Есеп № 14
Тәжірибелік жануарларда коронарлық жеткіліксіздік миокардтың метаболизмдік мұқтаждығының күрт жоғарлауы нәтижесінде дамиды. Біріншіден миокардтың оттегіне деген мұқтаждығы олардың коронарлық артериялар арқылы жүрекке келу мүмкіндігінен артып кетеді, өйткені қандағы оттегінің мөлшері гипоксиялық гипоксияға әкелген биіктік жағдайында күрт төмендеген болады.
Есеп № 15
Симпатикалық және парасимпатикалық невр жүйелерінің бір уақытта белсенуі кезінде липолиз, гликолиздің белсенуі және коронародилатациялық метаболиттердің жиналуы мүмкін болмайды. Керісінше, α-адренорецццепторлар арқылы катехоламиндердің коронарспазмдық әсері сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |