4. Биотехнологиядағы негізгі бағыттар
Кейбір салаларда биотехнология дәстүрлі технологияны алмастыруға қабілетті (мысалы, азықтарды ұзақ уақыт сақтау кезінде, тағам тұздығын, полимерлерді, тоқыма өнеркәсіпке арналған шикізаттар, метанол, этанол, биогаз және сутегі өндіруде, сонымен қатар кедей кендерден кейбір металарды бөліп алуда) Кейбір өнеркәсіптік салаларда биотехнология бастаушы рөл атқарады (табл. 1.1). Мұнда, ең алдымен, келесі қолдану облыстары келтірілген: қоректену өнімдерінің өндірісі (ақуыздар, аминқышқылдар және органикалық қышқылдар, витаминдер, ферменттер алу үшін микроорганизмдерді кең көлемде өсіру); ауыл шаруашылық культуралардың өдірісін ұлғайту (in vitro клетка культуралары негізіндегі өсімдіктердің түрлерін сүрыптау мен клондау, биоинсектицидтерді қолдану); Фармацевтикалық өнеркәсіп
(вакциналар өндірісі, антибиотиктер, гормондар және басқа да қосылыстардың биосинтезі); қоршаған орта ластануының азаюы (ағын суларды тазалау, ауыл шаруашылық және өнеркәсіптің қосымша өнімдері мен қалдықтарын қайта өңдеу) және т.б.
Таблица 1.1
Биотехнологияда өнеркәсәптің әртүрлі салалары мен адам практикалық қызметіндегі негізгі бағыттар
Сала
|
Қолдану облысы
|
Ауыл шаруашалығы
|
Ақуыздық және ақуыз-витаминдер концентраттары ретінде биомассаның микроорганизм-продуценттерінің жаңа штамдарын.
Өсімдік және жануар селекциясының жаңа әдістері, генетикалық модификацияланған шикізат алу, клондау.
Ауылшаруашылық жануарлар мен құстар ауруын емдеу үшін антибиотиктерді қолдану (соның ішінде биотехнологиялық жолмен алынған); вакциналарды алу.
Гормондар мен басқа да өсу стимуляторларын қолдану.
|
Химиялық заттар мен қосылыстар өндірісі
|
Органикалық қышқылдарды өндіру (лимон, итакон қышқылдары).
Витамин, антибиотиктер және басқа да заттарды алу.
Ағартқыш және жуатын құралдардың құрамындағы ферменттерді қолдану.
|
Қорщаған ортаның жағдайын бақылау
|
Қоршаған ортаның ластануын бақылау мен тестілеу әдістерін жақсарту
Микроорганизмдер биохимиясын терең түсіну арқасында ксенобиотиктердің айналуларын болжау
Микроорганизмдерді пайдалана отырып, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу әдісін жетілдіру.
|
Медицина
|
Ферменттерді диагостиканы жетілдіру үшін қолдану, ферменттік негізден тұратын көрсеткіштер жасау.
Күрделі дәрілерді жасау кезінде микроорганизмдер мен ферменттерді қолдану (мысалы, стероидтарды).
|
Таблица 1.1. жалғасы
|
Жаңа антибиотиктердің синтезі.
Терапияда микроорганизмдердің препараттары (лакобктаериялар, бифидобактерялар) мен ферменттерді (ас қорыту ферменттерін: фестал, мезим, энзистал) қолдану.
|
Энергетика
|
Биогаз – микроорганизмдердің тіршілік әрекеті өнімі - тұтынуың өсуі.
Этанолды сұйық отын ретінде ірі масштабты өндіру.
|
Материалтану
|
Кендерді сілтілендіру
Био ыдыратуды ары қарай зерттеу және бақылау.
|
Тағам өнеркәсібі
|
Тағам өнімдерін сақтау және қайта өңдеудің жаңа әдістерін жасау.
Тағамдық қосышаларды пайдалану (микрорганизмдер арқылы өндірілетін аминқышқылдар, органикалық қышқылдар, полимерлер және т.б.)
Бірклеткалы микроорганизмдермен синтезделетін ақуыздарды қолдану.
Ферменттерді тағам шикізатын қайта өңдеу кезінде қолдану.
Микроорганизмдерді ашыту өндірісінде қолдану
Микроорганизмдерді ашытқы ретінде пайдалану.
|
Бақылау сұрақтары
Биотехнология деген не ?
Тағам биотехнологиясын пайдалана отырып, қазіргі кезде қандай тағам өнімдерін алады?
Тауартану және сараптамалар облысындағы мамандар үшін тағам биотехнологиясының маңызы неде?
Сверхсинтез деген не?
Селекцияның мутациядан айырмашылығы неде?
Мутагенді факторларға мысал келтіріңіз.
Генетикалық инженерия деген не?
Микроорганизм-продуценттерге қойылатын талаптарды атаңыз.
Микроскопиялық саңырауқұлақтар көмегімен лимон қышқылы өнеркәсіптік өндірісі қай жылы басталды?
Тағам ашытқыларының өндірісі қашан басталды?
Генетикалық инженерияның дамуы қай жылдан басталды?
Биотехнологияның негізгі бағытарын атаңыз.
13. Тағам өнеркәсібінде биотехнологияның қолдану облысы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |