Парсыша сөздік кіріспе тіл — қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Егер халқымыз «Өнер алды қызыл тіл»



бет18/23
Дата27.12.2016
өлшемі8,07 Mb.
#6291
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

(У, Ұ, Ү, О, Ө).
о, ө, у, ү, үараб алфавитінің жиырма алтыншы, парсы алф.авитінің отызыншы әрпі, сандық мағнасы 6.

yap, yap. Біреудің бір нәрсеге тәндігін иә бір сапаға ие болуын, соған құмарлығын көрсететін жұрнақ, ол «қонағуар», «қазақуар», «сөзуар» тәрізді сөздерді жасауға қатысады.

уаза, база. Дарбаза (дәр + уазә) тәрізді сөздерді жасауға қатысады, мағынасы «ашылатын, ашылған».

(a — п) уақиғанамә, оқиғанама (уақиға + намә, оқиға + нама). Бабырдың (шығармаларының) кітабының аты.



уақс, бәкіс, уәкіс. Крем, етік майы, аяқ киімді жылтырататын май.

уан, уен. Мал қараушы из мал күтуші кісінің кәсібін білдіретін жұрнақ (саруан серуен, қаруан-керуен). Қар. бан, бағбан.

уанә, уана. «Пәр» (қанат) сөзіне қосылып қанаттылардың (қустардың) атауларын көрсететін жұрнақ (пәр-пәруана).

уау, уау. Араб алфавитінің жиырма алтыншы, парсы алфавитічің отызыншы әрпінің аты. Нон, нала ғып қайғыңмен күйдірдің көп, уау, уайлана ғышқыңда уайым жеп (Абай).

уәр, yap. Бір сапаға иә бір нәрсеге ие болу қасиеттерін көрсететін жұрнақ (жан-жануар).

(a — п) уәрәқчә, парақша (уәрәқ + чә, парақ + ша). Жапырақ қағаз.

(а — б) уәсиәтнамә, өсистнама (уәсиәт + намә, өсиет + нама). Өсиет жазылған қағаз, өсиет қағазы, өсиет кітабы. Дулат шығармалары ауызша тараумен қатар, 1880 жылы Қазан қаласыпда «Өсиетнама» деген атпен жарық көрді («Ү. Ғ. Ж.»).

(a — п) уәқфнамә, уақытнама (уәқф + намә, уақыл + нама). Күдайы ісіне жұмсау үшін берілген мүлік жазылған қағаз, уақып қағазы.



уйран, ойран. Талқандалған, ойсыраған, жұрдай болған, қиратылған, бүлдірілген. Ойран салу талқандау, қырып-жою. Мен кірдім бақшаңызға сейіл етіп, Тұрам ғой тамашанда халім кетіп, Көз көріп, көңіл мас боп дидарыңа. Сындырдым сүйегімді ойран етіп (Ақан сері). Есіктен төрге шейін шашылып ойран болған үй мүлкі жатыр (М. Әуезов).

(п — қ) уйран-асир, ойран-асыр. Астан-кестен, ойран-топыр.

(п — қ) уйран-бұтқа, ойран-ботқа. Быт-шыт, астан-кестен, тас-талқан, ботқадай. Атты, жаяу, бомба, танк араласқан ойран-ботқа. Көтерімпаз жер де талып кеткендей боп жатты отқа (Д. Әбілев). Қырық снаряд шығарып, залпымен тікелеп атыңдар, немістердің ойран-ботқасы шықсын (Айбек).

уиш, уіш. «Жатушы» («ашық есіктің алдында жатушы») деген мағынада дәуріш (дәруиш) тәрізді сөздерді жасауға қатынасады.



I Һараб алфавитінің жиырма жетінші, парсы алфавитінің отыз бірінші әрпі, сандық мағынасы 5. Нон, нала ғып қайғыңмен күйдірдің кеп, уау, уайлана ғашқында уайым жеп, һи, һеш пайдаң тимесе әлді оплаңыз, ләм әлиф, лә иләһа аллала деп (Абай).

II һәрпі парсы, араб сөздерінің аяғында келгенде қазақша ә, а, е, болып оқылатындықтан, ондай сөздердің транс лит ерациясы да солайила беріледі; заманә замана, бәндә пенде т. б.

III — һәрпі зат және сан есімдерінің аяғына ә болып қосылып, жаңа мағыналы зат есімдер жасайды (чәшм көз, чәшмә бұлақ, пәнәж — бес, пәнәжә шапалаң).



һәдик, кәдік. Шел, күдік, шөбә, қауіп. Қылығын естігенде сөйтуі де кәдікті (С. Мұқанов). Нанасын не айтса да амалың жоқ, Түсінде бір кәдік жоқ «алдар» деген (Абай).

һәр, әр, һәр. Әрбір, әркім, әрқайсы, әр түрлі сияқты сөздер қосыла айтылып «жеке-дара» деген мағна береді. Ерлік әр жерде емес, тар жерде (Мақал). Ақыл,— ғылым — екеуі де өзін зорға есептемекті, залымдықты, адам өзіндей адамды алдамақты жек көреді. Һәр кісі де мархабатты шапағатты болмақтықты айтып бұйырады (Абай).

һәрайенә, әрине. Әр уақытта, қаишнда болса, әлбетте, сөзсіз, даусыз. Маяковский! Әрине, үнім бәсең, Бірақ сендей революция жолындамын (К. Бекхожин). Білімділер сөз айтса, Бәйгі атындай аңқылдап, Өзгелер басын изейді, әрине деп мақұлдан (Абай).

(п — к) һәрбир, әрбір, һәрбір (һәр + бир, әр + бір). Әр біреуі, жвке. Меніңше, революция үшін әрбір революционер басын тігіп, қабағын шытпай жанын құрбан ете алатын болуы керек,— деп тұжырды Әбдікәрім (Ж. Арыстанов). Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша, Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша, Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар, Абайлар әрбір сөзді өз халінше (Абай).

(п — а) һәрдаим, әрдайым (һәр + даим, әр + дайым). Десек біз «бар әлемге адам қожа!» Жетсе де қай дүниеге оның қолы, Лениннің әр тасына атын жаза, Барар беті әрдайым Ленин жолы (С. Мұқанов). Арылу ескі машық әдеттерден Әрдайым табылады әдепті елден (Ә. Тәжібаев).



һәрдәм, әрдәм. Әрқашан, әрдайым, әруақыта, дайым, тоқтаусыз, ылғи, лезде, кірпік қаққанша. Қиялың әрдем, жолдасым, Қаңғыртқан мені өз басың. Жем болған жүрек қайғыға Адамда мендей болмасын («Мың бір түн»).

(п — қ) һәрқашан, әрқашан (һәр + қашан, әр + қашан), Әрдайым, үнемі, әруақыт. Көзәйім мұнда қыздар кілең, Жаумыт, теке, торқа кілем тоқиды екен әрқашан (X. Ерғалиев). Окопта хатыңды оқып күлімдедім. Әрқашан кез алдымда түрің сенің. Есімде талмаусырап жатқан кезде Жүзіме тұңғыш рет үңілгенің (Ә. Сәрсенбаев).

(п — қ) һәрқалай, әрқалай (һәр + қалай, әр + щалай). Әр түрлі, әрқандай. Гудзар да:—батаң бер,—деп жайып қолын, Айтқаны әрқалайда қоштады оның. Түрлері тоқтайтұғын болмаған соң,— Бара ғой, болсын,— деді — балам жолың (Тұрмағамбет).

(п — к) һәрқайда, әрқайда (һәр + қайда, әр + қайда). Әр жерде болса да, қайда болса да. Аяғыңды аңдып бас, ей Жақсылық! Өз басыңда жының бар бір бақсылық. Борышқорлық адамға қиын нәрсе, Әрқайда еткізеді мал тапшылық (Абай).

(п — қ) һәрқайдан, әрқайдан (һәр + қайдан, әр + қайдан). Әр жерден, жан-жақтан. Кісіде бар болса талап, Отырмас ол бойын балай. Жүрер, әрқайдан ізденер, Алар өз сүйгенін қалап (Абай).

(п — к) һәрқайсы, әрқайсы (һәр + қайсы, һәруқайсы). Әрбірі. Сүйеміз туған жерді әрқайсымыз, Сондай жер болғандықтан дандайсимыз, Туған жер тұтастырып ұстамаса, Өрмектей бытырар ек арқаусыз біз (С. Мұқанов). Әрқайсысы бірауыздан сөз айтса, үлкен пікір құралғалы тұр (Ғ. Мұстафин).

(п – к) һәрким, әркім (һәр + ким, әр + кім). дриадам, әрбір адам. Бойында сүт мінезді жағымталдық, Әркімге үйірсінед есек аңдып Борсиған фартвелінде «материал», Бір күні артартпақшы бір асар қып (І. Жансүгіров). Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы. Сонда да солардың бар таңдамасы, іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы Қазақтың келістірер қай баласы? (Абай).

һәргиз, әркез (һәр + гиз, әр + кез). Жақсылық ұзақ тұрмайды, Жамандық әркез тозбайды. Үміттің оты елеріп, Қос тізгінді созбайды (Абай). Сезілген жат мінезі мұның әркез, Дарашыл, тәкаппар, паң, кекең кербез (Қ. Бекхожин).

(п — қ) һәрнә, әрне (һәр + нә, әр + не). Не болса сол, әр нәрсе, жоқтан өзге. Күйлі-күйсіз бәйгіге. Қажыды көңілім көп шауып, Көп қинамай әрнеге, енді семірт жем тауып (Абай). Ойы әрнеге барды (Ғ. Мұстафин).



(п — к) һәрнига, әрнеге (һәр + нига, әр +не­ге). Әр нәрсеге, жоқтан өзгеге. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге. Кетігін тап та, бар қалан! (Абай).

(a – п) Һәзлкәш, әзілкеш (һәзл + кәш, әзіл + кеш). Әзілқой, қалжыңбас, қуақы.

(а —п) һәзлгуй, әзілқой (һәзіл + гуй, әзіл + куй). Әзілкеш, әзілшіл, қалжыңбас. Тәкежан қалжыңбас, әзілқой болатын (М. Әуезов). Орта бойлы қара бұжыр жігіт, жебелі келген мұрты бар, әзілқой, сөзшең. Домбыра тартып, аздап елең де айтып жібереді (Б. Майлин).

һәфт, апта, әпт. «Жеті» мағынасын да әптиек (һәфтиек), апта (һәфт) сөздерін жасайды.

һәфтоурәнг, һәфтауран. 1. Жеті тещ жеті арыс. 2. «Һәфт аураң» Жеті қарақшы (жұлдыз). Жәмидің ғазалдары — шын мәніндегі көркем өлең қазынасы... Шайырдың даңқын шығарған дастандары. Жәмн жеті дастан («Хафт авранг») жазып, өшпес көркем сөз ескерткішін қалдырды (Р. Бердібаев).

һәфтхун, аптақұн. Жеті қан. Болған соң жеті жерде ағатын қан, қойылған «Аптақұн» деп әдейі нам. Барғанмен «тәуекел» деп талап батыр, Өкінген ең соңында ұрысып сан (Тұрмағамбет).

Иіл әфтә, апта, бір жеті. Ай өтіп көрмегелі апта болды, Жүрмісің есен-аман жұрт иесі (Нұрила). Аптада біз келеміз, Қазармаға қонақтай. Шығармақшы бізді Отан Шынықтырып болаттай (С. Мәуленов). Балалар, аманбысың, шырақтарым, Майысып көлге біткен құрақтарым! Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын, ішінен асып кетсе бір аптаның (Жамбыл).

(п — қ) һәфтәлик, апталық (һәфтә + лик, апта+лық), жұмалық, жетілік.



һәфтиәк, әптиек. 1. Жетіден бірі. 2. Әптиек қадімі мектептерде оқу құралы ретінде пайдаланылатын Құранның (соңғы жағындағы) жетіден бір бөлегінен құралған кітаптың аты. «Әптиектен» кейін бала, 600 беттей «Құранға» түседі (С. Мұқанов). Оқуы таусылды. Әптиек, құранды, Хожа-Ахмет ясауидың «Хикматын» оқытайын десе бала хат танымайды, танытайын десе, өзі қол қоя да білмейді, мектеп көрмеген адам (Ғ. Мұстафин).

I — һәм, һәм, әм. Солай, сонымен қатар және тағы да, ол да, бұл да, анау да. Біздің бұрынғы һәм қазіргі халіміз («Айқап»). Тамағы қардан һәм баһтар (Абай).



II — һәм, әм. Әрекет иесінің басқа біреулермен бірлестігін, ортақтығын, араласуын, өзара байланысын, қатынасын және бір мезгілде, бір уақытта болғанын көрсстетін (сөз алды) қосымша. Әміре (һәм + раһ) жолдас.

һома, һума. «һомай», «құмай» сөзінің (қар.) қысқа түрі.

һзман, әмен. 1. Дәл өзі, соның өзі. 2. Әр қашан, ылғи, тек сол. Көшпелі халықтың пайдасы болмаса керек. Пайдасы болмайтындығы — көшпелі халықтың пайдаланып отырған жері өзінікі болмай, әмәп қазыналық болып, хисап етіледі (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров). Неше табақ тартылды, пеше теген ішілді, кім қалай жеді, қалай бәсеке болды — әңгімесі һаман осы болар еді (І.Жансүгіров).

һомай, һұмай, құмай. Феникс (грек мифологиясында көп жйсайтын, өзін күйдіріп, күлінен қайта тірілетін құс, жастық бейнесі) ертегі құс, оның көлеңкесі түскен кісіге бақыт орнайды-мыс. Құмай — тек қана биік таудың шыңында тіршілік ететіп, «өлмейтін» ірі жыртқыш құс. Ертедегі аңыз бойынша осы құстың көлеңкесі түскен жанды нәрсенің бәрі бақытты болады, көлеңкесі адамға түссе міндетті түрде патшалыққа қо­лы жетеді-міс (М. Байділдаев).

һомайун, һумаюн. 1. Патшалық, күштілік, қуаттылық. 2. Амандық. 3. Бақыттылык,.

һомайуннам, «һумаюннама». «Патша хаты», «Бақыт кітабы». Батырдың ез елендерінде немесе қызы Гүлбадамбегімнің «Құмаюннамада» берген мәліметтерінде «Бабырнама» о баста «Оқиғанама» деп аталған секілді (Б. Уахатов)

һәмбаз, камбаз (һәм+баз, қам + баз). Өзін-өзі биік тұтушы. Өзінді өзің камбаздай, Бізді мұнша кемітпе. Ақылмен ойлап шешесін, Осы сөздің егесін (Мәйке).

һәмраһ, әміре. Жол серік, ниеттес. Дағды алдырма, тіліңді — Келеңсіз кеңес жыбырға! Азаматтармен әміре бол Көп жегілген шығырға (Шораяқтың Ома­ры). Үйіне Темірбайдың қонған түні, Ac жедік, әміре болып бір табақтан Мұбәде, кірсе самал ең көңліне, Ақыл-ес айырылады әр тараптан (Шораяқтың Омары).

һәмә, һәмма, әмбе. Бәрі, барлығы, бүкіл, бүткіл. Боласыц һәммә елге мықты төре, Ер сөзін егес қылмай, екі етпесең (Кете Жүсіп). Біліп кеп тұрған лапкесін, Бұзып талқан етіпті. Түк қалдырмай әммесін Үптепті де кетіпті (Абай). Қара қарға аян мүнда әмбеге, Өзінде жоқ әлер-бітер тән деген. Бұлар сонау арғы баба зиялы. — Альфараби жүрегін жеп дәндеген (X. Ерғалиев).

һәмиан, әмиян. 1. Қалта, қалташа, дорбаша, шилан (ақша салатын кішкентай қалта). 2. Қалта орнына жүретін белдік. Төре де, оған ерген төлеңгіт те. Тосады әмиянның аузын саған («Бейбітшілік дауысы»). Қалтасындағы тілдә салған әмияны томпиып қала сыпайысының бірі жанымнан өте берді («Мың бір түн»).

һәмишә, әмісе, һәмиша. 1. Ылғи, әр уақытта, әрқашан. Сағаттың шықылдағы емес ермек, һәмише өмір өтпен — ол білдірмек (Абай). Жақсы ағаның зор дәмесін әмісе есітіп ақтандар (М. Әуезов).

һинду, һинди, үндіҮндістандық, үнді халқының уәкілі, үнділік, индиялық. Таң алдында Нұрберген, Маған мұндай ой келген: Үстіндегі бұл таудың, Бұл қақпасын Гауданның Орнатамыз біз бір күн — Теңізіне Үндінің (Н. Тихонов). Бұдан бірнеше жыл ғана бұрын Бенарес шаһарында үш жүз мың үнді ағылшындардың шектен тыс талан-таражына қарсылық көрсетіп, елдін бір бұлжымас қайсарлығымен қажырын көрсететін «Дгурна» деп аталатын таңқаларлық мінезін дүние жүзінің алдьша жайып салып еді (Ғ. Мүсірепов).

һәндәләк, әңгелек. Дөңгелек келген ерте пісетін қауынның сорты. Ерте піскен әңгелек, қара көк күләбі, сары ала бұқар қауындарынан аяқ алып жүргісіз (І. Есенберлин). Желге ұшқан, келді жұмбақ, ебелекше, Талайды таңырқатып жайған сепше. «Қызымын,— деп,— Байсараның» жазып жұмбақ, Құлпырды құмға ойнаған құба жекеле. Қызығын, қызулы ерді қызықтырды, Қызарып ерте піскен әңгелекше (Кете Жүсіп).

һонәр, өнер. Талап, талант, шеберлік, іскерлік, көркем қолөнер кәсібі. Өнер алды — қызыл тіл (Мақал). Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның кеңілін қойып, көзін ашпақ. Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, Думан, сауық онда жоқ, әуел баста-ақ (Абай).

һонәрбаз, өнерпаз. Шебер, ұста, өнерлі, білгіш, білгір. Қожаңды қаияда бір шошыттың, Жылқыдай қалындығы үріккен тазыдан. Атыңды кім де болсаң білдіріңіз, Өзіндей үлгі алайық өнерпаздан (Нақып қожа). «Өнерпаз болсаң, ер бол» дейді, Біржан аға (М. Әуезов).

(п — қ) һонәрбаздиқ, өнерпаздық (һонәрбаз + диқ, өнерпаз + дық). Ұсталық, шеберлік, өнерлілік, білгіштік, білгірлік. Өнерпаздық ой, талап, іс болмай сүйген кәсібімнің күншуақ шыңына ерлеймін деп ойлаған да жан емеспін (М. Иманжанов).

(п — қ) һонәр-билим. өнер-білім. Сондықтан да адам өсе келе еңбегімен, өнер-білімі арқылы табиғаттың қожасына айналмақ (Ө. Есназаров). Өнер-білім бәрі де Оқуменен табылған (Ы. Алтынсарин).

(п — қ) һонәртабис, өнертабыс (һонәр + табис, өнер + табыс). Ойлап табу, ойлап шығару. Бір топ сөздер лексикаға енбейтін болғандықтан тар мағынадағы ғылыми-техникалық терминология көлемінде қалады. Мысалы, өнертабыс (изобретение), қолөнер (ремесло) үндеухат (листовка) тағы басқалар (I. Қеңесбаев, Ғ. Мұсабаев).

(п — а) һонәркәсб, өнеркәсіп (һонәр + кәсб, өнер + кәсіп). Өнермен шұғылдану, бір өнерді кәсіп ету (осы екі сөзден қазақ тілінде шикі затты өңдейтін кәсіп саласы мағынасында қалыптасып кеткен). Қазақстанның өнеркәсібін өркендету ісіне қалтқысыз адалдық көмек көрсету үшін партиялық жолдамамен арнайы аттанған орыс жұмысшы табының алдыңғы қатарлы өкілдері бұл игілікті іске бірден-ақ қызу кірісіп кетті («Қ. Ә. Т.»).



һонәрмәнд, өнермен. Қабілетті, дарынды, талантты, шебер.

һәнгамә, әңгіме. 1. Өзара сөйлесу, белгілі оқиғаны баяндау. 2. Жиын, топ. 3. Жанжал. Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін, Ойланшы, сыртын қойып сөздің ішін. Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді, Шығарған сөз емес қой әңгіме ушін (Абай).

(п — қ) һәнгамәчи, әңгімеші (һәнгамә + чи, әңгіме + ші). Әңгімешіл, әңгіме айтқыш адам. Бұл күнде тамаша ертегіші, әңгімеші Баймағамбет қалың елге аса қадірлі адам боп кеткен (М. Әуезов).



һәнгамугүй, әңгімеқой. Әңгімешіл, әңгімеге құмар, әуес адам.

һәнги, әңгі. 1. Есектің айғыры. 2. Ауыс. Бажылдақ, мазасыз, бақырауық, ұрма. Аңқау аңдамайды, әңгі тыңдамайды (Мақал). Әңгі есектей ақырды, Жынын шашып бақырды («Батырлар жыры»). Ақын десем, шіркін-ай, әңгі ме едік? Әңгіменің бұзасың дәмді жерін (Жамбыл).

һудә, һуда. Жайбарақат, қаннен қаперсіз.

құс. «Ақыл, ес, зейін, сана, қатер» мағынасында байқұс (би һуш) тәрізді сөздерді жасауға цатысады.

һәуләки, әулекі. 1. Желөкпе, даңғой, әумесер. 2. Асығыс, шапшаң, тығыз-таяң. Әулекі журна­лист әкіреңдеп келеді (Мақал). Өзің жалғыз, надан көп, Ұқтырарсың сен не деп, Әулекі, арсыз елге енді (Абай).

(п — к) һәуләкилик, әулекілік (һәуләки + лик, әулекі + лік). Желөкпелік, даңғойлық. Осындай әулекілік мінезіңнен, Алдына қойылып ед неше табақ. Жапанға сені жалғыз қоя берген, ісі екен «Жолдастыққа жайы салақ» (Қаңлы Жүсіп).



һич, еш, һеш. Тіпті мүлдем, тук, бірде-бір (болымсыздық мағынасында сөз тіркестерінде көбірек қолданылады). Тындамаса еш адам, Өз жүрегім толғансын, Әр сөзіне қарасын, Іштегі дертім қозғалсын (Абай). Сендерге өлең айтқанға, Еш шаршадым демеймін (Жамбыл).

(и —к) һичбир, ешбір, һешбір (һич + бир, еш + бір, һеш + бір). Ешқандай, қандай болмасын. Ешбір жан ханға келіп тіл қатпады, Айғуға адам түгіл, жын батпады (Қ. Бекхожин). Лениннің тігіп кеткен Қы­зыл туын Ешбір жау құлата алмас біздің қолдан (С. Сейфуллин).



(п — к) һичнимә, ештеңе, ештеме (һич + нимә, ештеме). Жоқ, түкте емес, оқасы жоқ, еш нәрсе. Ештемеден кәперсіз бара жатқан сияқты (Е. Мұстафин). Қара құстай үймелеп қан сонарда Олжа алам деп бір адам болса қаза, Ештеме алмай жүрмейді ишандардың, Қанағатшыл ақ ниет болса таза (К. Әзірбаев).

(п — қ) һичқашан, ешқашан (һич + қашан, еш + қайлан). Ешуақытта. Қиссалардың тілін кітаби жаргон деуге ешқашан да болмайды (І. Кеңесбаев. Ғ. Мұсабаев). Бай, патша төре, басқа еңбекті жатып жеушілер ешқашан жұмыс істемейді (І. Жансүгіров).

(п — к) һичқандай, ешқандай (һич +қандай, еш + қандай). Ештеңе, дәнеме, түкте. Баяғы ауыл, ешқандай өзгеріс жоқ, (С. Көбеев). Оның бір кереметі ешқандай дін ұстамайтын еді («Мың бір түн»).

(п — к) һичқайда, ешқайда (һич +қайда, еш + қайда). Еш жақта. Сен бізден ешқайда кетпе, деді Катя (М. Иманжанов). — Қарағым, енді қаңғымай үйде отыр,—деп шешесі Сатанды көзінен ешқайда таса қылғысы келмейді (І. Жансүгіров).

(п — қ) һичқайсиси, ешқайсысы (һичқай + сиси, еш + қайсысы). Ешкімі, ешбірі. Ол тірі бол­са, мен бұл азаптың ешқайсысына душар болмат едім, не пайда ол мсзгілсіз болды, ол мені дос тұтатын еді, оның қадырын мен білмедім («Мың бір түн»). Өзімнен ешқайсысы артық емес, абыройым жақсы. Атым газетке де шықты.—дейді Олжабек (Ғ. Мұстафин).

(п — к) һичким, ешкім, ішкім (һич + ким, еш + кім). Ешбіреу, еш адам. Бірақ Сүтемген, Сыздықтың қанаушы сүтқор екендігін ешкім ұмытқан жоқ (Ж. Арыстанов). Қазақта қасқыр да көп, түлкі де көп, Алайда жіп тақпаймыз ешкімге дөп (С. Дөнентаев).



(п а) һичуақт, ешуақыт. (һич + уақт, еш + уақыт). Ешбір уақытта, ешбір кезде. Ақын сол қуатын Отан үшін, партия үшін жұмсауға ешуақытта мүдірген емес (Ә. Тәжібаев). Социалистік Отаннын, Коммунистік партияның идеясы мен ісіне ол ешуақыт бейтарап қараған емес («Қ. Ә. Т.»).
(И, Ы, I, Й, Ж).
ж, и, й, ы, іараб алфавитінің жиырма сегі-зінші, парсы алфавитінің отыз екінші әрпі, сандық мағынасы 10.

и, и, йы, йі. Кісінің тегін, туған жерін көрсететін (Түркстан түркстани, Ғираз ширази), зат есімнен сын есімдер (пак — паки). тудыратын жұрнақ. Рудак — ақынның туған қыстағы, ол Тәжікстанның Пенджикент ауданында. Ақынды «рудактық» деудің орнына, қыстақтың атына «парсыша «и» қосымшасы қосылып, «Рудаки» ақынның фамилиясына айналып кет­кен (Т. Нұртазин).

йа, иә. Әлде, не, немесе (сөз бен сөзді, сәйлем мен сөйлемді байланыстырып тұратын қарсылықты шылау). Иә, Семейдің қаласы? Иә, қазақтың аласы? (Абай). Соғыста бірақ зан бар мен білетін, иә, өлім, иә болмаса өлтіретін (С. Мәуленов).

(a — п) йапир, япырым (йа + nup, я + пірім). О тәңірім, о пірім! баста діни ұғымға байланысты айтылған).

(а—п —қ) йапир-әй, япырай, апырай, япыр-мау. Япірім-ай 0, тәңірім-ай (таңғалу, шошу, т. б. мағнадағы одағой сөз). Япырай, өтірік екеи,—деді ол (Ғ. Мұстафин).— Япырай, құдды қазақ! Аусайшы! Ей қазақ баласы, мына төре шырағым, өзі қазақша біле ме?—деді бір аққұба қатын (С. Сейфуллин).



йад, жад. Ой, ес қатер. Жадына алу еске түсіру. Жадында ұстау есінде сақтау. Ескіні еске алмай, жаңа жадына түспейді (Мақал). Сәкеннің өнер жолына талпынуы ерте басталған. Ол өз алдында әңгіме, жырды көп естіп, жадына сақтағандарынан өлеңнің өнер екендігін түсінеді («Қ. Ә. Т.»).

йадгар, ядкар. 1. Еске түсіруші. 2. Ескерме, естелік, сувенир. 3. Ескерткіш. Ей жүрегімнің қуаты, перзенттерім? Сіздерге адам ұғлының мінездері туралы біраз сөз жазып ядкар қалдырайын. Ықыласпен оқып, ұғып алыңыздар, оның үшін махаббатың толады (Абай).

йар, жар, яр. 1. Дос, құрбы. 2. Сүйікті. 3. Жәрдемші. Қызыл гөл — жердің сәулеті, асыл жар — ердің сәулеті (Мақал). Жар табылмас сен секілді, Мен де — сендей сорлы зар. Қол-аяғым берік бекілді, Енді ненің орны бар? (Абай).

I — йарән, жаран. «Жар» сөзінің көпше түрі. Қар. Жаркер, жолдастар, қараңдар! Көр достарым, жараңдар! (Т. Жароков).



ІІйарән*, ерен*. Қазақтың ертегі қисаларында («Алпамыс» сияқты эпостарында) «ғайып ерен қырық шілтен» деген әулие көбірек айтылады... «Ерен» — парсы тіліндегі жарандар, адамдар деген ұғымды білдіреді (А. Машақов). Ерен боздық, елің қалай сағынбас? Қында, бірақ, қырсық киер ақ алмас (X. Ерғалиев).

йардәм, жәрдем (йар + дәм). Сөзбе-сөз: достық дем. Дем беру, қолдау, сүйеу, қолқабыс. Жарлық қып «Жәрдемға жеті» дегенде «Аттан!» Қозғалды қос мұз жарғыш екі жақтан. Ұмтылды үш жолменен жай пароход, Алуға алуан қару, азық артқан (I. Жансүгіров). Агрономдық жәрдем Шығанақ сұраса ең алдымен берілу керек,— деді үлкен кісі (Ғ. Мұстафин).

йар-дуст, жар-дос. Сүйікті дос. шын дос. Жар-досын жарым есті санар жауға, Ұқсатар өзін-өзі асқан тауға, Апатқа өрт сияқты ұшырасып, Етеді ең соңында жанын сауға (Тұрмағамбет).— Ойлама қорықпайды деп әлімнен құр. Ардақты мен үглін де қымбат емір. Шаттықты, жар-достарын сүйгені үшін Ажалмен інің саспай шайқасып жүр (Ә. Тәжібаев).

(а — п) йарәмәзан, жарапазан, жарамазан (йа + рәмәзан, жа +рамазан, жа + рапазан). О, рама­зан! (ораза айында түнде ел ңыдырып әлең (жарамазан, жарапазан) айтып, садақа жинау діни әдет болған). Қорадағы койлар тыныштана күйсеп жатқанда Төлеп-бергеннің «жарапазан» деген даусы саңқ ете түсетін (I. Жансүгіров). Сондай-ақ, бұл күнде «бақсы жыры», «жарапазан» сияқты ескі әдет-ғұрыпқа байланысты жырлар да кездеспейді («Қ. Ә. Т.»).



йар-йар, жар-жар. 1. Қазақ, халқының ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы бойынша қыз тойында айтылатын өлеңнің аты. 2. Халық ауыз әдебиеті жанрының бірі. Мұнда әкем қалды деп, Қам жемеңіз, жар-жар-ау! Жақсы болса қайын ата, Орын басар, жар-жар-ау! («Жар-жар»). Қынаменде жар-жар мен бет ашар бар, Өлеңсіз солар қызық болама гүл (Абай),

йасдмән, жасмин. Хош иісті, қоректі, ақ гүлді бұта.

йабан, жапан, Айдала, шөл, сахара. Жапанда жүрген елсің отар малдай, иә, Бүқар, иә, Түркстан, Қоқан бармай (Мансур). Жапанда жалғыз қурай болмас пана (Жамбыл).

йәбаи, жабайы (йәба + и, жабай + ы). 1. Далалық, тағы. 2. Ауыс. Жай, қарапайым. 3. Дөрекі, турпайы. Оқымаған жабайы қазақтың тілі шешен, ойы орамды, құлағы тіпті түрік (Ғ. Мұстафин). Адам жа­байы өсетін өсімдіктердің торқасын тоқуға кіріскен («СССР тарихы»).

(п —қ) йәбаилиқ, жабайылық (йәбаи + лиқ, жабайы+ лық). Тағылық, тұрпайылық, дөрекілік, мәдениетсіздік. Австралияда көп адамдар соңғы кезге дейін жабайылықта болып келген («К. Т. Т. C.»). Елдің жазықсыз адамдары орынсыз жабайылықпен жазалау арқылы мынадай соққыны көріп отырмыз (М. Әуезов).

(қ —п) йәтимхана, жетімхана (йәтим + ханә, жетім + хана). Жетім балаларды тәрбиелейтін орын. Үй. Қазақ балаларына ашқан жетімхана бар, сонда қызмет істеңдер,— деді (І. Есенберлин).



йәздан, яздан. Құдай, тәңірі, ие. Иранның ертедегі дінінде айтылатын язданға (құдайға) сенгені, қабылдағаны үшін ислам діні Іскендірді пайғамбардың бірі деп сынайды (М. Байділдаев).— Ол дәуір өкінгенмен өтті бізден, Сияқты болдық суға қолсыз жүзген, язданның о басында жазғаны да. Ініңмін шыбын жаннан үміт үзген (Тұрмағамбет).

йәғма, яғма, йығма. 1. Олжа, табыс, талан-тараж.2. Яғма щылу — талау, тонау (бір кезде Парсы елі түрікті «яғма» деп атаған). Йығыма қылып мал алу Ең сүйікті түріктің («Мың бір түн»),

йәк*, жек*. «Бір, жалғыз, біреу» мағынасында жексембі (йәк, шәнбә), ширек (чаһар + йәк) тэрізді сөздерде кездсседі («жек көру деген сөз тіркесіндегі «жек» те парсының осы йәк сөзінен шыққан», дейді Л. Будагов). Жек көрсеңдер, өзіқ біл Осылар жек көрініп Мыриямға, Амалсыз әрең сонда тұрған шыдап, Шіркеудің қоңырауын гәй-гәй тартқан, Естіп қыз, түсіне алмай ойға батқан (Қ. Бекхожин).

йәкбәйәк, жекпе-жек (йәк + бәйәк, жек-пе + жек). Бірме-бір. Кәрі жасы елімнің әскеріміз Лениннің, Жекпе-жекке Шықсам да қашан жеңілдім? (Қ. Аманжолов). Соғыста бойы мұздап суып қалмай, Айқасты, ол жекпе-жекке шығып талмай. Тұр орман бұрынғыдан берігірек, Шыңдалып от ішінде шыныққандай (С. Мәуленов).

йәксан, жексен. Бірдей, жермен бірдей. «Жермен жексен қылды» дегендегі жексен деген сөз парсы тілінде бірдей, тегіс деген мағынаны білдіреді екен (I. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев). Сексен дегенше, жер­мен жексен де (Мақал).

... йәксурин, жексұрын, (йәк + сурин, жек + сурын). Жеккөрінішті, сүйкімсіз. Үкіметке жексұрын көрінгенімен елге әлі жексұрын емес олар (Ғ. Мұстафин). Қонысшыл қос жолына, әрі малсақ, Күндіз, түн бай малы үшін безек қаққан. Жексұрын малшыларға Сүтжан соқыр Ызғары байдан әрі кепке батқан (С. Бегалин).



йәкшәнбә, жексенбі (йәк + шәнбә, жек + сенбі). Бірінші күн сенбі, ңазіргі календарь бойынша аптаның жетінші күннің аты. Жексенбі күн Бексейіт үйіне қыдырып барсам, қонақтары шай ішіп отыр екен (С. Мұқанов). Мың бес жүз бірінші жылдың январында, жексенбі күні таңертең Әлішер Науаи қайтыс болды (Т. Султанов).

йәкә, жеке. Жалғыз, жалғыз-аң, жалғыз ғана, Ажамға жеке табынып, шұлғып, Тағдырдың бәрін жалғыз қос ұстап (А. Тоқмағамбетов). Қарағай, қайың талдар — қалың орман, Тау мен тас жеке жанға болған қорған (І. Жансүгіров).

йәкә-йәкә, жеке-жеке. Дара-дара, бөлек-бөлек, бір-бірлеп. Енді жеке-жеке жүргенді тастаймыз (I. Жансүгіров). Жиналыс тарай бастады. Манағы күшті гуіл естілмейді. Жеке-жеке күбір естіледі (Ғ. Мұстафин).

Йәганд, жегене. Жалғыз ғана, жалғыз өзі, жалғыз-ақ, жеке-дара, бірден-бір, өте сирек.

йлим, желім. Бір нәрсені ажырамастай етіп устап қалатын жабысқақ зат. ... Ішек, мүйіз, қан сияқты заттардан... желім, түйме, малға берілетін қан ұны жасалады (М. Ермеков).
Қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет