлендерлік киім киіп, әкесінің ордасын аралап, айналып жүре берді («Алпамыс»).



қәлиан, кальян. Қорқор. Кейбір шығыс елдерінде темекі тартатын құрал; оның темекі салатын кішкене тостағаншасы және кернейшесі бар, олар суға толтырылған ыдыспен жалғасқан, түтін су арқылы кернейшемен ауызға кіреді. Кейде оның ыдысын нәргиледен жасайды (нәргилә, нәргиле).

(а — п) қимарбаз, құмарпаз (қимар + баз, құмар + паз). Ақша тігіп құмар ойнайтын адам (карташы). Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе, Жұртпен бірге езіңді қоса алдасып, Салпылдап шағым қуған бойыңа еп пе? (Абай). Біреулерде алтын тәж. Біреулер жүр жоққа мәз. Біреу тіпті құмарпаз, біреу ылғи сән көздер (Мақтымқұлы).



қәнар, қанар. Үлкен қап (сабан, пішен, мақта тасу үшін).

қути, құты. Кішкентаи сандықша, қобди, кішкене жәшік, кішкентай қаңылтырша (шай, кофе үшін). Әкеңнің айтқан аз сөзін Құтысына кеңіліңнің Төгіп алма, дәлдеп құй. Менің айтқан бұл сөзім Өміріңе пайдалы Басыңда болса егер мн (Дулат жырау). ... Сол құдықтың суын үлкен-кішілі құтыға құяды екен де, еліне апарып таратуға алып қайтады екен (С. Мұқанов).

құтичд, құтыша (құти + чә, құты + ша). Қобдиша, сандықша, ұсақ-түйек құнды заттарды салатын қобдиша.

(қ — п) қура-джай, қора-жай. Шаруашылыққа, үй малдарына арналған жай, мекен. Осы қаланын шетінен елдің көп керуені түсіп жүретін жұпыны ғана қора-жай салып алған (М. Әуезов). Жолды тесеп жібердік те ол қазынаны алдық, колхоздарымыздың шаруашылық қорын молайттық, қора-жайларымыз бүтінделді, қаламызды ойдағыдай сәндеп алдық (Ғ. Сланов).

(қ — п) қуралханә, құралхана (қурал + ханә, құрал + хана). Құралдарды сақтайтын орын, мылтық қоймасы.

(қ— п) қуртханә, құртхана (қурт + ханд, құрт+ хана). Жібек құрттарын асырайтын орын.

(қ— п) қурханд, қорхана (қур + ханә, қор + хана). Қазына, асыл, қымбат байлықты сақтайтын орын.

(қ — п) курганчә* қорғанша* (курган + чә, қорған + ша). Шағын қорған.

(қ — п) қурғамбаз, қорғампаз (қурғам + баз, қорғам + паз). 1. Паналаушы, тасаланушы (адам). 2. Ауыс. Ымырашыл, Мәмлешіл. Қарл Либкнехттің бір сөзі Стеклов пен Чхеидзе тәрізді 110 қорғампаздан қым-бат тұрады (В. И. Ленин).

(к —п) қузыханә, қозыхана (қузы + ханә, қозы + хана). Қозыларды ұстайтын, күтетін орын, жай. Оңтүстік аймақтарда құшхана, майхана, қозыхана, атхана сняқты сөздер жиі айтылады (Ш. Сарыбаев). «Дарбаза» совхозында төл алу басталды. Саулықтарға күтім күшейтіліп, сақманшылар бөлінді, қозыхана әзір (С. Қ.»).

(қ — п) қусбаз, құспаз (қус + баз, құс + паз). 1. Құс құмар, құс әуестігі. 2.Аңшыл, құстардыбаптаушы, құсбегі.

(қ – п) қусханә, құсхана (қус + ханә, құс + хана). Құс өсіретін орын.

(к — п) қулақдар, құлақдар (қулақ + дар, құлақ + дар). Хабардар, жаңалыққа, әр түрлі әңгімеге құлағын түріп жүруші. Осыған кұлағдар болыңызшы,— деді («Ш. С.»).

(қ — п) қулһонәр, қолөнер (қол + һонәр, қол + өнер). Өнімді қолмен өндіретін кәсіпорын. Бір топ сөздер лексикаға енбейтін болғандықтан тар мағынадағы ғылми-техникалық терминология көлемінде қалады. Мысалы, өпертабыс (пзобретешіе). Қолөнер (ремеслгі), (І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев).

(қ— п) қумшәкәр, құмшекер (қум + шркәр, құм + шекер). Қанттың құм тәрізді майда түрі. Соболев әдемі шыны сауытқа салып құмшекер океп қойды (М. Қаратаев).

(қ—п) қунақаш, қонақасы (қунақ + аш, қонақ + асы). Қонаққа берілетін ас, сый тамақ. Көлдей деген сараң байға Қарға ақыннын айтқаны: «Сөйле десең сөйлейін, Қөл ағасы. Қонақ қонса бермейсің қонақасы (X. Біржанов).

(к— п) қуанақджай, қонақжай (қуанақ + + джай, қонақ + жай). I. Қонақіар түсетін, күтілстін орын, жай. 2. Ауыс. Қонақ күткіш, қонақуар. Біздің еліміз қонақжай кследі (Ғ. Сланов). Бірталай азық-түлік, ауыз су алып қонақжай пегрлермен қоштасып жүріп кеттік (Дефо).

(к — п) қунақуар, қонақуар (қунақ + уар, қонақ + уар). Қонақшыл, меймандос. Бұл үй көп Тобықтының үлкен санайтын, күтетін үйі. Және Қүңкедей емес, Ұлжан қонағуар, кең пейіл, мырза (М. Әуезов). Бұлардың қонақуар, меймандос кішкене үйінде Мұқа мен Әлменет те жататын (М. Әуезов).

қуур, құбыр. Қыш керней (су жүргізу үшін жер астына төселеді). Таразы қаласының орнынан мұнан 1000 жыл бұрын жер астында су құбырлары болғандығын дәлелдейтін канализацияның орны табылған (Р. Құсманұлы). Әрбір шыны қүтылардың түбі су құбырының шүмектеріне жалғастырылады (3. Шүкіров, 3. Сақиев).

(к — п) Қуйанханә, қоянхана (қуйан + ханә, қоян + хана). Үй қоянын өсіретін жай, қоян күрке.

(к — п) қуйханә, қойхана (қуй + ханә, қой + + хана). Қойларды ұстайтын орын, жай.

(қ — п) қуыршақбаз, қуыршақпаз (қуыршақ + баз, қуыршақ + паз). Қуыршақ театрының артисі, қуыршақ театрында ойнаушы адам.

(а—п) қәһрман, қаһарман әһр + ман, қаһар + ман). 1. Айбынды, ер, батыр, қайратты, құрметті. 2. Ауыс. Кейіпкер (көркем шыгармада). Қәркиден пілдей қуатты, Тағы арыстан жүректі. Аплатон, Сократ акылды, қаһарман Ғали білекті (Абай). Тұрғанында ұлы халық, қаһарманға қаза жоқтай. Шаумян ойы түнде жарып, жарқырайды маздап оттай (С. Мәуленов).

(а — п — к) қәһрмандық, қаһармандық әһр + ман + дық, қаһар + ман + дық). Ерлік, батырлық, өжеттік.

(а — п) қәһуәханә, кафе әһуа + хана, кафе). 1. Кафе. 2. Кофе ішетін, кофс тәрізді сусын ішетін асхана, дүкен.

(а — п) қиафәтнамә, қияпатнама (қиафәт + + намә, қияпат + нама). Кісінің түсіне қарап қандай халықтан екенін білуге үйрететін кітап).



(к — п) қидиримбаз, қыдырымпаз (қидирим + баз, қыдырым + паз). Қыдыруды жақсы көруші, қыдыруға әуес, құмар (адам). Мен бір қисық түтінді құр өткізбейтін, қыдырымпаз шайқы едім («Мың бір түн»).

(к—п) қизханә, қызхана (қиз + ханә, қыз + хана). Қыздар тұратын үй, сарай.— Несін сұрайсың мырза, белгілі Таһирғаланың қызханасы («Мың бір түн»).

(к—п) қилмискар, қылмыскер (қилмис + кар, қылмыс + кер). Қылмысты, күнәлі. Б. Майлиннің «Қырмапдасы» — колхоз еміріне арналған тұңғыш повестерінің бірі. Онда колхоздың болашағына сенбейтін, есебін тауып жеуді ғана көздеген, бұрын қылмыскер Жүсіптерді әшкереленді («Қ. Ә. Т.»). Асыл тасты жытырған ұры тап сол әне, табиғатынан қылмыскер ұры болуы себепті, қарақшыиы қалады,— депті қыз (Ә. Ахметов).

(к — п) қимизханә, қымызхана (қимиз+ ханә, қымыз + хана). Қымыз сақтайтын, қымыз сататын орын. «Көз көргенде» әйел образдары солғыцдаү шыққан. Осы тұрғыдан әсіресе қымызханадағы әнші шұбар қыздың таяқ жеу себебін ашыңқырап, сондай-ақ ақтардың қолында кетіп бара жатқан бір жасар тұтқын қыздың кейінгі тағдырын толығырақ көрсете кстсе, теріс болмас еді («Қ. Ә. Т.»).



караб алфавитінің жиырма екіниіі, парсы алфавитінің жиырма бесінші әрпі, сандық мағынасы 20.

кадж, ғаж. Қарағай (ұзын қылқанды, үлкен бүршікті ағаш). Төртінші бөлмсге кіргенде бетін пердемен жауып койган ғаж, анбұс ағашынан істелген есік көрді («Мың бір түи»).

кар, кәр, кер, гер. «Іс, жұмыс» мағынасында күнәкар, жұмыскер, қызметкер, қаламгер сияқты сөздерді жасауға қатысатын жұрнақ.

карханә, керхана (кар + ханэ, кер + хана). Жұмыс істейтін жер, өндіріс орны, ұстахана. Үрметті, парасатты жолдас ұста, үлгілі өткен ісі жұртқа нұсқа. Керхана ата мұрас дүкеніңіз, топырлап кетпес адам жазы-қыста (Молда Мұса). Бұл сияқты көп дүниенің иесі кең пейілді, керхана кісі болуы керек («Мың бір түн»).

кардан, кәрдан (кар + дан, кәр + дан). 1. Іскер. 2. Ауыс. Өмір тәжірибесі мол, білгір, білімді (әр нәрседен хабары бар) адам.

карс, кәріс. Селдір мата. Бірақ оның басында астынан жамылған қызыл-ала кәріс шәлі суықта үстінен жамылатын, жүннен тоқыған көк ала кәріс шәлі (С. Мұқанов).

каруан, керуен (кар+уан, кер+уен). Көлік пен жү.к тасу кәсібі, кірекештер: жүк таситын көлік тізбегі. Қызыл керуен ағылған жол бойында, Дала толған дүбірлі комбайнға. Тер маржаны жаңбырдай мөлдірейді Күн қарыған диханның маңдайында (С. Мәуленов). Керуен тартты шұбалып, астық тиеп күндіз-түн, Қарады әлсм таң қалып, кұдіретін колхоздың (Ж. Саин).

(п — қ) каруанчи, керуенші (каруан + чи, керуен + ші). Керуен айдаушы. Керуеншілер мәз-майрам боп күліп жатыр (Ғ. Мұстафин).



каруан-сарай, керуен сарай. Қейбір Шығыс елдерінде керуендер тоқтайтын қонақханасы және қоймалары бар жай. Алты-жеті кісі қап, қоржындарын иықтай Оренбургтің керуен сарайына кештетіп келіп кірді (Қ. Әбдіқадыров). Онан шығып Халап қаласында бірнеше күн болып, Басыраға барып, керуен сарайына түсіп, атын байлайды («Мың бір түн»).

кари, кари, кәрі. Іскер, іскерлік (Тилакари, Тілдәкәри).

кариз, кәріз. Жер астындағы біріне-бірі жалғасқан су ағатын арықтар, каналдар систсмасы. Егіліп I-түрлі жеміс миуаланса. Тамаша теңізден де қазғап кәріз. Тамаша кұмда болмай кімде болар,— Асы көп, ақшасы мол, аты семіз (Дэме).

касә, кесе. 1. Пияла, шай ішетін шыны. 2. Гүл тостағаншасы. Үйіне де түспеді, Бір кесе сусын ішпеді : («Алпамыс»). Отырдым, көрсем — жекіп тастарма деп, Шал айтты: «Көріңіздер, жасқанба деп, Кесені қолыма алып қарай бердім, Ішінде нақақ көзден жас барма деп (С. Торайғыров).

касә-әйақ, кесе-аяқ. Кесе мсн аяқ, ыдыстар. Күлкі қысқан Бөбек, кесе-аяқ жиғанша әліп бара жатты (Ә. Нүрпейісов).

(п — қ) касәдай, кеседей (касә + дай, кесе + дей). Кесе сияқты, кесе тәрізді. Төңкерген күміс кеседей екі емшегі, құмырысқадан жіңішке белі, қысқасы барлық мүшелері айқын кирініп, біртүрлі көңіл құртын Қоздырып жіберді («Мың бір түн»).



кашин, кешен. 1. Үлкен саз балшықтан жасалған ыдыс. 2. Сырланған қыш. Арқаның өн бойында кездесетін жойқын обалар, тас шарбақтар, тас мүсіндер, бұзылған қыстаулардыц орны, сұлу күмбез кешендер — барлығы ерте заманның тарихп ескерткіштерінен қалған (Ә. Марғұлан).

кәғаз, қағаз. 1. Жазу-сызу үшін ағаштан иә мүберектен жасалған материал. 2. Ауыс. Хат. Білімді өлсе қағазда аты қалар (Мақал). Ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын (Абай). Жөнелді жылы жаққа қаз көлінен қуып қыс деген. Жайылды жерге ақ қағаз, Жазулар әлі түспеген (С. Мәуленов).

қағәзбаз, қағазпаз. Қағазға әуес, қағаз құмар, қағаз басты (волокитші).

каф, кәф. Араб алфавитінің жиырма екінші, парсы алфавитінің жиырма бесінші әрпінің аты. Каф, камил ақылың мол асыл затым... (Абай).

какол, кекіл. 1. Кекіл, төбедегі, маңдайдағы бір шоқ шаш, қыл. 2. Тұлым, айдар. Әтір мен жұпар аңқиды. Тарқатсаң өрген кекілді (Молда Мұса). Шоқпардай кекілі бар... (Абай). Жалған шаш шұбатылып, кекілі көзіне түсіп, ауыздан су алғызғандай сұлу қыз болды да шықты Мың бір түн»).

кәлбдә, келбет. Форма, қалып, бет-бейне. Сәлем де, Берімбайға, Ерманбеттен, Жүрмей ме жақсы жігіт бір келбетпен (Бұдабай). Ақыл бітпес дәулетке, Дәулет бітпес келбетке (Абай). Нұр — сәуле шашырады тербетіле, Жұрт құмар Бөрібайдың келбетіне (X. Ерғалиев).

(п — қ) калбәдти, келбетті (калбдд+ти, келбет + ті). 1. Пішінді, кескінді, мүсінді. 2. Ауыс. Ажарлы, көрікті, сымбатты. Батырлардай айбынды, Арыстандай келбетті (Н. Байғанин).



кан, кен. Жер астынан қазып алынатын керекті заттар. Кен байлығы — жерде, сәз баіілыгы — елде (Мақал). Қара жер адамзатқа болған мекен, Қазына іші толған әр түрлі кен. Ішінде жүз мың түрлі асылы бар, Солардың ең артығы немене екен? (Абай).

(п — а) кан-химиа, кен-химия. Кен мен химия 0тан согысы жүріп жатқан жылдардың өзінде Жамбыл — Шолақтау темір жолы мен кен-химия комбинатының құрылысы басталған болатын (И. Ықсанов).



кау, қау. Гүркау, қорқау тдрізді сөздерде кездеседі.

кауак, кеуек. Іші бос, қуыс. Кеуек те құримын демейді Мақал). Мағынасы молдалықтың — толық деген Тек тұрғын болса ақылың, шайқатылмай. Құр кеуек болсаң м ейлің шайқала бер, Не сынсын, не жарылсын, алаң бол май (Н. Ержанұлы).

каһ, кәһ. 1. Сабан. 2. Ауыс. Сары түсті. Қар. Қәһрдба.

(а — п) кәбабханә, кебепхана (кдбаб + хакебеп*+хана). Кебеп (шашлык) пісіретін жай.



кәпедн, кеусен. 1. Тарих. Ауыл дкімдеріне, дін мріне жэне қызметтері үшін темірші ұсталарға, бақташыларға дәндей төленетін ақы. 2. Қемтарларға қырман үсті нде беретін садақа. 3. Базарда сатылған астықтан алынатын алым. Мал өсті ауданымның, егіні бітік, Колхозд ар жннап жатыр алтын дәнін. Алсаңыз, қазақ салты кеусен Әзір Әкеле бер болса да қанша қабың (Гүлжамал). Сыр — десте адам осыны айттырмай-ақ білмес пе! Кесенім Деп тарыдан берсе қайтер бір десте (Жамбыл).

Китабчә*, кітапша* (китаб + чә, кітап + ша). Шағын, кішкене көлемді кітап. Қ. Айнабековтің шығармалары! 928 жылы Қызылорда қаласында араб орпімен көлемі шағын кітапша болып басылып шықты («Қ Ә. Т.»). Әлемде шығатын әдебиеттің бестсн бірі біздің елдің үлесіне тиеді. Әр мннутта 2 мындай кітап пен шағын кітапшалар жарық көрді («Қ. Қ.»).

(а — п) китабханд, кітапхана (китаб + ханә, кітап + хана). Кітап сақтайтын жай. Ұлы ақындар мекен еткен Ғырат, Ғазна, Бағдаттың сарайларына, кітапханаларына әкетеді (М. Әуезов). Республнкадағы ең үлкен кітапхана Алматыдагы А. С. Пушкіш атындағы кітапхана («Қ. К.»).



кәттә, кәтта, әтте. Үлкен, ірі. Бақтияр жасым үлкен, нәсілім кәтте. Сыйламай жасымызды сапсың көпке. Ағаңа беріп тұрған сауалың жоқ, Шырағым кебе ме ішің, тұрсаң текке (Нұралы). Кәтте кеңесіп отырған Итбай мен ауылнайлардың тұрған орындарының шөбі жаңа ғана жапырылып, айналасы тік тұр екен (С. Муқанов).

кәдж, кәж. 1. Кисық, бүгілген, иілген, қисайған. 2. Ауыс. Қыңыр, бір беткей.

кәджауә, кебеже. Түйеге, атқа т. б. малға тең-деп жүк таситын төрт бұрышты текше тәрізді ағаштан жасалған сандық. Кебеже баймүңкелі жүк аяқтар Сырланған, сүйектеген төсек аяқ. Іргеде емізікті қара саба. Пісбегі шекемікті алма сағақ (I. Жансүгіров). Кебеже түбінде жоққа санап тастаған сүр жаяның қалдығы, бір дорба ұн бар екен (Ғ. Мұстафин).

(п — қ) кәджауәдай, кебежедей, абажадай (кәджауә + дай, кебеже + дей). Кебеже сияқты, кебеже тәрізді (үлкен, рабайсыз). Қамшының алақанындан жалпақ, келте мұрны пысылдап, кебежедей жуан қарын дем алған сайын көтеріле түсіп ырқ-ырқ етеді (I. Есен-берлин).

кәчә, кеше. 1. Тілі мүкіс, тілінде үлкен кемшілігі бар. 2. Зейінсіз, зердесіз, топас, ұғымсыз, бейімсіз. Жетім кеше, кезбе қиқар,— деді Асаыбай (Ш. Кұсайынов). Байда бар оқып жүрген бір ер бала. Жасы келіп қалса да ақылы шала... Он жыл үзбей қысы-жазы оқыса да, Әлі күнге ол кеше хат білген жоқ (С. Торайғыров).

кәр, кер. Жұрнақ. Қардың қысқа түрі. Қар, кәр, кер.

(а — п) киракәш, кірекеш (кира + кәш, кіре + кеш). Кірелеп, көлігін жалдап жүк тасу кәсібімен шұғылданатын кісі, кіре тасушы, жүкші. Кірекеш едік жолаушы, қалаға кіріп барамыз. Байсын деген еліміз, Жиделі — байтақ қаламыз («Алпамыс»). Кеш болған соң кірекештер келіп бір жерге қонады (С. Сейфуллин).



карбоз, кербез. 1. Сұм, алаяқ, желаяқ, қу, жылпос, кезеп, суаит. 2. Ауыс. Сәнқой, сырбаз. Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, сақал-мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ (Абай). Қымызшы Мәлике кербез көрінді (Ғ. Мұстафин).

(п— к) карбоздик, кербездік (карбоз + дик, ксрбез + дік). Сәнқойлық, әсемпаэдық, менсінбеушілік. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, маған мал жоқ па?— дегендей еріншектік, жалқау, салғырттық, кербездікке салынады (Абай).



кирпич*, кірпіш*. Қыш, балшықтан қалыптап жасалған құрылыс материалы. Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан (Абай). Қатарласып кірпіш үйлер салынып жатыр (С. Ерубаев).

кәрд, кәрд. 1. Істелген әрекет, іс. Бұ да бір за-лымдықтың кәрді шыгар. Қара мен айрылмаса арасы ақтың. Ақ жолын парасаттың күйелеген. Шылауын жете-лепсің бір бетбақтың (Кете Жүсіп).

кәрданг, кердең. 1. Ақылсыз, зердесіз, жөнсіз, қисынсыз. 2. Жеңгейлік (жексұрындық). 3. Жел-өкпе, маңғаз, мәнсапқор. Басында ми жоқ, өзінде ой жоқ, Күлкішіл кердең наданның (Абай). Бойына жан теңгермей кердең тартқап, Бұрылып жан-жағына қарамайды . Қуанышбаев).

(п — қ) кәрдәнгдау, кердеңдеу (кәрдәнг + дау, кердең + деу). Маңғаздану, шалқақтау. Сойған қой, берген қымыз құрметіне, Байлар да кердеңдейді, алшақ басып (С. Торайғыров).

(п — к) кәрдәнгдик, кердеңдік (кәрдәнг + дик, кердең + дік). Маңғаздық, шалқақтық. Бүгінгі аман бола ма, үнемі аман? Кердеңдікпен деп тұрсың не бар маған. Шалқақтық пілмейтін кімге жаққан. Екпінге ерегессең кәтер саған (Абай).

кәрдәнг-кәрдәнг, кердең-кердең Қар. Кердеңдеу. Аяғын кердең-кердең керден басты, кердеңдеп қыруар жұрт елден асты (Б. Майлин). Осындағы кердең-кердең шығармаға ерекше көрік беріп түр (Ә. Болганбаев).

кәрдә, кәрдә. Жұмыс, іс; өндіру, шығару кәрк, керік. Аңның аты. Қар. Кәргәдән, керкуден. Астына келе жатыр мініп керік, Жүре алмас ат пен қашыр адым керіп (Тұрмағамбет). Сол жазирада керік деген аң көрдім. Өгіз сияқты оттанды, үлкендігі түйедеп гері үлкен. Маңдайында жалғыз мүйізі бар. Оның ұзындығы он кездей Мың бір түн»).

көрк, күрік. Жұмыртқа басушы мекиен (күрік тауық). Тауықтың күріктеуін, әдетте, оның жұмыртқа басуының белгісі, деп санайды.

кәргәдән, керкүдан. Носорог (жылы жақта тұратын, мұрнының үстінде бір я екі мүйізі бар шөп-сүт қоректі үлкен хайуан). Біздің диалектологтар: доке (марля)... керкүдан (носорог), күдері (жираф)... деген сияқты әдеби тілімізге қажет диалектизм дер еді. Бұлан ету әдеби тілімізді өсірмейтін, кедергі болатын қырсық іс, ондайлардан аулақ болуымыз керек (I. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев).

I — кәрней, керней. Ауызбен үрлеп тартатын музыка аспабы. Қекпеңбек темір киген әңкей батыр, Тарттырып женеледі сырнай-керней (Абай). Мен кернейдің даусынан шошып ояндым («Өзбек әңгімелері»).

ІІ — кернай, керней. Мұржа, труба (пештің, самауырынының). Ерте тұрған Елекең екі пештің кернейін оңдап қойыпты (Ғ. Ибрагимов).

(п — қ) кәрнәйчи, кернейші (кәрнәй + чи, керней + ші). Керней тартушы. Кернейші кернейінін аузын жоғары қаратып ақыртқанда, Регистанды басына көтерді (С. Айни).

(п — қ) кәрнейлату, кернейлету (кәрней + лату, керней + лету). Керней тарту. Қанішер жауыз Ерден слді шауып, Бейкүнә момындардап олжа тауып. Лепіріп кернейлетіп қайтты еліне Мардамсып, әнін салып ауық-ауық (0. Шипин). Көктем жақындаған сайын жүректі жылытып, қуантады. Ол жеңіс мерекесін тойлағандай сырнайлатып, кернейлетіп жан-жәндікті сәндендіре, жырлата келеді (Е. Арыстанов).

кәс, кәс. Кісі, адам. «Мен қойдым, сен айта бер!» депсің және Пайдасын басыңа алып шаршамастың, жолдасын жалғыз жолмен қоя берген, Солай малайығы сына-кәстің (Кете Жүсіп).

(а — п) кәсбхор, кәсіпқор (кәсб + хор, кәсіп + қор). Кәсін құмар, кәсіппен шұғылданушы, пайда табушы.

(а — п) кәсбгар, кәсіпкер әсб + гар, кәсіп + кер). Кәсіпші, Кәсіп істеуші, қолөнерші.

(а — п) кәсәлханә, кеселхана әсәл + ханә, кесел + хана). Аурулар емделетін үй, аурухана.



кәсмә, кеспе. Бетке салбырап түскен бұрым шаш.

кәш, кеш, кес. Кәсіп иесінің іс-әрекетін, мамандықты көрсететін жұрнақ, «арбакеш», «кірекеш» тәрізді сөздерді жасауға қатысады.

күштән, кәстен. 1. Қыру, өлтіру, жоқ қылу, құрту. 2. Қырушы, жоюшы. Қип оқып құран қари болсаң, Шәке аулаққа арсыздықпен кетпе ұзайып. Кәстенше құр далаға атсалыстың жанжалдан сәзін теріп ажырайып (М. Құлмырзаұлы).

кәштә, кесте. Бір нәрсені түрлі түсті жіппен сәндеп, әшекейлеп тігу. Биік төсектің бас жағында жер төсек бар екен. Соның үстінде Бежейдің екі бойжеткен Қызы кесте тігіп отыр (М. Әуезов).

(п — қ) Кәштәчи, кестеші әштә + чи, кесте + ші). Кесте тігуші, кесте маманы, шебері. Тігінші, кестеші еді кіші інісі (Абай).

(п — к) Кәштәлау, кестелеу әштә + лау, кесте + леу). Кесте тігу, түрлі жіппен өрнек салу, әшекейлеу. Өлеңдетіп жас келіншек, Есіне алды сүйген жарын. Жарына арнап жіберем деп, кестелейді орамалын (М. Хакімжанова).

кишмиш, кішміш. 1. Сүйексіз майда жүзімнің бір сорты. 2. Кептірілген сүйексіз майда жүзім.

кәфк, кәпбік. «Көбік» мағынасында, кәпкір (сүзбе шөміш) тәрізді сөздерді жасауға қатысады.

кәфтәр, кептер. Көгершін (сұр-көк, көкшілдеу немесе ақ қауырсынды, үлкен жемсаулы құс). Кептер көп елдерде — бейбітшілік құсы деп аталады. Кептерлер біресе шарықтап ұшып, біресе қалықтап кеп қайта қонып, күмбез төңірегінде асыр салып ойнайды (Айбек). Кептер құс бір терекке ұялапты. Ақ үрпек кездерінде торт баласы, Көріпті қарақұстан қиянатты (С. Сейфуллин).

кәфтәрханә, кептерхана әфтәр + ханә, кептер + хана). Кептер өсіретін орын.

кәфш, кебіс. Аяқ киім, мәсінің сыртынан кистін башмақ. Әркімнің өз қылығы езіпе жөн. Қисық деп айта қоймас кебісіңіз («Сегіз сал»). Жабырқап жатыр жусап жаратылыс, Бермеді түнерген түн қызға дыбыс. Шошымал шолпы, шамбау сылдырады, жалғыз-ақ сыртылдады күміс кебіс (І. Жансүгіров).

Кәфгир, кәпкір әф + гир, кәп + кір). Көбік сүзу, сүзгіш (бірнәрсені сүзіп алатын шөміш). Кәпкір — тесік ожау («К. Т. Т. С.»). Кәпкір, шәйнек, кружка, кофейник сияқты темірден істелетін бұйымдарды І-Алматыдағы «Металлист» заводы шығарады («С. К.»).

(п — қ) кәфилдик, кепілдік (кәфил + дик, кепіл + дік). Жауапкершілік, кепілдік беру. Дастандар тыңнан туа ма. Кепілдік емес айтарым. Егіз елде сынар ма. Әйтеуір бірақ тартамын (Т. Әлімқұлов).

(а — қ) кәфилнамә, кепілдеме, кепілнама (кәфил + намә, кепіл + деме, кепіл + нама). Кепілдікке алу куәсі, кепілдік хат, Ақанның әкесі жат. Ол түрмеде. Соны ол мойындамай отыр неге? Білсе де жау әкесін жасырды бұл, Бере ме кінәсіз деп кепілдеме (К Бекхожин).

каләфә, келеп. 1. Иірілген жіа шумағы. 2. Шілтер тор. Сөзі тең қатардағы жүйріктермен, Жүсіпті кім кемітер, жолға шексе? Бірі сол «оздым,— деген, пешқадамның» Боларлық сөзі жібек бір келепше (Кете Жүсіп). Мақтадан соққан келептей. Омырауыңа боланып («Тарғын»).

кәлакә, келеке. Мазақ, келемеж. Сарбарны қас пен досты ажыратты, Дос құстар біраз көңілін жадыратты. Табалап келеке еткен күңшіл құсты, Қаршыға, лашын кеп қырып салды (К. Әзірбаев).

колаһ, күлә. «Күләпара» тәрізді сөздердс кездесетін «бас киім», «бөрік», «қалпақ» мағынасындағы сөз. Рүстемге Ер едің,— деп,— елге қорған. Тағынан түсіп барып сүйіп қолдан, Қидіріп гауһар гүла көз көрмеген,— Ал,— деді,— тілегіңді менен сұраған (Тұрмағамбет).

қолаһпарә, күләпара. Әйелдердің үлкен бас киімі (бөрік, құлақшын). Күләпәра басымда, пұшпақ тымақ. Ішкі бауын өткізген тесік кұлақ. Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап, Артын белге қыстырған бар құрысқақ (Абай).

кәлтә, келте. Шолақ, құйрықсыз. Кеңеспен кескен тон келте болмас (Мақал). Артына белгі тастаман, Жал — құйрығын келте алды. Ағайынды тойғызбай. Аз күн қоймай, ерте алды (Абай).

кәлтә-кәлтә, келте-келте. Кар. Келте.

(п — қ) кәлтәлау, келтелеу (кәлтә+лау, келте + леу). Шолақтау, қысқалау. Маршалдың келтелеу келген қыр мұрынының астындағы бармақ басындай қою қара мұртын көргенде Говоровтың тап өзі екенін Есей анық білді (Ә. Нүрпейісов).



Колчә, күлше. 1. Печенье (қант қосқан тәтті тоқаш). 2. Кесек, тілім. Алтыпбек, ата десең қуанамын. Баладай күлше берген уанамып (К. Әзірбаев). Күлше нандар тандырға габылып, бір айтарлық азық-түліктер дайын болады (С. Айни).

(п — қ) көлчәтай, күлшетай (көлчә + тай, күлше+тай). 1. Кішкене күлше, тоқаш. 2. Жұқа қамыр. дан күлше тәрізді етіп жасалып, асқан еттің сорпасында пісірілген тағам. «Көргенше аман бол, десті олар: қош тұрғай, Жолыма ірімшік салды құрт, күлшетай. Арнай бір домбыра, дорбаза салды да:— Ал енді зымыра,— деп жатыр,— көкетай» (А. Тоқмағамбетов).



көлк, келек. 1. Қамыс. 2. Қамыс қалам. 3. Садақ оғы. Сөз айтқан Кете Жүсіп өте қырнап, Дақаңа даназалы, дау керекше. Айтыспай үш жыл жүрсе, іші пысад, Өртенген әз-өзінше қу келекше (М. Сіңгірбайұлы).

кәллә, келде, кәллә. Бас, бірнәрсенің ұшы. Әр кәлләда бір қиял әтел). Кресс, сәлде, Арам кәллә «Исус — алла» (С. Сейфуллин). Ақ қойдың келдесі, қара қойдың келдесі, мен құдайдың бендесі — дегенді де намаз деп жүрміз ғой,— деді Ербол Абай мен молдаға (М. Әуезов).

кәлид, кілт. 1. Ашқыш. 2. Ауыс. Бір нәрсенің тетігі, көзі. Ел — ырыстың кілті, ер — ырыстың қорғаны (Мақал). Есікті жап та, кілтті маңдайшаға қалдырып кет (М. Иманжанов). Орыстың ғылымы, өнері, дүниенің кілті, оны білгенге дүнне арзан гүседі (Абай.)

келим, кілем. Түрлі өрнек салып жүннен, мақтадан тоқылған бұйым.

кәм, кем. 1. Аз, көп емес, толық емес, жетіспейтін. 2. Сирек. Кең болсаң, кем болмайсың (Мақал).Кем күшпен тең түскенімнің өзі озғанға есеп,— деді Мажыра Қойшыбайға (Ғ. Мұстафин).

кәмбәғәл, кембағал (кәмбәғал) (кәм + бәғәл, кем + бағал). Қем қойын, кем қолтық, кем құшақ. 2. Ауыс. Кедей, күйі нашар, күйсіз, мұқтаж. Үкімет кедей, кембағалдікі, жарлы-жалшылардікі (І. Жансүгіров). Алпыс мың адам жпналып, Тоғыз мың үй тігілді, тоғыз мың бас мал сойылды,— Кедей менен кембағал, Ішіп тамақ тойынды (Қ. Әзірбаев).

Кәмпир, кемпір әм + пир). Қартайған, қарт әйел. Кемпір (кәмппр) деген сөз парсы тілінде қаусаған шал ұғымында айтылса, қазақ тілінде жасы егде тартқан, қартайған әйел мағынасында қолданылады (Ә. Болғанбаев). Ленннге барып, қасынан Қыз, жігіт, кемпір шал өтті. Бес тармақ жұлдыз басынан Аспанға бердік салютті (X. Ерғалиев).

(п — к) Кәмпирауыз, кемпірауыз. Тістеуік. Қолында балғасы мен кемпірауызы бар, шәкірттердің қасында Баянды ұста аз бөгелді (Ғ. Мүсірепов).

(п — қ) Кәмпир-шал, кемпір-шал. Кемпір мен шал, қартайған адамдар (әйел-еркек). Жас балаға үйде от жоқ тұрған маздап. Талтайып қақтана алмай, өле жаздап, кемпір-шалы бар болса, капдай қиын. Бір жағынан қысқанда о да азынап (Абай). Қалды тек қатын мен бала-шаға, Кемпір-шал жатқан аунап алашаға ұрмағамбет).

(п — к) кәмпир-қусақ, кемпірқосақ (кемпір құшағы). Күннің сәулелерінің жаңбырдың тамшылары арқылы үлкен өзгеріске ұшырап, аспанда алуан түрлі бояумен белдеуленуі. Петергоф, Фоптандар. Биікке құстай шарқ ұрған. Петергоф. Фонтандар — Кемпірқосақ тартылған (С. Мәуленов). Сүйемін көктем, жаз бұлтын. Найзағай атып ойнаған, Кемпірқосақ сұлу тым, салады жүйрік ой маған (С. Бегалин).

(п — қ) кәмтәр, кемтар әм + тәр, кем + тар). 1. Жеткіліксіз, аз, тапшы. 2. Ауыс. Езілген, қаналған, жарлы, жалшы. 3. Ауыс. Мүгедек, жарымжан. Кемтарларға көмектес, әлсіздерге пана бол,— дейді Жәми (Р. Бердібаев). Қазна алсып, ел алсын, кемтар алсын, бар болса ала берсін (Ғ. Мұстафин).

(п—қ) кәмтәрлик, кемтарлық әм + тәр + лик, кем + тар + лық). 1. Жеткіліксіздік, кемдік, аздық. 2. Ауыс. Мұқтаждық, тапшылық, жетімсіздік, жоқтық. Ол бала, кім біледі, кемтарлықтан құсты сатуға жүрген-ау? деп еді, бала шешесі тұрып, мен де солай ойлаймын деді (Ы. Алтынсарин). Үзілген топшы ұшу қабілетінен айрылып, қаз өмір бойы қағып кекке көтеріле алмастай кемтарлыққа ұшырады (Дінисламов).

(п — қ) кәмтик, кемгік (кәм + тик, кем + тік). 1. Кемістік, кемшілік, жетіспегендік. 2. Ауыс. Мүсәпір, бишара. Сынықтың сынып бітті мертіктері, Жетілді кетілгеннің кемтікгері (Қерімбеков). Бірі — ақсақ, бірі — соқыр, бірі — кемтік. Киімі — жүз құраулы жемтік-жемтік (Абай).

кәмка, қамқа. Жібек матаның бір түрі (қытай жібегі). Мінгізді бедеу атын да, кигізді қамқа тонын да Қамбар батыр»). Алтын — күміс кигені қамқа (Абай). Жан емеспін бойсұнатын, тәлкегіне тағдырдың, Қарсы келсе тағдыр маған, дей бер оны қан қылдым. Жыртық тонды бермеспін мен қамқасына патшаның, болсамдағы тақыр кедей, арым — таза, ақ жаным (Хафиз).

кәмхаб, қымқап. Алтын, күміс араластырып тоқылған қалың оқа жібек. Екі мың атлас, қымқап келді кілем, келді тон таңырқайтын алтын кілең. Дүр, гауһар тілдә, күміс қалды үйіліп, Санасаң шағылатын қатып сілең (Тұрмағамбет).

(п — қ — п) кәмдәкәм, кемде-кем (кәм-дә + кәм, кем + де+кем). Өте сирек, ілуде біреу. Дүіше жүзінде қазақтан ұзақ амандасатын ел кемде-кем болар (Ғ. Мүсірепов).

(п — қ) кәмдик, кемдік әм + дик, кем + дік). Тапшылық, жетімсіздік, аздық. Ылғалдың кемдігі салдарынан ауылшаруашылық дақылдарының өнімі тұрақты емес (Кәкімжанов). Кемдіктің кесіп бұғауын, Енді азаттық құсы боп, халқым, кірді берекең (Жамбыл).

I — кәмәр, кемер. Бел. 2. Белдік, белбеу. Гәуһар кәмәр беліңді буған шақта, Ұқсанмын деп ойлаушы ең Ғайн қорға («Ақан сері»). Бір күні лапкесінде отыр еді, Торғын тон, алтын кемер бір шал келді. Не қылса да бір құрметті адам ғой деп, Әзім тұрып, иіліп сәлем берді (Абай).

II — кәмәр, кемер. Су шайған, су орған жаға, су қазындысы, шұңқыр, тік жар, құлама. Шалқыған шақта кемерің Қабыңа келіп бір ақын, Қайталап іштей өленін Жарыла жаздап тұратын (Д. Қанатбаев). Тоғаннын көмей қақпасы ашылып, кемер кернеп, толып тұрған су арық бойлай сарқырап жөнелгенде, ел ду қол шапалақтап қымыз да сары тегендеп керсеңдерге құйыла бастады (С. Бегалин).

(п — қ) кәмшилик, кемшілік әм + шилик, кем + шілік). 1. Олқылық, кемістік, жетімсіздік. 2. Ауыс. Жоқшылық, тапшылық. Ыбрай өмірдегі кемшіліктерді көріп қана қоймайды, оған наразылық білдірді (М. Ақынжанов). Совет мамандары бертін келе мазай қойының кемшіліктерінің бәрін де жойды (М. Ермеков).

(п — а) Кәмқәдәм, кемқадам әм + қәдәм, кем + қадам). Жүруді жақтырмайтын, сирек жүретін. Тұранның кеткеннен соң бәрі қашып, Тұмандай тарқады ашу қалған басып, Күн батып, кәз байланып, құтпан болып, Ас-суды уақыт еді жатқан асып, Екі атпен қайтты алып үш адамды. Кісі еді көп сүйетін кемқадатиды ұрмағамбет).

Комәк, көмек. Жәрдем, заттай, іс арқылы қол-қабыс. Қазақстан жерінің барлық байлығымен, тауларының барлық қымбат асыл кендерімен майданға керемет көмек, қолқабыс тигізіп отыр... Правда»). Қазақстанның да бұрын езілген халықтары ұлы орыс халқының көмегі арқасында бір кездегі мешеулігін жойды (Д. Қонаев).

(п — к) комәкчи, көмекші (көмәк + чи, көмек + ші). 1. Жәрдемші, қолғабыс етуші. 2. Ауыс. Қосалқы. Владимир Ильич адвокаттың көмекшісі болып жазылды (Ульянова). Колхозшының үй іргесіндегі жерінде езіне меншікті көмекші шаруашылығы, тұратын үйі, өнім малы, құсы және ұсақ шаруашылық сайманы болады («ҚазССР конституциясы).

(п — к) кәм-катик, кем-кетік. Кедейлік, кемтарлық, жоқтық, жетімсіздік, кемістік. Сексенге келген шағымда, Домбырамды көлбетіп, Мен жырламай кім жырлар, Бақыт кұсы басымда Түгенделді кем-кетік. (Н. Байғанин). Жаңа дәуір ақындарының шығармаларында мұндай кем-кетіктері мен мін-мүлтіктер азайып, бірте-бірте бәсеңси бастады («К- Ә. Т.»).

кәмәнд, кәмәнт. 1. Арқан, бұғалық (лассо). 2. Тұзақ, ілгек. 3. Шылбыр. 4. Ауыс. Бұрым, шаш. Екенін Апрасияп білдімдағы, Қолыма кірдім кәмәнт ілдімдағы. Мойныма бұзып келіп бұғау салып, Сүйрелеп шықтым Сыртқа, күлдімдағы (Турмағамбет).

(п — қ) кәму, кему (кәм + у), кем + у). Сирек-тену, азаю, қысқару. Өткен ұрыстардан есеңгіреп қалған немістер кейіннен тың күштерін әкеп кеміген қатарын толықтырып алды да, әр жерден алмалап контратакаға шыға бастады (Ә. Нүрпейісов).



кәминә, кәмина. 1. Кішкене, бейшара, нашар, мүләйім (әдепшілік, сыпайылық түрде өзін кемітіп айту). 2. Минимум. «Жұмбақ — дер,— шешу емес, бұл жауабың», Зейінсіз құрғақ айтқыш болса долы. Артына бақадар хал жазушының Кәмина молла Жүсіп қойған қолы (Қаңлы Жүсіп). Жазушы — бір кәмина, қалыс ағаң, Сіз қанық болған жоқсыздар жендеріме. Балтекей — атам есімі, тым — Мықам, хабарым мақұл көрдім бермегіме (М. Балтекейұлы).

канар, кенер. 1. Шек, шет, қыр, ернеу, жаға (өзеннің, теңіздің). 2. Жақ, тарап.

канарә, кенере. Жаға, жағалау, жиек (өзеннің, теңіздің). Тау басынан тас бұлақ Тасып ақты атқылап, Гүрілдеген көзінен Күмістей су тасқындап... Кенересі кемімей, гауһар сулар тамшылап... . Әзірбаев). Кездемелер сондай көп және әралуан. Қызғылт түсті қалың сәтендер, шеткі кенерелері шұбарланған шыттар тұр (С.Айни).

кинай, кеней. Кішірек асық (сақадан басқа). Қорғасынды мен сақа. Ұшырамын кенейін. Жұртым үшін мен құрбан, Жазасын жаудың берейін (Жамбыл).

конджарә, күнжара. Майлы өсімдіктердің майын сығып алғаннан кейін қалатын қалдық дәні. Күнек алу науқаны кезінде қошқарларға... күнбағыс күн-жарасы беріледі (М. Ермеков). Сабанда, күнжарада каротин өте аз (Т. Дарқанбаев).

конджед, күнжіт. Жылы жақта өсетін майлы өсімдіктің бір түрі. Бидай мен арпаны орып алыпты, кендір, күнжіт, бұршақ олі көк қалпында көрінеді, дала бетін көгертіп, толқып тұр (С. Айни). Революциядан бұрын Қазақстан қант қызылшасы, темекі, күнжіт дегендерді білген емес (А. Дауылбаев).

I — кәнә, қант. Қызылшадан немесе борық қамыстан өндірілетін кристалл тәрізді ақ түсті тәтті зат. Арабтың «қант» деген сөзі парсының «кәнді» сөзінен шыққан,дейді Л. Будагов. Текелінің қойнында, Қорғасын мен алтын бар. Қаратал, Көксу бойында, күріш, бидай, қанты бар . Жапсарбаев).

ІІ —көнә, күнді. Қылмысты адамды буғаулайтын ағаш қалып. Аяққа салды кісенді, Мойнына салып күндіні, Томарға мықтап байлады («Ер кеңес»).

кәнәф, кенеп. Талшық қабықты бір жылдық өсімдік. Атының мойнындагы үлкен кенеп дорба (І. Есенберлин). Наку сулы кенепке аяғын ұзақ сүртіп, ол тасыған үмітпен, алқынған жүрекпен келіп ішкі есіктің жез тұтқасын езіне қарай тартты (Ж. Жұмақанов).

кәнә, кене. Өрмекші тектес қан сорғыш кішкентай жәндік. Кетердің көңіліңді мұнша неге, Тырбиған шол бақадай сен аш кене. Басынды маған әкеп теңдемейсің, қанғыған қайыршыдай жаман неме ұрбола). Әкім емес, көне ме, Жылан ба әлде, немене, Зәрлі тілді, улы азу, Аш бүйірден жабысты (Жамбыл).

кәниз (кәнизак), кәніз (кәнізек). 1. Малай әйел, күң. 2. Кіріптар әйел, түтқын әйел. Меджиддин сарай маңында біраз кідіріп, бас кәнизекке кездесті (Айбек).

күбә, күбә. 1. Қол тоқпақ, тоқылдақ. 2. Ауыс. Сабау, ұру, түйгіштеу. Қар. Бадкубә, Баку.

(қ — п) құтаримбаз, көтерімпаз. 1. Бір нәрсенің ауырлығын өзіне алу. 2. Ауыс. Ер, жомарт. Лтты, жаяу, бомба, танк араласқан ойран-ботқа Көтерімпаз жерде талып кеткендей боп жатты отта (Д. Әбілев).



кучәлә, күшала. Ыстық жақта өсетін шелпек тәрізді ұлы жемісі бар өсімдік. Келе жатып, әнеу күні тісі ауырғанда басқан күшаланың бір бөлегі қалтасында екені есіпе түседі. Ойланбастап сол күшаланы алады да тостағанның ішіне тастай салады (І. Есенберлин). Бәрекелді, мына қымызға күшті болсын деп күшала салған екенсің ғой Балжан,— деді Болаттың әкесі (Б. Соқпақбаев).

күчә, көше. Екі қатар үйлердің арасындағы жүру, өту үшін қалдырылған бос кеңістік жол. Сөзіңізге сөз жаздым мен де қарай, Кең көше кәрінесіз керген талай... (Айтмағамбет). Жылдар өтті, орындасын «Бас арық», Күмде өзгеріп, кетті бойың жасарып, Ақын Абай көшеңе көш тартты да. Бірінші боп жазылды «А» бас әріп (А. Тұрмағамбет).

кудәк, көдек. 1. Сәби. 2. Бала, жас өспірім, жас жігіт. Жас көдек жарық көрген жаңа ғана, Көрсеткен жарық дүние менмін ана (С. Керімбаев).

күдә, көде, күде. 1. Бір байлам, бір буда бау. 2. Шөмеле, мая (Қазақстанның түстік жағында үйілген шөпті, пішенді көде деп те айтады). Көде — үйілген шөп, мая («Қ. Т. Т. С.»).

күр, көр. Соқыр, көру қабілетінен айрылғап. Сен бетіңді әрі бүрсаң, Шықты көзім, болды көр (Абай). Қашан келдім бүл ардға. Көр көзімді ашқан кім? Әлде менің түсім бе бұл, Айтыңыз шын астарын (С. Машақов).

(к —п) кураскар, күрескер (курас + кар, күрес + кер). Бір нәрсені қорғау үшін күресуші. Бір кезде революцияшыл романтика туын көтерген М. Горькийдің дауылпаз, сұңқар туралы жырлары Күрескер адамның ұлы арманы мен жарқын мұраттарын анық елестетті («Қ. Ә. Т.»). Ғани жас болса да, терең ойлы күрескер, табанды интернационалист еді (Ш. Артықбаев).



курак, керек. Мақтаның ашылмаған қауашағы.

(қ—п) күрпәчә, көрпеше (курпә + чә, көрпе + ше). Кішкентай, шағын көрпе. Жаңыл бәйбіше сабақтап отырған жуалдызын жаулығының шетіне түйреді де, ширақ көтеріліп, төрге көрпеше салды, босағаға сырғып сары самаурынға жармасты (Д. Досжанов).

(п — қ) күртишкән, көртышқан (күр + + тишкдн, көр + тышқан). Кемірушілер тобына жататын, жер астын мекендейтін ұсақ сүт қоректілердің бірі. Крылов «Бүркіт пен көртышқан» деген өлеңінде патша мен бұқараны мысал етеді. Патшаға уәзірлеріңді тыңдама, бұқара халықтың үнін тыңда дейді (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров). Биыл осы маңайға, жүде, қаптесер мен көртышқанның іні қаптап кетті (С. Мұқанов).

(к — п) күркәмһонәр, көркемөнер. Ойын-сауық, ән-күй өнеріне қабілеттілердің үйірмесі. 2. Өмірді көркем өнер арқылы бейнелеу. Кешке колхоз клубында осындағы көркемөнер үйірмесінің концерті болады екен (Б. Соқпақбаев). Жалғыз көркемөнер ғана емес, дойбы, шахмат сияқты басқа да енермен шұғылданам деушілерге кеңіл бөл (М. Иманжанов).



күзә, көзе. Қыш құмыра (ыдыс). Езулерде трубка, көзе алда. Шарабынан венгердің кәз ойнаған. Қайта-қайта кесеңді алсаң қолға. Көзе шіркін, ортайып азаймаған (Шандор Петефи). Көзе, құман су құятын, тамақ істейтін ыдыстар даярланды (С. Айни).

(к — п) кушатханә, көшетхана (кушат + ханә, көиіет + хана). Жас өсімдіктердің ұрығын, көшеттерді өсірстін орын, жай.

(к — п) күш-джигәр, күш-жігер. Куш-қуат, әрі күшті, орі жігерлі. Олар қайда жүрсе де адамға бақыт, күш-жігер, ізгілік сеуіп жүреді. Құмырысқа меп құс, қайыршы мен жолаушы, бүкіл халық шаруа сепкен дәнмен тойынады (Ә. Науаи).

(к — п) күшимбаз, көшімпаз (күшим + баз, көшім + паз). Көшуге әуес, құмар.

(қ — п — қ) күшимбаздиқ, көшімпаздық (күишм + баз + дик, көшім + паз + дық). Көшуге әуестілік, құмарлық. Менінше, қазақтың көшімпаздығы көшқұмарлықтан емес, лажсыздықтан... енді тек отырықшы болса ғана жариды (Ғ. Мұстафин).

кука, көке. Бала әкесінің үлкен ағасын қурметтеу рстінде айтылады. Көкем үйде болғанда Бұзар ма еді кентімді? («Кобыланды»). Былдырап шыққаныңда тілім менің Көке мен ана орнына Ленин дедім (Т. Әлімқулов).

(п — қ) кукатай, көкетай (кука + тай, кө-кс + тай). Әкстай, ағатай.Көкетайым бүгін біздің үйге келе ғой, екеуіміз іс тігейік,— деді Қалня апай (С. Сарғасқасв).



кукаджан, көкежан. Еркелету, сыйлау, құрметтеу ретінде қолданылатын сөз.

(қ—п) кукпаркәш, көкпаркеш (кукпар + кәш, көкпар + кеш). Көкпаршыл, көкігар іиабушы, көкпарға қатынасушы. Жалғыз ешкі жүз лақ табатын ба еді. Мырза атанамын деп лақты көкпар кештерге бердің,— деді әйелі Мақұлбекке (Д. Досжанов).



кукнар, көкнәр. 1. Апиын қауашағының ішіндегі уақ дзнінен қайнатылып жасалған қумарлық үшін ішетін дэрі, сұйық зат. 2. Үзын сабақты, үлкен және көбінше қызыл гүлді өсімдіктің басы, оның дэні. 3. Апиын. Апиын — көкнәр өсімдігінің түйінін тіліп, содан шыққан сөлдеи жасалады («С. К»). Көкнәр және қызғалдақ сияқты өсімдіктсрде жалғыз-жалғыз гүлдер болады («К. Т. Т. С.»). Сөйтіп отырғанда сол қалаға белгілі тәуіп келді. Ол, көкнар, аппыннан дәрі істейтін, өзі наша тартатын Мұхамбет — Самсон деген кедей еді («Мың бір түн»).

күлбар, көлбар. 1. Бір арқа (жүк). 2. Мойынға асын жүретін қалта, дорба, әскери арқа қалта. Оларды үйе салл қойды өртті. Қалмастан күйіп-жанып күл боп кетті. Күлдерін көлбярына салып алып, Үрледі окып әпсүн-төртті (Тұрмагамбст). Ол «Сізден қалмаймын» деп көлбарын (көннен тігілген дорбасын) мойнына салып, қалқанын қолына алып, атының алдына түсін құландай жортып кете берді («Мың бір түн»).

(қ — п) күлпәрчә, күлпарша. Тасталқан, быт-шыт, күлпара болу. Кейбір құтырынған шағында Иса маяға қонған қораздай боп, Қажымұқанның үстіне міпіп алады. Егер Қажымұқан сілкіп қалса Исаның күлпаршасы шығар еді (С. Мұқанов). Жау бір атса, сен жеті атып, Шықсын мүлде күлпаршасы (Д. Әбілев).

(к — п) күлиард, күлпара, гүлпәре. Быт-шыт, күлпарша болу. Егер жардап құласа пәуескеиің күлпәресі шыгатын (С. Мұқанов). Сақта, кұдай, күлпара боламыз-ау онда,— деді шошыған Жапалақ (Ә. Тэжібаев). Кұрсаулы кәрлен кеседей, Қапиталпзм дүниесін, Төңкере қарап тұрмыз біз, Күлпара болсын, күйресін . Аманжолов).

(к — п) кумирханә, көмірхана. Көмір қоймасы, көмірді сақтайтын орын.

(к — п) кунгханә, көнхана. Көң сақтайтын орын, көң сақтағыш.

(к — п) кунимбаз, көнімпаз (күним + баз, көнім + паз). Көнгіш, келісімпаз. Қараңғы сл зорлыққа, құлшылыққа көнімпаз болады,— дсді Ыбырай (М. Ақынжанов).

куһ, гоһ, қой. Айналасындағы жерден биік, өте биік жер, тау. Жүсіпке Ешниязов жаздым арнап, «Білімі» тауындай,— деп, гоһи кафтың. һәм және шабыстарға шаң ере алмас, белгілі шайыры көп сіздің жақтың (Қ. Баймағамбетов). Барды алып Гоһ һамауын деген тауға, Тау еді, ол өте ыңғайлы қорғалауға. Ішінде кей қысырауға барған хаттың, Бар ед сез осы арадан ұшырауға ұрмағамбет).

күһстан, гоһстан (күһ + стан, гоһ + стан), Таулы жер, таулы ел, таулы аймақ.

(п —а) Қуһкаф, Қойқап (куһ + каф, қой + + қап). 1. Қап тауы (аңызда бұл тауда құстардың патшасы самұрық тұрады-мыс). 2. Ауыс. Жердің шеті. Мен түгіл жансыз темір нұрыңа мас. Секпе мені қасыңнан кете алмаған. Тауында Күһқаптың сен бір дархат. Алсам деп саяндағы екі алмадан (Әріп).



куйә, күйе. Кішкентай көбелек тәрізді жәндіктің құрты, ол жүннен істелген бұйымдарға зиян келтіреді. Жүнді күйе жемес үшін қаптарға нафталин, я жұқа темекі қабыршақтарын сепкен дұрыс (М. Ермеков).

кәһроба, кеһроба. 1. Янтарь (жер астында ағаштың шайырынан тастай қатқан мөлдір сары түсті зат). 2. Сары.

кәһнә, көне. Ескі, тозған. Үй иесі буырыл сақал Дәркембай омырауы ашық көне көйлектің сыртынан жұпыны шекпенін жамылып, жалаңаяқ малдасын құрып, Абаймен әңгімелесіл отыр (М. Әуезов). Көне дүниенің тозығы жеткен мына сияқты мұрасын жоятын уақыт жетті (Ә. Әбішев). Қарт атам кепті көрген көне кісі Аққудың сақалшашы қанатындай (А. Тоқмағамбетов).

(п — қ) көһнә-түз, көнетоз. Ескі, ұсталған, киілген, көнеріп тозған. Құрманғазы көнетоз қара домбыраны Динаға ұсынғанда, үлкен үміт тілегін айтқан (С. Бақбергенов). Әдемі бір қоңыр кеш. Көнетоз шағи жібек түстеніп, аспанның батыс жағы сар қызыл тартты (I. Жансүгіров).

кәй, кей. 1. Патша. 2. Батыр. 3. Ауыс. Ұлы. 4. Кісі аттарында кездеседі (Кейқуат).

китмән, кетпе. Жер қазу, шабу үшін пайдаланылатын қол құралы. Кезі келсе, кетпен шап, Майтылмаса қайрылсын (Мақал). Еңбек даласында дихан кетпендері жарқырайды («Қ. Ә. Т.»).

(п — к) китмәнчи, кетпенші (китмән + чи, кетпен + ші). Кетпенмен жұмыс істеуші, кетпен шабушы. Осы каналдың бойындағы барлық кетпеншінің он үш мың жарымы әйел еді (С. Мұқанов).

(к — п) кирханә, кірхана (кир + ханд, кір + хана). Кір жуатын жай, орын.

кисә, кісе. 1. Әмиян, шилан, ақша қалта. 2. Дөрекі қолғап. Кісі болар бала кісесінен белгілі (Мақал). Нақылда: «Бектен белгі — белге медет», Шара айна қалды, белдік, алтын кісе. Тайдан — ат, аттан — мұрат, тірі болса, Тайынды — таза асыра ұстар мүше! (Шораяқтың Омары).

кисәбор, кісәпір (кисә + бор, кісд + пір). Қалта, кісе кесуші, қалта үрысы, қалтаға түскіш.

(қ —п) кисимбаз, кесімпаз (кисим + баз, кесім + паз). Кескіш, тұрағыш. Аппақ май, сары қыртыс, уылжыған қазыны қиялай кескен кесімпаздар жапырақтай түсіріп жатыр (Ғ. Мұстафин).

(а — п) кәйфкар, кейіпкер әйф + кар, кейіп + кер). 1. Кейіп беруші, көңілденуші. 2. Ауыс. Қаһарман (көркем шығарма.іарда). Өткен жандар бейіттері Теңіз жүзіп, бойлайды. Ескі роман кейіпкері Су бетінде ойнайды (С. Мдуленов). «Құлақасқа» дастандағы басты кейіпкер — халық («Қ. Ә. Т.»).

(қ —п) килисимбаз, келісімпаз (килисим + баз, келісім + паз). Қелісімшіл, ымырашыл. Меньшевиктерге тек реформистік ұйымдық жағынан қалыптаспаған, II Интернационалдық оппортунистік партиялары тұрпаттас келісімпаз ұйым ғана керек еді («ҚПСС уставы»).

(қ — п — қ) килисимбаздиқ, келісімпаздық (килисим + баз + диқ, кслісім + паз + дық). Келісімшілдік, ымырашылдық. Меньшевиктер өздерініц келісімпаздық тактикасы арқылы революцпяға бөгет жасдды, жұмысшылардың едәуір бөлігін шатастырды (ВКП(б) тарихы).

(к — п) килимбаз, келімпаз (килим + баз, келім + паз). Келгіш, келиге әуес, келе беруші. Жылқы алыстанқырап кеткен кезде, қостың маңайына қасқыр келімпаз болады (С. Мұқанов).

(а — п) кимиаханд, химияхана (кимиа + ханә, химия + хана). Химия лабораториясы, химия тсксеруші орын.

кинт, кент. Қалаша, қалашық, ауыл, мексн, қоныс. Кент парсыша — қала (М. Байділдаев). Ерте-кеш қақтап күн көзі Көне кент болып тұр мезі. О, ғажап! Кент ымыртта Бұлт торлады көк күмбезін (Қ. Жұмағалиев).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет