«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет117/158
Дата07.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#82967
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   158
Байланысты:
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ

Есеп № 7
ТМК = ТК х ТЖ
ТК = ТӨС – (ТаРК + ТшРК) = 2,25л – 1,6л = 0,65л
ТМК = 0,65 х 30 = 19,5 л/мин жоғарлаған.


Есеп № 8
Пневмония кезінде альвеолаларға жиналған экссудат құрамында көп мөлшерде Н+ және К+ иондары болады. Олар альвеоладағы рецепторлардың қозғыштығын жоғарлатады, сондықтан альвеола ауаға толық толып үлгерместен, тыныс алу отралығының тежелуі тез іске қосылып қояды, осыдан тыныс алу актысы үзіліп қалады (Геринг-Брейер рефлексінің жылдамдауы). Беткейлік тыныс алу организмде тыныс алу орталығын ынталандыратын көмір қышқылдары мен басқа да қышқыл өнімдердің жиналуымен қосарланады, осыдан тыныс алудың жиілеуіне әкеледі. Осындай әсерді қабыну ошағындағы тіннің ыдырау өнімдері мен биологиялық белсенді заттар көрсете алады.


Есеп № 9

  1. Науқастағы өкпенің газ алмасу қызметінің бұзылу белгілері: ентігу; тыныс алу жиілігі мен ТМК жоғарлауы; гипоксемия; Тиффно коэффициентінің төмендеуі; ерікті гипервентиляция сынамасынан кейін рО2 маңызды өзгерістерінің болмауы.

  2. Науқаста альвеолалық желденудің бұзылуы обструкциялық түр бегілермен айқындалады. Бұл жағдайды Тиффно коэффициентінің төмендеуі (62% төмен), тыныс алу жиілігі мен ТМК жоғарлауы дәлелдейді.

  3. Аэрогемдік тосқауылдың диффуздық қабілеті өкпенің ерікті гипервентиляциясы сынамасының нәтижесі бойынша бағалайды. Бұл жағдайда рО2 көрсеткіші сынамаға дейін аздап қана өзгерген (92 мм с.б.), яғни өкпенің оттегі үшін диффузиялық қабілеті төмендеген.

  4. Жалпы қорытынды: науқаста альвеолалық желденудің обстукциялық түрде (ауа өтетін жолдардың қақырықпен бітелуіне байланысты болуы мүмкін) бұзылуына байланысты өкпенің газ алмасу қызметі бұзылған, сонымен қатар – осылардың нәтижесінде альвеола қабырғаларының диффузиялық қабілеттері төмендеген.



Есеп № 10
Екі егеуқұйрықтағы асфиксия кезіндегі сыртқы тыныс алу бұзылыс-тарының кезектілігі әртүрлі болады, өйткені кезбе нервті алып тастаған кезде, инспирациялық және экспирациялық ентігулер дамымайды, ал кезбе нервісі бар сау егеуқұйрықта сыртқы тыныс алу бұзылыстарының кезектілігі былай болады: гиперпноэ, тахипноэ, инспирациялық ентігу, экспирациялық ентігу, біріншілік апноэ, терминалдық тыныс, қайтымсыз апноэ.
Есеп № 11
Ағып келген қан құрамынан СО2-ның альвеола қуысына толық диффузиялануы үшін сынап бағанасы бойынша 6 мм қысым жеткілікті. Өкпедегі СО2-нің алмасу күші, оның өкпе капиллярлары (46 мм с.б.) мен альвеолалардағы (40 мм с.б.) парциалдық қысымының айырмашылығына байланысты құрылады.
Есеп № 12
Бірінші болып наркоз қабылдамаған сау егеуқұйрық өледі, өйткені наркоз организмнің оттек жеткіліксіздігіне сезімталдығын төмендетеді.


Есеп № 13
Жартылай кесілген жұлын жағындағы сыртқы тыныс алу бұзылыстарын қайта қалпына келтіруге болады, өйткені бұл жағдайда дамитын ауыр жедел гипоксия, компенсаторлық механизм ретінде, қиылысқан ретикулоспинал-дық жолдарды белсендіреді, сол арқылы жұлынның жартылай кесілген жағында тыныс алу пайда болады. Бұл құбылыс қиылысқан диафрагмалдық феномен деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет