Парсыша сөздік кіріспе тіл — қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Егер халқымыз «Өнер алды қызыл тіл»


зор. 1. Күш, қуат, мықтылық. 2. Үлкен, дәу. Денсаулық — зор



бет11/23
Дата27.12.2016
өлшемі8,07 Mb.
#6291
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

зор. 1. Күш, қуат, мықтылық. 2. Үлкен, дәу. Денсаулық — зор байлық (Мақал). Бұл ақыл, ғылым — екеуі де өзін зорға есептемекті, залымдықты, адам өзіндей адамды алдамақты жек көреді (Абай).

(п—қ) зурлиқ. зорлық (зур + лиқ, зор + +лық). 1- Күні көрсетушілік, озбырлық; еріксіз мәжбүр ету. Мен мақтанның құлы емес, Шын ақылға зорлық жоқ (Абай).



зууала> зуала. Кеспе, нан оісасау үшін ықшамдап алынған бір кесек қамыр.

зәһр, зәһәр, зәр, заһар. 1. ұлы зат. 2. Ауыс. Қайғы-қасірет. Бұл бақас сөйлеп берсе ұзап кетер, Тіл — зәһәр еттен әрмен сүйекке ете (М. Балтекейұлы). Тісі заһар, тілі от Кісіні шақса бір жылан. Тағы соған қайтып кеп Жақындайды кім оған! («Мың бір түн»).

(п —қ) зәһрли, зәһәрлі, зәрлі, заһарлы (зәһр + ли, здһдр + лі, зәр + лі, заһар + лы). Зәрі бар уытты. Қылышпен бірге оның шықты жаны, сарқырап сай-шұқырға ақты қаны Зәһәрлі аузының иісінен, Есі ауып қалып еді ердіңдағы (Тұрмағамбет).



озәһрә, зәре. 1. Өт (анатом), өттің қабы. 2. Ауыс. Батырлық, ерлік, батылдық, ержүректілік. Бақаға өгіз таумен тең, Ұшып кетті зәресі (Абай). Оққа ұшып, отқа жанбайтын Атады ел оны батыр деп. Фашисте зәре қалмайтын Есітсе болды атып тек (С. Мэуленов).

(а — п) зиардтханд, зияратхана (зиарәт+ханә, зиярат + қана). Зиярат қылатын (о баста бас иіп, тәжім ететін) жай, орын. Бір әйелді жазалап, барлық ұлы кісілердің кегін сонымен қайтардық дегенше, солар өлтірілген үйді зияратхана жасап, өлген кісілердің суреті салынып, қалай өлген тарихы жазылып сол әйелді сол үйге күтуші етіңіз («Мың бір түн»).



зиан, зиян. Шығын, залал, Зиян шегу, зиян тарту, зиян көру. Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас, Сұм нәпсің үйір болса, тез тыйылмас. Зиян шекпей Қалмайсың ондай істен Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас (Абай). Жеңбейсің табиғатты жүз жылда да, Жеңбейсің мың жылда да, Соғыспен де! Алдау — зиян, Келген дерт ескіліктен (К. Бекхожин).

(п — қ) зианди, зиянды (зиан + ди, зиян + ды). Залалды, пайдасыз. Егінге зияндының үлкен-кішісін талғамаймын,— деп Шығанақ та күліп қойды (Ғ. Мұстафин).



зианкәс, зиянкес (зиан + кәс, зиян + ксс). Кас. дұшпан. Зияндық істеуші. Бұлар зиянкестерге сатылғандар, Кеңес Одағының күре тамырына ауыз салады (І. Жансүгіров). Зиянкес болсаң қоғамға, Құрысын, көзің жоғалсын! (К. Айнабеков).

(п—қ) зианкәстик, зиянкестік (зиянкдс + тик, зиянкес + тік). Қастық, дұшпандық. С. Дөнентаев ескілік қалдықтарын, жайсыз қылық-мінездерді, тап жауларының зиянкестік әрекеттерін әшкерелеп сынай жырлады, өлеңімен өлтіре сықақ етті (Б. Кенжебаев, Ә. Есназаров).



зиба, зипа. 1. Сұлу, шырайлы, сымбатты. 2. Зейнеттелінген, әдемі киінген; кісі аттарында кездеседі (Зиба, Гүлзипа, Зибагүл). Әсем асқан Алатаудың шыңындай, Сұлу сындар зипа бойың есімде. Манас құшқан Қанікейдің сырындай, Опалы жар асыл ойын есімде (С. Бегалин).

зир, зир. 1. Төмен, төменгі жағы, асты. 2. Парсы алфавитінде жазудың астына қысқа «э», «е» дрпінің орнына қоятын белгінің (сызықша тәрізді) атауы.

зирәк, зерек. Тапқыр, аңғарғыш, ұғымтал. Жасаңға бітер сандал бір бәйтерек, Адамға бақыт, дәулет, ақыл керек. Өнерді үйрендағы жирен деген, Жігіттер қор болмайсың болсаң зерек (Жүсіпбек). Бірке сабаққа зерек, мінезі момын, шыншыл жақсы бала еді (С. Көбеев).

(п — қ) зирдктик, зеректік (зирәк + тик, зерек + тік). Тапқырлық, ұғымдылық. Дулат Абайдың ұғымдал, зеректігіне шын сүйсінеді (М. Әуезов). Низами жасында көп біліп, көп оқыған, өзінін зеректігі арқасында кептеген тілдерді еркін меңгерген (Е. Исмайылов).



зирә, зира. 1. Хош иісті үрығы бар өсімдік Және оның ұрығын ддм үшін асқа қосып пісіреді. 2. Кісі аттарында кездсссді (Гүлзира).

зифа, зипа. Кар. Зиба, Зипа.

жпарсы алфавитінің он төртінші әрпі. Бұл дріп араб алфавитінде жоқ.

сараб алфавитінің он екінші әрпі, парсы алфавитінің он бесінші дрпі, сандық мағынасы 60.

сабат, сабат. Салқын, жабық балкон, жабық шардақ. Кигізіп оларға тон тоғыз қабат, Жай беріп жоғарыдан салқын сабат. Әр түрлі алдарына күй тартқызып, Көркейтті көңілдерін неше замат (Тұрмағамбет). Бұрып көктем шыға қалың елмен қаптай көшіп, кең жайлау, салқын сабатқа үй тігетін (Ә. Нүрпейісов).

(қ —п) сабанханд, сабанхана (сабан + ханә, сабан + хана). Сабанды сақтайтын орын, жай. «Сабанхана өртенді» десең «Самарқанд өртенді» дср (Мақал).



садд, сада. 1. Карапайым, ақ пейіл. 2. Таза. саф, қоспасыз. Деп айтты Рүстемге: «Ей, дию зада, Оилап ем адам ғой деп аңқау сада. Екенсің алып келген әскеріңді Қылыш пен қолдарына беріп қада (Тұрмағамбст).

I — сар, сер. Түйе магынасында серуен тдрізді сөздсрде кездесгді.

II — сар, сар. Бір нәрсенің көптігін, молдыгыи көрсететін жүрнақ, жансар тдрізді сөздерде кездеседі.

саруан, серуен. 1. Керуен жетекшісі, басқа-Руиіысы, түйе айдаушы, түйе бағушы, түйеші. 2. Ауыс. Қыдырыс, саяхат, бой жазу. Жан қалтаңа сал жаңгақты. Сақта ойыңда серуен жәйін. Есіңе алып мынау бақты Ойландырсын көрген сайып (С. Бегалин). Оқушылар тауға серуенге шықты (С. Бақбергенов).

саз, саз. Музыкалық аспап. 2. Келіскен ән-күй, музыка. 3. Ауыс. Үйлесім, келісу, үндестік, дыбыс үндестігі. Аққудың қобыздағы әні қандай!.. Саз бар ма бұл ғаламда анық ондай! (X. Ерғалиев). Сиқырлы бір сұлу саз тарап үннен, Шайқалды көл толқынмен, дала гүлмен. Көргенде құмарымды бір қандырдың, Көркіңе гашық едім бала күннен (С. Мәуленов).

салнамә, салнама. Жылнама, календарь. ;

самани, самани, саманид. Саманилар, самани-лық (саманилар патшаларының әулеттері). Жауласып сала алмаған бұнда ірге, Арабтар ақырында сеніп дінге, Аттанған саманидың «саудагер» боп, Насырға кұран, кітап берді бірге (С. Муқанов).

и, самсэ, самса. Жүқа қамырдың ішіне майдаланған ет салып пісірген тағам. Хашим-құрбан жуйбор жағасындағы диірмен түбінде күні бойы арық қазып, кешке таман үйіне шаршап қайтқан еді. Үйіне келсе, әйелі жұқа нанға орап самса пісіріп жатыр екен (С. Ұлығзаде).



Сайә, сая. 1. Көлеңке. 2. Корғаныш, пана. Не таптық мұныменен деген жан жоқ, Түні бойы күпілдер құсын мақтап. Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ, Қайран ел, осымен жүр далақтап (Абай). Орманның кешкі сая серуенінде, Әсерді кеудесіне терген күнде. Табиғат тамаша бір сыр төккендей. Қарады махаббатпен төңірегіне . Бекхожин).

сайәбан, саябан (сайә + бан, сая + бан). Көлеңкелік, тент (күннен сақтау үшін құрылған қалқа). қол шатыр. 2. Қалқан (күннен, жаңбырдан, суықтан сақтайтын күрке, күркеше). 3. Ауыс. Камқоршы, қорғаушы.

(п — қ) сайәли, саялы (сайэ + ли, сая + лы). Көлеңкелі. Талдық дәуірінен өтіп, ағаштың қабығы қатая бастағанда қоңыр салқын, саялы орман жайылымға қандай жақсы (Ғ. Сланов).

(қ — п) сайискар, сайыскер (сайис + кар, са-йыс + кер). Сайысқа түсуші ат үстінде тартыс ойынына қатынасушы. Бұл екі құрдас осы аймақта өнерлі бозбаланың бетке ұстар озығы, сайыскер де шабандоз, аузынан желі бар, ебі де бар сері еді (Ғ. Сланов).

(а—п) сәбәпкар, себепкер (сәбәб + кар, себеп + кер). Себепші, себеп болушы. «Мариям Жагор кызы» атты поэма жаздым. Бұл шығарманың тууына себепкер болған сол тұстағы жауапты партия қызметкері — Ілняс Омаров еді (К. Бекхожин). Сезімге серпін — себепкер Кеудеңе толған бір шырын. Жасаңсып қайың, теректер, Оятқан өмір бүршігін (Ә. Сэрсенбаев).



сәбдд, себет. Кәрзіңке (зат салу үшін арнайы жас шыбықтан өрілген бүйым). Ат мінген, есек мінген диқандар, тағылған қоңырауларын күңгірлетіп, балпаң басқан түйелер тізбегі, халуаға тола себеттерін төбесіне қоііган адамдар (Айбск). Ол себетін алып, базарға барып, ет, сәбізін әкелді («Мың бір түн»).

сдбз, сәбіз. 1. Көк, жас, жаңа таза гүлденген. 2. Кызғылт-сары, ддмі тдтті бақша өсімдігі. Қазақстанның солтүстік аудандарында картоп, капуста, сәбіз егіледі (Казақ ССР тарихы). Жемдедің үй маңында қояныңды, Суғардың сәбізіңді, қиярыңды, Салдырлап сағат сайын өткен поезд Жол жаққа тарта берді қиялыңды (X. Ерғалиев).

I — сипаһ, сыпай. Тарихи. Мемлекеттік, дске-ри міндеттерді атқаратын адам, солдат, дскер, жауынгер. Қараөткелдің аға сұлтаны Кұдаймендінің Қоңыр құл-жасы қазақтар балаларымызды сыпайға — солдатқа алады деп сескепетінін арыз етіп Петрборға барғанында, патша ағзамның өзі қазақ жігіттері ешуақытта да сыпай алынбайды деп бұзау терісіпе мөрін басып уағдасын жіберген жоқ па? (І. Есенберлин).



Счпаһ, сыпайы, кішіпейіл, көңбіс, үстамды, ықшамды, сабырлы, байсалды, салмақты. Мінезі жібск-тей, сыпайы жігіттің жылы сөзі әйелдің жүрегіне жағып барады (С. Омаров). Жаршы боп артымызда сайраған тіл, Сыпайы оынық сөзбен сыйлаған тіл. Сөз салып қалқа жанға жеңгесінен, Құрбыңмен сыпайы ойнап, күлген қандай? (I. Жансүгіров).

(п — қ) сәпаһлиқ, сыпайылық, сыпалық әпаһ + лиқ, сыпайы + лық). Кішіпейілділік, байсалдылық, салмақтылық. Оларға елшілікке мен барайын, Шамасын шақтап, анық аңғарайын, сыр бермей сыпалықпен отырыңыз, Айтқанша алдыңа кеп әрқалайын (Тұрмағамбет).

сәпаһигәр, сыпайыгер. Сыпайылығы бар әдепті, ізетті.

(п — қ) сәпаһигәршилик, сыпайыгершілік (сәпаһигәр + шилик, сыпайыгср + шілік). Әдептілік, көрегендік, өнегелілік. Бастарының түйісіп қалғаныпа бірінен-бірі кешірім сұрап, сыпайыгершілік те істеген жоқ (Ғ. Мүсірепов).



стан, стан. Сөздің аяғына жалғанып бір тайпаның, мекеннің, аймақтың, елдің атын (Казақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Арабстан) және белгілі бір орын-жайды (гүлстан, нұрстан, мұнайстан) білдіретін жұрнақ.

сотун, ұстын, сүтін. Бағана, тіреуіш, діңгек. Ұстын болар мешітке түзу керек, Қисық ағаш туралар неше бөлек (Молда Мұса).

(п — к) сотундиқ, ұстындық, сүтіндік (сотун + диқ, ұстын + дық, сүтін + дік). Тіректік, діңгектік. Өксимін: «ескерер,— деп айтқанымды», Болмаса ойларында ақыл қысқа. Осы айтқан үгітімді тыңдасаңдар, Сүтіндік етерсіңдер үш құлысқа (Тұрмағамбет).



сотунчә, ұстынша (сотун + чә, ұстын + ша). 1. Қатар бағанаша. 2. Бірінің астына бірі жазылған қысқа жазулардың қатары (столбец).

сәхтиан, сахтиян, сафиян, сапиян. Ешкінің я қойдың терісінсн боялып істслген жұмсақ және жұқа қөн. Сатан көзі бүкірден кетіп, қасындағы Қаженге түсті. Сағат бауы салбырап, сахтиян етігі сықырлап, аяқты көсіліп, ауырған кісідей-ақ жастықтың үстінде шынтақтап жатқанды (І. Жансүгіров). Шалқасынан ашылған сафиян іші бар күймеде Абай мен үш баласы отыр (М. Әуезов).

сохән, сұхан, сұқан. 1. Сөз, сөйлеуші, 2. Ауыс.Мылжың.

сохәнуәр, сұхануар, сұқануар. 1. Ақын, жазушы. 2. Шешен, сөзуар. Ағалық айтқан мынау насихатым, Арттырып мұнан өзге мен не дейін?! Сұқануар, сөзі шірік, інілерім, Айтыспа әркімменен бұдан кейін! (А. Жарасбайұлы).

сәр, сар. Сардар (сәрдар), сергелдең (сәргәрдан) тәрізді сөздерде кездеседі де, «бас», «басы», «үсті», «төбесі» дсген мағынаны береді.

сәрапай, сарапай (сәра + пай, сара + пай) (басынан аяғына дейін денені толық жауып тұратын көйлек мағынасын білдіреді).

сәрәнә, сәрана. 1. Тарих. Жан басынан алынатын салық. 2. Жарна, ұлес, сыбаға. 3. Заттарды ауыстырғанда үстіне қосып беретін үстек ақша (я зат). Біресе «қос салығы» деп, біресе «әскер басы үшін» деп, біресе «мұрапко» деп, біресе «сәрана» деп алады (Айбек).

сәрай, сарай. 1. Үй, пәтер, мекен, пана, сәулетті үй (дворец). 2. Жолаушылар тоқтайтын қонақ жайы. 3. Төбесі жабық базар. Қең сарай сахара өтті күнш, Тас болат, тар қапада шықпайды үнім (Шаңгерей). Мен Қремль сарайында Калининнің қолынан Ленин орденін алып, оның жылы сөзін естіп, қолын қыстым (С. Көбеев).

сәрбаз, сарбаз. 1. Солдат, қатардағы (әскер), фл. 2. Ауыс. Ер жүрек, батыр. Алдырман өлмей жауға! деп, Сарбаздар таймай қарысты (Т. Шынтасұлы). Винтовкасын кезеніп, Сарбаз шықса соғысқа Домбырасын безеніп Жамбыл барар соғысқа (Жамбыл).

(а — п) сирбаз, сырбаз (сир + баз, сыр + баз). Ашық, ашық мінезді, сыр мінез, сыралғы адам. Оңтүстік кемерінде Зайсан көлдің Үй салып жатқан сырбаз жігіт көрдім. (Д. Әбілев). Ой, не қыласың, ол бір сырбаздың бейіті,—деп арбадан қырындаңқыраи отырды: әсіресе ішіндегі сырбасы Уәли еді (Б. Майлин).



сәрбазханә, сарбазхана. Тарих. Казарма, әскер тұратын үй, жай.

сәртәраш, шаштараз, сәртараш (сәр + тэраш, шаш + тараз, сәр + тараш). Шаштараз, бас қырушы, шаш-сақал алушы. Шаштаразды парсыша сәртәраш, дейді (Ш. Сарыбаев). Бас мешіттің сыртында Сармоллага таныс шаштаразы барды (М. Әуезов). Бұл ауданда шаштаразы-парикмахерская атымен жоқ (М. Төлебаев).

серд. 1. Салқын, суық. 2. Ауыс. Жексұрын, көңілсіз, қызық емес, іш пыстыратын. Кар. Сәрдаб, сердсп.

(ид + ойдәдп + рсіеэ) пәйгіәз әтәрйеә бенің қысқа түрі. Қар. Сәрдабә, сердебе.

сердабә, сердебе (серд + абә, серд + ебе). Шілдеде тұратын үй астындағы бөлме, подвал. 2. Жер астындағы хауыз, су, қойма. 3. Салқын жер (мұз салған, азық-түлік сақтайтын салқын орын, қойма). Ескіліктің төбесін қашап жатқан заманда, Бай кұлаққа шабуыл Жасап жатқан заманда, Бұқарбайдың мұнысы — сердебе емей немене? (I. Жансүгіров).

сәрдар, сардар (сәр + дар, сар + дар). Колбасы, дскери бастық. Шындықтың несін бұрамыз, Бауыржан болды бір аңыз. Бұл күнде сардар-шежіре, Сарайда бірге тұрамыз (X. Ерғалиев). Мың келтірсін Аманкелді кескінін Мойындаман суретшінің ешбірін. Қайран сардар — Ел — ағаң боп бүгінде Жүргендей-ақ аман-есен күйінде (Ғ. Кайырбеков).

сәрсан, сарсаң (сәр + саң, сар + саң). Әуреленген, адасқан, кезбе, шаршаған, сергелдең. Еріксіз болса сарсаң адам басы, Ер жігіттің дәл келсін жан жолдасы... ден жолаушы, жөніңді айт, қыр сұлуы, Үшеуің қандай бактың сандуғашы («Қозы Көрпеш — Баян сұлу»). Шығанға қиялменен айсар қарап, Есімнен кетпейді сол сарсаң алап, Жапанда жануардың ізі ғана, Қетіпті аяғынан қан сорғалап (К. Бекхожин).

(п — а) сәркатиб, саркатіп (сәр + катиб, сар + катиб). Бас хатшы. Ордада бар би, почтовой, солдаттар, Сарқатіп бар, ахон, молда, почта аттар, Осыларға қазынадан манет жоқ, Салғырт десе — міне ұшбу расходтар,— деді Жәңгір (І. Жансүгіров).

сэркдрдд, сәркәрдә. 1. Ие, қожа, 2. Атаман, басшы, басқарушы. 3. Әскери қолбасшы. Сәркарда сап түзеген сақып ақыл, Белгілі бір орны едің Майлыбайдың. Дәуімшар, батыр Қитар, Боздай, Бозтай, Сыныққа даруындай шын мұнайдың (Таубайдың Жүсібі). Патша алтын тақтың үстінде, екі жағында уәзір — сәргәрдасы («Мың бір түн»).

сиркә, сірке. Асқа қышқыл дәм беретін сұйық зат. Қарағанды синтетикалық каучук заводы қазір кальций карбиді, ацеталь дегид, сірке қышқылы, этилацетат Деп аталатын бірнеше химия заттарын шығарады (Е. Букетов). Бір жақсысы буряттар әлденеден дәмі қышқылт сірке (уксус) жасайды екен, соны сеуіп жесе, шикі-пісісі байқалмай кетеді екен (С. Мұқанов).

сәргдрдан, сергелдең (сәр + гәрдан, сер + гелдең). 1. Сапы бұзылған, берекесі кеткен, берекесі Қашқан, лажсыз, абырокыған. 2. Селқос көзқарас, адасушы. Біз неткен ер, неткен ер, Сергелдеңмен өткен ер (Махамбет). Суық күз, сұрғылт дала, селебе жұт, Шұырған, ауған бұлттай сергелдең жұрт. Айтып, айтпай не керек, Исатайды өлтіртіп, Серкесінен айрылып, Сергелдең болды біздің ел (Махамбет).

сормә, сүрме. Қас, кірпікті бояйтын қара бояу. Қара сүрме тігілген қасы қандай. Жайдары, ашық мінез, балдай (С. Торайғыров). Бұқабай мұртын таңқита қырып, көзіне сүрме сүртіп терт көзденеді дс жүреді (Б. Майлин).

сорна, сырна. Сырнай сөзінің қысқа түрі.

сәруәр, сәруар. 1. Басшы, бастық, басқарушы, жетекші, көрнекті адам. 2. Қожа, ие. Тоқсан тоғыз машайық, Сексен сегіз сәруар (Майкөт). Шықпайын әр уақытта айтқаныңнан, Сәруарға әуел өзің болсаң үмбет (Күзен).

сәрә, сара. 1. Таза, араласпаған; сурыптап алынған. 2. Толық бағалы ақша. Өлең — сөздің патшасы сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер даласы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы (Абай). Дүниенің сапа, асылы, сарасы — біз, Мақсаты, майса гүлі, санасы — біз (Омар). Лениндік ілім, лениндік партияның сара саясаты арқасында бізде қазір ұлт тілдері бұрын болмаған дәрежеде дамып, құлашын кең жая түсті («Қ. Ә»),

сәриш, шырыш. Желім (бір нәрсені ажырамастай етіп ұстап қалатын зат). Сол заманда-ақ надандар шырыш бұзған, Жалғанның дәмін бұзып қауіп қылған. Ақыл мен мал екеуін асырай алмай, Арашашы тілепті қатын-қыздан (Абай).

сәза> саза. Жаза. Қабан қарын бай, манап, Сазайларын тартқыш күн (Қ. Аманжолов). Семейді көрген кісі сөкпейтін жер, Көргениен көрмегенім көп дейтін жер. Жауға — сазай, досына — жабдығы мол Сөз тауып айтуға тіл жетпейтін жер (Т. Қөбдіков).

сәфал, сафал. 1. Жұқа қыш (үй жабатын). 2. Глазурь (ыдыстың іші-сыртын жалататын, сырлайтын жылтыр зат). Олар өз балаларының атын жаман естілсе де, шұбыртпай: Хошок, Сафол, Чубак, Зоғ, Ғадөй дей салады екен (А. Декоти).

сәфид, сәпит. 1. Ақ, жарық, нұрлы, анық – 2. Жарты нота, нота жартысы (музыкалық).

сәг, сәк. Ит. «Айыбын айтамын» деп бір-бірінін, Масқара болған жоқ па ед сәк пен құрба... Жәрдемін «ұлу» жылғы ойымда бар, Аштықта ұмытылмас жеген құрма (Тұрмағамбет).

(а — п) сәламнамд, сәлемдеме, сәлемнама (сәлам + намә, сәлем + деме, сдлем + нама). Сәлем хат, сәлем белгісі ретінде берілетін зат. Қатынасып сәлемнама екі араға, Астыртын біліп тұрам хабарыңды (Ақан сері). Зағипа саған арнап хат жазайын, Қөп айтып арман тілек сәлемімді. Сәлемдеме берейін, Қарағыма ала бар! Сәлем айт, басқа не дейін, Мә, жаныңа сала бар (Б. Майлин).



сәллә, сәлде. Шалма (хожамолдалардың басына орайтын ақ мата), сәлде тәрізді бас киім. Сәлдеңді орап аллалап «таң атқанда Азан айтып» әлек боп мойын соза (К. Әзірбаев). Құранды молда теріс оқыр, Дағарадай болып сәлдесі. Өзімшіл көңіл бек соқыр, Бүркіттен кем бе жем жесі! (Абай).

сәлләгол, сәлдегүл. Сәлде тәрізді әдемі ірі ақ, қызыл гүлді өсімдік (пион).

(п — қ) сәллдли, сәлделі әллд + ли, сәлде + лі). Сәлдесі бар, сәлде ораған. Кәдімгі өзіміздің Түркстанда көп көрінетін қарияларға ұқсас қара шал елестейтін кезіне. Ақ шапанды, ақ сақалды, сәлделі (Д. Досжанов).



сомбе, сүмбе, сүмбі. 1. Мылтықтың өзегін тазалайтын я оны оқтайтын темір білік. 2. Үшкір таяқша. 3. Ауыс. Бой-тұрқы түзу, тура өсксн. Терегі сүмбі сұлу, қыздай бойшаң, Атыңа жал бітеді бір күн қонсаң (С. Сейфуллин). Сүмбесі мынау сойылша, Басары мынау бақалша. Құндагы мынау құс мойын, Оғы мынау бақалшақ (I. Жансүгіров).

су, шы. Шаршы тәрізді сөздерде «бағыт, жақ, Шет, тарап» деген мағына білдіретін сөз.

(қ — п) сутханд, сүтхана (сүт + ханд, сүт + хана). Сүт сақтайтын, сүт сататын орын. Оңтүстік аймақтарында шайхана, сүтхана сияқты сөздер жиі айтылады (Ш. Сарыбаев).



суд, сүт. Пайда, табыс, процент. Өсім. Қар сүтқор.

сәуда, сауда. Товар айырбасы, алып сату, заты сату, алу айналымына байланысты әрәкәт. Қосқанда өз қолыңмен екі тасты, Саудаға салмайтын ең бүптіп басты (Тұрмағамбет). Сауда деген шөп жсмейтіп сауын сиыр емес пе, жиналып қалған дүниең болса, елдің тапшылық күндері келгенде қандай тамаіпа өтеді («Мың бір түн»).

сәудагәр, саудагер (сәуда + гәр, сауда + гер). Алыпсатар, Көпес, пайдақор. Сәудагерде теңге жоқ болса, суда балық жоқ (Мақал). Ортақтық, тыныштық, достық қой, Оның қадірін кім білер? Әркімге-ақ тілеу қостық қой, Бәрі — алдамшы саудагер (Абай).

(а — п) судхур, сүтқор (суд + хур, сүт + + қор). Өсімқор (ақиганы, малды өсімге беріп, ишмадан тыс өсім алушы), пайдахор. Бірақ Сүтемген, Сыздықтың қанаушы, сүтқор екендігін ешкім ұмытқан емес (Ж. Арыстанов).



сур, сүр. Қаракуль елтірісінің бір түрі (сорты).

сурах. шұрық. Тесік, саңлау. Шұрық қазақ тілінде жеке-дара қолданылмайды, ол сөзді біз тек тесік сөзінің анықтауышы ретінде ғана қолданылатын сөз деп білеміз. Бірақ тіліміздегі кептеген басқа сөздер сияқты, ол да Иран тілдерінен ауысқан (Ә. Кайдаров). Сау тамтығы жоқ тесік-тесік әр жерден бір ойылған Рахмет шұрық тесік үйін есіне түсірді (С. Ерубаев).

сурамбаз, сұрампаз (сурам + баз, сұрам + паз). Сұрағыш, сұрамсақ, тілемсек. Көрімпаз және сұрампаз, ұғымпаз, зирек, талантты Жұрт сүііеді сондықтан болса да тентек Маратты (С. Мұқанов).

(к — п) сүрләмханә, сүрлемхана (сүрләм + ханә, сүрлем + хана). Мал азығын сүрлейтін орын, жай.



сурна, сырна. Кар. Сурнай, сырнай.

сурнай, сырнай. Ауызбен үрлеп тартатынын қуыс таяқша тәрізді музыка аспабы. Кенжетай мен Декар екеуі қаранғы көшемен құлағын тігіп келе жатыр еді, бір үйдің терезесінен шулаған дауыс, тартылған сырнай естілді (С. Мұқанов). Жұмыстан бос кезінде жастар топ-тобымен сырнай тартып көшеге шығады (С. Адамбеков).

(п — қ) сурнайчи, сырнайшы (сурнай + чи, сырнай + шы). Музыкант, сырнай аспабын ойнаушы.

сурнай-карнай, сырнай-керней. Сырнай тектес музыка аспаптары. Жарлдэіқ шашты, қол жүрді суды өрлен, Шаһарына жеткенше дамыл көрмей. Кекпеңбек темір киген өңкей батыр Тарттырып жөнеледі сырнай-керней (Абай).

сүзән, созан. Етік, аяқ киім тігетін ұшы мұқал майысқақ ине.

(к — п) созуар, сөзуар (соз + уар, сөз + уар). Сөзшең, шешен, тілмар, еөйлемпаз. Өзге үлкендердің ішінде Абайға, әсіресе, көңіл бөлген сөзуар, жарқын жүзді Қаратай (М. Әуезов). Мінез жағынан Дүйсекең ағып тұрған сөзуар (С. Мұқанов).



сугир, сүгір. Қорғаушы, қамқоршы. Құмар, әуес.

(п _ қ) суморч, субұрыш, сумұрыш (су + морч, су + мұрыш, су + бұрыш). Суда өсетін бұрыш сияқты өсімдік.



сумәләк*, сүмелек*. 1. Бидайдың өнген дәнінің аіиытқысы мен ұннан істелгсн быламық тәрізді тағам (К. Юдахин «сүмелек парсы сөзі» дейді). 2. Ауыс. сүйкімсіз. Асқар Тоқмағамбетовтың «Сүмелек қайнаға» деген сықақ әңгімесінде колхоздағы ең үлгілі стахановшы әйелдің қайнағасының жалқау, мұртын сылап қыдырып жүріп, келінінің тапқан-таянғанымен күн көретін масылдығы айтылады. Оны колхозшы әйелдер «Сүмелек қайнаған атайды («Қ. Ә. Т»). Сүмелектер, кетіңдер маңымнан,—деді Нұрым (Ш. Хұсаинов).

(қ — п) сүнгимбаз, сүңгімпаз (сүнгим+ баз, суңгім + паз). Сүңгуге құмар, сүңгігіш. Ыза болған балалардың әдеттегі айласы — балапандарды судың балдырлы жеріне қарай ығыстыру, егер оны істей алса, сүңгіген балапандардың кейбірі балдырға оралады да сүңгімпаз балалар ұстап алады (С. Мұқанов).

(к — п) суйламбаз, сөйлемпаз (суйлам + баз, сөйлем + паз). Сөзге құмар, сөзшең, сөзуар.

сә, се. Сепая (сәпайд), сейсембі (сдшднбд) тәрізді біріккен сөздердің құрамында кездеседі, мағынасы «үш, үшінші».

сәпайд, сепая. Үш пая, үш аяқ; ошақ, мосы, шідер, сипай (су шығару, суды басқа жаққа бұру үшін үлкен арықтарға я өзендерге салынатын үш бөренеден буылған бөгет, тосқауыл ағаш).

сәшәнбә, сейсенбі. Үшінші күн (сенбі) қазіргі календарь бойынша аптаның төртінші күнінің аты. Медресе аптасына небәрі — төрт күн — сенбіден бастап, сейсенбіге дейін оқитын (С. Айни). Сейсенбі сайын бізде партнялық күн болады (Әуелбеков).

сәһм, секем: секем алу шошу, сезіктену, әлденеден қауіптену, жиіркену. Мезгілсіз уақытта келісінен секем алса да, сыр берген жоқ (Ә. Нұрпейісов). Қарт батырдың секем алған кезі, Есқара жүзіне оқтай қадалған, иығына жамылған күзен ішігі сыпырылып жерге түсті (3. Шүкіров).

сиаһ, сия. 1. Қара түс. 2. Жазу үшін арналып жасалынған др түрлі бояулы сұйық зат. Сия әзір, қағаз мынау, жазса қалам, Қолымды, еркімді де бердім саған (С. Дөнентаев). Ұлт жыртығын ннемен жамайық тез, жамау — сия, инең — қалам болсын енді (Тоқай).

сәйран, сайран. Серуен, қыдырыс, аралау. Күн жаңғырығып бойына қуат енген, Алтынды үйдің ішінде еркеленген Жан-жағына қалай сайран қылсаң еркін, Жалғыз-ақ бір есікке кірме деген (Абай).— Аң аулауға шығайық. Көңіл көтеру үшін ит жүгіртіп, құс салу ең қызықты сайран ғой. Бұған көңілің соға ма?— деді ағасы («Мың бір түн»).

сирд, сірә. Тіптен (үстеу сөз). Біздің елдің атақты ерлерімен таныссаң, Айтуға сірә жалықпан (Қ. Әзірбаев) Қасықтап жиған дүние, Шөміштеп, сірә, төгерсіз (Әріп).

сим, сым. 1. Сым темір. 2. Қүміс, жіп тэрізді металдан жасалған эюұмыр бұйым. Сұлу бейне, бүлдір-шіндей, Сым саусақ, кез ажары жанған күндей. «Динажан, домбыра тарт!» десе әкесі Жорғадай жөнелетін бір іркілмей (Ә. Тәжібаев).

симаб, сынап (сим + аб, сын + аб). Күміс су (күміс тәрізді ақшыл түсті, сұйық металл, химиялық элемент). Босағадағы термометрдің сынабы нольден төмен түсіп, он екіге тіреліпті (Ж. Тілеков). Мүмкін бұл ертектегі жұмақ бағы! Бал күлкі. Қор қызы ма жұмақтағы? Үйлердің іргесінен сылдыраған Бұлақтар күміс пе, не сынап па әлі? (Ә. Сәрсембаев).

(п — қ) симдай, сымдай (сим + дай, сым + дай). Сым сияқты. Тәртіпті үлгі көргеп қыз баланың, Болады сезі сымдай, белі қылдай («Сегіз сал»). Іргелерге кендір жіп Тартып түзу сымдай қып, Дәнекері қызыл Қыш Қатарлаймыз жымдай ғып (С. Сейфуллин).



симоғ, самұрық (мифология ұғымынша құс-тың ең үлкені) алып құс. Шымшықтап самұрық та дақ жеп қашқан, «Зормын!» деп болмай ма ұят, қалса кімге? Деген сөз: «Әр кәмалға бір зауал бар», Қайраты Рүстем — Дастан болғанмен де (Таубайдың Жүсібі). Тас түйін халық, Қайсар жан, Талабы тұтас сан ұлт, Құлайды тақыт шайқалған, Құлайды қанды самұрық (Ә. Сәрсенбаев).

(қ — п) сийрханд, сиырхана (сийр + ханд, (иыр + хана). Сиыр ұстайтын жай, сиыр қорасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет