Есеп № 47
Науқас К., 24 жаста, ауыр жағдайда, үдемелі әлсіздік, дене температурасының 39,5ºС дейін жоғарлауымен, жедел жәрдем қызметкерлерімен ауруханаға жеткізілген. Екі жақты пневмония, терісінде ұсақ нүктелі бөртпелер анықталған. Бауыр мен көкбауыры аздап ұлғайған.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 1,2х /л
Гемоглобин 40 г/л
Түсті көрсеткіш 1,0
Лейкоциттер 2,4х /л
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 0
Сегменттік ядролы 21%
Эозинофилдер 0
Базофильдер 0
Лимфобласты 16%
Моноциттер 6%
Бласты жасушалар 57%
Лимфоциттер 12%
Тромбоциттер 89х /л
Қан жұғындысында: ірі, үлкен ядролы, пішіні өзгерген бласттық жасушалар. Негізгі цитохимиялық белгілері бойынша бласттық жасушалар моноцитарлық қатар жасушаларына жатады.
Осы қан анализі қан жүйесінің қандай патологиясы дамығанын дәлелдейді?
Бұл жағдайдағы шеткері қанда бласттық жасушалардың пайда болуы лейкопоэздің қандай өзгерістерін дәлелдейді?
Науқастағы гранулоцитопенияның механизмі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |