с — араб алфавитінің он төртінші әрпі, парсы алфавитінің он жетінші әрпі, сандық мағынасы — 90.
(а — п) сахибкар* сайыпкер* (сахиб + кар, сайып + кер). Білгір, білгіш, жетік, маман, епті, шебер. Сайыпкер жүйріктің тобын қарап, Сынап өтіп барады жонын тарап (С. Керімбаев).
(а — п) сәхндбаз, сахнапаз (сәхнә + баз, сахна + паз). Сахна шебері, өнерпаз. Біздің алтын ақсақалдарымыз, кәрі тарландарымыз — Серке, Қапан, Елубай, Мүлік, Камал; асыл аруларымыз — Қадиша, Шолпан, Бикен, Сабира, т. б. осылардай өнегелі сахнапаздарымыз ауызға татымайтын жасық сөздерді жанымен емес, тілінің ұшымен ғана айтады, көрермен олардың қанағаттанбай тұрғанын сонда-ақ аңғарады (I. Омаров).
(к — п) сираханә, сырахана (сира + ханә, сыра + хана). Сыра сататын, сыра ішетін жай. Түске таман осы сыраханаға төбесінде страус қанаты бар алтыпдаған бір күйме жетіп келді (Толстой).
(к — п) сирахур, сырақор (сира + хур, сыра + қор). Сыраға құмар кісі.
сәндәл, сандал. Қыстың күндері аяқ-қолды жылыту ушін шық салған жер ошақтың үстіне қойып, көрпемен жабылған пәстеу шаршы орындық. Үстіне кей Қысыраудың келіп кірді, Оңынан отыруға сандал құрды. Ілдіріп сауыт-сайман, садақтарын Алдына ас қойдырды * неше түрлі (Тұрмағамбет). Хаспяз тойға апаруға дайындалған тағамын әкеліп табағымеи сандал үстіне қойды да, дастархан жайды (С. Үлықзаде).
(а — п) сондукчә, сандықша (сондук + чә, сандық + ша). Кішкентай сандық, қол сандық.
(а — п) суретханд, суретхана (сурет + ханә, сурет + хана). 1. Сурет салатын орын. 2. Суреттерді қоятын орын (суреттер галереясы). Хана жұрнағын жаңа саз жасауда батыл пайдалану керек. Мысалы, суретшінің мастерскойын жаппай суретхана деп неге қалыптастырмаймыз? (Ш. Сырбаев).
(а — п) сурәтгәр, суреткер (сурәт + гәр, сурет + кер). 1. Суретші, мусінші. 2. Ауыс. Жазушы, ақын, Е драматург.— Данышпан ақып, суреткер озық! Қалған күндерді жақсыға жорт!—Медетің болғай Қол ұшын созып, Қайран туған жер — Зпенпгород (А. Ерғалиев). Әбдірахман Жомп (1414—1492)—IX—X ғасырдан бастап I әлемге теңдесі жоқ алып суреткерлер берген парсы-тәжік классикалық әдебиетінің ең соңғы ұлы шайыры (Р. Бердібаев).
(а — п — қ) сурәтгәрлик, суреткерлік (сурәтгәр + лик, суреткер + лік). Суретшілік, мусіншілік өнсрі; жазушылық өнері. Рудакидің суреткерлігі дс гажаііып (Р. Бердібаев).
суфийәнә сопияна (суфий + әнә, сопи+яна). 1. Сопылық, сопыларша. 2. Ауыс. Әсерлі, сырлы. Артындағы жұртты, өзінің жолына тілеу тілетіп қалдырмақ болған сопияна сөздср, мінездер болатын (М. Әуезов).
(а — п) сәуләткар, сәулеткер (сәуләт + кар, сәулет + кер). Сәулетші, архитектор.
сум, сом. Жүз тиындық ақша. Бұйра, сұлу елтірінің бағасы бірнеше жүз сомға дейін барады (М. Ермеков). Ісі жоқ теріс пе, оң ба? Тіленіп, телміріп ізденер, Тиын ба яки бір сом ба? (Абай).
(п — қ) сумдық, сомдық (сум + диқ, сомй + дық). Ақша (жүз тиындық). Тас қияда жел бөгеліп, Тұңған қалың жыныс бақша. Барады жай дөңгеленіп. Ай бір сомдық күміс ақша (С. Мәуленов).
(а — п) сәйдкар, саяткер (сдйд + кар, са-ят + кер). 1. Саятшы, аңшы, сонаршы. 2. Ауыс. Өнері асқан сыншыл, білгіш, ысылған. Жүйрік ат, қыран құсты шаппай — ұшпай танитын саяткер, құсбегілер жайында, өзін көрмей, ізін көріп түйенің түгі-түсін айтатын, қозыға қарап қоралы қойдың енесін тауып алатын, жоғалған биенің іште кеткен құлынының ат болғанын танып алатын саяткер, сыншылар туралы сақталғаи аңыздар бар (Б. Адамбаев).
з — араб алфавитінің он бесінші дрпі, парсы алфавитінің он сегізінші дрпі, сандық мағынасы — 800.
зад, зад — парсы алфавитінің он сегізінші дрпінің аты. Осылай деп араб алфавитінің он бесінші, “дад” әрпін айтады. Парсылардай, араб алфавитінің бұрын қолданған иә қазір де қолданатын ауған сияқты елдерде “дад" әріпі зад деп алынған, бізде де солай. Арабтын “ңадый", “ңады", “рамадан", “ңыдыр" деген сөздері ңази, ңазы, рамазан, ңызыр (хызыр) болып айтылатыны сондықтан. Осы әріп кездесетін сөздердің бәрі араб тіліне жатады.
т — араб алфавитінің он алтыншы дрпі, парсы ал-фавитінің он тоғызыншы әрпі, сандық мағынасы — 9.
I — тақ, дағ. Шардақ (чердак) тәрізді сөздерде кездеседі, мағынасы: («биік маңдайша») (ғымараттарда, қорғандарда, дарбаза сияқты ашық қақпа), «күмбез».
II — тақ, тақ. Жұптың сыңары, жалғыз. Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық — болды сегіз (Абай). «Би екеу болса, дау төртеу болады» дегеннің мәнісі: тақ болмаса, жұп билер таласып дау кәбейте береді дегеннен айтылған сөз (Абай).
(а — п) талибдар, талипдар (талиб + дар, талип + дар). Талаптанушы, білім іздеуші, ғылымнан хабары бар. Недәуір білімің бар болса білгір, болмай ма, макфн айтсаң жол көрсетіп? «Перзентім кішік болса — талибтар» деп, Пайғамбар кетіп еді неге айтып (Нақып қожа). Милеттің кел майданға, талиптары, Дерті бар, дәрмені жоқ ғарыптары! Оқыған жастарының арқасында көз ашты көрші жұрттың халықтары (С. Торайғыров).
(а — п) тәбәқчә*, табақша* (тәбәқ + чә, табақ + ша). Кішкентай, шағын табақ. Тыстан екі иінінеп ентіккен самаурын келді. Дастарқан жайылып, бауырсақ төгілді. Кішкене табақшада шөп иісі шыққан аппақ жас май (Д. Досжанов).
(а —п) тәблбаз, дауылпаз (тәбл + баз, дауыл + паз). 1. Дабыл қағушы, дауылдатушы. 2. Саятшылардың қыранға құс ілгізерде дабыл қағып құстарды үркітетін аспабы. 3. Сұңқар, қыран құс. 4. Ауыс. Азаттық жаршысы. Құлаққа маза бермедің, Байдың малын баққандай, Дауылпаз дауыл қаққандай... (Жамбыл). Дабыл ұрған әлемге Дауылпаздық өзі едің (Н. Байғанин).
тила, ділда, ділдә, ділде. 1. Алтын, алтын ақша. 2. Кісі аты ретінде кездеседі. (Ділда, Ділдабек, Ділдәгүл). Сен, мына бір ішінде, Ділдасы бар дорбаны ал! Бірін алсаң және бір дәлдә дайын, қалың сал (Абай). Бұхардың әмірінен қалған адамның барысын ақшаға тілетін әдет бар. Менің басымды алпыс мың тілдаға балап... Әкеме теле дейді,— деді Ажар (Ш. Хұсайынов).
Тилакари, тілдәкари. 1. Жалатылган а.і-тын, алтындалған, алтынмен зсйнеттелінген, безелген. : 2. Самарқанттағы Жалаңтөс әмірдің алтынмен эшексйлеп салдырған медресенің аты. Тілдәкари (1647—1660) медресесінің сырты да, мұнаралары да алуан-алуан түсті-түсті бояулар сырланып, асыл тастармсп капталған. Тілдәкаридың бояуыпың көбі алтынмен сырланған. Сон-дықтан медресе—мениттің атын парсыша — «Тілдәкари» деп атаған. Қазақша «Алтынмен қапталған» деген мағынаны білдіреді (Б. Ысқақов).
(а — п) тәләбгар, талапкер (тәләб + гар, талап + кер). 1. Ізденуші, талпынушы, тырысушы, ұмтылушы. 2. Ақысын талап етуші, несиеқор. Жаншылып бәрі де әбден жуасыпты, Тайында бас үйреніп шу асаудан. Қапыда қалмаңыздар, талапкерлер, Сескеніп соңыпдағы жанжал-даудан (Шораяқтың Омары). Іріктеп маган еріңдер, Атамайын атыңды, Жолдас бол деп сен маған, Талапкер жігіт шығыңдар, Жаныңды қиып ел үшін; Қашпаймын деп соғыстан (0. Шипин).
(а — п) тәлдбнамә, талапнама. Бірдемені хат арқылы талап ету. 2. Келісе алмауға байланысты (мекеме, мемлекет тарапынан) қойылатын ресми талап, мдлімдеме білдіру).
тути, тоты. Түрлі түсті жылы жақтың сұлу құсы. Тоты құс бойын көріп сырланады... (Мақал). Сіз тоты Иранстан бағытындағы (А. Белгібайұлы).
(п — қ) тутидай, тотыдай (тути + дай, тоты + дай). Тоты сияқты, тоты тәрізді (құлпырған сұлу). Бір жүйелерін Зейнеп үстіне кигенде былай да сұлу жас қыз, тотыдай құлпырды да кетті (С. Мәуленов).
тұтынамә, «Тотынама». Тоты құс туралы әңгіме, хикая (кітаптың аты). Мақтанып өтірік айтпа, болса есің, Сыр алып, қашып кетер жақын кісің. Кітабын «Тотынама» көріп пе едің, Айтайын бір Тотының әңгімесін (Жамила қыз). Жамбыл «Мың бір түнді» әңгіме етіп, «Тотынама», «Көрұғлы» хикаяларын да жырлайтын болады («К. Ә. Т.»).
(а — п) тумарчә, тұмарша (тумар + чә, тұмар + ша). Тұмардың кішкене түрі.— Шіркін-ай, біздің төрағаның мойнына жиырма төрт сағатта дегенді тұмарша қылып тағып қояр ма еді!—деді Есламқұл (Ғ. Мүсірепов).
(а — п) тәһарәтханә, дәретхана (тәһарәт + хана, дәрет + хана). Дәрет алатын бөлме, әжетхана. Дию мен бала сөйлесіп тұрғанда құл шыгып, дәретханаға барды («Мың бір түн»). Бір-біріне жанаса, сығылыса салып ап үйшіктердің алдында әр семья жасаған дәретхана (С. Мұқанов).
з — араб алфавитінің он жетінші, парсы алфавитінің жиырмасыншы дрпі, сандық мағынасы — 900. Бұл әріп тек араб сөздерінде ғана жазылады да, з әріптерінің басқа дыбыстық варианттарынан қатаңдау айтылады.
ғ — араб алфавитінің он сегізінші, парсы алфавитінің жиырма бірінші дрпі, сандық мағынасы — 70. Бұл әріп тек араб сөздерінде ғана жазылады.
(а — п) Ғайшәбиби, Айшабибі (Ғайшә + биби, Айша + бибі). Жамбыл облысындағы тарихи мавзолейдің аты. Жамбылдың Айшабибі ескерткіші басқа ешбір мұраларға ұқсамайтын ерекше бір байлық (І. Омаров).
(а — п) ғибадәтханә, ғибадатхана (ғибадәт + ханә, ғибадат + хана). Намаз үйі, бұтхана, мешіт. Өзінің ғибадатханасынан шығып, моншаға барды («Мың бір түн»), Жеңіс құрметіне арналып Шейново қаласына сальшған ғибадатхана (Ә. Сэрсенбаев).
(а — п) ғәджаибханә, ғажайыпхана, әжайыпхана (ғәджаиб + ханә, ғажайып + хина, әжейіп + хана Музей (өнер ескерткиитерін, техника заттарын, ғылым коллекцияларды жинап, сақтап және оларды көрме ар қылы көрсету істсрімен шұғылданатын орын).
(а —п) ғәрәбәкәш, арбакеш (ғәрәбә + кәш арба + кеш). Арбамен жүк тасушы, арба айдаушы. Енді поезд жолы бітті. Жан жабыла арбакешке ұмтылады Екі-үш сомға арбакеш қою шаңды бұрқыратып, бақсы ойнағандай қылып алып жөнеледі (I. Жансүгіров). Арбакеш те қыр басына таяпты, Ауыздықпен алыстырып кей атты; Одан бұрын қызғанышты қыз бетін Суық қолмен боран сипап оятты (X. Ерғалиев).
(а — п) ғәрзнәмә, арызнама (ғәрз+намә, арыз+нама). Хат арқылы өтініш, арыз. Абылай ханның ұрпағы Кенесары ұғылынан ғарызнама (І. Есенберлин). Оның лексикасында: Шәукәт, құдрет... ағзам, хазрет... ғарызнама сияқты қара халық түсінбейтін, әдейі іріктеп алынған сөздер бар (І. Қеңесбаев).
(а — п) ғәрәқханә, арақхана (ғәрәқ+ханә, арақ + хана). Арақ ішетін жай (кабак), ішімдік үй.
(а —п) ғәрәқхур, араққор (ғәрәқ+хур, арақ + қор). Араққа салынған, арақ қүмар, маскүнем (адам).
(а — п) ғәтиргол, әтіргүл (ғәтир+гол, әтір + гүл). Роза (тікенек сабақты, хош иіс гүлді өсімдік).
(а — п) ғәқлгуй, ақылгөй (ғәқл + гуй, ақыл + гөй). Ақыл айтушы, ақыл беруші, ақылшы. Бәибіше қолтыққа алды. Есебі не? Енді оған қарсы жел боп есемін бе? Бас изеп достарыма кете бардым, Ақылгөй ақ шешейдің жетегінде (Ә. Сәрсенбаев). Сагдидің жарқын бейнесі дүнне жүзіндегі адал жандардың жүрегінен орын тепті. Ол — аса көрнекті заманның прогрессішті ақылгөй және педагогі болды (Б. Наурызбасв).
(а — п) ғилмбаз, ғылымпаз (ғилм + баз, гылым + паз). Ғылымға әуес, білімді адам. Бөлеидік бақы нұрға бүгінгілер, Ғылымпаз өсті елімде білімділер (Қәзірбаев).
(а —п) ғәмәлдар. амалдар (ғәмәл + дао, амал + дар). Өкімет иесі, уәлаят бастығы.
(а—п) ғәһднамә, ғаһиднама (ғәһд + намә, раһид + нама). 1. Шартнама, шарт қағаз. 2. Трактат. 3, Халықаралық шарт.
(а — п) ғәйалбаз, әйелпаз (ғәйал + баз, әйел + паз). Әйелдерге әуес, құмар адам.
(а — п) ғәйбкар, айыпкер (ғәйб + кар, айып + кер). Күнәкар, айыпты, қылмысты. Ашынған ана. Құпия — әділетсіз қоғамның қатал айыпкері, дүниеге өмір сыйлаушы, мәңгі сөнбес махаббат көзі, газпз ана болыс пен Қарасақалға қол кетерді... («Д. Ә. Т.»). Песірлер жазып жатыр протоколды, Айыпкер деп көп жұртқа атақ бсрді. Бөкеннің жеті ерін қойдай тізіп, Талтүсте бұғалықтап көгендеді (К. Әзірбаев).
(а — п) ғәйнәк, әйнек (ғәйн + әк, әйн + ек). Алдында әйнектердің өсірген гүл, Жасыл, сары, қызыл, ақ жапырақ түр. Гүл үстінде қалқыған кейбір шыбын Әлсіз ызың қағады әлсіз қыбыр (С. Мұқанов). Қарт шешем ғой әйнекті Ең үлкені біздің үйдің; О да оқитын қалыспастан, «Шаһнамасын» Фирдаусидің (Ә. Тәжібаев).
ғ — араб алфавитінің он тоғызыншы, парсы алфа-витінің жиырма екінші әрпі, сандық мағынасы — 1000.
(а — п) ғайбанә. ғайыбана, ғайыпана (ғайб +анә, ғайыб + ана, ғайып + ана). Сырттан көзге көрінбей жасырын, көзден тыс. Ғайыбына қамқоршы Ғаріп ата Ұғылға. Адал перзент жібермес Атаның сөзіп шығынға (Шораяқтың Омары). Сыртыңнап тілектеспін ғайыпана, өз оған, уақыты хош, саулықтамыз, Халінен хабар алсаң қарындастың (Кете Жүсіп).
(а — п) ғаибйаран, қайыберен. Дін үғымынша ғайып болған, жасырын жүрген достар, суйіктілер, жәрдемшілер. Мұны қайыберен, қырық шілтем беріп жіберді. Мен тағат ғибадатыңды оларга жеткіздім Олар сенің қызметіңе өте разы болды («Мың бір түн»)
ғиджәк, ғижәк, ғиджак. Қобыз үнді музыкалық оспап. Оның үстіне ол әнді жақсы салатын ғиджәкті жақсы тартатын... (Айбек). Олардың ішінде өзбектің халық аспаптар оркестрі және уд, ғиджак, бас ғиджак, дутар чанг, рубаб сияқты аспаптардан құрылған ансамбльдері бар (Б. Сарыбаев).
ғәр, ғар, қар. Жезөкше, жаман ниетті бүзық (әйел). Шақырып жақын жеңгесін Орданы тегіс жпнауы, Бір ұршықтай жібекті Иіріп бер деп қинады. «Өкпелер,— деп шұнақ «қар». Назымның сөзін сыйлады («Қамбар» батыр). Жібер, өлтірем ол қар қатынды!— деген Қепенің дауыстары шықты (С. Мүқанов).
(а — п) ғәрибханә, ғаріпхана (ғариб+ханә, ғаріп + хана). 1. Тарих. Қедейлерді, жетім-жесірлерді, жолаушыларды қабылдайтын үй, пана. 2. Қеруен сарай, жолшыхана.
ғәзнәуи, ғазнауи (ғәзнә + уи, ғазна+уи). 1. Ғазнауйлық. 2. Ғазна атымен байланысты Патша әулеті — ғазнауилер (Махмүд Ғазнауи оныншы ғасырда сол әулеттен шыққан патша). Еңбектен еміп жатқан жерін сүйген ұйғырлар, шағын халық, азғана үймен Қаттаған батысынан, сақтап қалған Қуатты шаһ Махмұд Ғазнауиден (С. Мүқанов).
ғәлтәк, ғалтек. 1. Шығыр (су тартатын дөңге-лек); айналмалы цилиндр, білік. 2. Оқтау, кір оқтау.
(а — п) ғәммхур, қамқор (ғәмм + хур, қам + қор). Сырттай қорғаушы, қамын ойлаушы мейірбан (адам). Қамқор боп қарындасқа қоғамдасу, Қолынды қорғайтұғын жең секілді (Тұрмағамбет). Қасында қалқан қамқор боп Өлеңім бейне құдірет, Күйресін жау талқан боп Басын доптай жұлып от (0. Шипин).
(а — п — қ) ғәммхурлиқ, қамқорлық (ғәммхур + лиқ, қамқор + лық). Біреудің камын ойлап, ған жәрдем жасаушылық. Қызыл Армияға істеген қамқорлығыныз үшін, Берсиев жолдас, Сізге рахмет. Біздің Армияны ешбір күш жеңе алмайды. Көп жасап, жаңа табыстарға жетуіңізге тілектеспін. Сәлемімді қабыл етіңіз Ш. Сталин).
с (а — п) ғәммгин, ғамкін, ғамкүн (ғәмм + гин, ғам + кін). Қайғылы, уайымды, көңілсіз. Аинала сал назарың Қарындасым, жар-жар-ай. Борі сенің қатарың, Қарындасым, жар-жар-ай. Жылашы қыз-ау, жылашы Ғамгүн болып, жар-жар-ай (М. Сералин). Жасты көз, жылаушы сөз қарып едім, Ғамкін көз сіз тарапқа жау-таңдаған. Шығардым мен кітап қып әзіл үшін, Сорлымын арманымды тауса алмаған («Тәңірбергенов»).
ғузә, қоза. Мақтаның мақталы қауешегі. Пана, қоза, пая, пәлек — тәжік сөздері (І. Қеңесбаев, Ғ. Мұсабаев). Қозада мақта ұлпалары көп қалып бара жатса, агрегатты табанда тоқтатып, оның себебін анықтаған дұрыс («0. Қ.»).
ғузәпайә, қозапая (ғүзә + пайә, қоза + пая). Мақтасы теріліп алынған қауешекті мақтаның сабағы.
(а —п) ғәйрәтгар, қайраткер (ғәйрәт + гар, қайрат + кер). 1. Қайратты, жігерлі, көрнекті, іскер. 2. Ауыс. Белгілі бір өндіріс, өнер саласында еңбегімен танылған адам. М. И. Қалинин Қоммунистік партия мег Совет мемлекетінің аса көрнекті қайраткері («Қ. Қ.»). Әлішер Науаи — данышпан жазушы, ұлы гуманист, әйгілі мемлекет қайраткері (Т. Султанов).
ғәйн, ғайын. Араб алфавитіндегі он тоғызыншы, парсы алфавитіндегі жиырма екінші әрпінің аты.
ф — араб алфавитінің жиырмасыншы, парсы ал-Фавитінің жиырма ушінші әрпі, сандық мағынасы — 80.
(а—п ) фатихәгуй, батагөй (фатихз + гуй, бата + гөй). Баташыл. бата айтушы бата беруші.
тагөй ана, бұл тілегіңізді қуанышпен қабылдаймын — деді де Сергей Петрович кемпірді қолтыіынан демей бері шықты (Ғ. Мүстафин). Қалың ту-жер мен көкте желбіреп те, түс түйін тар кемді де кең білекке? Батагөй бабаң тұрып қол жайды ма Оятқан ойды, қырды зеңбірекке? (X. Ерғалиев).
фаш, паш. Анық, ашық. Паш ету. 1. Жұрт алдында сырын әшкере ету, ашу, айыбын бетке басу. 2. Ауыс. Жұртқа әйгілендіру, мәлім қылу. Салдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері-кетерін фаш етеді (М. Әуезов). Революцпя дүмпілі жаңа дүниенің басталуын бүкіл дүниеге паш еткен ұлы дабыл болатын (С. Бақбергенов).
(а — п) фалкар, балгер (фал + кар, бал + гер). Балшы, бал ашушы, бал ошатын кісі. Сен үшін бақсы болдым, балгер болдым, Тығылдым сарайына саудагердің. Азаппен ақыр жеттім есігіңе... Жұмбақ жыр бүгін айқын шешілуге («Мың бір түн»). Әфсун оқығаи молда да, жауырынын ашқан тәуіп те, балалайка ойнаған Шыныбек те балгер,— деді Темірбеков (Ш. Хусайынов).
(а — п — қ) фалкарлик, балгерлік (фал + кар + лик, бал + гер + лік). Бал ашу кәсібі. Сенің балгерлік пен бақсылықты қоятын уақытың жетті («Қ. Т. Т. С.»).
фам, фам, пан. Ғулфам тәрізді сөздерге қосылып, олардың түсінің әлсіреуін және ұқсастығын білдіретін жұрнақ.
(а — п) файдахур, пайдақор (файда + хур, пайда + қор). 1. Алып-сатар. 2. Әсімқор, сүтқор. 3. Ауыс. Тойымсыз пайда табуды кәсіп етуші.
(а — п) файдә-зиян, пайда-зиян. Пайда мен зиян. Жігіт пен қыздың қалай отырғанын көрген қызметшінің ез басына қыз айналасында пайда-зиянды ешнәрсе болмаса да, біртүрлі қызғаншақтық пайда болады («Мың бір түн»).
фәр, пәр. 1. Жарқын, әсемділік, сәнділік, салтанаттылық. 2. Сұлулық. Ең болмаса екі-үш күн, Бұлбұлдай сайрап бақтағы, Ашпадың-ау пәрімді? Иран елін аралап, көре алмай қалқам, кеттің-ау. Зал сияқты кәріңді. (Тұрмағамбет).
фәрауан, фарауан. Мол, ағыл-тегіл. Мұхаммед Бабур шығармаларында араб-парсы тілдерінен енген сөздер бірсыпыра. Мысалы, фарауан (І. Кеңесбаев, Ғ. Мүсабаев).
фәрда, фәрда. І. Ертең, ертеңгі күн. 2. Ауыс. Қелешек. Аллаяр софының бір фәрдеден жүз фәрде би-жай дегені басыңа келеді (Абай).
фәрзанә, фәрзана. 1. Данышпан, ғалым, 2. Ақылды, есті, парасатты. Ақ дидары көз алдыңнан ұрланып, Ақынның тек қиялында жырланып. Бір фәрзана келе жатқан секілді. От көзінен байтақ дала нұрланып (X. Ерғалиев).
фәрзәнд, перзент. Ұл, бала, ұрпақ. Аппақ кіршіксіз ана мейірімді бауырындағы перзентіне алдағы өмірден бақыт тілейді (М. Әуезов). Ей, жүрегімнің қуаты, перзенттерім! Сіздерге адам ұғылының мінездері туралы біраз сөз жазып ядқар қалдырайын (Абай).
(п — қ) фәрзәнддиқ, перзенттік (фәрзәнд + диқ, перзенттік). Балалық, нәрестелік, сәбилік. Басымда айтылмаған ойларым бар еді. Олардың бәрі — вз қолыммен, өз басыммен орындай алмай кетіп бара жатқан — ел, халық алдындағы азаматтық, перзенттік парызым (І. Омаров).
фәрзин, ферзь. Шатыраш, шахмат ойынындағы ең күшті фигура (Королева). Сүйек-пешка шахмат тақтасының қарсы жақ шетіне жеткенде, ферзь болып кетеді, яғни бұрынғысынан қасиеті артады (Б. Наурызбаев).
фәрсәх, фәрсах (парсының фәрсәнг деген сәзінің арабша түрі). Парсыша ұзындық (б—7 км иіама сында). Ал тұрған сарайларынын кеңдігі шаршы фарсах (сегіз шаршы шақырым). Төрт жагына бірдей дария ағызып қойған («Мың бір түн»).
фириштә, періште. 1. Мифо.югия, діни ұғьім бойынша ерекше ғажайып жаратылған. құдайдың дмірің орындаушы жандылар. 2. Ауыс. Сұлу, аса көркем, кіршіксіз таза жан. Алтып көріп періште жолдан шығыпты (Мақал). «Алтын көрсе періште жолдан шығады» — дейді... Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсе қызар сұмдығын қостағалы айтқаны (Абай).
фәрман, парман, пәрман, пәрмен, фарман. 1. Бұйрық, әмір, жарлық. 2. Команда. 3. Тарих. Скрипт (жоғарғы дәрежелі кісіге патшаның алғыс айтып, сазған хаты). 4. Кісі аты ретінде кездеседі (Пармин. Пәрмен, Парманқұл). Дұрысы екеуі қосылуы керек еді. Бірақ бүйірден патшаның қаһарлы парманы киіп кетті, ат бағатын бүкір құл алғалы отыр, кел, ексуін қосайық («Мың бір түн»). Старшина Исатай, сен баян қыл! Беріш руы ихтнлалшы, бод фигыл; Саудагерлерге нужум етіп, ары өтіп, Әмір — парман бірсін бажай қылмай тұр һам яна да ғариза етіп ұлыққа... Қол астында низамсыздық бұ не дүр?—деді Жаңгір (І. Жансүгіров).
фзрмайиш, пармайыш. 1. Бұйрық. 2. Заказ, тапсыру.
фәрәнг, фәрәң. Фараң жаулық — европа жаулығы. Француздық, европалық. Үрімнен мүлік алып Пәрәң кетті, онда да ойдағыдай пайда өтті. Мүһиттің теңізінен бері қарай қайтуға қапықпенен қойды бетті (Тұрмағамбет). Фараңменен (Европада жасалган тері) белдікпен, Шұғаменен желдіктеп, Мақпалменен терліктеп, Айылды жұптап салады («Қыз Жібек»).
форуш, пұрыш, фуруш. 1. Сатушы. 2. Сауда-саттық. Гауһарфұрыш — гауһар сатушы.
фәриад* фарияд.* Айқай, шу, зар жылау, зар еңіреу. Медет бер иә шағири фәрияд (Абай).
фируз, фируз. 1. Жеңімпаз, жеңгіш. 2. Табысы бақытты. Екінші — Құддыс пенен Шам болады, Үшінші — Богдат, Фейруз һәм болады (Құлымбет).
фирузабад, фирузабат (фируз + абад, фируз + абат). 1. Жсңімпаз гүлі, оісеңіс туының гүлі. Бақыт гүлі. Туғанбек һпраттың «Ферузабад» қақпасына қарай баратын үлкен жолдағы шарапханаға кірді (Айбек).
фис, пыс. Маңғаздық, ірілік, менмендік. Пысы басу — ссс көрссту, маңғаз-менмендігімен билеп-төстеу, аяқ асты қылу. «Үлықтың пысы басады» деген осы ғой! Тіпті, арқама шейін тоңазып кетті!—деп, өздері болыс болмаса да, бір жуанның шылауында, қошеметті боп жүретін билер, атқамінерлер тыным ала алмай тұр (М. Әуезов).
фишән, пішін. 1. Мода, сән, үлгі, фасон (бірдеменің көрінісі). 2. Түрәлпет, бейне, жүз. Жас қыздың көз қарасында, бст пішінінде бірқатар сыр бар (Ғ. Мұстафин). Дем алыс ісініп Саусағы суынып, Белгісіз қысып, Пішіні құбылып (Абай).
Достарыңызбен бөлісу: |