Есеп № 1 Н. деген науқас ауруханаға тонустық құрысқақ ұстамасымен түскен. Бұлшық еттердің қалшылдаулық жиырылулары бүгу бұлшық еттерінде көбірек байқалады, соған байланысты науқастың денесі тетанияға тән өзіндік типтік кейіпке енген. Бет бұлшық еттерінің спазмы жымиғандай көрініс береді.
Науқасты тексеру кезінде фосфор-кальций алмасуының бұзылыстары анықталған: қандағы кальций мөлшері 5 мг% дейін төмендеген, фосфор мөлшері 9 мг% дейін (нормада – 3-4 мг%) жоғарлаған. Науқастың мойнында тиреоидэктомия операциясының тыртықтары анықталған.
Қандай ауру туралы тұжырым жасауға болады?