3. Биотехнология дамуының кезеңдері
XIX ғ басында орыс академигі К.С. Киргоф алғаш рет өскен арпадан амилаза сұйық ферментті препаратын алып, ферменттік процесті баяндаған болатын. 1857 ж. Луи Пастер микробтар ашыту процестерінде ең маңызды рөл ойнайды деп анықтаған және жеке өнімдердің түзілуінде микроорганизмдердің әртүрлі түрлері қатысатынын көрсетті. Оның зерттеулері XIXғ аяғы мен XXғ басында органикалық еріткіштердің (ацетон, бутанол және т.б.), сонымен қатар, этил спирті, ашыту өндірісінің дамуына негіз салған.
1875 ж. клетканың егістік материалында тек белгілі бір түрдің болуына кепілдік беретін микроорганизмдердің таза культурасын алу әдісі өңделді (Р. Кох).
1893 ж. көгерген саңырауқұлақтың лимон қышқылын синтездейтін қабілеті анықталған (К. Вемер).
1894 ж. дымқыл күріште өсірілген көгерген саңырауқұлақтан алынған бірінші ферментті препарат пайда болды (И. Такамине).
1923 ж. алғаш лимон қышқылының, кейін сүт қышқылының, глюконды және басқа да органикалық қышқылдардың микробиологиялық өнеркәсіптік өдірісі ұйымдастырылды. Көбіне кең қолданылатын лимон қышқылы – оны алкогольсіз сусындарды, кондитерлік бұйымдарды және көптеген басқа тағам өнімдерін өндіруде қолданады.
1925 ж. рентген сәулесі әсері арқылы микроорганизмдердің жасанды мутагенезінің (саңырауқұлақтардың) мүмкіндігі анықталды. (Г.А. Надсон, Г.С. Филиппович).
30-шы жылдары СССР-да микробиологиялық әдіспен ферменттер мен витаминдердің (рибофлавин, эргостерин) техникалық препараттарының өндірісі ұйымдастырылған болатын.
Келесі маңызды кезең - 1940 ж пеницилиннің химиотерапиялық белсенділігінің ашылуына негізделген, антибиотиктердің өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру. (Флемминг, Флори және Чейни).
Соғыс кездері (1941-1945 жж.) ақуыздық заттардың қайнары ретінде ашытқыларға деген қажеттілік ұлғайды. Құрамында ақуызы бар биомассаны жеуге жарамсыз шикізатта жинақтайтын ашытқылардың қабілеті зерттелді (ағаш үгінділері, бұршақ, сұлы дәнінің қауызы). Қоршаудағы Ленинград, Москвада тағам ашытқылары өндірілетін қондырғылар пайда болды. Әскери Германияда ашытқы биомассасын шұжық пен сорпаға қосатын болған.
1948 ж.кеңес ғалымы Букин микроорганизмдер көмегімен, не өсімдіктерді, не жануарларды синтездеу қабілеті жоқ, В12 витаминін алды.
1961 ж. бактериялар мутанттарының аминқышқыл сверхсинтезіне деген қабілеті анықталды (С. Киносита, К. Накаяма, С. Китада).
1961-1975 жж. амин қышқылдарының микробиологиялық жолымен өнеркәсіптік өндірісі жөнделген болатын: глутаминді, лизин және т.б.
60-шы жылдардан бері мұнай және химиялық компаниялар қатары жануарлар мен адам тағамына қосуға арналған, бірклеткалы организмдердің ақуызын алудың биотехнологиялық процестерінің пайда болуы бойынша зерттеулер мен өңдеулерін бастады. Осының себептерінің бірі әлемде ақуыздық тағамның жеткіліксіздігі. Көбіне бәсекеге қабілеті мол метанол және крахмал негізіндегі процестер болып шықты. 70-ші жылдары СССР-да көмірсутекті шикізат (сұйық және газтәрізді көмірсутек) негізінде алғаш рет азықты ашытқылардың көп жүкті өндірісі пайда болды.
60-шы ж. аяғында тағам өнеркәсібінде кең қолданыс тапқан микробты ферменттердің иммобильді формалары қолдана бастады.
1972 ж. ДНК клондау технологиясы өңделді (П. Берг).
1975 ж. гендік инженерияның пайда болуымен қатар, өнеркәсіп үшін берілген қасиеттерге ие микроорганизмдерді бағытты тудыру мүмкіндігі пайда болды.
1981ж. жоғары өнімді даналардың жылдам көбею мақсатымен жануарлар эмбриондарының микрохирургиялық трансплантациясы жүргізілді (Вилландсон).
Достарыңызбен бөлісу: |