«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет115/158
Дата07.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#82967
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   158
Байланысты:
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ

Есеп № 16

  1. Бүйректік артериялардағы қан ағысының азаюы юкстагломерулярлық аппарат жасушаларының барорецепторларын қоздырады және ренин секрециясын ынталандырады. Соңғысы ангиотензин ІІ түзілуіне ықпал етеді, ол бүйрек үсті безі арқылы альдостеронның бөлінуіне ықпал ететін физиологиялық ынталандырғыштардың бірі болып табылады. Альдостеронның гиперсекрециясы организмде натрий мөлшерінің артуына әкеледі, соған байланысты олардың тамырдың тегіс салалы бұлшық ет жасушаларына көптеп өтуіне жағдай туындатады. Тамыр қабырғасы жасушаларына натрий иондарының түсуі жасушаларда кальций иондарының да көптеп жиналуымен қосарланады. Осыдан тамырлардың тегіс салалы бұлшық ет жасушаларының жиырылуының артуы және тамыр тонусының жоғарлауы дамиды.

  2. Бұл жағдайдағы гипертонияның дамуы тамыр қабырғасының тегіс салалы бұлшық ет жасушаларына натрий ионының көптеп түсуіне байланысты болғандықтан, онда тәжірибелік жануарларды натрийсіз диетаға отырғызу қандайда-бір деңгейде оларда гипертонияның дамуына кедергі жасайды.



Есеп № 17

  1. Балада жүрек жеткіліксіздігінің аралас түрі анықталған.

  2. Жүректің сол жақ шекераларының кеңеюі сол жақ қарыншаның гипертрофиясына негізделген және компенсациялық сипатта дамыған.

  3. Бұл жағдайда көлеммен зорығу болған.



Есеп № 18
Аяғын төмен түсіріп отырғанда айналымдағы қан көлемі, қанның кіші қанайналым шеңбері мен жүрекке ағып келуі азаяды. Осының барлығы өкпеде қанның іркілуін әлсіретіп, өкпе вентиляциясының жақсаруына әкеледі.


Есеп № 19
Науқаста коронарлық қанайналым бұзылыстары бар екендігін дәлелдемейді. Физикалық күш түскен кездегі коронарлық қанайналымының 10-12 есеге күшеюі тек коронарлық тамырларда құрылымдық өзгерістер жоқ кезде ғана дамиды.


Есеп № 20

  1. Диастолалық қысым резистенттік тамырлар (артериол) тонусына байланысты болады. Қанда ренин белсенділігінің жоғары болуы ангиотензин ІІ синтезін артырып, альдостерон секрециясын жоғарлатады. Минералокор-тикоидтар секрециясының күшеюі тамырлардың тегіс салалы бұлшық ет жасушаларына натрий және кальций иондарының көптеп түсуіне әкеледі, осыдан тамырлар тонусы жоғарлап, дастолалық қысым артады.

  2. Систолалық қысым әртүрлі топтардағы науқастарда айтарлықтай өзгермейтін себебі, бұл қысым тамыр тонустарына емес, жүректің соғу көлеміне байланысты анықталады.



Есеп № 21

  1. Екіншілік (симптоматикалық) бүйректік гипертензия.

  2. Бүйректік қанайналым бұзылуы мен ишемиялық жағдайларында ЮГА жасушалары арқылы рениннің өндірілуі артады. Осыдан ангиотензин ІІ қандағы деңгейі көтеріліп, қарқынды тамыр тарылтқыш әсер көрсетеді. Сонымен бірге, ренин-ангиотензин жүйесі өзінің гипертензиялық әсерін бүйрек үсті бездерінде өндірілетін альдостерон секрециясын ынталандыру арқылы артырады. Альдостерон әсерінен организмде натрий иондары көптеп ұсталынып қалып, тамырлардың тегіс салалы бұлшық ет жасушаларына кальций иондарымен бірге көптеп енеді. Тамыр қабырғаларында натрий және кальций иондарының мөлшерінің артуы олардың әртүрлі прессорлық әсерлерге сезімталдығын жоғарлатып, тамыр тонуысын артырады.



Есеп № 22
Клинико-биохимиялық зерттеулер мәліметтеріне қарап, екі прессорлық гуморальдық механизмдердің – ренин-ангиотензин жүйелік және гипермине-ралокортикоидтық – бұл жағдайда гипертонияның даму себебі ретінде бүйрек үсті безі арқылы минералокортикоидтар секрециясының күшеюі саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет