Аса синтез, яғни микроорганизмдердің белгілі өнімді физиологиялық қажеттілігінен аса түсетін мөлшерде синтездеу қасиеті табиғатта жиі кездеседі.
Осындай қасиетке ие микроорганизмдер адам шаруашылық қызметінде алғаш рет қолданылған болатын, сонымен қатар, ең өнімді формаларын сұрыптау өткізілді.
Өнеркәсіпте штамдардың 3 түрі қолданады: табиғи штамдар - табиғи немесе жасанды сұрыптаумен жақсарғандар; индуцияланған мутациялар нәтижесінде өзгертілген штамдар; гендік немесе клеткалы инженерия әдісімен алынған культура штамдары.
Жоғары белсенді продуценттерді сурыптау жолымен алу көбіне мүмкін емес, сондықтан ағза табиғатын өзгерту мақсаты туады. Ол үшін селекция әдісін қолданады.