Парсыша сөздік кіріспе тіл — қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Егер халқымыз «Өнер алды қызыл тіл»



бет6/23
Дата27.12.2016
өлшемі8,07 Mb.
#6291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

джанан, жанан. Ауыс. Таза, қымбат. Жанан кесе, аса қымбатты, сапалы кесе.

джананә, жанана. Сүйікті (әйел). Қымбатты, аса сүйікті.— Уа, жанымның саясы, жананасы, Жүрегімнің қалқасы, дем арпасы. Көрдім шүкір, көзімнің қарашығы, Өмірімнің өлгенше сыбағасы («Мың бір түн»).

джанпәнаһ, жанпана (джан + пәнаһ, жан + пана). Бас сауғалайтын жер, баспана.

(п — қ) джантәласу, жанталасу (джан + тәласу, жан + таласу). Арпалысу, жанын сақтау, өзін қорғау. Сол қапатта Мазепа қазақтары жанталаса кескілесіп жатты (А. Толстой). Жау тыным таппай құралдың барлық түрінеп дамылсыз атып жанталасуда (Қ. Оразалин).



джантәлуасә, жандалбаса (джан + тәлуасә, жан + далбаса). Жаны абыржу, қиналу, жанталасу. Ақ көгершін шошып кетіп қараңғы тұңғиық аспанға жандалбаса шарықтай жөнелді (Б. Соқпақбаев).

джан-тән, жан-тәні. Шын ықылас, ынта, шын ниет. Тынық Донның ұлдары Тал шыбықтай өрілген, Жан-тәнімен жүрегі Партияға берілген (Жамбыл). «Күн көріп аспанымда тұтарым» деп, «Қуат қып жан-тәнімен тұтарым» деп, Иіскеген, сүйген сайып Құштарлана сөйленді Сейіт ылғи «Жұпарым» деп (С. Мұқанов).

джан-джануәр, жан-жануар. Тірі хайуанаттар, мақулықтар. Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің кезі (Абай). Күн барлық жан-жануарға бірдей (I. Жансүгіров).

(п — қ) джаиджуйә, жан-жүйе. Бүкіл дене, жүйке тамырлары. Жұлынып құйқасынан төбе шашы, Шымырлап жан-жүйесі, ағып жасы (Т. Жароков).



джандар, жандар. 1. Тірі жандылар, тіріжан. 2. Біреуді қорғаушы (сақтаушы) кісі. 3. Кісі аттары құрамында кездеседі: Жандар, Жандарбек. Көрсе екен жандар рахат жалаң аяқ, Білінбей табанына жердің сызы. «Бірлікте, біттік дүние!» десек тағы, Аласот халық көңілінде бар желқұзы (Шораяқтың Омары).

джансар, жансар. Мол жанды. Қилы-қилы жол тартып, Үміт алда мұнартып, Медеу болған көңілге Жалғыз, жансар сәулеге, Жеткенімше құмартып,— Бір ғасырды жасадым (Жамбыл). Суыққа тоңып, шала жансар* күйінде жатқанында жол қараушы оның үстінен шығады (В. Корсунский).

(п — қ) джанқиар, жанқияр (докан + қиар, жан + қияр). Жан аямайтын, жан беруге дайын (адам). Душар болған соғыстың салдарынан еліміз Герман фашизміне қарсы жанқияр тартысына кірісгі (Сталин).



доканкәш, жанкешті. Еңбекқор, жанын аямай кірісетін, өлген-тірілгеніне қарамайтын. Мақбуси осындайды хабарлап тұруға жаны құмар, Жанкешті адам еді (Е. Ибрагимов).

(п — қ) джанкештилиқ, жанкештілік (джанкеш + тилик, жанкеш + тілік). Еңбекқорлық, аян-баулық. Олар жанкештілігіне жаңа кірісіп, атып, асу жазасына жұмсалғанда, Совет Армиясы тұтқиылдап бас-салып, талқанын шығарды (К. Әбдіқадіров). Б. Майлипнің «Қырманда» повесінде колхоз құрылысының жауы Жүсіптің жасырын әрекеті, жанкештілік жоспары пайымды суреттелген («К. Ә. Т.»).



джануәр, жануар 1. Мал, айуан, аң. Сөккенмен жылқы іздейді өз жынысын, Жан емес жануарға жала жаппақ (Әріп). Қызылда қыстың күні шұнақ қаққан, Аязда түкірігің түспей қатқан. Жабулап Самарқанның жібегімен, Жабыла жануарды солай баққан (І. Жансүгіров).

(қ — п) джаугәр, жаугер (джау + гәр, жау + гер). Жаулаушы, жаудап ешін алушы. Сайхұнның самал соқпай кең арнасы, Тулақтай тықыр болған кегал басы. Жағасы қалың тобыр жаугер басып, Алқапта айбат шекті хан ордасы (К Бекхоокин). Әке кегі жоқтаусыз кетті.

Артында қалған көп жаман, жігіт мол, жаугәр ел табынға тиісуге бата алмайды (3. Шүкіров).

джай, жай. 1. Орын, мекен, тұрақ, 2. Ауыс. Тыныштық, рахат, жайлылық. Әсем жай, алуан ойын бәрі сопда Көкке ұшып, суға жүзіп, добын қақса... (І. Жансүгіров). Съезге келген делегаттарға арналғап айналасы биік кірпіш қорғанмен қоршалған, оның ішіндегі бірталай үй күңірген кірпіштен салынып, шатырлары қаңылтырмен жабылған жайлар екен (С. Мұқанов).

(п — к) джай-докапсар, жай-жапсар. Істің мән-жайы, жағдайы. Кедей Жақыпбектен әңгіменің жай-жапсарын сұрай бастады (М. Иманжанов). Геолог А. Медоевтің «Жер асты ескерткіші», «Адайлар графикасы» деген мақалаларында Маңқыстаудағы ескерткіштердің жай-жапсарын сөз етеді («К. Ә.»).

(п — а) джай-фәрағәт, жайбарақат (докай + фәрағәт, жай + барақат). Тыныш, байсалды, бейқам. Митрофаповиаға жайбарақат отыргап жұрт жалт етіп ду ете түсті (М. Әуезов). Қолына бергенде не істейді?—деді Шоқан, «жайбарақат» бола қалған түрінен шираңқырап (С. Мұқанов).

(п — к) джай-күй, жай-күй. Күй-жай, әл-жай, әл-ауқаты. Дегенмен елеңмен жазылған үлкен хат Сараны көп білетін, оның жай-күйін көбірек аңғартатын, басындағы хал-жайды көбірек түсіпетін адамныц атынан жазған хатқа ұқсайды (І. Омаров). Еркін келген күнніц ертеңіне-ақ жұмысшылардың үйді-үйіне кіріп, тегіс аралап шыққаіі, әрқайсысымсн әңгімелесіп, жай-күйін байқаған (Ғ. Мүстафин).



докайнәмаз. жаннамаз. Намаз оқитын орын, намаз кілемшесі (төсеуіш). Мұстафа бетін сүртті де жайнамазын тесеп, намазға отырды (С. Мүқанов). Бір мешіт. Жарқырап піамдар асулы түр, Жібектен тоқылған зерлі жайнамаздар жаюлы жатыр («Мың бір түн»).

джәбә, жебе. 1. Соғыс қүралдары, сауыт-сайман, қару-жарақ 2. Садақ оғының ұшы. 3. Найзаның ұшы. 4. Жау жолына құрылатын кедергі. Секілді шоқат емес, үлкен төбе, оралып омырауға жатыр жебе. Он адам отыратын әр иініне, Түйе аунап жататұғын төсі кеме (Тұрмағамбет). Қатын, бала, қара-орман — баршасы жауға алдырған. Құрулы жатқан жебеге, Құрсағынан шалдырған (Махамбет).

джода, жұда. 1. Бөлек, жеке. 2. Айырылған. қашықталған, аулақтаған. Ұйғыр, өзбек, озербаііжан, т. б. тілдерде жұда, жүдә деген сез бар. Бұл сөздер де «айырылған, жоғалған» деген мағынаны білдіреді. Бұл иран тілдерінен енген сөз (Ә. Кайдаров).

джофт, жұп. 1. Пар, әріптес, тең қосақ, ерлі-зайыпты. 2. Қос, қосар. Бүгін бір сәт күні достарыныз қалап жар-жұптыңыз, жақсы бір тілектен жаңа жайдың іргесін көтерді (М. Әуезов). Қыс пенен жаз, күн менен түн, дақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық болды егіз (Абай).

джофтай. жұбай (джофт + ай, жұб + ай). Ерлі-зайыпты екі кісінің бірі. Октябрь революциясыпап бергі кезеңде жұңдегеннен жұбай деген сөз жасап алдық та, қосақ сезініц синопимі ретінде біреуін одеби нұсқа (жұбай), екіншісін сөйлеу тілінде қолданатын болдық (Ә. Болғанбаев). Жүбайы да өзіне сай, Аты Айсұлу ақ маралдай (Ә. Тәжібаев).

джигәр, жігер. 1. Бауыр, өкпе-бауыр. 2. Ауыс. Ынта, талан, күш-қайрат. Бірінші класты жүргізгенде баланыц жігерін торбиелеп отыру керек (С. Көбеев). Шындыққа ауған жұртымның жігер, қайрат, жүрегі (С. Керімбаев).

(п — қ) джигердай, жігердей (джигәр + дай, жігер + дей). Қыршындай, жігерлі. Жігіттің кезі айнадан түскен сәуледей қыздың бстінен таймады. Жігердей жас жігітті қыз да жек көре алмады:—«бұпырса далаға кетпесін» деп ішінен иемденіп қойды («Мың бір түн»).



джигәрбәнд, жігербәнт, жігербент (джигәр + бәнд, жігер + бәнт, бент). 1. Ішек-қарын, бауыр, өкпе, жүрсктің байланысы. 2. Ауыс. Сәби, бала, қыршын. Өлесің,— деді— балам, жастығында, Құрманды кідіртпесең, ей, жігербәнт. Тамағын татып жүрген қойды бала, Жайласып шайқы берген бұл насихат (Кете Жүсіп).

(п — к) джигарли, жігерлі (джигәр + ли, жігер + лі). Күш-қуатты, ынталы, талапты. Бір адам өлесің деп жібермеді, Жаны ашып бауырына бүгерледі. Басына қоя бер деп қойып қалдым, Олдағы өте күшті, жігерлі еді (Тұрмағамбет). «Шынын айтсақ, халық — ұлы, халық — жігерлі, халық жазушы да, халық — ақын да»,- дейді Ғабдолла (С. Сейітов).



джәләб, жәлеп. 1. Бояма, жасанды, қолдан істеу. 2. Жезөкше, бұзылған, азған, арсыз әйел. Біреудің ақы-адал малын алған баукеспе, жәлеп ұры бар (М. Әуезов).— Құры, көзіме көрінбей! Сен болмасаң тағы бір жәлепті тапқан болар едім!—деді ол («Мың бір түн»).

джолдә, жүлде. Бәйге, сыйлық, приз. Еңбегіне сүйеніп, Оза шығып жүлде алған («Халық ақындары»). Қарасам көзім тойдырған Бәйгеден озып жүлде алғаи (Жамбыл).

джолдәгәр, жүлдегер (джолдә + гәр, жүлде + гер). Сыйлық алған, жүлдеге ие болған (адам) призер. Болат жолдың жүлдегерлеріне СССР Министрлер Советі мен ВЦСПС-тің ауыспалы Қызыл Туы берілді («С. К.»). «Аралсульфат» комбинаты — облыстағы жүл-дегер коллективтің бірі («С. К.»).

джолгә, жүлге. 1. Аңғар, алап, алқап. 2. Жазық дала, тегістік. Күн қайтып ыстық тамыз салқындайды, Шалғындар қан суарған былқылдайды. Қара су, қалыц қамыс, жүлге өзектер Лықылдап өлімтікке қарқылдады (І. Жансүгіров). Қызғалдақ, сарғалдақ пен сансыз түсті, құлпырып тау жүлгесі өзек сайын (Ә. Әбішев).

джелитқә, желетке, Кеудешелер, жеңі жоқ жұқа көкірекше.

джем, жәм (жамның қысқа түрі). 1. Тостаған, кубок, дағара. 2. Ескіиіе құдіретті патшаларға, олардың ішінде, әсіресе Сүлейменге, Ескендірге, парсы натшасы Жәмпитке тағылған атақ, берілген теңеу (патша, мэлік). Шәмшиттің заманында: ауру, қартаю, өлім деген болмай адамдар рақатта өмір сүріпті, сиқырлы жами (кесе) арқылы дүниеде болып жатқан қозғалысты, алда болатын өзгерісті де біліп болжапты-мыс (М. Байділдаев).

джәмшид, жәмшид (джәм + шид, жәм + шит). Нұрлы патша. 2. Жамшитпарсы шаһының аты (күн айнасы деген мағынада, өйткені ол өте сүлу болғандықтан осылай делінген-міс. Жәмшит — әлемнің нұры, «он сегіз мың ғаламның жеке патшасы» деп мифті үғымдағы дәріптелген әділдіктің қаһарманы Шаһнамада»). Қайтарда Залдың Моһраб үстап қолын:—Жаһанда Жәмшиг еді — үлкен орын. Баласы бәйбішенің өздеріңсің, ұстайтын патша болып оның мөрін (Тұрмағамбет).

джәнджал*, жанжал*. Шатақ, бәле, ұрыс-керіс. Жанжал парсының джнәнг және арабтың джддал деген сөздерінен құралған (П. Будагов). Үлкен тоіі кылып, топыр салған соң былтырғы Құдабайдың тойынша төбелес болады, ішкен мас, жеген тоқ уақыт қой; сүйтіп арты бір жанжал болар деді Амантай (С. Көбеев).

(джднджал, жанжал). Соғыс, ұрыс, қырғын, айқас. Байлаған мені,— Байзат,— кім?— деді Самға, Қайран боп қайратына қалдым таңға. Адастым анығында ақылымиан, Қалбаңдап қыран құстан түскен жанға (Тұрмағамбет).

джәнгәл. жыңғыл, джунгли. Бұта тәрізді майда ағашты орман, тоғай.

джднгудр, жауынгер (джанг + уәр, жауын + гер). 1. Солдат, әскер. 2. Соғысшыл, алғыр, өжет. Торт апта кәз алдымда, Жатыр міне, жауынғер қазақ талып. Балғын еді ол қызығы басталмаған, Шипа күтіп қарайды жас жан маған (Ә. Сәрсенбаев). Тыңда, жолдас комиссар, Қолыма тез қару бер. Аттанайын екеу боп, Өлеңім меп жауынгер (С. Мәуленов).

(а—п) докииниханә, жындыхана. Ақылдан адасқандарды емдейтін аурухана. Бұл үйлер жуық араға дейін жындыхана болган (С. Мұқанов). Қиратты-ау, терезені. Бар қазақтың маңдайыпдағы жалғыз институт еді. Жындыханаға айналды,— деді Табыпбаев (Ш. Хұсаинов).



н) дждуабгәр, жауапкер (джәуаб + гәр, окауап + кер). Бір нәрсеге жауапты, заң алдында жауап беруге міндетті адам. Ақы талап ету арызы жауапкердің тұрғылықты тұратып не үиемі кәсіп ететін ауданыидағы сотқа беріледі («Қылмыс заңы»). Кейде паң, кейде көнгіш орныменен, Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен. Кейде үндемей жүрсе де сәзге баяу, От жалындай жауапкер құрбыменен (Абай).

(а — п — қ) джәуабгәршилик, жауапкершілік (джәуаб + гер + шилик, окауап + кер + шілік). Жауаптылық. Біз, алуан түрлі ұлттар әдебиетшілері, поэзияны бір тілден екінші тілге аударудың адам жүрегін бір кеудеден екінші кеудеге әкеліп орнатқан хирургтің жауапкершілігімен барабар екенін жақсы білеміз (Ж. Молдағалиев). Жұрт алдында аз сөйлегені, жүрексінетіні де бар,— жауапкершілікті, университет атына дақ түсірмеуді сезіну де бар (С. Шаймерденов).

(а — п) джәуабнамә, жауапнама, жауаптама. Жауап жазылған қағаз, хат арқылы жауап. Кешікпей ол патшаға бұл хат кетті, Жазылған мына сөзден зәре кетті. Бейылаж бұл да жазып жауапнама, Адамды хат келтірген іззәт қылды (Тұрмағамбет).

джуал, Жуал. Жуалдыз (джуалдыз) тәрізді сәздерде кездесетін сөз, мағынасы «Қап, дағар, қанар».

докуалдуз, жуалдыз (джуал + дуз, жуал + дыз). Қап инесі, қап тігетін ұлкен жуан ине.

джәуан, жәуан. 1. Жас жігіт. 2. Жалны жас-желең.

джәуанмәрд, жомарт, жуванмәрт (джәуан + мәрд, жо + март, жуван + мәрт). Игі, игілікті, мейірбан, ақ көңіл, кең пейіл, қайырымды, қолы ашық. Белгілі жәуанмәрлік үш хаслат бірден болар деген сиддык, көрем, ғақыл — бұл үшіндән сиддық, ғадаләт болар (Абай). Жувонмард сөзінің мағынасы парсы тілінің сөздік құрамынан алынған. Осы тілдегі «жувон» сөзінің мағынасы қазақша бозбала жігіт деген ұғымды білдірсе, «мард» сөзінің мағынасы ізгілікті, жомарт, қолы ашық деген ұғымға сай келеді (М. Мырзахметов).

джуджә*, шөже*. Балапан, қүс балапаны. Көл өлік, қаз, қуы жоқ дауыстаған, Қалған құс — қарға, шөже сауысқаннан, Қөтеріп, кетереміи кез түртті боп, Арсыз жоқ азық-шөбін тауысқаннан (І. Жансүгіров).

джухари, жүгері. Жуан паялы, дәні майда (ақ жүгері) және ірі дәнді (мекейі жүгері) дақыл өсімдік. Ексең егер жүгері — көп-ақ оның төгері (Мақал). Жүгері мал азығы шөп болады, Бабын тапсаң, түсімі көп болады. Тоғыз торқа оранған сұлулардай, Басында қызыл, жасыл шоқ болады (К. Әзірбаев).

Джурә, жора. Жолдас, ынтымақтас, ілтипаттас (адамдар). Енді, диссертацияға кірісер алдында Алматыға барып, жолдас-жораларды көріп, қаланың жаңалықтарын кәріп, көціл көтеріп қайтқым келеді (С. Мұқанов). Жаман бір жора сияқтанып, ойына бірдеме қадала қалғандай сезінді (Ғ. Мүсірепов).

(п — к) джурә-джулдас, жора-жолдас. Серіктес, замандас, достас. Жора-жолдастары оған ала кеңілсіз сенеді (М. Әуезов). Қасірет пе?... Көремін несібемнен. Бақыт неге қашады осы менен? Ағайын, жора-жолдас сырт бергенде, Тек өзіммеи қалады досым —өлең (Т. Бердияров).

(қ — п) джуримбаз, жүрімпаз (джурим + баз, жүрім + паз). Жүругс құмар жүргіш, кезбешіл.— Япырай, жүрмейтін жері болсайшы солардың. Не іздеді екен, ә?!—Бізден жүрімпаз деймісің,— деді ол (Ғ. Мұстафин).

(қ — п) джузимбаз, жүзімпаз (джузим + баз, жүзім + паз). Жүзуге эуес, қүмар, жүзгіш, жүзуге маман. Ол жүзімпаз адам екен (С. Мүқанов).



джуш, жош, түш. 1. Қайнау. 2. Қозу, өршу, қызу, қыздыру. Тұшпара (джуш + бәррә) сөзінің құрамына кіріп қайнаған, піскен деген мағынаны білдіреді.

(п — к) джушу, жошу. Қозу, өршу. Кәңіл жошып сайраса, Көкірек қабы тарылып, Ретімен шығарған Сөз Сыймайды кернеліп (Базар жырау).



джушбәррә, тұшпара (джуш + бәррә, түш + пара). Пельмен (жайылған қамырдың арасына майланып салынып суға қайнатып пісірілген ет тағамы) тәрізді тағам. Бұл хабарды есітіп манағы Ғанижамал үйінде тұрған кемпір тұшпараға ұнын илеп, даярлана бастайды (Қазақ ертегілері). Асты тәтті даярлайтын Бәдіғұл жеңгей, ет пен ақ ірімшікті араластырып, жеуге өте сүйкімді тұшпара даярлап қойған екен (С. Мүқанов).

ждумард, жомарт. Қар. Джәуанмәрд, жомарт. Сән-салтанат жүруім, Болар еді татымды. Есітер сді алыс жер, Қызықты жомарт атымды (Абай). Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас (Мақал).

(п — қ) джумардтық, жомарттық (джумард + тық, жомарт + тық). Батылдық, мырзалық, берегендік, қолы ашықтық. Сейлейді кептер барлық сыр зарлығып, Сұңқардың жомарттығын, мырзалығын. Қез болып, қара орманда достық қылған, Үш ерге жан-тәнімен ырзалығын (С. Сейфуллин). Қолда мал жоқ болғанмен көңілім бай, Байлығым, жомарттығым Атымтайдап (Шашубай).

(қ — п) джумискар, жұмыскер (джумис + кар, жүмыс + кер). Жүмысшы. Жылында мың сегіз жүз дәл жетпіс бір, француз бейнетқоры көрсетті қыр. Ол жылы мақсатына жетпеген соң, Жұмыскер көңілінде байланды кір (Әріп). Тск біз — жұмыскері әлемпің Еңбектің ұлы әскері, Жержиһан билігі біздікі («Интернационалдан»).

джәһан, жаһан, жиһан. Әлем, бұкіл жер жүзі. Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып (С. Торайғыров). Береген бе, тәңірім саған өзге туыс, Қыласын Жер жиһанды бір-ақ уыс (Абай).

(п — қ) джэһандиқ, жаһандық (дждһан + диқ, жаһан + дық, жиһан + дық). Әлемдік, жер жүзілік, Кремль! Бұл үйге үмітпен көз біткен қарайды, Ленин бар бұл үйде, жадына жиһандық жинаған бар ойды (А. Тоқмағамбетов).

(п — қ) дждһанкиз, жаһанкез, жиһанкез («дждһан + киз, жаһан + кез, жиһан + кез). Жер жүзін кезуші, аралаушы. Жиһанкез Сағди ақын бір кездерде Азербайжанның Бейлақан, Тавриз қалалары арқылы да өтті (Б. Наурызбаев). Мен ғой, өзіңнің жаһанкезің ғой,— деді Мардан (Ә. Әбішев).

(п — қ) дждһанкиздик, жаһанкездік, жиһанкездік (дждһан + киздик, жаһан + кездік, жиһан + кездік); Жер жүзін кезушілік, аралаушылық... Мепің жиһанкездіктің рухы билеп, пысы басты, есілдертім ел аралау болды (Дено).



джиһангир, жаһангер, жиһангер (джаһан + гир, жаһан + гер, жиһан + гер). Әлемді, жер жүзін жеңіп алушы, жер жүзілік, дүние жүзілік, длемдік. Европаның жиһангер күшті үкіметтері күншығыс жұртының көбірегін отар қылып, бөліп алып, олардан өнетұғын байлықтың барлығын борсықша сорып отыр (М. Сералин). Беліңді бекем байлаған, Айбының күшті сен едің. Би, болыс, патша жеңбеген, жиһанкер батыр сен едің (К. Әзірбаев).

(қ — п) джидә-тднбан. жейде-дамбал. Көйлек және дамбал, ішкі жұқа киімдер. Жейде-дамбал, ақ саннан жарғақ шалбар. Жырым балақ, матамен әдіптеген (Абай).

(қ — п) джир-дждһан, жер-жаһан. Жер жүзі (жер мен көк), бүкіл дүние жүзі. Қыласың жер-жаһанды бір-ақ уыс (Абай). Жер-жаһанды нұр жайнатты, Ленин — күнім, уставың! Көркейтіп кеңлін сайратты, Біздердей бұлбұл құстарын! ұрмағамбет).

(қ — п) джир-тулд, жертөле. Жерден қазған үй. Жерден қазғап жөртөле үйдің қабырғасы мен тебесін күйелеп, түтей жанған май шам да өшті (С. Бақбергенов).



дждйрз, жайра. Жүні ине тдрізді сүт қоректі кеміргіштер тобының бір түрі (дикобраз).

(қ — п) джириндихур, жырындықор (джиринди + хур, жырынды + қор). Көпті көрген, тәжірибелі. Қазақ байларына араласып, жырындықор боп қалған урядник сол арада Тәңірбергенді қолынан жетелеп әкеп, қаланың қақ ортасынан салғызып жатқан шатырлы үйіп көрсетіп тұрып: «мырза, байғазы бир»,— деп өзі білетін екі ауыз қазақшасын кәдеге асырып кетіпті (Ә. Нүрпейісов).



джиғд, жыға. Парсы шаһтарының (жалпы әйелдердің бас киімінің әшекейі) басына киетін таждарын, қораздың айдарлы тарақшасы сияқты, гауһар тас және шоқ қауырсынымен дшекейленген айдарлы жығасы. Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда, Ол тұрмас бастан жыға қисайғапда (Абай). Басынан қисайғандай алтын жыға, Асығып екі қолды жеңге сұға,— япырай қалай заман боп қалды?—деп, Қараса кезі алақтай үйден шыға... (Тұрмағамбет).

(к — п) джилнамд, жылнама (жил + намд, жыл + нама). Жылдық кітапша, календарь (жылдың күн есебін шығару әдісі, күндерді, анталарды, айларды, мейрамдарды көрсететін, др қилы анықтамалар беретін кітапша я кесте). Араб мәдениетінің, араб сөздерінің Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген түрік тектес халықтар тіліне ене бастауы біздің жылнамамыздың VII ғасырынан басталса, ал Иран сөздерінің ене бастауы одан әлдеқайда бұрынырақ болғандығы мәлім (Б. Әзірбаева). Әрі қарай жылнама жалаңтөстің Шердар мен Тіллә — Кәрі медреселерін қалай салдырғанын баяндап кетеді (Б. Алдамжаров).

(к— п) джилуханә, жылыхана (джилу + ханд, жылу + хана). Тұрлі өсімдіктер өсіретін жылы жай, теплица.

(қ— п) джимхур, жемқор (джим + хур, жем + қор). Жемге уйренген құс, мал. Ауыс. Жегіш, парақор (адам). Біреудің еңбегін қанап, пара алып, ел үстінен күн көретін жексұрын адамдарды парақор немесе жемқор дейміэ (Ә. Болғанбаев). Екеуі де (Байғазы, Құрымбай) елгенше парақорлар, жемқорлар кісі етінен басқапы арамсып байтындар (С. Көбеев).

(к — п) джингисгар, жеңіскер (джингис + гар, жеңіс + кер). Жеңісші, жеңуші. Сұлулық — албырт күндер агысында, Еңбектің ырғағында, жарысында. Лебінде, адамдардың екпіндеген, Сап кұрған жеңіскерлер маршында (К. Бекхожин).

(к — п) джингимбаз, жеңімпаз (джингим + баз, жеңім + наз). Жеңгіш, жеңіскер. Ленинизм — жеңімпаз идеялық қару («С. Қ.»). Қараңдар, өңшең берік анттай ұлдар, Іззетпсн бас киімді ап қойыңдар!— Жеңімпаз ұлы орыстың әскеріндей Құрметті қарауылда ақ қайыңдар (X. Ерғалиев).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет