ба, ба зат есімнің алдына жалғасып сын есім жа-сайтын, сөйтіп түбір сөздің сапасын я белгісін күшейте түсетін сөз алды қосымша (префикс): дәуам — бадәуам, қуат — бақуат.
баб, бап. Жарамды, жарасты, қылық, сдйкес, күй, шаһыт, күтім; лайық, ыңғай, қолайлы. Олжабектің бабын табатын бір ғана Жамал (Ғ. Мұстафин). Майданда бейғам қалмауға, Отанын жаудан қорғауға, Ұлдарым менің баптанған, Әскерге де аттанғап. Мылтығын тот шалмағап (Жамбыл).
(п — қ) бабтау, баптау (баб + тау, бап + тау). Бабын табу, бабына келтіру, күту, күшіне келтіру. Сөйледі Шмид баптап олар жайын: «Біз дағы босанармыз солардайын, Құтыптың батыспенен жорығы бар Жолына жұмыскердің олар дайын (І. Жансүгіров). Ғылым таппай мақтанба! Орын таппай баптанба! (Абай)...
(п — қ) бабти, бапты (баб + ти, бап + ты). Бабына келген, күйлі, күтімді, ыңғайлы, қолайлы.
Қуанып, қымқап, атлас, кілем төсеп, Үй ішін етіп қойды өте бапты (Түрмағамбет).
бабор, бабур, бабыр. 1. Арыстан. Жалқы есім (белгілі «Бабыр-наманың» авторы).
бабкар, бапкер (баб + кар, бап + кер). Бабын тапқыш, баптауға шебер (адам), Жұмат Шанип ел ішіндегі әнші, күйші, ақын, құсбегі, бапкер, палуан атаулымен өзінің қызмет бабындағы үлкен мансабына қарамай достасып, бауырласып кетеді (Р. Нұрғалиев). Жылқышы асау биенің шабына жақындап сауыпға үйрете біледі, ішті айдар көк сүтті сары қымызға айналдырар бапкер қолы қажет (Д. Досжанов).
батман*, батпан*. Салмақ өлшемі (оның мөлшері әр елде әр түрлі болады). «Пұт болдым»,— деп, мақтанба, Одан да ауыр батпан бар. «Биікпін»,—деп мақтанба, Асқар алатаудың да Ар жағында аспан бар». «Басыма бақыт қонды»,— деп, «Кем емеспін, енді»,— деп, Зауалды жалған дүниеге біле-білсең баспаңдар (Ы. Шөреков).
бадж, баж. 1. Бір елден екінші елге алып барылған товар мүліктен алынатын салығы (таможенная пошлина). 2. Ауыз. тоят, ләззат. Тіктіріп шапшаңдатып көкпен шатыр, Шаштырып бұрқыратып ішінде әтір, «Жүгімді санасын»,—деп шақыртқан соң, Адамдар алатын бәж келіп жатыр (Тұрмағамбет). Одақтастар өздерінің иелік жерлеріне баж салығын бірдей етіп белгілеген («СССР тарихы). Сіз бір сұңқар шаһбаз, Жер жүзінен алған баж. Біздей ғарып есепсіз Есігіңде жүр мұқтаж (Абай).
баджханә, бажхана (бадж+ханә, баж+хана). Мемлекет шекарасынан өтетін товар-мүліктерді тексеріп, ол үшін белгіленген баж салығын алып тұратын мекеме, жай.
бадам, бадам. 1. Түстікте өсетін ағаш жэне оның жаңғақ тәрізді сопақтау келген жемісі. 2. Кісінің аты ретінде кездеседі: Бадам, Бадамбай, Бадамжан, Бадамгүл. Меймандарға пісте, бадам, өрік, мейіз ағылып-төгіліп берілді (Айбек). Колхоз жері көк көрпесін жамылып, шабдалы, бадам, шие ағаштары ақ, қызғылт гүлдерге бөленді (Ю. Акбиров).
бадрәнг, бәдірең, бадыраң. Қияр (сопақтау келген, көк қабықты, жеуге жарайтын асқабақ түқымдас бақша өсімдігі). Онтүстік аудандарының кей жерінде қиярды бадыран дейді. Ертеде Бадыраң деген кісі аты да болған (Ғ. Сланов).
Бадәңджан, баклажан. Ірі қияр тәрізді күлгін түсті бақша дақылы. 1954 жылдың кектемінде капустаны, помидорды, көк баклажанды шаршы ұялап отырғызу керек (Ғаз).
(п — а) бадуәрәқ. пәтперек (бад+уәрәқ, пәт + перек). Желмен үшыру үшін керіп окасалған бір парақ қағаз ойыншық. Бір шайыр бір шайырдың сезін күндеп, Қарайтты халықты соғып қыркүйекше. Өлеңмен жақсы адамдар жанжалдасып, Ауысып атаға өкпе, кеткен кекше. Ерегіс ел табына жік түсіріп, Бала ойнап байтал үріккен пәтперекше (Ш. Сүгірбайұлы).
Бадә, бада. Шарап. Онда толып жатқан арабтар бада (ішкілік) ішіп, шарапхананы даурықтырып отыр екеп («Мың бір түн»).
баддфоруш, бадапұрыш (бадд + форуш, бада + пұрыш). Шарапшы, шарап сатушы.— Маған оңаша бөлмең бар ма, мына шудың ортасында шарапқа шабытым келетіи емес,— деді. Бадапұрыш опы онаша бөлмеге кіргізді («Мың бір түн»).
бар, бар. Көлбар тәрізді сөздердің қүрамында «жүк» дегендей мағына беретін сөз.
І — баз, паз. Адамның бір нәрсеге әуестенуін, елігуін, қызығуын я бір нәрсеге қүмарлығын білдіретін жұрнақ: өнерпаз, білімпаз, құмарпаз, масқарапаз.
ІІ — баз, баз, бәз: баз-баяғы (бәз-баяғы), бдз қалпында деген сөздермен бірігіп айтылады да сол, әлгі, бүрынғы, қайтадан, жаңадан деген мағынаны білдіреді.
«Сонда, баз-баяғы деген қос сөз қазіргі қазақ тілінде өзара мағыналас екі түрлі түбірлерден жасалган болып табылады» (Ә. Қайдаров). Балалығыңа белгімін, мепі ұмытпа» дегендей сол үй бәз қалпында, бұрынғы орнында әлі сау (Қ. Бекхожин). Дуалға сүйеніп, бәз-баяғы уайымға шомып тұрдым (М. Қаратаев).
ІІІ — баз, баз. 1. Сұңқар, қыран (құс). 2. Ауыс. Қырағы батыр, ержүрек, азамат. Шапырашты, ол рас, Сенеп тегінде аз едім. Аз да болсам тартымды, Сенен дулат баз едім (Жамбыл).
базар, базар. 1. Сауда-саттық орны. 2. Ауыс. Қуаныиі, қызық, думан. 3. Қісі аты ретінде кездеседі. Базар, Базарәлі, Базарбек, Базаркүл. Өткеп жылы Қоянды жәрмеңкесінеп бес жүз жылқы, Шәуешек базарынан жеті жүз жылқы сатып әкеп, мыңдарын шалқыта бастаған (Д. Әбілев). Жұрттың қауыпы пісіп, алды базарға түсе бастады (Қ. Әбдіқадыров). Өзін өзі базарға салып, бір ақылы көзіндегі ақмақтарға «бәрекелді» дегізбек (Абай).
базаркәш, базаркеш (базар + кәш, ба-зар + кеш). Базаршы, базарлаушы. Жаман еркек костюмінің ішінен арқасына қол жүгіртіп, әлденені шешті, ұшын тартып, көйлегінің өңірінен ұзын орамалды суырып шығарды. Орамал ортасы буылтық түйін: Базаркештердің ақшаны осылай алып жүретін әдеті (Д. Досжанов).
(п~ қ) базарлық, базарлық (базар + лиқ, базар + лық). Базарлы жерден қайтқандардың үйдегілерге әкелетін сыйлығы. Базар дегеннен базарлық жасалады да бұл сөз сарқыт дегенмен мағына жағынан үйлесіп, бір ұғымды тудырады (Ә. Болғанбаев). Итбай қаладан елдің ғұрпы бойынша базарлық жейін деп келген бала-шағаны үйден қуып шығып, Амантайға жалпылдап жатыр (С. Мұқанов). I
(қ — п) баспаханә, баспахана. Қітап, газет-журнал басып шығаратын өндіріс орны, жайы. Қазақша баспахана орнатып, газет шығармақшы болдық (С. Сейфуллин).
(қ — п) баспднаһ, баспана (бас + пднаһ, бас + һана). Бас сауғалайтын лашық, күрке үй. Жәнпейісте қатын да, бала да, баспана да жоқ (А. Тоқмағамбетов). Өшікті бұл бараққа мұхитта мұз, Баспана, бонды жылытар бұл ғой жалғыз (І. Жансүгіров).
баг, бақ, бау. Әр түрлі жеміс ағаштары өсетін бақша. Мектепті бауға белепсіңдер ғой деді Есенбек Жақыпбекке (М. Иманжанов). Көкке қарап көтеріле ескен зәулім ағаштарымен қатар, неше түрлі жеміс баулары тағы бар (С. Бақбергенов).
бағбан, бағбан (бағ + бан, бағ + бан). Бақты күтетін кісі, бау-бақша маманы. Аптаптың апатынан сақталмаса, Кез болар байшешекке соларыпда. Бағбаны баққанменен су келмейді, Қырсықса, баққан дарақ құларында (Қерейіт). Бақта бір бағбан болушы еді. Ол көзін ашқаннан дерлік осы бақтың тәрбиешісі еді («Мын бір түн»).
бағ-бағчд, бау-бақша. Әр түрлі жеміс ағаш-тары, гүл өсетін алаң, орын. Мәуелі бау-бақшаға бөленген «Новый быт» колхозы күндегіден езгеше түрленген (С. Омаров). Бар еді баурайьшда қайнар бұлақ. Сарқырап сай-салаға жатқан құлап, Ғажайып айналасы бау-бақша еді, Жас бала Жұбанатын келген жылап (Тұрмағамбет).
бағча, бақша (бағ + ча, бақ + ша). Үй іргесін-дегі шағын бау (бақ), жеміс өсетін алаң. Тас жолдың үстінде, қалың бақша, алуан түрлі жеміс ағаштарының арасымен зымырап келеді машина (Ғ. Мүстафин). Салтанатты ұлы емірдің Бақшасында жасап еркін. Сүйсіндірген жүрегімді Жарқырайды сенің көркің («Сдлем саған Украина»).
(п — қ) бағ-бағчдли, бау-бақшалы (бағ-багчд + ли, бау-бақша + лы). Бау-бақшасы бар. Бау-бақшалы кең алавда. Түн шатыры көкке тиіп (Ә. Сэрсен-баев). Ақ мақталы, бау-бақшалы гүл мекен, Асанқайғы аралаған жер екен, Ол кездерде меңіреудей мелшиген Тас бауырлы, тагдыр емшек шөл екен (С. Мәуленов).
бафт, бап. Зербан тэрізді сөздердің қүрамында «тоқыма, кездемс, мата» деген мағына беретін сөз.
(қ—а —п) бақіии-фалкар, бақсы-балгер (бақши + фал + кар, бақсы + бал + гср). Бақсылық істеп, бал ашушы кісі. Байға айтты бәйбішемен, келген кісі:— Қызыңның әлі нашар, Дерті мол-ақ. Әр жерден бақсы-балгер алдырса да, болып ,тұр таппай емін бәрі де олақ (Кете Жүсіп).
(п — а) бақууәт, бақуат (ба + қууэт, ба + қуат). 1. Куатты, күшті, мықты. 2. Ауыс. Ауқатты, күйлі. Шүкір, Бейімбеттің балалары да бір тайпа ел болыпты. Қелін де, бақуат екен... О, заман-ай!.. деп ақсақал бір күрсініп алды («К Ә.»).
(қ— п) баладжан, балажан (бала + джан, бала + жан). Жас баланы жанындай жақсы көретін (адам). Балажан Болатов мана оны машпнаға мінгізіп, қыдыртқан еді (Ж. Тілеков). Жаратылыстаи мінезі тік, бір бетті адам болса да, әксміз балажан еді (Қ. Бекхожин).
І — балаханә, балахана (бала + ханә, бала + хана). 1. Жоғарғы бөлме, екінші қабат. 2. Балкон. Балаханада отырған әкім баланы көтеріп алдына алып ойнатты («Мың бір түн»).
(қ — п) балаханә, балахана (бала + ханэ, бала+хана). Балалар тұратын бөлме, балалар бөлмесі. «Орда» немесе «ақ» аталатын ауыл да бір қауым үй: төргі «Аблай хан ордасы» аталатын үйде Шынғыс пеп Бәйбішесі — Зейнеп және ерекше жақсы керер бірер баласы тұрады, оң жақ қатарда өзге балаларымен, оларды күтушілер тұратын «балахана»... (С. Мұқанов).
бамдад, бамдат, пәмдат. /. Таңертсң, ертең ерте. 2. Таң ертеңгі (мусылмандардың әдеті бойынша) бірінші намаз өқитын уақыты. Дегенің «отыз бақып» — ораза екен, Бес деген өтер күндіз намаз — нәмдат (Даңмұрын).
бан, бан, пан. Караушы, күтуші, баптаушы ма-ғынасын білдіретін жұрнақ: бағ>бағбан, піл>пілбач, сая>саябан.
бану, бану. 1. Қожа әйел, бэйбіше, ханым. 2. Әйелдердің атына қосылып құрметтеу мағынасын білдіретін қосымша: Гүлбану, Ғалиябану. Ей, бану, жаздым жұмбақ келтіріп наш, Әр түрлі қиыстырып қисынмен наш (Ы. Сүлейменұлы).
баһудә, баһуда (ба + һудә, ба + һуда). Зая,бос-қа, текке, найдасыз. Екіиші мұндаіі хат жазбасын. Жастыққа салынып баһуда сәзді айтпа де,—деді кемпір («Мың бір түн»).
(Қ —п) байбәччә, байбатша (бай + бәччә, бай + батша) 1. Байдың баласы, перзенті. 2. Ауыс. мырза, ие, қожа. Шіркін малай, бір балғынды алған екен. Бұл бүкіл байбатшаның неше қатынының бірі екен?»— деп ойлады (І. Жансүгіров). Барлық байбатшаяар жаңа ғана сықақтай күлген әйелге қарап «ана!» деп таңданды да қалды (Ғ. Мүсірепов).
бәбәк* бебек*. 1. Бала, жас бала, сәби. Ұйықтасын деп бөбегім Домбыраның қос ішегін Жамбыл бабаң қағады: Қаққан сайын өлеңі Бұлақтайын ағады (Жамбыл). Мектеп табалдырығынан жаңа аттаған жеті жасар бөбектер әлденені жатырқағандай аяқтарын еппен басады (М. Иманжанов).
бот, бұт, пұт. Табынатын құдай бейнесі, суреті. Мұхаммед ерте заманғы арабтардың пұтқа табынушылығын, еврей дінінің аңыздары, христиан дінінің уағыздарын, ерте заманғы Иран дінінің қалдықтарын өзі шығарған ислам дініне арқау етті (X. Ақназаров). Мен ішімнен: «Мынау не пәле тағы да!.. Бұл бетпақта мұпдаіі «Тәңір Бұты» болады екен-ау!..»— деп қоям (С. Сейфуллин).
Ботханә, пұтхана (бот + ханә, пұт + хана). Будда дініне сыйынитындардың, намазханасы, шоқынатын орны, пүтқа табынушылардың мешіті. Біз әулиені іздеп, пұтхананын, төңірегіпе бардық («Мың бір түн»).
бәччә, батша, бәтша. 1. Бекпатша, пәтшағар тә-різді сөздердің құрамында кездесетін «бала, ұл бала» деген парсы сөзі. 2. Шайханадағы бала: шығыс елдерінде болған жағымсыз әдетке байланысты қожасының жанында әйел ретінде ертіп жүретін еркек бала. Әділ куәлер шарап ішіп отыр екен, қасындағысы әйел емес, бәтша екен жас еркек бала («Мың бір түн»).
бәччәгәр, пәтшағар (бәччә + гәр, батша + ғар, пәтша + ғар). Бұзық. Ей, Тоғжан, осылай ма еді шешендігің? Қартайғанда қалмайды есерлігің. Ағадан амандықты білуші еді, Патшағар, қайда саған сенгсндігім? (Орынбай).— Патша: «патшағардың мына екі басты қара қосын қараңдар!»—деді Асан (Ж. Арыстанов).
(п — а) бахилл, бақыл (ба + хилл, ба + қыл). Күнәсі кешірілген таза, рұқсат етілген, ырзалық алған. «Қош, Әлім, бақыл боп тұр сау-саламат, Анама жайымды айтып жазарсың хат» (3. Калауова).
бәхт, бақ, бақыт. 1. Тағдыр, жазмыш, несібе, дәулет. 2. Кісі аттары құрамында кездеседі: Бақыт, Бақашар, Бақберген, Бақтыгүл. Бағы ашылмағанның асығы алшысынан түседі (Мақал). Бақпен асқан патшадан, Мимен асқаи қара артық, Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан бала артық (Абай).
бәд, бет. Бәднам, бәддұға, бетпақ сияқты сөздердің құрамында тұрып «жаман, нашар» деген мағынаны береді. Старшина Исатай, сен баян қыл! Беріш руы ихтилалшы, бәдфиғыл,— деді Жаңгір (І. Жансүгіров).
бәдбәхт, бетпақ, бәдбәхіт, бәдбақ, (бәд + бәхт, бет + пақ, бәд + бақ, бәд + бақыт). 1. Бақытсыз. 2. Ауыс. Қарабет, оңбаған, арсыз. Менен туған арам қан, бәдбәхіт нәсілдерім мынау екеуі (М. Әуезов). Некесіз бала тапқан, баласына азан айтқызбай ат қойған, бұл бәдбақтан шығар талай бәле,— деді Молда Мұса (Ж. Арыстанов).
бәднам, бәднам (бәд + нам, бәд + нам). Масқара болған, масқараланған, абыройсыз, жаман атты. Атаңиың ақниетті құрметі үшін, Ықласпен дейтін шығар сауап алам. Болмаса, бір диуана кімге дәрі? Асасын озәзілдік тұтқан баднам (Қаңлы Жүсіп).
І бәр, бар. Пайғамбар, раһбар, ділбар тэрізді сөздерге «бастау, бағыттау, жолға салу, алып (ұрлап) кету деген мағына бсрстін жұрнақ.
II — бәр, бар. Барбат тәрізді сөздергс «бекер, босқа, жойылған, бұзылған» деген мағына береді.
III — бәр, бар. Барқарар тэрізді сөздерге нығайған, орналған, берік, табанды деген мағына береді.
IV — бар, пір. Кесәпір тәрізді сөздерге «кесу» деген мағына береді.
бәрабәр, барабар, пара-пар. 1. Тең, бірдей. 2. Балама. Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бері, іздегеп келіп тұрмын Біржан сері. Барабар сезі теңдес адам болса, Көңлімнің тарқаушы еді қайғы шері (Біржан). Сүйінші, Ақан, міне, келді хабар. Тамаша жаңалыққа бұл барабар. Москва үлгің үшін шақырыпты, Талабың асыл оймен енді толар (К. Бекхожин).
бирадәр, бірәдар, пірәдар. 1. Ағайын, туысқан, жора-жолдас. 2. Ауыс. Дінге беріліп, соның жолын қуушы, сопы кісі. Молда шошқаға: Бірәдар, менен әрмен жүрсең деіімін (І. Жансүгіров). Тройцкіге жан-жақтан жиналады екен, ишанпың батасын алғандар «пірәдәр» аталады екен (С. Мұқанов).
бәрбад, барбат (бәр + бад, бар + бат). 1. Бекер, босқа шашылған, ысырап болған. 2. Жойылған, бұзылған. Иесіи айтқан сөздің мен білем ғой, Адасқап ссн не білесің, ақылы мат?! «Қорықтың»,— деп сағап сопың келді кері, Қышқырып: «Айдаһар — мепі» дегеп барбат (Каңлы Жүсіп).
(п—а) бәрқәрар, барқарар (бәр+қәрар, бар + қарар). Қатты, табанды, тұрақты.
бириндж, берен. 1. Қола (мыс пен қалайы қосындысы), латунь (мыс пен мырыш ертпе қоағасы) 2. Ауыс. Өткір (қылыш), өжет, қажырлы. 3. Ауыс. Батырлар киетін сауыт, киім. 4. Ауыс. алыстан тиетін мылтық. Биринджи иран аңызындағы батырлардың жауынгер киімі (Қ. Юдахин). Біз жыланнан қорықпаймыз, Кесетін оны берен бар (Жамбыл).
І — бириндж, берен. Гүл салып тоқылған масаты жібек мата. Бириндж иран эпостарында кездесетін матаның аты (Қ. Юдахин). Итбай ұзататын қызға жасау керек еді деген соң, сәудегер Итбайдың алдына батсайы, шайы, берен сықылды товарларды жайып салды (С. Көбеев).
бәррә, пара, быра. 1. Қозы, тоқты. 2. «Тоқты» шоқ жұлдызы. Қар. Тұшпара, домбыра.
бәғәл, бағал. 1. Қойын. 2. Қолтық. 3. Құшақ. 4. Бір көтерім жүк. Білмесеңдер мен айтайын... мұның аты,— деді һамбыл, екі көзін ежірептіп отырып,— «бағал жүсір», бұл «һабақал жүсір» оттайды... («Мың бір түн»).
бәзм, бәзім. Той, той-жиын, ас, сауық кеші, көңілді отырыс, мереке. Абуылһасан үй қызметкерлерін шақырып алып, кешке қарай бәзім болатынып айтып, үйішін тазалап, дайындық жасауға бұйырды («Мың бір түн»).
бұстан, бостан. 1. Бау, бау-бақша. 2. Гүлденген өлке. Осыпдай үлгі-үгіт айтар едім, Басымнан байқаусызда ми қашпасаң. Қайткенмен көптің көңлі қожырайды, бұлбұлдай, бостандағы ұйқы ашпасаң (Тұрмағамбет).
(к— п) бекзад, бекзат (бәк + зад, бек + зат). 1. Бектің ұлы, бектің ұрпағы. 2. Ауыс. Асыл, жақсы текті. Қырмызы асыл бекзат бір мінезім... Бар еді қыз сыйлайтып бір мінезім (Біржан). Сабыр қылсаң жәйіңді, Білер ме скен бекзатым? (Абай).
(қ — п) бәкзадә, бекзада (бәк + задә, бек + зада). Қар. бекзат. Тойыма келген патша, уәзірлер, бекзадаларды құр қайтаруға болмайды, қызметші қыздардың қолында бір-бір қалта алтын болмақ («Мың бір түн»). Түпгі тәртіпті сақтаушы бекзаданы жандарына қосып, бұл істі сол басында тергеп бітіріп қайтуға, онда шешілмейтіндей болса, бәрін қазыға алып келуге жұмсады (С. Айни).
(а — п) бәлахур, бәлеқор, пәлеқор (бәла + хур, бәле + қор, пәле + қор). Жалақор, бәле іздеуші. «Шегебай — бәлеқор!» деп атың шықты, Көрмес ең мұндай қорлық болсаң мықты (Құлназар). Қадалса, кімнен болсын, қан алады, Қашады оны керсе дала адамы, Пәлеқор ұлықтары қаладағы (Қ. Бекхожин).
(а — п — қ) бәлахурлиқ, бәлеқорлық, пәлеқорлық (бәла + хур + лиқ, бәле + қор + лық, пәле + + қор + лық). Жалақорлық, бдле іздеушілік. Ы. Алтынсарин езінің шығармасында озық адамгершілік идеяларының тұрғысынан келіп, сараңдық, қайырымсыздық, мақтаншақтық, күншілдік, пәлеқорлық сияқты мінез-құлықтарды сынайды, олардың ақылдылықпен, парасаттылықпен сыйыспайтындығын көрсетеді (Ә. Дербісалин).
бәләнд, бәлант. 1. Жоғары, биік. 2. Ұзын. Қайтармақ, ойнағанға, шындық жауап, Бұрынғы жақсылардың жүрген жолы. Бірі — пәс, бірісі — бәлант, бірі — орта, Әр тайпа, әр пенденің жазған құлы (Қаңлы Жүсіп).
бәнд, бәнт, бент. 1. Байланыс, бұғау, шынжыр. 2. Таңғыш, т. б. Сен қойсаң жазғанынды, Мен де қойдым, Тіліңе байла бәнт, енді айтпассың. Жан болса жығылғапып мойнына алмас, Біреуі мертілмесе бсл, жанбастың (Кете Жүсіп).
бәндә, пенде, бенде. 1. Адам (діни ұғым бойынша). 2. Ауыс. Кіріптар, бағынышты жан. Бұл жалғанда бір шам бар сөнбейтұғып, Ғажайыбып бәнде жоқ көрмейтұғын. Ұзақ мың, миллион жыл жасайтұғып, Ол не зат ойлайсың өлмейтұғын («Қ. Ә. Т.»).
бәнг, бәңг, мең. 1. Үнділік қарасора, кенеп. 2. Кенептің жапырағынан және меңдуанадан істелген бас айналдыратын зат.
бәнги, баңгі, менгі (бәнг + и, бәңг + і). 1. Бас айналдыратын бәңг (қарасора, кендір өсімдігінен жасалған) наиіа сияқты заттарды тартатын адам. 2. Ауыс ғашық елітуі. Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой. Бес-алты мисыз бәңгі күле мәз боп, Қипамай, қызыл тілім, кел, тілді ал, қоп! (Абай). Қыз апиын, жігіт бәңгі, Есі кетер иісіне («Мың бір түн»).
бәнгиханә, бәңгіхана (бәнги + ханә, бәң-гі + хана). Бәңг, наша сияқты бас айналдыратын, заттарды (шегу) тарту үшін жиналатын орын-жай.
бәнги-диуанә, меңдуана (бәнги + диуана, мең + диуана). Үлкен жапырақты, исі қатты үлкен ақ гүлді шөп (сасық меңдуана). Ұлы өсімдік. Сүлеймен оларды алдап-сулап асқа қаратып, шайына меңдуана салып береді де, бәрі де қылжиып мас болған шақта қару-құралдарын тартып ап, виптовкаларының сүмбісімен жігіттеріпе сабатады (С. Мұқанов).
бутә, бұта. Ағаш текті қысқалау өсімдік (талшыбық). Бір мал, бір адам жоқ, бір бұта, бір тал шәп те көрінбейді (І. Жансүгіров).
буд, быт, біт. Табыт, бейбіт тәрізді сөздердің құрамында «болмыс, тұрмыс, өмір, тіршілік» деген мағынада айтылды.
буйра, бойра. Жарылған қамыстан шаршылап өрілген жұқа әрме (бұрын бойра төсектің астына, үйдің төбесіне салуға, ескі мектептерде, мешіттерде тәсеуге көп пайдаланған). Шартық арбапы қозғасақ, байбалам салып қоя жібереді. Айқыш-ұйқыш шыбықтан уықша тұрғызып, үстіне бойра жапқан (І. Жансүгіров). Төселген бойраның үстіне жатып, құрым киізді жамылды да... ұйқыға кірісті («Мың бір түн»).
(қ — п) буришхур, борышқор (буриш + хур, борыш + қор). Борышты, қарыздар.
(қ—п — қ) буришхурлиқ, борышқорлық (буришхур + лиқ, борышқор + лық). Борыштануды, қарыздануды ұнататындық. Аяғыңды аңдып бас, ей Жақсылық! Оз басыңда жының бар бір бақсылық. Борышқорлық адамға қнын нәрсе, Әрқайда өткізеді мал тапшылық (Абай).
(қ — п) буришгәр, борышкер (борыш + гәр, борыш + кер). Борышты, қарыздар, міндетті.
(қ — п) бузаханд, бозахана (буза + ханә, боза + хана). Боза сатылатын және боза ішетін орын, жай.
(қ — п) бузауханә, бұзаухана (бузау + ханә, бұзау + хана). Бұзауларды ұстайтын орын, жай.
биһ, беһе. Айуа (жылы оісақта әсетін ағаш және оның адамға ұқсаған түгі бар қатты жемісі). Көңілің неге шабады, жаным?—деп сұрадым. Ол:—Беһе жемісін жегім келеді,— деді («Мың бір түн»).
биһ, бе, бей, би. Бейбіт, биоісамал, биһтар тәрізді сөздердің құрамында «жақсы, тәуір, ең жақсы, жақсырақ» деген мағына беретін салыстыру қосымшасы.
бәһа, баға. Нарық, құн. Жалғыз өскен көктеректе пана жоқ, Жалғыз жүрген ер жігітте баға жоқ, Елдің қамын ерте бастан ойлаған, Лениндей адамзатта дана жоқ (Қ. Әзірбаев).
бәһадор*, батыр*, баһадур. 1. Ер, батыл, жүректі. 2. Батыр, алып балуан. Барзуға бара алмады ешкім батып, Баста күш көрсеткеп соң таңырқатып. Шыдамап шынжыр қатар шын баһадур, Пәраміріз шыға келді ат ойнатып (Тұрмағамбет). Кітаптардан есімде қалғаны — «Әбілғазы Баһадур ханның шежіре кітабы» (Қ. Бекхожин).
бәһар, баһар. Көктем, Байеке, үйің жыл болар, Төрт есігің төрт уақыт, Баһары, қысы, жаз болар (Сейдәлі). Жүз мың жолдық жырларың — жүз мың әскер секілді, алдымызда сап түзеп тұр. Әрбір сөзді баһардың бұлбұлындай Бейнет, ләззәт жайыпда шертеді сыр (Ә. Тәжібаев).
бәһарстан, баһарстан (бэһар + стан, баһар + стан). 1. Көктем жақ, көктемдей, гулденген ел, өлке. «Баһаристанда» Жәми поэзияға апықтама беруге, оның өмірдегі орнын көрсетуге талаптанады (Р. Бердібаев).
бәһарә, бағара. Көктемгі егін, қолдаи суарылмайтын дақыл.
(п — к) бәһали, бағалы (бәһа + ли, баға + лы). Құнды, қымбатты. Мен жолдасың болмайын, менің бір кісінің өміріне жетерлік дүнием бар. Кемеде саудаға салып жүрген қымбат бағалы дүниелерім тағы бар («Мың бір түн»). «Батырнама» XV—XVI ғасырдағы шығыс халықтарының өмірінен жазылған аса бағалы энциклопедиялық шығарма (Б. Уахатов).
бәһанә, баһана, бәһана. Сылтау, дәлел. Пайдалана баһанамен тартқанында, Десейші Оразбайға: «Мені ажырат». Таяғым тырс етуге тағы дайын, Алакөз арсылдамай, жайыңа жат! (Қаңлы Жүсіп). Сіздерден екі азамат кетсе әдеп, Әр надан алдыңызға көсілмей ме? Қоныңдар, бір баһана болған шығар, Құлақты құрғақ сөзбен кесіп жей ме? (Мансұр).
биһбуд, бейбіт (биһ + буд, бей + біт). Жақсару, тыныштық жақсы күй, береке, рақат. Ерекше тым көңілді бүгін маңай, Атты таң Октябрьмен алтын орай. Гранит бейбіт өмір тірегі боп, Күрке тұр қалпыпа еніп алтып сарай (К. Жанпейісова). Бүкіл халықтың рухы қосылғандай бейбіт шаттық салтанаты — ән мейрамы өмірдегі сирек кереметтің біріндей (Р. Бердібаев).
(п — қ) биһбудшилиқ, бейбітшілік (биһбуд + шилиқ, бейбіт+шілік). Тыныштық, рахатшылық. Ешбір елде әскер, мылтық болмасын, Шығармасын ешкім атом бомбасын. Жерде, көкте, суда — бүкіл әлемде Мәңгібақи бейбітшілік орнасын! (Б. Ысқақов). Ақыл-ойы адамзаттың ғажап шың. Оты болмай, соты болсын азаптың! Таза ауадай жер жүзінде жасасып: Бақыт, теңдік, бейбітшілік азат күн! (Н. Шәкеноз).
биһтәр, бетер, биһтар (биһ + тәр, бе + тер, биһ + тар). 1. Жақсырақ, бетер, асқан. 2. Жақсы, ең, аса, жақсы. йузн рәушән, кезі гәуһор, Лағылдек бет үші әхмәр, тамағы қардап һәм биһтар (Абай). Әйелдер ерлік етті ерден бетер, Ерлер ісі емес қой естен кетер. Ұлы ұстазым ішінде мектебім сен, Қала жоқ дүниеде сағап жетер (Қ. Айнабекұлы).
I — бәһрә, баһра. Пайда, өсім, кіріс. Оның үшін көбінесе балаларды жасында ата-апалары қиянатшылыққа салдырып алады, соңынан моллаға берген болады, я ол балалары өздёрі барған болады — ешбір баһра болмайды (Абай).
II —бәһрә, бәһра. Бөлік, бөлшек, сыбаға, үлес, най. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас; Білгенге маржан, Білмеске арзан. Надандар бәһра ала алмас (Абай).
биһишт, бейіш, бейіс, пейіс, пейіш, бәйіш. 1. Діни жұмақ, жаннат. 2. Кісінің аттарының құрамыпда ксздеседі. Бәйіш, Бейіс, Бейісбск. Қайрақбап, өрі молда, өрі ақын аталады, сезіне «құдай», «құран», «бейіш», «тозақ» деген сөздерді араластырып, «аяттан» сөйлеп кеткенде, аңқау ел түсінбесе де оны бейне бір ғалым керіп, бас шұлғиды, әрі қарғысы тиеме деп қаймығады («К. Ә. Т.»).
би, бей. Бір нәрсенің жоқтығын, «емес» мағынасын білдіретін,— сыз,— сіз қосымшаларының орнына жүретін қосымша: жай — бейжай, маза — бәймаза, күнә — бейкүнә, мезгіл — беймезгіл, мәлім — беймәлім.
биаб, бияп. Сусыз.
биабан, биябан, баябан (биаб + ан, бияб + ан). Шөл, сахара, шөл дала. Деді олар:—осыны, ана, асырайық. Кеткенде өзің ұшып баябанға, Иініне біз отырып асылайық (Тұрмағамбет). Байрам кемедегі дүниесін жігіттеріне тапсырды да, Хасанды ертіп, баябанға бот алып жүре берді («Мың бір түн»).
(п — а) биәдәб, бейәдеп (би + әдәб, би + ддеһ). 1. Тәрбиесіз, көргенсіз, әдепсіз. 2. Тұрпайы, дөрекі. Қай жерден келесің деп кім сұрады, Бейәдеп жүрген жолып міндет қылған (Майлықожа). Биодәп айып етпе бұл хатымды, Екі сөз ер жігітке антпақ өлім (Ә. Тәңірбергенов).
(и — а) биәсил, бейасыл, (би + дсил, бей + асыл). Тексіз, тегі асыл емес. Алыстан аққу, тырна аулағапша, Құсыңды ұшырсайшы үйрек, қазға-ақ. Меп көнем биасылдан туған болсаң, биасылға кім көнген Жоқ, ақылы азғақ? (Ерімбет).
(п — а) биилтифат, бейілтипат (би + илтифат). Ынтасыз, ықылассыз, томырық, дөрекі. Астапкі ажарсыз сөз қып жазыпсыз, Дәлелге тұрарлықтай бейілтипат (Қаңлы Жүсіп).
(п — а) бидманат, бейаманат (би + әманәт, бей + аманат). 1. Аманатсыз. 2. Ауыс. Қайырсыз. Мәселен, уақыты болмай қалса бірі, Жазып сөз жамандайсың деп: «бейаманат». Ұялтып ықтиярсыз алған нәрсе, Кісі стін жегенмен тең, біл қиянат... (Қаңлы Жүсіп),
(а — п) бейаннамд, баяндама (бейан + намә, баян + дама). Хабарнама, хатпен хабарлау, жариялау, түсінік беру. Тыңдалды баяндама тәртіпті айтқан, Тыс-жамел ысқырынып сырттан тартқан (І. Жансүгіров). Нұсқау бойынша, жиналыс саііын Ақметбекұлы қызыл өңеш боп баяндама жасай беріпті (І. Жансүгіров). Жаңа бітті баяндама оқылып, Кеп айтылды сәтті жұмыс, олқылық (X. Ергалиев).
бибаз, бипаз (би + баз, би + паз). Ықылассыз, селқос.
(п — қ) бибаздау, бипаздау (би + баз + дау, би + паз + дау). Әдемілеу, баптау, сзндеу. Тнеліп түйелерге жиһаздары, Келіпті Самарханнан сипаз кәрі.— Алдияр алдыңызға бар қазынам, Айтатын гобід бар, — деп бипаздады (Қ. Бекхожин). Шоқан Уәлихановқа жазған хатында. «... Сіз мені сүйемін дейсіз. Ал мен бипаздамай-ақ айтсам, Сізге ғашықпын (Ф. Достоевский).
(п — к) бибас, бейбас (би + бас, бей + бас). Бетімен кеткен, тдртінсіз, тентек, әдепсіз. Қараша би Абылайға келген екен, Арқа жұрт Алатаудан төмен екен. Ұлы жүз өзі бибас, сұғанақ жұрт, Баламды жібермеймін дегеи екен (Тезек).
(п — қ) бибастақ, бейбастақ. Тәртіпсіздік, көргенсіздік, тентектік. Босағамды бұзып, кімді басынасыңдар, көргенсіз немелер! Бейбастақ! (Ғ. Мүсірепов). Мынау бір бейбастақ үйдің жұрты екен,— деді жиренше («Ш. С.»).
(п — а) бибахт, бейбак, бейбақыт (би + бахт, бей + бақ, бей + бақыт). Бақытсыз. Бейбақтың оты жанбайды (Мақал). Мүскін-бейбақ ұлы күн, Енді өмірдің мәні не? Сұм ажалдың ұрығын Ектің ыстық тәніңе... (X. Ерғалиев).
(п — а) бибәрәкәт, бейберекет (би + бәрәкәт, бей + берекет).. Берекесіз, ысырап. Наташа тамақты таяқшамен жей бастап еді, Күрішті бейберекет қып шашып, қайта-қайта таяқшасын түсіріп ала берді (Тайп). Повестің оқыған ағымына да, характерлердің өсу эволюциясыпа да бей-берекет қарайтын жазушылар табылады («Қ. Ә. Т.»)
бибәһа, бейбаға (би + баһа, бей + баға). Аса қунды, баға жетпейтін, қымбат. Отырып болғаннан соң деді кімсің? Бейбаға Банқауында гауһар, дүрсін. Ұқсайсың ұрпагына Кәштасыптың, Кәпеки, кімді арнайы іздеп жүрсің? (Тұрмағамбет).
биби, бибі. 1. Ханым, бдйбіше. 2. Діни құрметтеу ретінде әйелдің есіміне жалғаса айтылады. Бибі Фатима. Гүлшара, Бибімнің өзі осылай істеуге әмір етті (Айбек). Шешем сол бойдаақ оны үйге қонаққа шақырмақ болды. Сөгітсе, ол әйел мамамды жасында оқытқан бибі қатынның қызы екен (С. Ұлығзада).
(п – о) бипартиа, бипартия (би+партиа, би+партия). Партиядан тыс, партияда жоқ.
(п — о — қ) бипартиялық, бейпартиялық. Партияда жоқтық, партиясыздық. Нұрата жоне Кәрменин уалаяттарының барлық түмендері меи кенттеріп (уездері мен болыстарын — К. М.) түгел аралап, мүмкіндік болғап жерлерде дикандардың бипартиялық (беспартийный) конференцияларын өткіздім,— дейді А. Ярмұхамедов (Қ. Мұхамеджанов).
битаб, бейтаб (би + габ, бей + тап). 1. Сабырсыз, тынышсыз. 2. Әлсіз, күшсіз, қуатсыз, саулығы кем.
(п – қ) битанис, бейтаныс, (би + танис, бей + таныс). Таныс емес. Кешегі бір бейтаныс адамның хатын Надежда Петровнаға тапсыру үшін жүріп келеміз (Ә. Сәрсенбаев). М. Әуезов оларға бұрын бейтаныс дүниенің бетін ашып берді («Қ. Ә. Т.»).
(п —а) битәртиб, бейтәртіп (би + тәртиб, бей + тәртіп). Тәртіпсіз, ретсіз, әдепсіз, Күн төбеге түскенде Ыстыққа миың қайнаған Сонша неге мақтадың, Бейтәртіп үлкен еліңді (Құлмағамбет).
(п — з) битәқдир, бейтағдыр (би + тәқдир, бей + тағдыр). Тағдырсыз, бақытсыз. Әркім-ақ асығыстан ұшар тезін, бейтағдыр асыққаннан болмас кезің. Жиылып жұрттың бәрі отырғанда, Білдірсін Қожаң ие ғып ішкі сөзін (Майлықожа).
биджай, бейжай (би + джай, бей+жай). Орынсыз, жайбарақат, көңілсіз, қобалжығандық, бейкүш. Сұлтап Махмұт алдына қойылған тамақтан ауыз да тимеді. Қөңлі бейжай (Д. Әбілев). Тағы да бейжай болды жас жүрегім, Япыр-ай, іздеп оның табам ба елін (М. Ә.гімбаев).
(п – қ) биджул, бейжол (би + джул, бей + жол). Жолсыз, жөнсіз. Жүсіптің әуелдегі айтқаны бұл: «Қой өлеңді атаңның мирасын қыл!!» «Халықтың,—деп айтыпты, — ұйғар апы». Нақыптың қайтарғанда дәлелі сол. Ақылдың мизасына өлшегенде, Ойлашы қайсы жол —дұр, қансы бейжол? (А. Жарасбайұлы).
Бичарә, бейшара, бишара (би + чарә, бей + шара). 1. Шарасыз, әлсіз, нашар, дәрменсіз. 2. Ауыс. мүсәпір, бақытсыз. Суымды сүт қылып отыратып әйелім де, ақылым да еді ғой ол бейшара, деді Олжабек (Ғ. Мұстафин). Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол — ақынның білімсіз бишарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі — надан, бұл жұрттың сез танымас бір парасы (Абай).
(п —қ) бичарәлиқ, бейшаралық (би+ чарә + лиқ, бей + шара + лық). Шарасыздық, сорлылық, дәрменсіздік, бақытсыздық. Өз бейшаралықтарын осы арада сезінгендей, қонақтардың бәрі де берекеден айырылып тәлтірек басып, төрге әрең шығып барады (Ғ. Мүсірепов).
(п —а) бихормәт, бейхұрмет, биқұрмет (би + хормәт, би + құрмет). Құрметсіз. Болған соң нәсілің бұзық, сағап не өкпе. Не білсін құрмет қадірін, бейхұрмет? Атаңның атын айтсам шамданған кім, Өзіңе өзің қылшы бір мәслихат? (Қаңлы Жүсіп).
(п — а) бихәбәр, бейхабар (би + хәбәр, бейхабар). Хабарсыз, хабардар емес, мағлұматсыз. Тереңдеп қарайсың, Телміріп тұрмайсың. Бихабар, жүргенсіп, Бек қатты сынайсың (Абай). Жұлқып тастап бейхабар жүргенімді, Түкпіріне жанымпың мұз төгілді. Өзім тұрмақ жүректен шыр еткізіп, Кім шошытты мұншама бөбегімді (X. Ерғалиев).
биходаи, бейқұдайы (би + ходаи, бей + құдайы). Құдайсыз. Күледі ол. Кімге арналғап күміс үнді? Сасап ба? Доғар Мұрат үмітіңді. Жиекте көзім шалды «би құдайы» Кешегі кекесіншіл жігітімді (Ә. Сәрсенбаев).
бидәргаһ, бейдаргаһ (би + дәргаһ, бей + даргаһ). Тұрақсыз, табансыз. Жақсы айтасың Төлеген, Сіздей-сіздегі әр жерден, Неше жігіт келмеген. Бәрі де айтқап «Жібек-ау, Сені алмасам».. демеген. Көбісі келмей шеніме, Биқарда болып жөнегеп («Қыз Жібек»).
биддрман, бейдәрман, бидәрмен (Ои + дәрман, Оей + дәрмен). Дәрменсіз, әлсіз, қуатсыз. Талпынған көңіл өсер бір шарманда, Нәпсіне ақыл беріп жүр пәрманда. Шыраққа түсіп жанғанмен паруана, Ес білмес, ол неғылмаған, бидәрманда (Әріп).
бидә, беде (Жаоайы жоңышқа, Бұршақ тұқымдас аса сапалы көп жылдық өсімдік). Бүгін басқармада ептеп жонышқа, жүгері, беде егейік дедім. Аз-аздап ексек, мақтаға да зияны тимейді ғой дедім (С. Айни). Қазіргі уақытта жоңышқа орыстың клевер деген сөзінің баламасы да, беде люнерна орпына жұмсалынып, екеуі екі бөлініп дараланып кетті (Ә. Болғанбаев).
(п — а) бидәһат, бейдаһат — (би + дәһат, бей + даһат). 1. Талапсыз, қаОілетсіз, зсйінсіз. 2. Құлықсыз, айлакерсіз. Қөңілім Бөпежапның талабында, Азырақ жазып едім руқнят. Бөпе қыз бейдаһат іс қылған жоқ! — деп Тартайын мен таһазір алсаң ақтап (Нұралы).
(п — а) бидиәнат, бейдиянат (би + дианәт, бей + диянат). Ұждансыз, арсыз, ұятсыз, қиянатшыл, арамза. Жай сөздің мағынасына түсінбейтін, Неңді алған кітап сенің хадисаят? Өзің-ақ ең бо... на пелік қып, Былғама рәсул атын байдиянат (Қаңлы Жүсіп).
Бәйрам*, мейрам*, Мереке, той. Бір үлкен мейрам алдында әкесі балаларына қуанту үшін үйіне ор түрлі жеміс алып келді (Ы. Алтынсарин). Москвада бірінші май мейрамында, Өтстін үлкен тойда бізде жылда (Жамбыл).
(п — қ) бәйрамдау, мейрамдау (бәйрам + дау, мейрам + дау). Тойлау, мерекелеу. Ол күні демалыс күпінің бір мейрамдауы еді (С. Сейфуллин). Революциядан арғы кезде қызық думан өткізуді тек бір ғана сөзбен той тойлады деп айтып келген болсақ, онан кейінгі жаңа советтік өмірде мерекелеу — мейрамдау деген етістік синоним жасап алдық (Ә. Болғанбаев).
бәйрәқ*, байрақ*. Ту, жалау, белгі. Араб, Иран тілдерінеп қазақ тіліне батыста — татар тілі арқылы, шығыста — өзбек тілі арқылы, сөз ауысып отырды. Олар: айна, таға, атрап, тарап, шырақ, байрақ, базар, таба, орамал, бадам, перде... (І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев). Желбіреп қызыл байрақ желпіпген күн, Қуаныш еңбекші елге келтірген күн (Ү. Кәрімбаев).
бизад, бейзат (би + зад, бей+зат). Тексіз, тегі жаман, ақсүйек емес. Қылайық ие десең де тамам шалдар, Айтсаң да ақыл қүсты қашырмай-ақ. Ана — асыл. ата — бейзат, қашырдай-ақ. Мен — Әлім, алты жүйе бір баласы Дұрыс па осылайша өлең жазбақ (Ерімбет).
бизар, безер, пезер. 1. Жек көрушілік, жиренушілік. 2. Ауыс. Мезі, ығыр. Ағайынның азары болса да, безері болмайды (мақал). Арқар да өккі, көрінген қуып безер қылған,—деп ойлады Ақылбек (Д. Досжанов).
(п — а) бисағәт, бейсағат, (би + сағәт, бей + сағат). 1. Сағатсыз. 2. Бей уақыт, мезгілсіз. Пұл жібердім қалаға, Бисағат күн құдай-ай, Меп шығыппын далаға!.. («Қыз Жібек»). Іле-шала бейсағат біреудің ішке кіріп келе жатқанын сезіп, Еламан жастықтан басын жұлып алды (Ә. Нүрпейісов).
(п — а) бисәуад, бейсауат (би + сәуад бей + сауат). Сауатсыз, хат танымайтын.
(п — а) бисиасәт, бейсаясат (би + сиа + сәт, бей + саясат). Саясатсыз, саясаттан тыс, саясаты жоқ.
(п — а) битәрәф, бейтарап (би + тәрәф, бей + тарап). Әділ, екі жаққа Оірдей, қалыс. Баланың қоғамнан бейтарап болмай белгілібір мақсатқа өз жолдастарымен бірге ұмтылуына жағдай жасау керек (С. Көбеев). Халық ақындары қазақ ауылынан келгеп революциялық жацалықтарды бейтарап жырлаушы ғана емес, сонымен бірге Совет өкіметінің, Коммунистік партияның белсенді жақтаушысы, пасихатшысы болды («Қ. Ә. Т.»).
(п — а) битдһарат, бейдәрәт (би + тәһарәт, бей + дәрет). 1. Дәретсіз. 2. Тазалығы жоқ. Біздің ел Кетені онша кем тұтпайды, Сыйымсыз сен секілді бейдәретше (М. Сеңгірбайұлы).
(п — а) биғақибәт, бәйақибат (би ғакибәт, бей + ақибат). Зардапсыз, салдарсыз, аяқсыз, нәтижесіз. Мылжың сөз түгесілмес түбі терең, Қалдырдым артығыңды бейақибат (Қаңлы Жүсіп).
(п — а) биғиладж, бейылаж (би + ғиладж, бей + ылаж). Пажсыз, шарасыз, емсіз. Кешікпей ол патшаға бұл хат жетті, Жазылған мына сөзден зәре кетті. Бейлаж бұл да жазып жауапнама, Адамды хат келтіргеп іззет етті (Тұрмағамбет).
(п — а) биғәмәл, бейамал (би + ғәмәл, бей + амал). Амалсыз. Бейамал жеңіл кеңілден Сабыр еткен ой артық. Кішілік жоқ ақылға Керек емес боп артық (Н. Наушанбаев).
(п — а) биғәмм, бейғам, бейқам (би + ғәмм, бей + қам). Жайбарақат, қамсыз, алаңсыз. Мен паң едім, бейғам едім ешнәрседен қайғысыз (Абай). Табиғат, сенің мыпау қиқар ісің, Кілт бұзып талайлардың бейқам түсін (Ә. Сәрсенбаев).
(п —а — қ) бигәммдық, бейғамдық (би+ ғәмм + дық, бей + қам + дық). Қамсыздық, жайбарақаттық, алаңсыздық. Қазақстаннан шыққан бірінші суретшінің альбомы аса қымбат еді, бейғамдықтан жоғалып кете берді... Өте өкінішті (С. Мұқанов). Бөрінің бөлтірігін бауырыпа сап, Пердесін бейқамдықтың құшқан жансың (Қ. Бекхожин).
(п — а) биғәйрәт, бейқайрат (би + ғәйрәт, бей + қайрат). Әлсіз, күшсіз, қайратсыз. Қожеке, ішің семіз, сыртың арық, Қона кет біздің елге бір түн барып. «Бейқайратта — пейіш жоқ» дсгеп сөз бар, Жүрмесең іс бітср ме бұзып-жарып (Гүлханым).
(п — а) бифариқ, бейпарық (би + фариқ, бей + парық). Парықсыз. Ойлаймып: Оразбайға көрсетерсің, Сөзіме беріп мағына шын ғалаттан. Байқамай барған сөзді, аңғырт басып, Бейпарық, келте бәһәм парасаттан (Қаңлы Жүсіп).
(п — а) бифаидә, бейпайда (би + файдә, бей + пайда). Пайдасыз. Боқтағаның бейпайда, Әжетті мылтық оқтамақ. Жарамды ұлдың белгісі, Жастықтың тұзын ақ-тамақ (Майлықожа).
(п — а) бифирасәт, бейпарасат (би+ фирасәт, бей + парасат). Парасатсыз, зерексіз. Жел сөзбен жеңіл тартқан жігіттер көп, Мас болған кеңесіне бейпарасат (А. Жарасбайұлы).
(п — а) биқәрар, бейқарар (би + қәрар, бей + қарар). Тұрақсыз. Уаһ, дарига, өтті Толыбай — Сөз жүйесін .тиеген... Олардай жүйрік жоқ енді — Бағыпан бұлбұл ұшырған, Опасыз дүние бейқарар (Шораяқтың Омары).
(п — а) биқасәб, биқасап биқасам (би + қәсәб, би + қасап). Сыртқы киімнің тысына жарайтын жібек матаның бір түрі. Тоғжан саудыраған қара жібек биқасаптан әдемі жеңіл шапан киген (М. Әуезов). Әлі есімде бір күн кешкілікте көп адамдармен бірге үйімізге басында жібек шәлісі, үстінде, биқасап шапаны бар шырайлы жас келіншек кіріп келді (Қ. Бекхожин).
(п — қ) биқут, бейқұт (би + қут, бей + құт). Құтсыз, бақытсыз.
биқар, бекер (би + қар, бе + кер). 1. Жұмыссыз. 2. Бос жүру. Өсек, өтірік, мақтаншақ Еріншек, бекер мал шашпақ — Бес дұшпаның, білсеңіз (Абай). «Ұстадан дат, молдадан хат қалады» деп қазақ бекер айтпаған (Ә. Тәжібаев). Военный қызмет іздеме, Оқалы киім киюге, Бос мақтанба салынып, бекер көкірек керуге, Қызмет қылма оязға Жанбай жатып сөнуге (Абай).
бигоман, бейкүмән (би + гоман, бей + күмән). Күмәнсіз, шүбәсіз.
бигүнаһ, бейкүнә (би + гүнаһ, бей + күнә). Қүнәсіз, айыпсыз. Бейкүнә зорлықпен шыққан жаным, Бейіске басшы болар деме, залым! Суық қабыр — қайғысыз ұйқы орын ғой, Оңай ма, жас өмірден айрылғаным? (Абай). Осы істелген зұлымдық Өздеріңді соғады. Бейкүнә елдің бейбітшіл Нығая бермек қоғамы («Халық ақындары»). Қанға батып бейкүнә екі адам жатыр (Ғ. Мустафин).
(п — а) билаикәт, бейлайқат (би + лаикәт, бей + лайқат). Әдепсіздік, орынсыздық, лайықсыздық). Кәмілден бейлайқат сөз шығыпты, Бағасын кеміткенден Нығыметтің (Ерімбет).
бимәзә, беймаза (би + мәзә, бей + маза). 1. Дәмсіз. 2. Мазасыз. Бұрын той деген қуапыштың, жақсылық-жамандықтың қызығы болушы еді, қазір осының өзі беймаза, бәсеке бәйгеге айналып кеткен. Осы күні біреудің тойын мақтағанда «пәлен жәшік коньяк, пәлен жәшік арақ алдырыпты, шампансырада есеп жоқ» дегеннен бастайды,— деді Мырқымбай қарт («К. Ә.»).
(п — а) бимәғлум, беймағлұм, беймәлім, бимәлім (би + мәғлум, бей+мағлум, бей+мдлім). Мәлім емес, белгісіз. Олай емес, Қаржауов мырза. Азаттық, теңдік сөзді бетіне қалқан қылып ұстап, ескі әнге басу. Ескі өңнің қайда соқтырары бимағлұм (X. Есенжанов). Шындығыңда, Қорқыт — тарихта болған, оқымысты, өнерпаз адам, Қай жылы туып, қай жылы өлгені кейінгілер үшін өзірге беймағлұм (Б. Алдамжаров).
(п — а) бимағна, беймағына (би + мәғна, бей + мағына). 1. Мәнсіз, мағынасыз, 2. Ауыс. Сандырақ. Үлкеннеп табылса сөз, тоқтау керек, Білгендей сөздің құнын болса азамат! Құр «кезек өткізбеймін» деген мейеп Беймағына болса сөзі, айтқанда ұят (А. Жарасбайұлы).
(п — а) бимдлал, беймалал (би + мәлал, бей + малал). Тыныш, асықнай, жайбарақат.
(п — а) биуәкт, бейуақыт, бейуақ, биуақыт (би + уәқт, бей + уақыт, бей + уақ, би + уақыт). Уақытсыз, мезгілсіз. Күлге айналған көк ормандар, Оққа ұшып өлген жандар, Жау бомбасы келген жолдар, Бейуақытта сөйнген шамдар (С. Мәуленов). Күңгірт көңілім сырласар, Сұрғылт тартқан бейуаққа, Төмен қарай мұндастар, Ой жіберіп әр жаққа (Абай).
Достарыңызбен бөлісу: |