Парсыша сөздік кіріспе тіл — қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Егер халқымыз «Өнер алды қызыл тіл»


г — нарсы алфавитінің жиырма алтыншы әрпі, парсыша гаф деп аталады. гар, кер, гер



бет15/23
Дата27.12.2016
өлшемі8,07 Mb.
#6291
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

гнарсы алфавитінің жиырма алтыншы әрпі, парсыша гаф деп аталады.

гар, кер, гер. Белзілі бір кэсіпті, мамандықты меңгерген, сонымен шуғылданушы адамды көрсететін журнақ (талапкер, үміткер, жеңіскер, азаткер).

гарс кәріс. Дәке, торғын, гарус, (өрнекті селдір жібек мата). Абайдың белінде кісе белдік емес, жасыл түсті кәріс белбеу (М. Әуезов).

гау, гау. 1. Сиыр, бұқа, өгіз. 2. Діни уғымда (Есауи кітабынша). Бұзау, ториақ шоқжұлдызы (Зоди-ақ белгісі астрономиялық күннің жүрісін көрсететін 12 айдың басы болған жұлдыздардың аты, ол Иран күн жылының екінші айына сәйкес келеді). 3. Үркер.

гаусәр, гаусар. 1. Өгіз басты, бұқа басты. 2. Бұқа басы сияқты әшекейленген күрзі, шоқпар (аңыз бойынша өз жұртын шетел үстемдігінен тұңғыш азау еткені үшін «Шаһнамада» жағымды қаһарман ретінде жырланатын Иранның патшасы Придонның осындай Гаусары болыпты, ол кейін Рүстемге мұра боп қалыпты-мыс). Келді-ау,— деп, кетем ғой деп қырып-жойып, Қалатын кім екен,— деп,— онан мойып? Рүстем Рахышқа мініп алды, Гаусармен тебелерін тастауға ойып... ұрмағамбет).

I — гаһ, гаһ. 1. Орын-жай. 2. Тақ, ғарыш.

II — гаһ, ке (гаштгаһ, сәске). Уақыт, мезгіл.

геи, гәп, кәп, кеп. 1. Сөз, әңгіме. 2. Ауыс. Істің, мәселенің мәні. Уа, және жасық, сақалың ақ, Сыртымнан ғайбат мысал айтыпсың гәп ұралы). Қареке-ау осы сөзің жақсы кеп пе Жалған жауап беруге сөздерге еп пе? («Қозы КөрпешБаян сулу»).

гәдж, кәж. 1. Алебастр (майда түйіршік ақ түсті минерал). 2. Гипс. 3. Сылау, сылақ.

гәдай, кедей. 1. Жарлы, малсыз, байлығы жоқ (адам). 2. Қайыршы, қайыр тілеуші, тіленші. Кедейдің өзі жүрер малды бағып, отыруға отын жоқ үзбей жағып (Абай). Басыңды жиып, Қасыңды тыйып, Жанданса жарлы ұйымның, Ашылып мерей, Қосылып кедей, Теңесе көппен нығын. Теңестірген кенесің. Кіргізбей мс ел есін? (І. Жансүгіров).

(п — қ) гддайлик, кедейлік әдай + лик, кедей + лік). Жоқшылық, жаршылық, тапшылық. Әбіш жасынан кедейлік көрмегенмен де, пар ат жегіп көрмеген шамалы шаруаның бірі еді (С. Қөбсев).

(п — қ) гәдайшилик, кедейшілік әдай + шилик, кедей + шілік). Қар. кедейлік.

гәзәр, күзер. 1. Өткел, өтетін жол. 2. Ағым. 3. Қөшенің, мдхалланың бөлшегі. Бір кезде болғанменен ел күзері, Көнерсе кетер сыиы бұған салдық ұрмақан).

гар, кер, Қар, кер, гер гораз, кіраза. 1. Қабан, азбан, шошқа. 2. Ауыс. Құтырған, елірген. Ұшқалы үш жыл болды берекеміз, Бұл күнде жұрт біткенге келекеміз. Кіраза деген мақұлұқ пайда болып, Құрыды ойын-күлкі, мерекеміз (Тұрмағамбет).

герай, герей, керей, гарай. Тілек, ықылас; бейімділік. 2. Кісі аттарында кездеседі (Керей, Сәлімгерей, Сәнкерей).

горбә, құрба. Мысық (арыстан, жолбарыс сияқты сүт қоректі жыртқыштар тобына жататын үй айуаны). «Айыбын айтамын» деп бір-бірінің, Масқара болған жоқ па ед сәк пен құрба... Жәрдемің «ұлу» жылғы ойымда бар, Аштықта ұмытылмас жеген құрма (Тұрмағамбет).

І – гәрдән, кәрден. Мойын. Бүркіт боп қарданыңнан кірсе манжам, Деп жүрме: «Тығыларға інім қаяқ?» «Мен қойдым, сен айта бер» деп едіңіз, Салмақты сабыры бар адамдай-ақ (Кете Жүсіп).

II — гәрдән, кәрден (кәрлен). Үлкен шыны кесе, шыны ыдыс. Қасен кәрден кеселерге қымыз құйып қарындасына және екі қызға қымыз апарып беріп, Сұлтан-Махмұт жанына қайыра отырды (Д. Әбілев). Қою сары қымызды толтырған кәрден кесе қолына тигенде, Асқан жұтып-жұтып жіберді (С. Мұқанов).

горза, күрзі. Шоқпар, қысқа шоқпар таяқ. Қолдағы күрзімен Кетті салып басына, Осы ұрған күрзіге Құлар еді шапқанша, Қойқаптың тауы, тасы да («Алпамыс»).

гирифт, кіріпт. «Басып алу», «тұтқынға алу» мағынасында кіріптар (гирифтар) тәрізді сөздерде кездеседі.

гирифтар, кіріптар. 1. Үсталған, тұтқын. 2. Қиын халға ұшыраған, шатысқан. Баласы Сандыбайдың Ерден қазы, Құтқарды сан қыранды түскен тордан. Кіріптар бір мұсылман болса көрген, сүйрейді иыққа сап батыр Ерден (Шеген). Айтып алып кіріптар болғанша, өз аузыңа не болсаң еді,—деді Мария (Ғ. Мұстафин).

гәрм, керім, келім. «Ыстық, қызуы күшті албырт» деген мағынада керімдәр, келімдәрі (гәримдару) керімсал (гәрмсил) тәрізді сөздердің құрамында кездеседі.

гәрмдару, керімдәрі, келімдәрі. Қызыл қабықты (тілді удай ашытатын) бұрыш.

(п — а) гәрмсил, керімсал. Оңтүстік Қазақстанда, Орта Азияда, Ауғанстан, Иран тараптарынан шілде айларында соғатын зиянды ыстық жел. Сыбыршым самал тілі шықпаған баладай құлаққа былдырлап, кешкі керімсал қоңыр салқын денені шымырлатады (Ж. Арыстанов). Қорыққа барсаңыз мені ала кетпейсіз бе? — деді Сая ұялшақтап — Неге болмасын! Жайсыз тиіп жүрмесе, Күн ыстық, керімсал ұрады ғой,—деді Далабай (Д. Досжанов).



гәрәнг, керең. 1. Саңырау. 2. Ауыс. Қайырымсыз, керенау. Керең дүние сслт етіп Түгел құлақ асқандай, Жер жара бір шықты үн, Серпініне сол күннің Серпілді де, сырғып түн, Жер мен көкті жарылқап Нұрға бөлеп шықты күн (Жамбыл). Бақсам, әлгі жігіт құлағы біржола бітіп қалған керең екен де, сол себепті тілі шықпай қалған екен (С. Мұқанов).

I — гәз, кез. Аршын, ұзындық өлшемі, өлшеуіш. Кең маңдай, қолаң шаш, иә бір кез, иә қүлаш, Ақ тамақ, қызыл жүз, Қарағым, бетіңді аш! (Абай). Жарық даланың бір алқабы есебін ешкім білмейтін көк шатыр екен. Солардың ортасында қызыл жібектен жапқан бір шатыр тұр. Оның биіктігі кемінде бір мың кез келеді («Мың бір түн»).

II — гәз, кез. Ашалап жасалған садақтың оғының бір түрі. Қайыңнан жонған көп оқтың, Кезін терең ойдырған (Ы. Алтынсарин).

III — гәз, кез. Мерзім, уақыт.



гәш, кеш. «Әсем, көркем, әдемі, сұлу, сүйкімді, жағымды, ұнамды» деген мағнада әйелдер аттарына қосылып айтылады: Назикеиі.

гол, гүл. 1. Түрлі түсті жапырағы бар хош иісті өсімдіктердің жалпы аты. 2. Гүлдердің аттарын білдіретін күрделі сөздерде «әтіргүл» кездеседі. 3. Әйел кісінің аттарын жасауға қатысады (Гүл, Гүлбадан, Гүлжан, Гүлназ, Гүлнара, Базаргүл, Бақытгүл, Балгүл). Гүл өссе — жердің көркі, қыз өссе — елдің көркі (Мақал).

голаб, гүлап. Гүлдің суы, шырыны, сөлі, гүлдің жапырағынан сығып алынған сүйық дәрі. Бетіне басын сүйіп шашты гүлап, Отырды тұла бойын қолмен сылап. «Аһ» деп аузынан шығып жалын, Бір кезде есін жиып, тұрды жылап (Тұрмағамбет).

голаби, күләбі (гол + аби, күл + әбі). Гүл түсті, су түсті, көк, көкшіл (қауынның бір сорты). Ерте піскен әңгелек, қара көк күләбі, сары ала Бұқар қауындарынан аяқ алып жүргісіз (І. Есенберлин). Оңтүстік аймақтарда қауынның торлама, әміре, дәмбілше, кемпір қауын, басыбалды, күләбі, ақ набат сияқты атаулары бар (Ш. Сарыбаев).

голбаз, гүлпаз. Гүлге әуес адам, гүлші.

голбағ, гүлбақ. Гүлденген бау-бақша. 2. Ауыс. Гүлденген өмір.

голбағстан, гүлбағыстан. Гүлденген жер, өлке. Астанамыз Алматы — Қазақстан, Атағы зор Алатау әуел бастан. Қайда жүрсем тартады назарымды, Сен бір жұмақ мен үшін гүлбағыстан (Қ. Әзірбасв).

голбағчә, гүл-бақша. Шағын гүл бағы, көркем гүлді бақша. Есенгелді мен Саржан асықпап аяңдап өздерін қобалжи күтіп тұрған Ағыбай мен Ержанның қасына келді. Ағыбай гүл-бақшаның ортасына әлдеқалай тұра қалған қара жар тас тәрізді. (I. Есенберлин).

голчиләк, гүлшелек. Су сепкіш (гүлге бау-бақша өсімдіктеріне су себу үшін қолданылатын шүмекті ыдыс) лейка.

(п — а) голдждзира, гүлжазира (гол + джазира, гүл + жазира). 1. Арал гүлі, гүлді арал. 2. Ауыс. Гүлденген дала. Шыныпда да Мерекең сияқты аға буын бастаған істі ілгері жылжытып, мына гүлжазира баққа... айналдыру Битан сияқты түлектердің төл ісі (Е. Түрысов, А. Жолдасбеков).

(я — а) голхинна, гүлқына (гол + хинна. гүл + қына). Жылы жақта өсетін, бау-бақша, үйде өсірілетін гүлді өсімдік (бальзамин).

гөлхаиә, гүлхана. Гүл өсіретін жылы бөлме, оранжереп. Сөз қайтар қағазыма қарадагы, Миуа едің иісті гүлханадағы (Кете Жүсіп).

голхорус, қораз гүл (гүл + хорус, қораз + гүл). Қар. Тажгүл.

(п — а) голхәйри, құлқайыр, гүлқайыр (гол + хәйри, гүл + қайыр). Игі, мейір қайырымдылық гүлі, мальва (үлкен жаиырақты жарқын гүлді шөп сықылды өсімдік).



голдар, гүлдер. 1. Ала, ала түсті, гүлді, гүлі көп, әшекейлі (мата). 2. Әсемдеген, әдемілеген. 3. Гүлді (өсімдік). Кім екен деп келіп ем түйе қуған, Қатын ғой гүлдерімен белін буған (Абай). Ферғана шайысы қызықтыра кез тартады. Топ-тобымен шағындап ораған шайы кездемелердің өрнегі қандай ашық, қандай гүлдер, қандай әсем екенін кісі сырғынан-ақ аңғарғандан (С. Айни).

(п — қ) голдану, гүлдену (гол + дану, гүл + дену). 1. Гүл шашу, гүл ашу, шешек ату, гүл жару. 2. Ауыс. Жайнау, құлпыру, өң кіру, сдулеттену. Жаным, сәулем, еркешім қызыл гүлім, Тек сенімен гүлденсін жас ғұмырым (Қ. Аманжолов).



(п — қ) голдау, гүлдеу (гол + дау, гүл + деу). Құлпыру (гүлдсу). Қалалар өсіп, далалар гүлдеп, Балалар шырқап әнге басты. Қосмонавт қызды айнала билеп, Жұлдыздар күліп құшағын ашты (А. Тоқмағамбетов).

голдәстә, десте гүл, (гол + дәстә, гүл + десте). Топ, буда, шоқ гүл, байлам гүл, гүлден жасалған букет.

голзар, гүлзар (гол + зар, гүл + зар). Гүлге толған орын, гүл өскен жер, алаң. Парсы, түркі кітаптары бұны біресе Шираздың гүлзарына әкетеді (М. Әуезов).

голстан, гүлстан. Гүлденген жер, гүлденген аймақ. Жазираны гүлстан ету үшін, Төбені ойға аударып тастаған ер («Халық ақындары»). Дәмі кетпес тәтті сенің жемісің, Тілім жетіп жаза алмадым көбісін... Өзбекстан, Өзбекстан гүлстан, Жырларымды қабыл алшы, туысқан (0. Шииин).

голқагәз, гүлқағаз (гол + қагәз, гүл + қағаз). Гүлденген қағаз, үйдің қабырғасына жабыстыратын әшекейлі қағаз, кейде мата, обои.

голгол, гүл-гүл. Гүл-гүл жайнау, гүлдену, жарқырау. Орденің құтты болсын, Жамбыл аға, Әп жырдың тұлпарындай даңғыл аға. Халқыңның құрметімен гүл-гүл жайнап, жырыңыз бағаланды, асыл аға (К. Әзірбаев). Кәримәт жеңгей гүл-гүл жайнап жүрген Әзізхан сіңлісін көргенде, қызғаныштан бір қызарып, бір бозарды (С. Ұлығзаде).

голгун, күлгін. Алқызыл, қызғылт (түс). Құрғақ жерге су келіп Гүлдендірер даланы, Көкте күннен нұр түсіп, Күлгін тартар ажары («Мың бір түн»). Мінгенім желден жүйрік дүлдүл болды, Кигенім торғын-торқа күлгін болды. Бастаған партияның арқасында, Сыйлаған құшақ тола гүлгін болды (К. Әзірбаев).

голнар, гүлнар, гүлнәр. 1. Анардың гүлі, анар түсті гүл. 2. Кісі аттарында кездеседі (Гүлнар, Гүлнара).

голи, гүлді. Күлді бадам тәрізді сөздерде кездесіп, ақшыл қызыл (түс), күлгін (түс) деген мағынаны білдіреді.

голибадам, күлдібадам. Бадам түсті, ақшыл қызыл түсті, күлгін түсті, түрлі түсті. Батыс жақтағы жалғыз терезенің көмескі көрінген күлдібадам шынысынан Назгүлдің аққұба жүзі көрінеді (Ә. Әбішев). Ел өзге думанды койып, аттардың алдын тосты. Өзге топтан бөлініп шыққан төрт ат бірін-бірі босатпай, тістесіп келеді екен. Торт аттың үшеуі бадан, бірі Күлді-бадан (С. Бегалин).

гилим, кілем. Қар. Килим, кілем. Сексен түйе қомдаған, Сексен түйе үстінде Алтынды жағдан орнаған, Асбаһаны кілем бар, Жібектен гүлін торлаған, Қыз сипатын қараса: Ақ бетінде кіршік жоқ,— Айдын көлдің қуындай («Кыз Жібек»).

(п — қ) гилимчә, кілемше (гилим + чә, кілем + ше). Кішкентай кілем. Есік алдында шағын кілемшенің үстінде сарай иесі Ақрамбай шарт жүгініп отыр еді (С. Айни).

гоман, күмән. Шек, күдік, шүбә. Алайда Жәмидің ғасырларды аттап етіп, барша көркімен, нақылымен, әсемдігімен жеткен өміршең шығармалары... болашақта да ескірмей, әлсіремей, ұрпақтан-ұрпақтың игілігіне жарайтынына, поэзия сүйетін талай қауымға көркемдік тәрбис бере алатынына күмән жоқ (Р. Бердібаев).

(п — к) гоманди, күмәнді (гоман + ди, күмән + ді). Шекті, күдікті, шұбалы. Өзім екен дейін десем — салған төсек, шешкен киім, қосылған сен сол қалпымен бірнеше жылдар бойы қозғалмай орнында тұруыңа тағы күмәндымын («Мың бір түн»).



гимидж, кемеш. Қыш құмыра. Үлкен үйдің екі жапсарына жеткізе ала дастархан жайылған. Қара кемеш күмісті тегештің ішіндегі қымыз кішігірім көл сықылды (I. Жансүгіров).

I — генаһ, күнә, күна, гүнах. Діни мағынада айып, кінә, қылмыс. Барады жазған сайын бойым ысып, Егер де сүйіспесе екі ғашық, — Махаббат тәңірі алдында гүнах болса, «Құранға» неге кірді «Сурә — Юсуф?» (С. Мұқанов). «Бір мысықты өлтіргеннің күнәсы алпыс Пайғамбарды өлтіргснмсн бірдей» екен (Ғ. Мустафин).

II — гонаһ, кінә. Қар. Гонаһ, күнә, күна. Қадір білмес кей жаман, Ата-анасын жоқтамай, Қатыйын тапқан Қоблан деп, Кіна қылар бетіне! («Кобыланды»). Қолымды, ағатайлар, шешші дедім, Жайымды мен айтайын кешші дедім. Егер де кіна маған түсер болса, Етімді жапырақтап кесші, дедім (К. Әзірбасв).

(п — қ) гонаһсиз, күнәсыз (гонаһ + сиз, күнә + сіз, күна + сыз). Бейкүнә, күнәсі жоқ. Ана өмірін тұзақ етіп, Фашист сұмдар қорлап мені, Шие ағашқа кеткен асып, Күнәсіз жас нәрестені («Сәлем саған Украина»).



гонаһкар, күнәкар. Күнәлі, кінәлі, айыпты. «Сен кімсің? Жодігөй сұм жыланбысың. Адамның әйеліне құмармысың? Сиқырлы сөзің, отты көзіңменен Аздырған Қауа ананы зияндысың, Сұлусып сырлы ағашқа қызықтырып, Күнәкар сол сорлыны қылған сұмсың, Жас қызды жамандыққа алдаған сен, Соиымен адам ұлын шарлаған сен... (А. С. Пушкин).

(п — к) гонаһли, күкәлі (гонаһ + ли, күнә + лі). Айыпты, кінәлі. Тозған — нашар михрап тозағына шұлғып, тіземді бүге алмаймын. Маған ренжіме, маған өкпелеме әке! Мен дінсіз. Сіздіңше мен күнәлі, таупықсыз, солай деп атаңыз (Міртемір). Шолпаным деуші ем бір кезде сені, Алыстап кеттің, арамыз шалғай, Мүмкін мүлде ұмыттың мені, Алдыңда үлкен кінәлі жандай (Ә. Сәрсенбаев).

гомбәд, гүмбад. Қар. Гәмбәз, күмбез.

гомбаз, күмбез. Жарты домалақ тәрізді ғимараттың дөңес шатыры. Зор күмбездің нақыштары бейне бір гүл алаңы тәрізді шоқтай жайнап, құлпыруда (Айбек). Болашақ Қөкшетауы күмбез-зеңгер, Көлденең орта жолда талай дөңдер. Әсемді еңбек табы жету үшін, Жеткізіп, зеңгер тауға тұрмысты өңдер. (С. Ссйфуллин).

гәндж, гәніш, кеніш. 1. Қазына. 2. Ауыс. Байлық. Құдайдың «гәніш махфи» қазынасы бар, Астында ағып жатқан дария Нілдің. Наздында ділдабы бар тау мысалдас, Саны жоқ, інжу, гауһар, лағылы, дүрдің (Шораяқтың Омары).

гуаһ, қуа, куә. 1. Бірнәрсеге айғақ болушы, растаушы. 2. Куәлік, айғақтық. Әділ істің куәсі жеңіс тауып, Верлиннің төбесіне тігіп кеттік (Ә. Сәрсенбаев). Өтірік кәрмегенін көрдім деуші куәлер да әлдеқашан дайындап қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін (Абай).

гуаһгар, куәгер, куәші, айғақшы. Қамыққанда мұңдасым, Домбырам болды қасымда, Содан қалған куәгер «Ақ елтірі» басымда («Халық ақындары»). Спандияр Көбеев — ұзақ жасаған, екі дәуірді өз көзімен көріп, соған куәгер болған адам («Қ. Ә. Т.»).

(п — қ) гауаһлик, куәлік (гауаһ + лик, куә + лік). Сенім, куәландыратын қағаз документ. Сүлеймен патшаның қызым кәнизегі болады — деді Заһыр шаһ, ол қуанышпен қалмады, қазыны шақыртып, куәлік істейтін кісілерді дайындап, отырғандардың бірін Сүлейменге уәкіл ата етіп, қызының некесін қиғызды («Мың бір түн»). Декабрь айында емтихан тапсырып, куәлік қағаз алдым (С. Көбеев).

гуәһинамә, куәнама. Куәландырушы документ. Куәлік, куәлік қағаз.

гупчәк, күпшек. Арбаның білігін кигізетін ортасында тесігі бар, үстіне шабақтарды қондыратын дөңгелектің орта бөлігі. Арбаның күпшек темірлері, бұранда, сом темір, сымдар әр жерде шоқтарылып жатыр (Ғ. Сланов). Су күшімен күпшегі жіті айналған турбинаға дүрс — дүрс, күпшекпен жалғасқан темір белдік генераторға жан салып, ол да күрс-күрс айналады. (Ғ. Сланов).

гәудә, кеуде. Көкірек. Бірақ, ол заманда еркіндік қайдан тисін, кеудесіне пан пісірген шонжарлар бұлар қайда паналаса да тауып алып, көрсетпейтін қорлығы қалмайды («К. Ә. Т.). Нұржақып сияқты қуыс кеуде, топас жүрек жандар оның сүйген қызы Сағиланың мезгілсіз өліміне де себепкер болады (С. Көбеев).

(п — к) гәудәчә, кеудеше (гәудә + чә, кеу­де + ше). Кеудеге киюге арнап істелген киім, көкірекше. Костюмнің ішінен кеудешемді кидім де сыртқа шықтым (Б. Соқбақбаев).



(п — қ) гәудәли, кеуделі (гәудә + ли, кеуде + лі). Көкіректі, ірі денелі. 2. Ауыс. Менмен, паң, тәкаппар. Шойын кеуделі, аю жоталы, бүруге біткендей жүндес сом саусақты, қастары қиғаш-қиғаш біткен қара кісі — Игілік би паң да, тәкаббар да емес (Ғ. Мүсірепов).

гүр, көр. Мола, мазар, қабір, бейіт, зират (Самарқант қаласындағы Темірланның мавзолейі. «Гүр — Әмір» деп аталады). Біреуге деп көр қазба өзің түсерсің (Мақал). Жер жүзінде жасайды талай халық, Күшсіз — не күштісі тырнақ салып, Көрер күнін көр қылып жарық бермей, жасайтын өз өмірін қылды тамық (С. Мұқанов).

гүрбан, көрбан. Көрді, моланы, қабірді, бейітті қараушы, күтуші. Манат қыз, назарын сал хатқа мына, Кедейге жұпты болған Дұқтариша. Малы жоқ! Патша қызын көрбан алған. Тиерсің мендей шалға жазса қүда (Молда Мұса).

гурханә, көрхана. Мазар, мола, бейіт (өлік үйі, өлік жайы).

гуркау, қорқау. 1. Көр қазушы, кеулеуші. 2. Ауыс. Қан құмар, ңанқор (К. Юдахин) «көркоо» иранша шағал, шакал, көр қазушы. Ленин атты қаланың Құрыштай берік қамалын, Нық ұста батыр ұланым. Немістің қорқау андары жерімізден арылсын, Қазылған көр оларға, Қанмайданда табылсын! (Жамбыл). Қорқау қасқыр қой бағып, қара құйын аң қағып, Қара қабан бас болып, ішіп, жеп, құр мас болып (Қ. Аманжолов).

гушт, геш. Білді де талатқанын жауға гөшін. Шалдырды шапшаңдатып керней, сырнай, Түраннан түнде тиген алуға өшін. (Тұрмағамбет).

гуштханә, құшхана. Мал сойылатын орын (қасапқана).

гугәрд, күкірт. 1. Сары түсті жанатын ме­таллоид (металл тегіне жатпайтын химиялық жай дене). 2. Сіріңке, шырпы, оттық. Тамырын таз кісінің қиған болар, Күл сеуіп аққан қанын тиған болар. Бір шерік іскеметар, күкірт, сынап, Қайнатып көк дәріні құйған болар (Мұрат). Жұрт әбден қызды: жиналған күрғаған дәріге күкіртті тартып қалса лап етіп жанып кеткендей тәрізденді (С. Сейфуллин).

гун, гін. «Түс рең, түр» мағынасында күлгін (голгун) тәрізді сөздерде кездеседі.

гәуһәр, гәуһәр. Інжу, асыл тас. Қурайлар ақ үкілі иіп басын, Жас талдар жап-жасыл боп жайып шашын, Қызыл гүл қызараңдап нарттай жанып, қызарған елестетті гауһар тасын (С. Мұқанов). Асылдың, асыл гауһары, Жиһанда жоқ тең пары («Халық ақындары»).

гәуһәршад, гауһаршат. һират қаласындағы Әлішер Науаидың салдырған медрессесінің аты. Көктемгі күн аспанның шыңында, Ғираттың «Гауһаршад» медресенің үстінен нөсерлеп нұрын төгіп тұр еді (Айбек).

гәуһәрфоруше, гауһарпүруш. Гауһар және қымбат, бағалы, құнды тастармен сауда етуші, зергер. Ал оның қасында отырған Абулһасанның до сының кәсібі гауһар сатушы еді. Сондықтан Бағдад халқы Гауһарпруш дейтін («Мың бір түн»).

гуй, гөй (көй, кей, қой). «Сөйлеу, деу, айту» мағынасында жәді жәдігөй, дұғагөй, қошеметкөй тәрізді сөздерді жасауға қатысады.

гуйа, гөя. Сөйлеуші шешен, тәтті сөзді. Бірге бүгін бақыт гүлін жайнатып, Бақтарында бұлбұл гөя сайратып, Толқындатып ақ мақтаның теңізін Заводтары бақыт балын қайнатып, Шалқып әсем қала, қыстақтар Жұпар атып жайқалады гүл бақтар (С. Бегалин).

гуй-гуй, гөй-гөй. Гөй-гөйге түсу (басу, тарту). Бремен шал отыр гөй-гөйін тартып (С. Омаров). Айрылған бола қойса көзден бәрі, Көбейген шығар тіпті гөй-гөй зары. Байлаудан босандырып алғанмен,— Тамсанды,— табасың, — деп,—қайдан дәрі? (Тұрмағамбет).

гиаһ, қия. «Қияқты әсімдік, шөп дәрі», деген мағынада мейірқия (мийр + гиа) тәрізді сөздерді жасауға қатысады.

гилас, жылас. Алша тәрізді жеміс ағашы жэне сол ағаштың жемісі.

гин, гін. Сын есімімен қосылып қамгін сияқты сөздер жасайтын жұрнақ.

Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет