ч — парсы алфавитінің жетінші әрпі, бұл әріп араб алфавитінде жоқ, сондықтан оны парсы «джим» әрпі деп атайды.
чабатан, шабата. Аяқ киім. Қазақтың ерлер киетін аяқ киімі әр түрлі болады. Мысалы, ете биік тақалы шоцкайма етік, аңға киетін қайқы тұмсық етік... Кедейлер былғары шабата киеді («Қазақ ССР тарихы»).
чадор, шадыра. Кейбір шығыс елдерінде әйелдердің жамылғышы (Совет Шығыс елдеріндегі әйелдер шадыра жамылу ескі әдетті Ұлы Октябрь революциясынан кейін мүлдем тастады). Шадырасының шетімен құлыпты сыйпап жібергенде, құлып кілтсіз ашылып кетті («Мың бір тун»). Маңдайында — үлкендігі сиырдың тобығындай жасыл жақұт орнатқан— таж, одан бетіне түсірген жұқа селдір ақ жібек шадыра... (С. Мұқанов).
чар, шар. Шартарап (чартдрдф), шаруа (чарпа), шарбақ (чарбағ) сияқты сөздердің құрамында кездеседі. Мағынасы — «төрт».
чарбағ*, шарбақ* (чар + бағ, шар + бақ). Үйдің төрт жағын тугел қоршап тұрған бақ. 2. Ауыс. Бақшаның айналасын (төрт жағын) ауланы қоршай жасалған таяқшалар. Шарбақ ішіндегі қойлар опыр-топыр боп жатыр (С. Мұқанов). Талдан тоқылған биік шарбаққа таяна бергенде аттардың пысқырғапы естілді (Ә. Канахин).
чарпа, шаруа (чар + па, шар + уа). Төрт аяқты (мал, хайуан). ҮГіысып ұсақ шаруа бауырдай боп, Үйілсін Құрттыбастың тауындай боп (К. Әбдіқадыров). Сыбырдан басқа сыры жоқ. Шаруаға қыры жоқ. Өтірік пен есекке, Ағып тұрса бейне су, Ат, шапаннан кем көрмес, Біреу атын қойса «қу»... (Абай).
чардиуан, шардиуан. Төрт өлең жинағы. Атақты «Чардиуан» Науби лирикасының төртке белінген жинақтары еді. «Чардиуанның» бөлімі — адам өмірінің, ақын тілегінің төрт кезеңіне арналған: балалық, жігіттік, орта жас, кәрілік кезеңінің көңіл сыры, мұң сезімі баяндалатып (М. Әуезов). .
чарсу, шаршы (чар + су, шар + шы). 1. Тең Қабырғалы төрт бұрыш. 2. Ауыс. Үш бұрыштанған орамал, 3. алаң өлшемі. Мен Тайжанға шаршы базардың ортасында кездестім (Н. Бегежанов). Ал тұрған сарапларының кеңдігі шаршы фарсах («Мың бір тун»). Жаулықтың шаршысын шалқасынан тастап, дөңгелек ақ қүба жүзін, қолаң қара шашын, әдемі жұмыр мойның, замандастарынан жасырмай, еркін отыр (Ғ. Мүсірепов).
шартақ, шардақ (чар + тәхт, шар + дақ). 1. Төрт қырлы (бағаналы, үстынды) күмбез, асылма қалқан. Орыс тілінде чердак деп үйдің төбесіндегі жабық қуысты айтады. Қазақ тіліндегі шардақ сөзі үй салуға байланысты орыс тілінен енген сез (Н. Қарашева). Чардағімнің түбінен, Белгі қажет өтеуге. Жүз саржанға жүгірем (I. Жансүгіров).
(п — а) чартәраф, шартарап (чар + тәраф, шар + тарап). Дүниенің төрт бұрышы, төрт жағы, айнала. Шарықта шартарапқа қиял құсы, Кеңілдің кеп тұрғанда күнді алғысы. Халықтың қуанышын, қанат қып қа; Қашан да қала берер ұяң кісі (І. Жансүгіров). Алтыннан құлағында қос сырғасы, Көрінген сәукелесі шартараптан (М. Сералин).
чарқәд, шарқат. Әйелдердің бас орамалы, үшкіл орамал, жаулық. Қырық сомға алған шарқатты, Орай салса басына, Өзі он сегіз жасында, Нұр сәулесі көрінсе, Қиылған қара қасында (Мұрат).
чарә, шара. Әрекет-әдіс, айла-амал, жәрдем, көмек ету әдісі. Баспана, су, тәрбие бүгінгі ең ауыр міндеттер еді. Соны орындаудың бюро дұрыс шараларын белгіледі (Ғ. Мұстафин). Осы айтқандарыңыздың бәрі біздің белгілеп отырған шараларымыз,— деді, Қасен (М. Әуезов).
чәрийәк, ширек (чари + йэк, шир + ек). Бүтіннің төрттен бірі. Сен мынаны сұлу деп жүрмісің?—деді дию,— қыздың сұлулығы мына жатқан жігіттің, ширегіне де келмейді («Мың бір түн»). Хафиздің дәл туғап жылы беймәлім... Дегенмен оның XIV ғасырдың алғашқы ширегінде туғаны анық (Б. Ысқақов).
чарйәкар, чарыкер. 1. Ширекті, қосшы, (біреудің жеріне оның көлігімен қос айдап, егін салып беріп, соның өнімінің төрттен бірін алу үшін жалданушы). 2. Ауыс. Батрақ. Туған болсам егерде Азияның жерінде, Мешһед бенсн Қалаттан, Кетер едім бұл жақтан Солтүстікке жол тартып... Өйткені бұл қақпада чарыкерге, құлдарға, шаруаларға, диканға Жазып қойған тұр сөзі: «Мұнда Совет Одағы!» (Н. Тихонов).
чаштгаһ, сәске. Түске тақау уақыт, мезгіл.
Сәске болып қалған кез еді (І. Есенберлин). Біріккен Араб Республикасында болуын аяқтағалы отырған СССР Жоғарғы Советінің делегациясы бүгін сәске түске дейін Біріккен Араб Республикасының ұлттық жиналысында болып, оның мәжілісіне қатысты («С. Қ.»).
(п — қ) чаштғаһлик, сәскелік (чаштгаһ + лик, сәске + лік). 1. Күннің шығуы мен сәскеге дейінгі уақыт аралығы. 2. Күн көтерілгеннен кейінгі таңертеңгі ас. Инжеиер сәскеліктегі күнге бір, қолындағы сағатына бір қарады да, жолдастарына көз жүгіртті (Ғ. Сланов). Көз тігіп келе жатқан ауылының күзгі жайылымы осы арадан алыс емес, суыт жүрген кісіге сәскелік қана жер қалды (3. Шүкіров).
чауандаз, шабандоз. 1. Ат жүргізудің шебе-рі, атқа мінуге епті, ат ойнатушы. 2. Қөкпар шабудың шебері (көкпарда жеңіп шығушыларға халық қойған атақ). Әлібскті сайыпкерлер, шабандоздар, құсбегілер сияқты сауықшылардың серкесі,— деп айтса да болады (Б. Момышұлы). Елден Биқа бата алды, шабандоз қыз атанды. Сондағы керген кемпір-шал, Аңыз ғып әлі айтады (Қ. Әзірбаев).
чаули, шәулі. Ет асқанда салынған қамырды жане етті сүзіп алу үшін сымнан, шыбықтан жасалған сүзгі.
чәпдн, шапан. Сырма, жылы сыртқы киім. Басында ескі шлем, аяғында ботинка, үстінде шапан (Ғ. Мұстафин). Көркемтай ауылының сыртындағы белес басында, шапанын желең жамылып бір адам тұр (Б. Майлин).
чедар, шідер. Аттың алдындағы екі аяғын және артқы бір аяғын шідерлеу. Жиренше соңғы атқа шідер салып, отқа жіберіп жатыр екен. Есік ашылған жерден Абайды көрді де, ақырын дауыстап:—Абай, бері кел, мұнда кел,— деді (М. Әуезов).
чирағ, шырақ. 1. Шам. 2. Жарық, жарық түсіруші. Аңласаң әңгімеме назар салып, Ақ балдақ тасқа шабар асылданып. Ағатай, қадіріме жетсең танып, Гауһардың жанғап шырақ тасындайып (Дәме). Лепігі ойы — бар әлемнің шырағы, Ленин үпі — барлық халық ұраны. Ленин берген әділетті ұлы өмір — Келер күні бақыттың тұрағы (Әріп).
чирағдан, шырақдан. Шамдан (топ шырақ шам қоятын қойғыш). Шырағдан сеніп барады — пілтенің басы қызыл шоқтанған (3. Шашкин). Отар ел де құрметтейді, Ленинизм шырағданым. Құлдар тілін құрметтейді! Асыл сөзі «Правданың» (X. Ерғалиев).
чәрби, шарпы, шарбы. Май, шарпы май (қарын, ішек майы). Заман да, заман, шын заман, Қартанып көрдім қызықты: Көңілді тартты нұр заман, Құмартып жүрек үздікті. Шарбы ораған сынықтай, Жүйкемді қатқай бекітті (Жамбыл).
I — чәрх, шарық. Дөңгелек қайық, қайрақ тас. Шарыққа ұсталған орақ жүзінен ұшқан ұшқың иығынан аса атылып жатты (Қ. Оразалин). Столетов ұзын сапты айбалтасып қайта-қайта шарыққа ұстап, кемпірімен ымдасып сөйлеседі (Қ. Тоқаев).
II— Чәрх, шарх, шарық. 1. Аяқ ұршығы. 2. Шарқ иіру. Қалың ағаш арасынан сарқырап аққан бойында шарх иіріп отырған кемпірдің жанына келіп тоқтады (Айбек).
черк, шірік. Кір, лас, нас, ірің. Тұрманды шіріген дүние қалыбында Атаңа біткен дәулет ну, Смағұл. Ер жетіп, атқа мініп, сен өскен соң Болды ғой дәулет ғайып су, Смағүл (Ақан сері). Біреулер батыр мен би, ханды мақтап, Бұрынғы надан шірік заңды мақтап, Сарнайды, жыр қылады сөзін сырлап. Бақсыдай жын шақырған сандырақтап (С. Сейфуллин).
чиркин, шіркін. Ауыс. Есіл, қайран дегендей өкініш, аяныш сезімді білдіретін сөз. Шіркін, менің өз үйәм, кең сарайдай боз үйім (Мақал). Жамантайдың баласы Көжек деген, Әркімге өсек айтып безектеген. Досын келіп, досына жамандайды, Шіркінде ес болсайшы сезед деген (Абай).
чәшмә, шишма. Қайнар көз, бұлақ. Бұл бір аныз, ел аузында қашаннан, Аңыз емес, мәңгі ескірмес жас арман. Таудан аққан шишмә осылай Қызыл маржан өзені деп аталған (Ә. Сәрсенбаев).
чәкки, шеккі. Орынсыз, ретсіз, қисынсыз; бекер, босқа, нашар, жаман.
челем, шылым. Қальян. Қағаз түтікке салынған темекі. Бозжанов диванға асықпай жайласып отырып шылымын тартты (С. Шаймерденов). Оқас тұр шоқтығы асып, жеңген болып, Ояз тұр үңірейіп шылым сорып: сөйлейді біреу аяп, біреу қажап, Жаралы жіліншікке шаншу болып (І. Жансүгіров).
челле, шілде. Қырық күндік мезгіл (осыдан 25-ші июнь мен 5-ші августың арасындағы жаздың сң ыстық қырық күнін «үлкен шілде», 25-ші декабрь мен 5-ші февраль арасындағы қыстың ең суық қырық күнін «кіші шілде» деп атап кеткен). Халық астрономиясында «қырық күн шілде» деген ұғым бар. Оны қазақтар «жазғы шілде», «қысқы шілде» деп екіге бөледі (А. Машанов). Шырылдаса шегіртке шілдесінде, Бақа шулар өзінің шалшығында (А. Тоқмағамбетов).
челлдханд, шілдехана. Сдбидің қырық күнге толу тойы мерекесі. Қазақ этнографиясындағы шілдехана тойы да қырық күннің «қасиеттілігінен» алынған (А. Машанов). Ш. Қалдаяқовтың «Анама» атты әні сәбилерді тіркеу, шілдехана салтанаттарының музыкалық сәні болып алды. Шығармасы халықтың салты мен сәні болудан артық өнер адамдары үшін не бар! (Н. Сәрсенбаев).
ченар, шынар. Оңтүстікте шығатын биік, жалпақ жапырақты үлкен ағаш. 2. Кісі аттарының құрамында кездеседі: Шынар, Шынарбай, Шынарбек, Шынаргүл. Науан терезенің алдында, хауліде өскен биік жас шынарға қарады (Айбек). Бір күндерде жалаң құздың басындағы тақыр құм мен тастақты жарып әлсіз, нәзік шешек атып, жас шынар пайда болған (М. Әуезов).
чәмбәр, шеңбер. 1. Құрсау, шеңбер. 2. Анатом. бұғана. Әмірлі күн ағады Дарияның сеңдері. Дарияға кеме жүре алмас, Бұзылса құрсау шеңбері (Мүрат). Шертейін шебім шеңберді, Шеңберді иген шеберді (Ғ. Орманов).
чәнбәрғол, шеңбергүл. Гүлдерден өрілген шеңбер, гүлдерден дөңгелек етіп өрілген әшекей, венок.
чәндәл, сандал (араб. сәнддл). Сандал ағаш (жылы жақта өсетін хош иісті эфир майлы ағаш). Сол елде Сәман дейтін бір жігіт бар... Сабырлы, терең ойлы маңғаз еді, Жетпегеп қатарына тең құрдасы. Сағымдай садақ жетпес жылдамдығы, Қырмызы қыз мінезді, қымбат басы. Денесі тең сандалдың терегіндей, Кең біткен иығының екі арасы (Әсет).
чәндә, шанда. Сирек, сирек кездесетін. Қара көз сұлу көп болса да, бұл бітім, қасиет шанда біреуде ғана болатын (М. Әуезов).
чәнг, чаң. Арфа, цимбал, орган тдрізді музыкалық аспаптардың бір түрі. Бір топ шаткөңілді бой жеткен қыздың біреуі сағыз шайнап, біреулері чаң тартты (Айбек). Олардың ішінде өзбектің халық аспаптар оркестрі және уд, гиджак, бас гиджак, дутар, чанг, рубаб сияқты аспаптардан құрылған ансамбльдері бар (Б. Сарыбаев).
I — чднгәл, шеңгел. Гүл шашатын тікенекті бұта. Боран тікенекті шеңгелдің үсті-басынан да, бауырынан да ұйтқып өтіп жатыр (М. Әуезов). Сыр бойында шеңгел көп сылдырлаткан түймесін (Ғ. Орманов).
ІІ — чәнгәл, шеңгел. 1. Тырнақ, табан, аяқ (хайуанның). 2. Ауыс. Қол саласы, уыс. Қалдырды қапсарында қазыпасын, Жоғалтқан сан татудың базыпасын. Әркімді, күні бітсе, ажал тұтар. Деп болмас шеңгелінен жазыласың (Әріп). Құнанбай жас жігітті шеңгелінен босатпаған (М. Әуезов).
(п — қ) чәнгауз*, шаңғауыз*, (чәнг + ауз, шаңғ + ауыз). Құйрық жағы жуандау дөңгелек келген жіңішке айыр темірден жасалған, ортасында ұшы тіктеу тілі бар. Ауызбен үріп ойнайтын шағын музыкалық аспап. Темірден жасалған аспаптың бірі — шаңқобыз. Шымкент, Қызылорда облыстарының біраз аудандарында шаңқоңыз деп атайды. XIX ғасырдың екінші жартысында шаңқобыз Қазақстанның біраз жерлерінде жойылып, оңтүстігінде сақталып қалады (Б. Сарыбаев).
Чубәк, шыбық,* чубақ.* Кішкентай таяқ, таяқша, бұтақша. Ол заманның жай адамдары, ақсүйектер мен дін өкілдері сияқты аттарын шұбыртпай, қайта ат іздеп әуреге түспей, өз балаларына ойларына келген алғашқы сөзді қоя салады екен. Сірә, олардың ойыпа тіршіліктің өзге қамы ұялаған болуы керек. Олар өз балаларының атын жаман естілсе де, шұбыртпай Хошем, Чубақ Зағ дей салады екен (А. Дехоти).
һ чупан, шопан. Қойшы, қой бағушы (Л. Будагов бұл сөзді парсы тілінен келген десе, К. Юдахип чопан — жалпы ирандікі дейді). Бақытты қазір шопандар, Қамқоршың Ұлы Отан бар. Қойшыда ешбір арман жоқ... Абырой, атақ басында, Арғымақ, жыл үстінде, Алтын жұлдыз төсінде (К. Әзірбаев).
чухә, шұға. Мауыт (мәуіті) неше түрлі түске бояп жүннен тоқылған, жұмсақ түкті мата, сукно. Кластың төр жағында шұға жамылған, үстіне гүл салған вазалар қойылған ұзын стол (С. Мұқанов). Әскерге шинелдік шұға жүннен ғана тоқылады (М. Ермеков). Жанбыдан басқа алтын-күміс, шұға, жібек, барлық мүлкі сол күйінде қалыпты («Мың бір түн»).
чурәй*, шоры*. Қызметкер дйел, үй қызметшісі, малай. Талап қылып шалынды, Шауын алып малыңды, Асықпасаң қайтармын қатыныңды шоры ғып («Қамбар батыр»). Қызметкер Рудабаға болам шоры, шорының өзім қатар едім зоры. Атамның ордасынан қайтарында, Киініп еркектерше,— деді,— торы (Тұрмағамбет).
ша, ше.* Бақша, кітапша, сандықша тәрізді сөздерде кішірейту, еркелету түрін жасайтын жұрнақ.
чәһар, шаһар, шар. Шар айна (чәһар-айна), сәрсенбі (чәһаршәнбә), шаруа (шәһарпа) сөздерінің құрамында тұрып, «төрт» деген мағынаны білдіреді.
чәһарайнә, шарайна. Төрт бұрышты айна. Нақылда: «Бектен белгі — белге мәдет», Шарайна қалды, белдік алтын кісе. Тайдан — ат, аттан — мұрат, тірі болса, Тайыңды — таза асыра, ұстар мүше! (Шораяқтың Омары). Тас дулыға болмай ма жатқан үйім. Шарайнам шойын есік бұ да бір кез (Абай).
чәһарбағ, шарбақ. Қар. Чарбағ. Шарбақ.
чәһарпа, шаруа. Қар. Чарпа, шаруа.
чәһарпай, шаруа. Қар. Чарпа, шаруа.
чәһарсу, шаршы. Қар. Чарсу, шаршы.
чәһаршәнбә, сәрсенбі (чәһар + шәнбә, сәрсен + бі). 1. Төртінші (сенбі) күн (қазіргі календарь бойынша сейсенбіден кейінгі үшінші күн). Сәтті күн сәрсенбіге құда келмек, Тездетіңдер, той жабдық болсын дайын (Қ. Аманжолов). Жүретін күнді сәрсенбіге, 4 апрельге белгілемекпіз (В. И. Ленин).
чәһартәрәф, шартарап. Қар. Чартдрдф, шартарап.
чәһарйар, шаһарияр, шадияр. Төрт дос (Мұхамбет пайғамбардың Әбубдкір, Омар, Осман, Әли деген ең сенімді төрт серігі — досы болған, олар пайғамбардан кейінгі төрт халифа болды). Ұзын адам әділ болады деседі. Ғұмар шаһарияр сияқты (X. Есенжанов). Оның төңірегіндегі күн сәулесінің әр түсті бояуларын сондап түсті қымбат тастардан жасалған әшекейі, екі жақ төменінде ән екі Шадиярдың күмістен жасалгап тұлғалары (С. Мұқанов).
чәһарйәк. ширек. Қар. Чаридк, ширек.
чеһрә, шара. Бет, жүз, шырай, өң, түс, длпет, пішін.
чиһилтар, шілтер (чиһил + тар, шіл + тер). 1. Тор (қырық жіпті). 2. Шашақ, әшекей. Үй ішінде көлеңке қоюланып қоңыр пештің майда лебінен терезе шілтері ақырын ғана сілкініп қояды (М. Әуезов). Жағаны әсемдегенде матаның жібін суырып өрнектейді де оған шалып тігіп шілтер салады («Халық мұғалімі»).
чиһилтдн, шілтен (чиһил + тән, шіл + тен). Қырық тдн, қырық дене. 2. Ауыс. Қырық рух, қырық тірі жан. «Ғайып ерен кырық шілтен* тіркесіндегі «ғаиб»— арабша «көрінбейтін», ал «ерен»— парсыша «жарандар, адамдар» деген ұғымды білдіреді, «қырық»—қазақ сезі (А. Машанов).
чичәк, шешек. 1. Қорасан (дене мен шырышты қабыққа іріңдеи шығатын жұқпалы бөртбе ауру). 2. Жарадан ждне шешек егуден денеде қалған дақ, таңба. Торғай мектебінде дәрігер Орлов оқушыларға шешек егу және оны іс жүзінде қолдану жайын оқытып жатыр (Ы. Алтынсарин). Нендей дерт,— Кешеден бері шешек шығып жатқаны (Ә. Әбішев).
чигит, шит. Мақтаның тұқымы, ұрығы. Шымкент облысы 1970 жылы мемлекетке 88 мың тонна шитті мақта сатуға міндеттеме алды («С. Қ.»).
челик, шелек. Айран сұрай келіп, шелегіңді жасырма (Мақал). Екі шелекті иығына салып Күләш суға кетіп бара жатыр (Б. Майлин).
(п — қ) чиләктеу, шелектеу (чиләк + теу, шелек + теу). Шелекпен төгу (жинау). Ауыл адамдары жидекті шелекпен жинап алатын (С. Мұқанов). Тамшылаған терге шелектеп су алған Олжабек бишігін беліне көлденең ұстап, сілейіп тұр (Ғ. Мұстафин).
Чиләк-чиләк, шелек-шелек. Бірнеше шелек. Әкеліп шелек-шелек эскер суды, Қалдырмай қаруларын ердің жуды. Бір жеті осы арада ойын құрып, Ирандар ертелі-кеш етті дуды (Тұрмағамбет).
чини, шыны. Пияла, фарфордан жасалған кесе. Бірсыпыра елдерде шыны (чини) сөзі «фарфор», «фаянс» «кафель» деген ұғымды білдіреді (Н. Қарашева). Абан бірер шыны ішті де тоқтай қалды (М. Әуезов).
чини-айақ, шыны-аяқ. Шыны т. б. ыдыстар. Есепсіз інжу-маржан, алтын күміс, шыны-аяқ, шарап ішер сырлы ыдыс. Тон, шекпен шаһыналық шеи тағылган, Мауыты, қамқа, мақпал, барқыт, пүліш (Тұрмағамбет). Бірін бірі уатқан сеңдей шыны-аяқ бір-біріне тиіп тасталқап болды («Мың бір түн»).
х — араб алфавитінің алтыншы әрпі, парсы алфавитінің сегізінші әрпі, сан мағынасында—8. Бұл әріп қазақ тіліне тек парсыға араб тілінен енген сөздерде ғана жазылады.
(а—п) хал-джай, хал-жай. Күй-жай, жай-күй, ахуал. Есембайды оңашалап хал-жайын сұрадым (С. Мұқанов). Дегеимен өлеңмен жазылган үлкен хат Сараны көп білетін, оның жай-күйін көбірек аңгаратып, басындағы хал-жайды көбірек түсінетін адамның атынан жазылған хатқа ұқсаііды (7. Омаров).
(а — п) хал-дәрман, әл-дәрмен. Хал-күйі, шама-шарқы, қуат. Саяділ: «Егін піскенде, алақанға салған бір топ бидайдың қүны қанша?»—дейді. Сонда Майса: «Адамның әл-дәрмені, күн керіс, тірлік қуаты — бәрі де дәнменен. Жанға тең жсйтін нанпың бағасы бар» деп жауап береді («Қ. Ә. Т.»). Алғашқы сәтте әл-дәрмені құрып, құр сүлдерімеп жігіт құшагыиа құлай кетті (Ә. Нүрпейісов).
(а — п) хәрамзадә, арамзада, арамза (хәрам + задә, арам + зада, арам + за). 1. Заңсыз, нскесіз туған, уақытсыз пайда болған (бала). 2. Алаяқ, алдам-иіы, залым, қиянатшыл, бұзық, қу, мүттәйім, жылпос. Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам (Мақал). Биік жонда бір арамза қолыпаи Бар деп жүрген балаң белі сынды ғой! (X. Ерғалиев). Кешегі қан майданда жеңдік жауды, Жеңіске еңбекші елдің айызы қанды. Арамза Черчилль мен Трумәннің Қас ойы бізге түйгеп талқандалды (Қ. Әзірбаев).
(а —п) хисабхор, есепқор (хисаб + хор, есеп + қор). Есепшіл, үнемшіл, есепке ұқыпты. Кіріс-шығыс пайда шығынның бірін елемейтіндей көрінетін Игілік бүл далада теңдесі жоқ, есепқор еді (Ғ. Мүсірепов).
(а — п) хисабдан, есепдан (хисаб + дан, есеп + дан). Есепті жақсы білетін, есепті жақсы шығарушы, есепке жүйрік.
(а — п) хисабгәр, есепкер (хисаб + гар, есеп + кер). Есепші.
(а — п) хәққпүл, ақы пұл. Ақы пұлы. Абылай үйінің жалшысы болдық. «Ақыпұл» дегенді біз алып көрген кісі емеспіз (С. Мұқанов).
(а — п) хокмран, үкімран, хүкімран (хокм + ран, үкім + ран, хүкім + ран). Әмір етуші, бұйырушы, басқарушы, әкім, патша.
(а — п — қ) хокмрандиқ, үкімрандық хүкімрандық (хокм +ран + диқ, үкім + ран + дық, хүкім + + ран + дық). Билеушілік, әкімшілік, патшалық. «Романов нәсілінен хүкмырандық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыпшылық заманнан бері қазақ халқының ахуалы» деген кітабында шәһді орыс патшаларыи патша өкіметін, қазақ хайдарып, қазақтың бұрынғы заманын дәріптейді (Б. Кенжебаев).
(а — п) хилдхур, айлақор (хилә+хүр), айла + кер). Айлашыл, айлалы, тәсілқой.
(а — п — қ) хилахурлиқ, айлақорлық (хили + хур + лық, айла + қор + лық). Айлашылдық, айлалылық, тәсілқойлық.
(а — п) хиләгәр, айлакер (хилә + гәр, айла + кер). 1. Амалшы, амалкеш, қу. 2. Қара ниетті, бұзық ниетті, қаскүнем. Ол жігіт түлкіге ұқсас айлакерді, Із тастап бірдей жортты қыр мен ойды (Ақан сері). Иманқұл хажы талайды басынан кешірген айлакер, залым саудагер (Қ. Нәжми).
(а — п—қ) хиләгәрлик, айлакерлік (хилә + гәр + лик, айла + кер + лік).— Айлакерлік, тәсілқойлық.
(а — п) хәйуанханә, айуанхана, хайуанхана (хәйуан + ханә, айуан + хана, хайуан + хана). Үй хайуандарын (малдарды) ұстайтын орын, жай, қора.
Достарыңызбен бөлісу: |